Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының қазақ
(орыс, шет тілі) тілінің мұғалімі
Лауазымдық міндеттері: қазақ (орыс, шет тілі) тілі мұғалімі балалардың оқуын Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сай, оқытылатын тіл ерекшелігін ескере отырып жоспарлайды және ұйымдастырады.
Балалармен ұйымдастырылған оқу қызметін өткізіп, олардың мемлекеттік (орыс, шет тілін) тілді меңгеруіне барлық жағдайды жасайды. Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында тіл мәдениетін қалыптастырып, тілге деген қызығушылығын оятып, жеке қасиеттерінің дамуына әсер етеді. Оқытудың түрлі тәсілдері мен нысандарын, әдістерін жүйелі түрде қолданады, инновациялық технологияларды пайдалана біледі. Жоспарлау барысында ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қарап, бағдарламалық материалдарды жас ерекшелігіне қарай қолайлы етіп өзгерте біледі. Авторлық және баламалы бағдарламаларды, әдістемелік нұсқаулықтарды өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып өңдей біледі. Компьютерді жақсы біледі және ақпараттық коммуникцияны меңгерген.
Балалардың ұйымда білім алуына және түрлі іс-шараларда белсенділігін танытады, өзінің кәсіби құзыретін жүйелі түрде жоғарылатады. Тәрбиеленушілердің ата-аналарымен қарым-қатынаста болады. Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында балалардың денсаулығы мен өміріне жауапкершілік танытады.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы ", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы", Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Кодексін, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдарын және Қазақстан Республикасының білім берудің дамуы мен бағыттарын айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, мектеп жасына дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік білім берудің стандартын, педагогика және психология негіздерін, балаларды қорғау және денсаулығын сақтаудың нұсқаулық талаптарын, өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормалары және қауіпсіздік техникасын, санитариялық ережелер, дәрігерге дейінгі медициналық көмек берудің негіздерін.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық, техникалық және кәсіптік «Қазақ (орыс, шет тілі) тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша білімі.
Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтау арқылы біліктілікке қойылатын талаптар:
Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: «Қазақ (орыс, шет тілі)» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білім;
Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымының қазақ (орыс, шет тілі) тілі мұғаліміне қойылатын талаптарға жауап беруі, қазақ (орыс, шет тілі) тілі және әдебиеті пәні мұғалімі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл болуы тиіс.
Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маманға қойылатын талаптарға жауап беруі, жоғары педагогикалық білімі, «Қазақ (орыс, шет тілі) тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімі және жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс.
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маманға қойылатын талаптарға жауап беруі, жоғары педагогикалық білімі, «Қазақ (орыс, шет тілі) тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімі және жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс.
біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: «Қазақ (орыс, шет тілі) тілі» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білім;
біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:
«Қазақ (орыс, шет тілі) тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімі және мектепке дейінгі білім беру ұйымында қазақ (орыс, шет тілі) тілі мұғалімі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл болуы тиіс.
Біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:
«Қазақ (орсы, шет тілі) тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімі және мектепке дейінгі білім беру ұйымында қазақ (орыс, шет тілі) тілі мұғалімі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс.
Біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман қазақ (орыс, шет тілі) тілі мұғаліміне қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: мектеп жасына дейінгі балаларға тілді оқытудың инновациялық әдістерін қолдана білуі тиіс сонымен қатар мектепке дейінгі білім беру ұйымында қазақ (орыс, шет тілі) тілі мұғалімі лауазымындағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес.
Достарыңызбен бөлісу: |