77
көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың балалар
ұжымдық жеңімпаздарын басқаруы,
педагогикалық басылымдарда әдiстемелiк жарияланымдардың болуы тиіс.
Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: тиісті бейіні мен балалар бірлестігі бойынша
жоғары педагогикалық бiлiмі және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.
біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейлі
бірінші санатты қосымша білім беру педагогына қойылатын талаптарға сай болуы, сонымен
қатар: халықаралық, республикалық конкурстардың, көрмелердің, олимпиадалардың,
жарыстардың балалар ұжымдық жеңімпаздарын басқаруы, авторлық
әдістемелік әзірлемелер
болуы тиіс.
Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық бiлiмі және педагогикалық
жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе балалар бірлестігінің тиісті бейіні бойынша жоғары
бiлiмі және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
біліктілігі орта деңгейлі екiншi санатты маман: біліктілігі орта деңгейлі
санатсыз педагогке қойылатын талаптарға сай болуы, зерттеу, эксперименттік жұмыс
дағдаларын меңгеруі, жаңа әдістемелерді сынау бойынша жұмысты жүргізе білуі, өңірлік
(қалалық) көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың балалар ұжымдық жеңімпаздарын
басқаруы тиіс.
Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: педагогикалық бейіннің техникалық және кәсіптік
бiлiмі және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе бейіні бойынша техникалық
және кәсіптік бiлiмі және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 4 жыл;
біліктілігі орта деңгейлі бірінші санатты маман: біліктілігі орта деңгейлі екінші
санатты педагогқа қойылатын
жалпы талаптарға сай болуы, зерттеу, эксперименттік жұмыс
әдістерін меңгеруі, облыстық көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың ұжымдық
жеңімпаздарын басқаруы тиіс.
Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: педагогикалық бейіні бойынша техникалық және
кәсіптік бiлiмі және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 4 жыл немесе тиісті бейіні
бойынша техникалық және кәсіптік білімі және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
біліктілігі орта деңгейлі жоғары санатты маман: біліктілігі орта деңгейлі бірінші
санатты педагогқа қойылатын жалпы талаптарға сай болуы,
сонымен қатар халықаралық,
республикалық конкурстардың, көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың ұжымдық
жеңімпаздарын басқаруы тиіс.
Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: педагогикалық бейіні бойынша техникалық және
кәсіптік бiлiмі және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе техникалық және
кәсіптік бiлiмі және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 6 жыл.
Ұйымдастырушы педагог
Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымы білім алушыларының жас ерекшелігі мен
психологиялық ерекшелігін, мүдделерін және қажеттілігін зерделейді және тұрғылықты жері
бойынша оларды іске асыру үшін жағдай жасайды. Жеке тұлғаның талантын, ойлау және дене
даму ерекшеліктерін дамытуға, жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Клубтардың,
үйірмелердің, секциялардың, әуесқой бірлестіктердің жұмыстарын, балалар
мен ересектердің
әртүрлі бірлескен қызметтерін ұйымдастырады. Мына бағыттардың біріне жетекшілік етеді:
ғылыми-техникалық, көркемдік-шығармашылық, спорттық-туристік және тағы да басқа.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес қауымдастықтарға, қоғамдық ұйымдарға қатысу үшін
баланың құқықтарын іске асыруға ықпал етеді. Кештерді, мерекелерді, саяхаттарды,
экскурсияларды, балалардың каникулдық демалысын ұйымдастырады, білім алушылардың бос
уақыт, демалыс, ойын-сауық саласындағы маңызды әлеуметтік маңызды бастамаларын қолдайды.
Балалардың мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысуын ұйымдастырады. Іс-шараларды өткізу
кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдай жасауды қамтамасыз
78
етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын мен Еңбек кодексін,
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексін,
Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер
туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес туралы» «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың
қараусыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және білім беру мәселелері бойынша басқа да
құқықтық нормативтік актілерді, жас ерекшелігі мен арнайы педагогика және психология,
физиология,
гигиена мәселелерін, білім алушылардың мүдделері мен қажеттіліктерін дамыту
ерекшеліктерін, олардың шығармашылық қызметтерінің, таланттарды іздеу және қолдау
әдістерінің негіздерін, тәрбие жұмысының әдістерін, оқыту құралдары мен олардың
дидактикалық мүмкіндіктерін, үйірмелер, секциялар, студиялар, клубтық бірлестіктер
сабақтарының бағдарламаларын, балалар
ұжымдары, ұйымдары мен қауымдастықтар қызметінің
негіздерін, еңбек туралы заңнама негіздерні, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі
нормалары мен ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейлі санатсыз маман: жоғары педагогикалық білімі немесе
бейіні бойынша жоғары кәсіптік білімі.
біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ ұйымдастырушы педагогке қойылатын
талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: балалармен және жасөспірімдермен диагностикалық
жұмысты ұйымдастыру
нысандарын меңгеруі, тәрбиелеу процесінде
тұрақты оң нәтижелерді
қамтамасыз етуі, әдістемелік бірлестіктер, озық тәжірибелі мектептер қызметтеріне
қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі және ұйымдастырушы
педагог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе бейін бойынша жоғары білімі және
ұйымдастырушы педагог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.
біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты ұйымдастырушы педагогке қойылатын
талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: тәрбие жұмысын талдау әдістемесін меңгеруі,
балалар мен жасөспірімдерді, оларға дифференцияланған тәсілдерді ескере отырып тәрбиелеу
әдістемесін
өз бетінше білуі, жұмыста озық педагогикалық тәжірибелерді пайдалануы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі және ұйымдастырушы
педагог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 4 жыл немесе бейін бойынша жоғары білімі және
ұйымдастырушы педагог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты ұйымдастырушы педагогке қойылатын
талаптарға жауап беруі, сонымен қатар ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыстар әдістерін
меңгеруі, жаңа педагогикалық технологиялар, нысаналы бағдарламалар әзірлеуі, оларды
сынақтан өткізу бойынша жұмыстарды жүргізуі; әлеуметтік педагогиканың өзекті
проблемаларын әзірлеу бойынша шығармашылық топтарға жетекшілік етуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және ұйымдастырушы
педагог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе бейін бойынша жоғары білімі және
ұйымдастырушы педагог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 6 жыл.
біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ маман:
жұмыс өтілісіз педагогикалық бейінінің техникалық және кәсіптік білімі.
біліктілігі орта деңгейлі екінші санатты маман:
біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ ұйымдастырушы педагогке қойылатын талаптарға
жауап беруі, сонымен қатар, балалармен және жасөспірімдермен диагностикалық жұмысты
ұйымдастыру нысандарын меңгеруі, тәрбиелеу процесінде тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз