Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының дефектолог мұғалімі, логопед мұғалімі



жүктеу 324,76 Kb.
бет9/50
Дата22.01.2022
өлшемі324,76 Kb.
#34628
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   50
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының дефектолог мұғалімі,
логопед мұғалімі

      Лауазымдық міндеттері: Мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істейді. Тәрбиеленушілерге психикалық, физикалық және физиологиялық бұзылуларын анықтау үшін зерттеу жүргізеді және олардың құрылымы мен байқалу деңгейін анықтайды. Тәрбиешілермен және басқа да мамандармен тығыз қарым-қатынаста бола отырып, тәрбиеленушілермен топта және жеке жұмыс істеп, бұзылған функцияларын қалпына келтіріп, баланың әлеуметтік ортаға қалыптасуына көмек береді.


      Мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істейтін педагог мамандарға, ата-аналарға немесе олардың орнына қараушы адамдарға арнайы әдістерді қолдануда кеңес беріп, көмек берудің жолдарын қарастырады.
      Мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сай алуан түрлі әдістерді, формаларды пайдалана отырып тұлғаның жалпы мәдениетінің дамуына әсер етеді. Арнайы оқыту бағдарламаларын ұйымдастырады.
      Жүйелі түрде өзінің біліктілігін арттырады. Әртүрлі әдістемелік шараларға қатысады. Қажетті құжаттарды жүргізеді. Компьютерді, ақпараттық коммуникациялық құзыреттілікті меңгеруі тиіс.
      Мүмкіндігі шектеулі балаларға қоғамның дұрыс толерантты қарым-қатынасын насихаттау бойынша ағарту қызметін жүргізеді.
      Техникалық қауіпсіздік, өртке қарсы қорғану және еңбекті қорғау нормалары мен ережелерін орындайды. Білім беру процесінде балалардың өмірі мен денсаулығын, құқығын қорғауды қамтамасыз етеді.
      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР Еңбек кодексін, «Білім туралы» ҚР заңы«Бала құқықтары туралы конвенция», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасы Жемқорлыққа қарсы күрес»«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы»«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» ҚР Заңдарын және білім берудің болашағы мен бағыттарын айқындайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, балалар үшін өмірінің қиын жағдайларында арнайы әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттарын, жас ерекшеліктерін және арнайы педагогика мен психологияны, дефектологияның анатомиялық-физиологиялық және емдік негіздерін, кәсіби және тәжірибелік қызметтер мәселелері бойынша құжаттамалық-әдістемелік әдебиеттерді, дамуында кемшілігі бар тәрбиеленушілермен жұмыс бойынша бағдарламалық-әдістемелік әдебиеттерді, дефектологиялық ғылымның жаңа жетістіктерін, еңбекті қорғау, техникалық қәуіпсіздік және өртке қарсы қорғану нормаларын мен ережелері және санитариялық қағидаларды.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектолог» мамандығы, «Логопед» мамандануы бойынша жоғары педагогикалық білім немесе «Дефектология», «Логопедия» мамандығы бойынша қосымша білімі бар жоғары педагогикалық білім.
      Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтау арқылы біліктілікке қойылатын талаптар:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: «Дефектология», мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білім немесе «Дефектология», мамандығы бойынша қосымша білімі бар жоғары педагогикалық білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
      біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ дефектолог мұғалімге, логопед мұғалімге қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: оқытудың жаңа әдістерін сынақтан өткізу бойынша жұмыс жүргізуді, озат тәжірибені білу, оны тәжірибеде пайдалану, тәрбиеленушілердің жалпы тұлғалық мәдениетін қалыптастыруда мониторинг және талдау жасаудың дағдыларын, олардың әлеуметтілігін білу, білім беру ұйымының әдістемелік бірлестігінің жұмысына қатысу.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология» мамандығы «Логопедия» мамандануы бойынша жоғары педагогикалық білім несесе «Дефектология» мамандығы «Логопедия» мамандануы бойынша қосымша білімі бар жоғары педагогикалық білім, дефектолог мұғалім (логопед мұғалім) лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
      біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты дефектолог мұғалімге, логопед мұғалімге қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: тәрбиеленушілерді оқыту барысында дамуында ауытқуы бар балаларды барынша түзетуге бағытталған әдістерді талдай білуі, шығармашылық семинарларды басқара білуі, озат педагогикалық тәжірибені енгізуді, дефектологияның қазіргі заманғы әдістерін меңгеруі, оларды қолдану құқығын беретін сертификатының болуы, білім беру ұйымының әдістемелік бірлестігінің жұмысына қатысу, өзінің кәсіби құзыреттілігі аясында теориялық және тәжірибелік білімді меңгеруі.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білім немесе «Дефектология» мамандығы бойынша қосымша білімі бар жоғары педагогикалық білім және дефектолог мұғалім (логопед мұғалім) лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.
      біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты дефектолог мұғалімге, логопед мұғалімге қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыстардың әдістерін меңгеруі, жаңа бағдарламаларды әзірлеуі және оны сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізуі, арнайы педагогиканың өзекті мәселелерін әзірлеу бойынша шығармашылық топқа жетекшілік ету, өзінің кәсіби құзыреттілігі аясында теориялық және тәжірибелік білімді меңгеруі.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология» мамандығы «Логопедия» мамандануы бойынша жоғары педагогикалық білім немесе «Дефектология» мамандығы «Логопедия» мамандануы бойынша қосымша білімі бар жоғары педагогикалық білім және дефектолог мұғалім (логопед мұғалім) лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, ғылыми немесе академиялық дәрежесі болған жағдайда дефектолог мұғалім (логопед мұғалім) лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.


жүктеу 324,76 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау