31
Жатақхана тәрбиешісі
Лауазымдық міндеттері: Сыныптан тыс тәрбие және мәдени-көпшілік жұмыстарын
жатақхана өткізеді және ұйымдастырады. Жатақхананың жалпы тәрбиелеу процесінде
педагогтік талаптардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
Тәрбие жұмысының мазмұнын, нысанын және әдістерін жетілдіреді. Дене тәрбиесі
процесінің, спорттық-сауықтыру және әскери-патриоттық тәрбиесі жұмысының дамуын
үйлестіру жөнінде, білім алушыларға салауатты өмір салтының ережелерін енгізу жөнінде
жұмысты жүзеге асырады.
Бала құқығын іске асыруға ықпал етеді, жетім балалар мен ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған тәрбиеленушілермен жұмысты ұйымдастырады, Қазақстан
Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олардың заңды құқықтары мен мүдделерін
қорғайды. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі жұмысты
ұйымдастырады. Сыныптан тыс жатақханаларға қатысты оқу-материалдық базаларды нығайту
жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.
Ата-аналармен немесе қамқоршылармен қарым-қатынасты үзбей жалғастырады. Білім
алушылармен жеке жұмыс жүргізеді.
Білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.
Еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғау ережелерінің
талаптарын орындайды.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан
Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы"
заңдарын, педагогика және психология негіздері, экономика, еңбек туралы заңнамалар
негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғау ережелерін.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім немесе техникалық және кәсіптік
білім (арнайы орта, кәсіптік орта) орта буын маманы біліктілігімен.
4. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта
және жалпы орта білім беру жүйесінің, интернаттық және қосымша
білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға
теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының біліктілік сипаттамасы
Ескерту. 4-бөлім жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 27.12.2013 №
512 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі).
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының
басшысы (меңгерушісі)
Лауазымдық міндеттері: нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі
оқыту және тәрбие ұйымның (бұдан әрі – МДҰ) қызметін басқарады. Педагогикалық кеңеспен
бірге белгіленген тәртіппен оқу жұмыс жоспарларын, негізгі (вариативті, авторлық),
қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу мен
бекітуді ұйымдастырады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз
етеді, оқу-тәрбие процесі барысында білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен
32
қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды.
Білім беру ұйымын басқару құрылымын анықтайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми,
әдістемелік және басқа да мәселелерді шешеді. Тәрбиеленушілердің контингентін
қалыптастырады, оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Қоғамдық педагогикалық
ұйымдар мен әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді. Тәрбиеленушілердің
денсаулығын сақтау мен нығайту, тамақтандыру және балаларға дәрігерлік қызмет көрсету
үшін ұйымды қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, жыл сайын
құрылтайшылардан түскен қаражат пен оның жұмсалуы туралы есеп береді. Оқу-материалдық
базаны сақтау мен нығайтуды, есеп жүргізуді, санитарлық-гигиеналық тәртіптің, еңбекті
қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жұртшылықпен,
ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастырушылармен) өзара байланысты жүзеге асырады.
Педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады,
қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді. Кадрлардың кәсіби шеберліктерін
арттыруға жағдай жасайды. Белгіленген тәртіппен қызметкерлерді аттестаттаудан өткізеді.
Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыретті меңгерген болуы тиіс.
Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады. Мемлекеттік, қоғамдық және басқа да
ұйымдарға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымын танытады. МДҰ-ның қызметі туралы
қажетті есеп дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан
Республикасының Еңбек кодексін, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы", Қазақстан
Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан
Республикасындағы тілдер туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары
туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және
медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдары және басқа да білім беруді
дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика
мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын,
педагогика және психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін,
экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті
қорғауды, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын,
санитарлық ережелер мен нормаларды, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және мектепке дейінгі
ұйымдардағы педагогикалық жұмыс өтілі: қалалық жерде 5 жылдан, ауылдық жерде 3 жылдан
кем болмауы тиіс.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының әдіскері
Лауазымдық міндеттері: Білім беру қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді
ұйымдастырады. Оқу, оқу-тақырыптық жоспарларын және пәндер мен оқу курстары бойынша
бағдарламаларды құрастырады. Балаларға арналған білім беру бағдарламаларын таңдауға
(әзірлеуге) қатысады, білім беру ұйымдарымен, балалар орталықтарымен және басқа да
ұйымдармен ынтымақтастықты дамытады. Тәрбие мен оқытудың мазмұнын, нысанын, әдістері мен
құралдарын анықтауға көмек көрсетеді. Оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеуді,
рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады. Зерттеулер мен әзірлемелердің жаңа
бағыттарын қалыптастырады және жас топтары бойынша сабақтар ретін құрады. Алдыңғы
қатарлы практикалық тәжірибені таратуды және енгізуді қамтамасыз етеді. Білім беру
деңгейлерінің үздіксіздігі мен сабақтастығы принциптерін сақтау, ата-аналармен өзара іс-
әрекет жасау бойынша іс-шаралар ұйымдастырады. Жабдықтарды ауыстыру және қазіргі заманғы
жабдықтарды сатып алу туралы ұсыныс енгізеді, топтарды оқу құралдарымен, ойыншықтармен,
ойындармен жинақтауды ұйымдастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |