Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының әдіскері



жүктеу 324,76 Kb.
бет4/50
Дата22.01.2022
өлшемі324,76 Kb.
#34628
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының әдіскері

      Лауазымдық міндеттері: Білім беру қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Оқу, оқу-тақырыптық жоспарларын және пәндер мен оқу курстары бойынша бағдарламаларды құрастырады. Балаларға арналған білім беру бағдарламаларын таңдауға (әзірлеуге) қатысады, білім беру ұйымдарымен, балалар орталықтарымен және басқа да ұйымдармен ынтымақтастықты дамытады. Тәрбие мен оқытудың мазмұнын, нысанын, әдістері мен құралдарын анықтауға көмек көрсетеді. Оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады. Зерттеулер мен әзірлемелердің жаңа бағыттарын қалыптастырады және жас топтары бойынша сабақтар ретін құрады. Алдыңғы қатарлы практикалық тәжірибені таратуды және енгізуді қамтамасыз етеді. Білім беру деңгейлерінің үздіксіздігі мен сабақтастығы принциптерін сақтау, ата-аналармен өзара іс-әрекет жасау бойынша іс-шаралар ұйымдастырады. Жабдықтарды ауыстыру және қазіргі заманғы жабдықтарды сатып алу туралы ұсыныс енгізеді, топтарды оқу құралдарымен, ойыншықтармен, ойындармен жинақтауды ұйымдастырады.


      Оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарының жағдайына талдау жасайды. Тәрбиешілер үшін ашық сабақтар, семинарлар, жеке және топ бойынша консультациялар, конкурстар мен көрмелер өткізеді, шығармашылық топтардың жұмысын ұйымдастырады, оқу-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттердің деректер банкін жүргізеді, есепке алу және есеп беру құжаттамаларын уақытылы ресімдейді. Тәрбиешілердің, психологтардың, логопедтердің, музыкалық жетекшілердің, басқа да ұйым мамандарының өзара әрекеттесуін үйлестіреді.
      Балалардың білімдеріне, іскерліктеріне, дағдыларына талдау жасайды. Тәрбиеші лауазымына және олардың көмекшілеріне кадрларды іріктеу бойынша ұсыныстар енгізеді. Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оларды аттестаттау жұмыстарын үйлестіреді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыретті меңгерген болуы тиіс.
      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдары және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, дидактика принциптерін, педагогика мен жас ерекшеліктер психологиясының негіздерін, тәрбие мен оқытудың жалпы және жеке әдістемелерін, оқу-бағдарламалық құжаттамаларды әзірлеу принциптері мен тәртібін, педагогикалық жұмыстың тиімді нысандары мен әдістерін анықтауды, жинақтау және енгізуді, балалардың медициналық-психологиялық-педагогикалық және жас ерекшелік анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері және жүйке-психикалық қызметін, әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптерін, оқытудың аудиовизуалды және интерактивті құралдарына қойылатын негізгі талаптарды, еңбек туралы заңнама негіздерін, еңбекті қорғауды, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары, техникалық және кәсіптік педагогикалық білім және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
      Санаттар бойынша біліктілікке қойылатын талаптар:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім;
      біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: тиісті мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім және МДҰ тәрбиешісі лауазымындағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.
      Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтау арқылы біліктілікке қойылатын талаптар:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ әдіскерге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар: оқу-әдістемелік құжаттамаларды басылымға әзірлеуді және дайындауды ұйымдастыра білуі, педагогтердің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастыруға қатысуы тиіс.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білімі және МДҰ әдіскері лауазымындағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.
      біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскерге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар: оқу-әдістемелік жұмысты талдау әдістемесін меңгеруі, шығармашылық семинарларды, әдістемелік бірлестіктерді басқара білуі, МДҰ-ның оқу-тәрбиелік және тақырыптық жоспарларын өз бетінше әзірлей білуі тиіс.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі болуы және МДҰ-ның әдіскері лауазымындағы жұмыс өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс.
      біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскерге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар: ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстың әдістерін меңгеруі, білім беру процесінің өзекті проблемаларын шешу бойынша шығармашылық топтарды басқара білуі тиіс.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі болуы және МДҰ-ның әдіскері лауазымындағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс;
      біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:
      біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ әдіскерге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар: оқу-әдістемелік құжаттамаларды басылымға әзірлеуді және дайындауды ұйымдастыра білуі, педагогтердің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастыруға қатысуы тиіс.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандық бойынша техникалық және кәсіптік білімінің болуы және МДҰ-ның әдіскері лауазымындағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс;
      біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:
      біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскерге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар: оқу-әдістемелік жұмысты талдау әдістемесін меңгеруі, шығармашылық семинарларды, әдістемелік бірлестіктерді басқара білуі, МДҰ-ның оқу-тәрбиелік және тақырыптық жоспарларын өз бетінше әзірлей білуі тиіс.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандық бойынша техникалық және кәсіптік білімінің болуы және МДҰ-ның әдіскері лауазымындағы жұмыс өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс;
      біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:
      біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскерге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар: эксперименттік жұмыстың әдістерін меңгеруі, білім беру процесінің өзекті проблемаларын шешу бойынша шығармашылық топтарды басқара білуі тиіс.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандық бойынша техникалық және кәсіптік білімінің болуы және МДҰ-ның әдіскері лауазымындағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының музыкалық жетекшісі



      Лауазымдық міндеттері: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес музыкалық тәрбиелеу мен эстетикалық дамуды жүзеге асырады. Музыка аспаптарында ойнаудың техникасын шебер меңгерген. Музыка бойынша сабақтарды, балалар мерекелерін және басқа да мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады және жүргізеді, музыкаға әуес дарынды балаларды анықтайды, балалармен жеке жұмыстар жүргізеді.
      Балалармен ойын әрекеттерін ұйымдастыруға қатысады, түрлі музыкалық-дидактикалық ойындарды өткізеді. Педагогикалық кеңестерді дайындауға, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысады. Балалармен жұмыс істеудің озық тәжірибелерін енгізеді. Балаларды музыка бойынша тәрбиелеу мәселелері жөнінде ата-аналар мен тәрбиешілерге кеңестер береді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыретті меңгерген болуы тиіс.
      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартын, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің педагогикасы мен психологиясын, жас ерекшеліктер физиологиясы мен гигиенасын, балалардың жеке даму ерекшеліктерін, әртүрлі жастағы балалардың музыканы қабылдау мүмкіндіктері және моторикасын, жан дүниесін, балалар репертуарының музыкалық шығармаларын білуі, тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін, музыкалық аспаптарда шебер ойнауды, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін, еңбек заңнамаларының негізін, еңбекті қорғаудың, техникалық қауіпсіздіктің, өртке қарсы қорғаныстың нормасы мен ережесін, санитарлық ережелер мен нормаларды.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары, кәсіптік-техникалық, орта білімнен кейінгі (музыкалық, педагогикалық) білім.
      Санаттар бойынша біліктілікке қойылатын талаптар:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары кәсіптік (музыкалық, педагогикалық) білім;
      біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: жоғары кәсіптік (музыкалық, педагогикалық) білімінің болуы және мектепке дейінгі ұйымның музыкалық жетекшісі лауазымындағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс;
      біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты музыка жетекшісіне қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: мектепке дейінгі жастағы балаларды музыкалық тәрбиелеу мен оқытудың қазіргі заманғы әртүрлі әдістерін, мектепке дейінгі жастағы балалардың музыкалық қабілетін дамыту диагностикасының элементтерін меңгеруі, баланың даму ортасын өзгертуге белсенді араласуы тиіс.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары кәсіптік (музыкалық, педагогикалық) білімі болуы, музыкалық жетекшісі лауазымындағы жұмыс өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс.
      Біліктілігі жоғарғы деңгейдегі жоғарғы санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты музыкалық жетекшіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруге, сонымен қатар: мектеп жасына дейінгі балаларды қазіргі заманға сәйкес музыкалық оқыту мен тәрбиелеудің шығармашылық ізденісін жүзеге асыруы, балаларды музыкалық дамытудың өзіндік ерекше әдісі болуы тиіс.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық немесе жоғары (музыкалық) білімі, музыкалық жетекшісі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
      біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім.
      Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтау арқылы біліктілікке қойылатын талаптар:
      біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:
      музыкалық жетекшіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруге тиіс.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта, музыкалық) білім және МДҰ-ның музыкалық жетекшісі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
      Біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:
      біліктілігі орта деңгейдегі екінші санаттағы музыкалық жетекшіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: мектепке дейінгі жастағы балаларды музыкалық тәрбиелеу мен оқытудың қазіргі заманғы әртүрлі әдістерін, мектепке дейінгі жастағы балалардың музыкалық қабілетін дамыту диагностикасының элементтерін меңгеруі, баланың даму ортасын өзгертуге белсенді араласуы тиіс.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білімінің болуы және МДҰ музыкалық жетекшісі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 4 жыл;
      біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:
      біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты музыкалық жетекшіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: мектеп жасына дейінгі балаларды қазіргі заманға сәйкес музыкалық тәрбиелеу мен оқытудың шығармашылық ізденісін жүзеге асыруы, балаларды музыкалық дамытудың өзіндік ерекше әдісі болуы тиіс.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білімінің болуы және МДҰ музыкалық жетекшісі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жылдан кем болмауы тиіс.


жүктеу 324,76 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау