Павлодар облыстық мәслихатының (VI сайланған XVIII сессиясы)



жүктеу 4,99 Mb.
бет8/12
Дата22.05.2018
өлшемі4,99 Mb.
#15655
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

2.1.4.3 Жолдар және көлік

Павлодар облысының автомобиль жолдары желісі келесі көрсеткіштер-мен сипатталады: желінің жалпы ұзындығы 5 466,113 шақ. құрайды. Оның ішінен 1 523,8 шақ. (27,9%) – республикалық маңызы бар жолдар, 1 139,013 шақ. (20,8%) – облыстық маңызы бар жолдар және 2 803,3 шақ. (51,3%) – аудандық маңызы бар жолдар.

Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 3 942,3 шақ. құрайды, оның ішінен қатты жабындысымен (төсемі жетілдірілген: асфальт-бетон және қара қиыршық тасты) – 1 727,9 шақ. (43,8%). Тұтқыр материал-дармен өңделмеген, малтатаспен және қиыршық таспен жабылған жолдар
– 1 610,6 шақ. (40,9%), топырақты жолдар – 603,8 шақ. (15,3%).

2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 77% немесе 3 035,6 шақ. құрайды, 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қанағаттанарлықсыз жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесі – 23% немесе 906,7 шақ., соның ішінде асфальт жабындысымен 226,7 шақ. (25%), қиыршық таспен – 417,1 шақ. (46%), топырақты жабындымен – 262,9 шақ. (29%).

2016 жылғы жол-жөндеу жұмыстарының нәтижелері бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың көрсеткіші 77%-ды құрайды.

Павлодар облысында автомобиль жолдарының тығыздығы орташа рес-публикалық көрсеткіштен асады (1000 шаршы шақырымға шаққанда


34,5 шақ.) және 1 000 шаршы шақырымға шаққанда 45,4 шақ. құрайды.

2017 жылғы 1 қазанға интенсивті түрде тозу және бұзылу себебінен қанағаттанарлықсыз жағдайдағы жолдардың учаскелері жергілікті жолдар желісінің жалпы ұзындығының 22,2%-ын құрайды. Облыста шамамен 603,8 шақ. топырақты жол бар, көктем-күз айларында бұл жолмен жүру ішінара қиындық туғызады.

3 жыл ішінде жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын дамытуға барлық деңгейдегі бюджеттерден 14,8 млрд. теңге бағытталды (2014 жылы
– 8,1, 2015 жылы – 3,3, 2016 жылы – 3,4).

Облыстың көлік саласы көліктің 4 түрінен тұрады, соның ішінде автомобиль, теміржол, әуе және өзен.

Қазіргі уақытта облыс бойынша автомобиль бағдарының желісі мынадай:

63 облысішілік бағдар;

Павлодар қаласында 34 қалалық автобус және шағын автобус бағдары және 11 трамвай бағдары;

Екібастұз қаласында 9 қалалық автобус бағдары;

Ақсу қаласында 12 қалалық автобус және шағын автобус бағдары;

29 ауданішілік бағдар (аудандарда және қалалардың ауылдық аймақтарында).

Облыстың қалалар мен аудан орталықтарында автобекеттер, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері жұмыс істейді. Барлығы 3 автовокзал, 7 автостанция және 7 жолаушыларға қызмет көрсету станцясы жұмыс істейді.

Облыс аумағында «Павлодар әуежайы» АҚ халықаралық әуежай жұмыс істейді, ол азаматтық аэродромдардың жарамдылық және пайдалану талаптарына және нормаларына сәйкес келеді.

2016 жылы әуежай арқылы 87252 адам тасымалданды (2015 жылы – 79237 адам), 2017 жылы 90000-нан астам адамды тасымалдау жоспарлануда.

Қазіргі уақытта Павлодар қаласының әуежайынан Астана, Алматы, Мәскеу қалаларына дейін жыл бойғы авиарейстер, сондай-ақ Антальяға және Минскке жыл сайынғы маусымдық авиарейстер жұмыс істейді.

Сондай-ақ, Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалаларында теміржол вокзалдары бар. Облыс қалаларының барлық 3 теміржол вокзалы Теміржол вокзалдарын пайдалану ережелерінің қолданыстағы стандарттарына және талаптарына сәйкес келеді.

Су көлігі саласында облыс аумағында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарымен көзделген (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) екі кеме аялдайтын имарат салу жоспарлануда.

Қазіргі уақытта кеме аялдайтын имараттар салу орны және мерзімдері анықталды (2019-2020 жылдар), соның ішінде Павлодар облысының Ертіс ауданы Ертіс ауылының және Лебяжі ауданы Аққу ауылының аумағында.

Лебяжі ауданында Аққу ауылында кеме аялдайтын имарат салу үшін жер учаскесі берілді. Оны рәсімдеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ертіс және Лебяжі аудандарында ЖСҚ әзірлеуге талап етілетін қаражатты нақтылау, өзен фарватерінің тереңдігін зерттеу және іздестіру жұмыстарын өткізу бойынша есептер жүргізілуде. МЖӘ қағидаты бойынша осы іс-шараларды іске асыру бойынша мәселелер пысықталуда.

Іс-шаралар жоспарының 213-тармағына сәйкес облыс аумағында жеке инвестициялардың есебінен Ертіс ауданы Ертіс ауылының паромды өткелін жаңғырту бойынша іс-шаралар жүзеге асырылды.

Ертіс ауданы Ертіс ауылының паромды өткелін жаңғырту
2014-2016 жылдар кезеңінде жеке инвестициялардың есебінен жалпы сомасы 10,5 млн. теңгеге жүргізілді.

2014-2015 жылдар ішінде күрделі жөндеу жұмыстары (сол жақ, оң жақ бас қозғалтқыштар – поршеньді топты ауыстыруды қосатын, цилиндрлердің ілгішін жөндеу, буксир, баржаның қондырғы имараттарын жөндеу, жалғасатын қызмет ету мерзімімен бөлшектерді, тетіктерді орнату) жүргізілді. 2016 жылы генератор дизеліне күрделі жөндеу жүргізілді, энергия шығыны аз кеменің қосалқы тетіктеріне ауыстырылды (компрессор, берілетін сорғы, котлоагрегат), буксир корпусын жеке жөндеу.

Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексінің 797-бабы 4-тармағының нормаларын іске асыруға, оған сәйкес ұстап алынған көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені сақтау жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншік болып табылатын арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда жүзеге асырылады, сондай-ақ инфрақұрылымды дамыту және кеме қатынастарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2019-2020 жылдары Павлодар облысының су айдындарында ұстап алынған кемелерді, соның ішінде шағын көлемді кемелерді сақтауға арналған арнайы тұрақтар (кемелердің көпшілік жиналатын орынында) құру жоспарлануда.

2018 жылы арнайы тұрақ салуға арналған орынды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіледі. Одан кейін жергілікті бюджеттен ақшалай қаражат бөлу мәселесі пысықталады, сондай-ақ жобалық құжаттарды әзірлеу және мемлекеттік сараптама жүргізу.



Саланың SWOT-талдауы:

Күшті жақтары:

Ресей Федерациясына шығатын автомобиль жолдарын жөндеуді орындау, бұл екі мемлекет арасында автомобиль көлігімен жүк айналымын және азаматтық тұлғалардың Ресей Федерациясына барып-тұруын қамтамасыз етеді;

жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында апаттылықты төмендету және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру;

автомобиль жолдарының өткізу қабілеттілігін арттыру;

автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеуге және күтіп-ұстауға шығын-дарды азайту;

су көлігінің жүк өткізу қабілетін ұлғайту.



Осал жақтары:

жол-жөндеу жұмыстары жеткіліксіз қаржыландырылғандықтан 1990-нан бастап 2000 жылдар кезеңінде жөндеуаралық мерзімдерді сақтамау;

осьқа түсетін жүктеменің Қазақстан Республикасының басқа өңрірлеріне қарағанда біршама ұлғаюы;

ірі жүк автокөлік осіне жүктеменің артуы салдарынан жолды қаптау конструкциясының бұзылуы;

су көлігі саласындағы жобалар өтемділігінің ұзақ мерзімі.

Мүмкіндіктері:

екі ел арасында шекара маңындағы ынтымақтастықты кеңейту, ел ішін-дегі және халықаралық кооперацияны дамыту, соның ішінде дүние жүзіндегі ең ірі шикізат жеткізушілерінің және төмен қайта өңдеудің компонеттік база-сының бірі ретінде Ресейге жақындығын пайдалану;

автомобиль жолдарының жақсы жай-күйі және жолда болу уақытының қысқаруы салдарынан жүк тасымалына тарифті төмендету, олардың деңгейін және жолаушылар үшін қолайлылықты арттыру;

көлікпен қызмет көрсетуді жақсарту;

жүк автокөлігі тарапынан көше-жол желісіне көлік жүктемесін төмендету;

аумақтардың көлік қатынасын жақсарту;

жүктерді тасымалдаудағы көліктік құраушы деңгейді төмендету;

Ертіс өзенінің бассейніне іргелес жалпы пайдаланымдағы автожолдағы көлік жүктемесін азайту.



Қатерлер:

жалпы пайдаланымдағы автожолдар бойынша автокөлік жүрісінің қиындауы;

апаттылықтың көбеюі;

халықтың көлікке қол жеткізуінің төмендеуі;

өңірде экологиялық ахуалдың нашарлауы;

жұмыссыздық деңгейінің артуы;

автомобиль жолдарының қанағаттанарлықсыз жай-күйі мен жолда болу уақытының ұзаруы салдарынан автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдаған кезде 1 т/шақырым құнының қымбаттауы.

Проблемалар:

облыстың автомобиль жолдарының жалпы техникалық жағдайының қозғалыс қауіпсіздігінің талаптарына толық сәйкес келмеуі салдарынан көлік логистикасы мүмкіншіліктерін жете пайдаланбау;

ірі жүк автокөлігімен жүкті тасымалдаған кезде салмақ режимінің бұзылуы.
2.1.4.4 Тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылым

Өңірдің инфрақұрылымдық тұрғын үй-коммуналдық кешені электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, су бұру салаларымен бе-рілген.



Сумен жабдықтау. Павлодар облысы тұщы жерасты суымен толығынан қамтамасыз етілген. Негізгі ірі су артериясы Ертіс өзені мен Қ.И. Сәтбаев атын-дағы «Ертіс-Қарағанды» арнасы болып табылады, олардың су ресурсы ауыз су үшін және шаруашылыққа пайдалану үшін кеңінен қолданылады.

Шаруашылық-ауыз суымен жабдықтау мақсатында тәулігіне 649,85 мың т.м. мөлшерінде бекітілген қоры бар 22 учаске пайдаланылады.

Мыналар шаруашылық-ауыз су бағытындағы су тұтынушылары болып табылады: тұрақты халық, суды шаруашылық ауыз су құбыры желісінен пайдаланатын өнеркәсіп және ауыл шаруашылық кәсіпорындары.

2017 жылдың соңына қарай облыс қалаларында орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізу 90%-ды және су бұру 86%-ды құрайды.

Облыс қалаларында сумен қамтамасыз ету желілерінің ұзындығы
1251,1 шақ. және су бұру желісі – 888,7 шақ. құрайды, соның ішінде Павлодар қаласында – 457,6 шақ. және тиісінше 345,2 шақ., Екібастұз қаласында
– 521,0 шақ. және 308,5 шақ., Ақсу қаласында – 272,5 шақ. және 235 шақ.
Сумен жабдықтау және су бұру желілерінің жағдайы

шақырым


Р/с

Көрсеткіш атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

1

2

3

4

5

1

Желілердің жалпы ұзындығы










1.1

сумен жабдықтау

1251,1

1251,1

1251,1

1.2.

су бұру

888,7

888,7

888,7

2

Жаңғыртылған желілердің ұзындығы










2.1

сумен жабдықтау

27,3

29,7

21,9

2.2

су бұру

8,3

12,2

3,6

3

Орта табиғи тозуы 60%-дан астам желілердің ұзындығы










3.1

сумен жабдықтау

952,6

(729,6)


925,3

895,6

3.2

су бұру

554,2

545,9

533,1















Бюджет және бюджеттен тыс қаражат есебінен желілерді қайта жаңарту жөніндегі іс-шараларды орындау қорытындылары бойынша орта табиғи тозуы 60%-дан астам сумен жабдықтау және су бұру желілерінің үлесі жыл сайын төмендеп отырады және 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша: сумен жабдықтау 895,7 шақ. немесе жалпы ұзындығының 71,6%-ы, су бұру 533,1 шақ. немесе 59,9%, соның ішінде: Павлодар қаласында – тиісінше 349,6 шақ. (74,5%) және 214,02 шақ. (61,7%), Екібастұз қаласында – 355,3 шақ. (65,6%)


және 185,1 шақ. (59,1%), Ақсу қаласында – 190,7 шақ. (70%) және 133,9 шақ. (57%).

Облыста сумен жабдықтау желілері коммуналдық меншікте тұр және жалға беру қызметіне берілді. Павлодар қаласында су бұрғыш тораптары «Павлодар-Водоканал» ЖШС жалдамалы қызмет көрсетуіне табысталған, Екібастұз және Ақсу қалаларында тораптарға мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар қызмет көрсетеді.

2011-2016 жылдар кезеңінде 14 АЕМ-де сумен жабдықтау объектілері пайдалануға енгізілді (Екібастұз қ.а.а. Солнечный кентінде, Ақсу қ.а.а. Парамоновка, Қалқаман, Жолқұдық ауылдарында, Ақтоғай ауданының Ақтоғай, Ертіс ауданының Голубовка, Ертіс, Железин ауданының Алакөл, Михайловка, Павлодар ауданының Шақат, Качир ауданының Байқоныс, Лебяжі ауданының Аққу, Шарбақты ауданының Галкино ауылдарында, Баянауыл ауданының Майқайың кентінде). Орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтылған ауыл халқының саны көрсетілген кезең ішінде 93,5 мыңнан
120,6 мың адамға дейін өсті.

2016 жылдың қорытындысы бойынша 394 ауылдық елді мекеннің 78 АЕМ-і немесе 19,8%-ы орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізді.

316 АЕМ-де орталықтандырылған сумен жабдықтау жоқ, оның ішінен 305 АЕМ-де – орталықтандырылмаған сумен жабдықтау, 11 АЕМ-де – су тасымалданады.

2017 жылы 11 сумен жабдықтау объектісін аяқтау жоспарлануда (Павлодар қ.а.а. Ленин кентінде, Ақсу қ.а.а. Қызылжар, Евгеньевка ауылдарында, Ақтоғай ауданының Андрияновка, Жолболды, Приречен ауылдарында, Ертіс ауданының Панфилов ауылында, Лебяжі ауданының Жамбыл, Ямышев ауылында, Май ауданының Ақшиман ауылында, Успен ауданының Константиновка ауылында).

2015 жылғы 1 қаңтардан бастап «Ақ бұлақ» бағдарламасы «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасына біріктірілді. «Өңірлерді дамыту 2020» бойынша ауылдарда орталықтандырылған су бұруға қол жеткізу көрсеткіші орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілген АЕМ саны бойынша есептеледі.

Қазіргі уақытта 4 АЕМ (Шарбақты ауданының Шарбақты ауылы, Баянауыл ауданының Майқайың кенті, Ақсу қаласының ауылдық аймағы Қал-қаман және Достық ауылдары) орталықтандырылған су бұрумен қамтамасыз етілген.

Ағымдағы жылы Павлодар қаласының су тазарту және кәріз имараттарын және Ақсу қаласының фекальдық сорғы станцияларын, Павлодар және Екі-бастұз қалаларында бас кәріз коллекторларын жаңарту бойынша, сондай-ақ Ақсу қаласының орамішілік су құбыры желілерін қайта жаңарту бойынша жо-балар іске асырылуда.

Аталған іс-шараларды орындау облыс қалаларының тұтынушыларына сапалы сумен жабдықтауға және су бұруға қол жеткізуді арттыруға мүмкіндік береді.



Жылумен жабдықтау. 3 қаланы жылумен жабдықтауды екі кәсіпорын жүзеге асырады: «Павлодар жылу желілері» ЖШС және «Теплосервис-Ақсу» МКК. Аудан орталықтарында жылумен жабдықтауды мемлекеттік және жеке кәсіпорындар қамтамасыз етеді.
Жылумен жабдықтау желілерінің жағдайы

шақырым


Р/с

Көрсеткіш атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

1

2

3

4

5

1

Жылумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы

926,6

926,6

926,6

2

Жаңғыртылған жылумен жабдықтау желілерінің ұзындығы

4,9

18,1

7,9

3

Орта табиғи тозуы 60%-дан астам жылумен жабдықтау желілерінің ұзындығы

662,7

657,8

639,7

Облыстың жылу желілерінің ұзындығы 926,6 шақ. құрайды (магистральдық – 155, орамдық – 748,6, ыстық сумен жабдықтау желілері


– 23 шақ.): Павлодар қаласында – 418,6, Екібастұз қаласында – 342,3, Ақсу қаласында – 79,0, аудандарда – 86,7 шақ. Оның ішінен 452,3 шақ. жеке меншікте.

2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша орта табиғи тозуы 60%-дан астам жылумен жабдықтау желілерінің ұзындығы 639,7 шақ. немесе жалпы ұзындықтан 69%-ды құрады, соның ішінде: Павлодар қаласында


– 280,0 шақ. (63,5%), Екібастұз қаласында – 270,4 шақ. (76%), Ақсу қаласында
– 47,4 шақ. (55,6%), аудандарда – 41,9 шақ. (45,76%).

Павлодар және Екібастұз қалаларында жылумен жабдықтау желілерінің тозуы 70%-дан астамды құрайды, Ақсу моноқаласында және облыстың аудан орталықтарында – 44-64%.

Жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау желілері мен жүйелері тозуының жоғары дәрежесі, негізгі өндірістік қорлар тозуының тез қарқындары, сондай-ақ жылумен жабдықтау, сумен жабдықтаудың жаңа жүйелерін салуға мемле-кеттік және жеке инвестициялардың жеткіліксіздігі коммуналдық шаруашылық саласындағы маңызды проблемалардың бірі болып табылады.

Сумен жабдықтау желілерінде бұзылулардың негізгі үлесі Екібастұз қала-сына тиесілі. Қаланың желілерін қайта жаңарту бойынша жобалар «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сумен жабдықтау бойынша қыз-мет көрсететін табиғи монополия субъектілерін кредиттеу есебінен жоспар-ланды.

Павлодар және Екібастұз қалаларында 60%-дан астам тозған жылумен жабдықтау желілері жеке меншікте тұр.

Қазіргі уақытта меншік кәсіпорын мемлекеттік сараптама алумен жылу-мен жабдықтау желілерін жаңғырту және қайта жаңарту бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірледі. Осы желілерді қайта жаңарту бойынша іс-шараларды іске асыру 2016 жылы Еуропалық қайта құру және даму банкінің қарыз қаражатын тартумен «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде басталды.



Тұрғын үй қоры. Облыс тұрғын үй қорының жалпы ауданы 15,8 млн. ш.м. құрайды, оның ішінен 11,2 млн. ш.м. қалалық елді мекенге және 4,6 млн. ш.м. ауылдық елді мекенге тиесілі.

Қазіргі уақытта облыста 2 475 көп пәтерлі тұрғын үй бар (2 300 – облыс қалаларында, 175 – облыс аудандарында). Кондоминиумды басқарудың


445 органы жұмыс істейді, соның ішінде ЖШС, ЖК, ПИК – 185 және барлық пәтер иелерімен бірлескен басқару – 260.
Тұрғын үй қорының жағдайы

бірлік


Р/с

Көрсеткіш атауы

2014

жыл

2015 жыл

2016

жыл

1

2

3

4

5

1

Тұрғын үйлердің жалпы саны, соның ішінде:

2 507

2 507

2 475

1.1

күрделі жөндеумен қамтылған, соның ішінде:

44

75

13

1.1.2

терможаңғырту элементтерімен

1

40

5

1.2

тұрғындардың жеке қаражаты есебінен

43

35

7
















Тұрғын үйлерді терможаңғырту шеңберінде 95 үйдің жабындарын қайта жаңарту, 14 тұрғын үйде ағаш терезе блоктарын заманауи энергия үнемдеу шыны пакеттеріне ауыстыру, 20 үйдің қасбеттерін жылыту, 123 үйде инженер-лік жылумен, сумен жабдықтау желілерін ауыстыру жұмыстары орындалды,
60 үйдегі ортақ жылу энергиясын есептеу аспабы, 16 автоматтандырылған жылу пункті орнатылды.

20,0 мыңнан астам тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары мен өмір сүру жайлылығы жақсарды.

Нәтижесінде, 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша күрделі жөндеуді қажет ететін тұрғын үйлердің саны тұрғын үйлердің жалпы санынан 32%-ға дейін немесе 2011-2016 жылдары 23%-ға төмендеді.

Апаттық тұрғын үй қоры мәселесі облыстың аса маңызды проблема-ларының бірі болып табылады. Павлодар қаласында 97 апаттық және ескірген көп пәтерлі тұрғын үй бар, сондай-ақ ауылдық елді мекендерде 96 бір қабатты құрылымдар бар.

Павлодар қаласындағы апаттық және ескірген көп пәтерлі тұрғын үйдің 97 бірлігінен Алюминстрой ауданындағы 89 екі қабатты тұрғын үй азаматтарды көшіру арқылы бұзуға жатады, ондағы пәтерлер саны 712 бірлікті құрайды, тұрып жатқандар саны 2 136 адам. Үйлерді бұзу және азаматтарды көшіру бойынша мәселелерді шешу үшін Павлодар қаласында осы ауданның нақты жоспарлау жобасы әзірленді. Қазіргі уақытта аталған ауданда апатты үйлерді бұзу және кейіннен ықшамаудан салу жүргізілуде.

2013-2016 жылдар кезеңі ішінде Алюминстрой кентінде азаматтарды көшірумен 40 апаттық үй құлатылды.



Газбен жабдықтау. Облыста орталықтандырылған газбен жабдықтау жоқ.

Облыс аумағында тұрмыстық және өнеркәсіптік мұқтаждықтар үшін «ПМХЗ» ЖШС өндірумен айналысатын сұйытылған көмірсутекті газ қолда-нылады.

Облыс аумағында сұйытылған газды сату бойынша қызметті нарықтың
8 субъектісі жүзеге асырады: «ИнтерснабGas» ЖШС, «INTERTRANS C.A» ЖШС, «Манекс» ЖШС, «Фллид» ЖШС, «Транссервис» ЖШС, «ГазИндуст-рия» ЖШС, «Инженерный центр-газ» ЖШС, «ГазСбытСервис» ЖШС.

Орташа алғанда маусымдық қажеттілігіне қарай айына газ сату халық үшін 300 тоннаны және заңды тұлғалар үшін 900 тоннаны құрайды.



Электрмен жабдықтау. Электр желілерінің жалпы ұзындығы 17,5 мың шақырымды құрайды, қосалқы станциялар саны – 4 349 бірлік, соның ішінде: ҚС 220-110 кВ – 78, ҚС 35-10-0,4 кВ – 128, ЖҚ, КЖҚ-6-10/0,4 кВ – 4143.

Павлодар өңірінің электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық секто-рында инженерлік жүйелердің жағдайы: нормативтік жағдайда 30%-ды құрайды және 70%-ы жөндеуді қажет етеді (электрмен жабдықтаудың жалпы ұзындығы – 17 500 шақ.).

Кернеулігі 220-1150 кВ электр тарату желісі «KEGOC» АҚ балансында, оны пайдалануды Екібастұз қаласында орталығы бар Жүйеаралық электр желілерінің солтүстік филиалы жүзеге асырады.

110 кВ және одан төмен электр желілерін «Павлодар бөлгіш электр желісінің компаниясы» АҚ және «Горэлектросеть» ЖШС электр желілері компаниялары пайдаланады. Павлодар облысы электр энергиясын өндіру бойынша энергияны артық өндіруші өңір болып табылады, өндірілетін электр энергиясының жартысынан астамы республиканың басқа өңірлеріне жөнелтіледі.

Облыс қалалары мен аудандарының тұтынушыларын тұрақты электрмен қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын энергия тарату кәсіпорындары электр желілерінде, қосалқы станцияларда жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

2014-2016 жылдар кезеңінде кәсіпорындар электр желілері мен қосалқы станциялардың жабдықтарын қайта жаңарту және жаңғырту бойынша инвестициялық іс-шараларды орындады.

Павлодар қаласында қуаттылығы 2*40 МВа 110/10 кВ «Усольская» қо-салқы станциясының құрылысы аяқталды, бұл Усолка ықшамауданының тұты-нушыларын электрмен жабдықтау сенімділігін арттырды (кардиоорталық, 4-ші емхана, Назарбаев зияткерлік мектебі, көп қабатты тұрғын үйлер) және қаланың жаңа тұтынушыларын қосу мүмкіндігін берді (перинаталдық орталық, бірінші қалалық аурухана, ПМУ жатақханасы және басқа объектілер).

2015 жылы «Павлодар облысының Ақсу қаласы Сольветка ауылының электрмен жабдықтау желілерінің 3,958 шақырымын қайта жаңарту» жобасы аяқталды, жалпы құны 34,9 млн. теңге.

Осы объектілердің пайдалануға енгізілуі Павлодар мен Ақсу қалаларының өнеркәсіп кәсіпорындарын, ұйымдары мен тұрғындарын сапалы және үздіксіз электрмен жабдықтаумен қамтамасыз етті.

Тұтас алғанда, Павлодар облысы ЕАЭО бірігуге байланысты нарықты кеңейту бойынша жұмыс жүргізуде.



Саланың SWOT-талдауы:

Күшті жақтары:

жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау жүйелерінің болуы;

тұщы жер асты сулары қорының жеткілікті деңгейі;

қызмет көрсетуші кәсіпорындардың болуы;

коммуналдық қызметтерге жоғары қажеттілік;

энергетикалық ресурстармен қамтамасыздық;

энергетикалық инфрақұрылымдармен қамтамасыздық.

Осал жақтары:

инженерлік инфрақұрылым объектілерінің біршама тозуы және салдары


– апат, шығындар, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтаудың төмен деңгейі;

негізгі өндірістік қорлардың тозу барысы жаңартылуына қарағанда тез қарқындармен болуда;

жылумен жабдықтау, сумен жабдықтаудың жаңа жүйелерін салуға және қолданыстағыларын қайта жаңартуға мемлекеттік және жеке инвестициялар-дың жеткіліксіздігі;

қызмет көрсетуші кәсіпорындардың жеткіліксіз материалдық-техникалық жарақтандырылуы;

халықтың кондоминиум объектілерінің жалпы мүлігін ұстауға әлсіз белсенділігі;

су шаруашылық секторының құрылысын және қайта жаңартуды жос-парлау кезінде жүйелі әдістің болмауы;

сумен жабдықтау және су бұру желілері тозуының жоғары деңгейі; жылумен жабдықтау, сумен жабдықтаудың жаңа жүйелерін салуға және қолда-ныстағыларын қайта жаңартуға мемлекеттік және жеке инвестициялардың жеткіліксіздігі;

станциялардағы энергиялық құрал-жабдықтың тозуы;

Ресей Федерациясына электр энергиясы экспортының қысқаруы.

Қатерлер:

жабдықтың физикалық тозу себебі бойынша мүмкін болатын жұмыс істе-меуі, қоршаған ортаға теріс әсер ету қаупі;

ұзақ қызмет көрсету нәтижесінде қалыптасқан жылумен жабдықтау, су-мен жабдықтау объектілерінің қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайы;

сумен жабдықтау және су бұру жүйесінде жобаларды іске асыру кезінде бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану;

ұңғыманы пайдалану тәртібін бұзу нәтижесінде жерасты су көздері сапа-сының төмендеуі, иесіз гидрогеологиялық ұңғымалар санының көп болуы, жер асты суларының техногенді ластануы;

көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу және жаңғырту бойынша жобаларды мемлекеттік бюджеттен жеткіліксіз қаржыландыру, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасына қатысу қажеттілігі туралы жұмысты жеткіліксіз түсіндіру;

минералды-шикізат базасының таусылуы;

өңірдегі экологиялық жағдайды нашарлататын жаңа өндірістік қуаттылықтарды салуға қоғамның теріс қатынасының өсуі.



Мүмкіндіктері:

халықты сапалы ауыз сумен және жылумен қамтамасыз ету;

жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау жүйелерінің техникалық жағ-дайын жақсарту, тазартуға және су дайындауға шығындарды ұлғайту;

материалдық-техникалық базаны жарақтандыру есебінен пайдалану қыз-метін жетілдіру;

сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің техникалық жағдайын жақ-сарту;

көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу және терможаңғырту бойынша жоба-ларды іске асыру кондоминиум объектілерінің техникалық жағдайын жақсар-туға мүмкіндік береді;

электр энергетиканы дамыту;

электр энергиясына өңіраралық сұраныстың өсуі.

Жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру желілері мен жүйе-лері тозуының жоғары дәрежесі, негізгі өндірістік қорлар тозуының тез қар-қындары, сондай-ақ жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұрудың жаңа жүйелерін салуға мемлекеттік және жеке инвестициялардың жеткілік-сіздігі, негізгі қорлардың баяу жаңартылуы, еңбек өнімділігінің төмен деңгейі, станциялардағы энергиялық құрал-жабдықтың тозуы коммуналдық шаруашылық саласындағы маңызды проблемалардың бірі болып табылады.
2.1.5 Экология және жер ресурстары

Экологиялық жағдай. Павлодар облысы, республикадағы ірі өндірістік орталықтардың бірі, сондықтан жоғарғы техногенді ластануға ұшыраған. Облыс аумағында энергетика, қара және түсті металлургия, тау-кен, мұнай өндіруші және химиялық салалардың кәсіпорындары шаруашылық қызметін жүзеге асырады, олардың өнеркәсіптік өндірістегі үлес салмағы 80%-ды құрайды.

Қазақстан Республикасы бойынша атмосфераға шығарылатын барлық ластаушы заттардың төртінші бөлігі Павлодар облысына келеді. Атмосфераға ластаушы заттардың шығыны шамамен 600 мың тоннаны құрайды, олардың 94,0%-дан астамы электроэнергетика, металлургия және көмір өндіретін кәсіпорындарға тиесілі.

Облыстағы атмосфералық ауаны ластаудың негізгі көзі – жоғары күлді көмірмен жұмыс істейтін жылу және электрлік станциялар. Энергетика саласынан шығатын шығындар үлесі облыстағы шығындардан 85-86%-ды құрайды. Қалған ірі салалардың жалпы шығындар үлесі 10% деңгейінде және шығарындылардың тек 4%-ы II, III, IV снаттағы кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің барысында қалыптасады.

2016 жылы атмосфераға ластаушы заттардың шығарындысы


2015 жылмен салыстырғанда 2,7%-ға азайған (2014 жыл – 620 800 тонна,
2015 жыл – 568 300 тонна, 2016 жыл – 553 100 тонна). Шығарындылардың қысқаруы «ЕЭК» АҚ «Восточный» кенішінде көмір өндіру көлемдерінің төмендеуімен, «Кастинг» ЖШС ПФ-да өндіріс көлемінің төмендеуімен, «Қазақстан алюминийі» АҚ-да жербалшық өндірісі бойынша өнім шығарудың азаюымен, «ПМХЗ» ЖШС-да мұнай өңдеу көлемінің азаюымен түсіндіріледі.

Нақты шығарындылар қоршаған ортаға эмиссияның нормативтерінен аспайды. Атмосфералық ауаға нормативті ластаушы заттар шығарындысының лимиті 2016 жылы 0,5%-ға артқан (2014 жылы 944,4 мың тоннадан 2016 жылы 949,3 мың тоннаға дейін). Бұл «Kaz Minerals Bozshakol» ЖШС 4 объектісін пайдалануға берумен байланысты (тау-кен байыту комбинаты, молибден кендерінің фабрикасы, ашық кеніш, жалпы пайдаланылатын объектілер).

Павлодар облысы шегінде Ертіс өзеніне сарқынды сулар шығыны екі ұйымдастырылған су жіберу арқылы жүргізіледі: «ЕЭК» АҚ Ақсу электр станциясы (таза жылу алмасу суларын төгу), «Павлодар-Водоканал» ЖШС (облыс орталығының қалалық тазарту жүйелерінен кейін араласқан тазарған суларды төгу).

«ПМХЗ» ЖШС-да жіберілетін ағынды сулар көлемінің ұлғаюына, «Богатырь Көмір» ЖШС-да су бұру көлемінің ұлғаюына және «Қазақстан алюминийі» АҚ «Керегетас» ашық кенішіндегі жіберілетін карьер сулары көлемінің ұлғаюына байланысты ағынды сулармен ластайтын заттар жіберуі лимит көлемінің 5%-ға шамалы ұлғаюы байқалуда (2014 жылы – 77,6 мың тонна, 2015 жылы – 76,4 мың тонна, 2016 жылы – 81,7 мың тонна).

Су объектілеріне ластайтын заттар жіберуді «Павлодар-Водоканал» ЖШС жүзеге асырады, олардың лимиті 5,5%-ға азайды (2014 жылы – 65,78 мың тонна, 2015 жылы – 62,159 мың тонна, 2016 жылы 62,179 мың тонна). 2016 жылдың қорытындысы бойынша су объектілеріне жіберулер көлемі 16,736 мың тоннаны құрады.

Павлодар облысының ірі кәсіпорындарынан су тарту сарқынды сулар жинағында жүргізіледі: «Ақсу су арнасы» КМК Ұзынбұлақ жинағында, Екібастұз қаласының «Горводоканал» КМК – Атығай жинағында, «ПМХЗ» ЖШС – Сарымсақ жинағында, «БК» ЖШС – Ақбидайық жинағында, «Каустик» АҚ және «Казэнергокәбіл» АҚ – Былқылдақ жинағында.

Облыс өндірістік қалдықтарды жинақтау көлемі бойынша бастапқы үштікке енеді.

Қазіргі кезде облыстың 15 ірі кәсіпорыны 6 млрд.-тан астам тонна өндірістік қалдықтар жинақтады.

Бүгінде пайда болған қалдықтардың көлемі 2014 жылмен салыстырғанда 30%-ға төмендеді (2014 жылы 146,5 млн. тонна жинақталған, олардың ішінде 22,9 млн. тонна (16%) қайта өңделген; 2015 жылы 187,1 млн. тоннадан – 45,9 млн. тонна (24,5%); 2016 жылы 43,9 млн. тоннадан – 19,1 млн. тонна (43,5%). Бұл облыстың ірі тау-кен өндіру кәсіпорындарындағы аршу таужыныстарын қазып алудың төмендеуіне, кәсіпорындардың ішкі үйінділерінде аршу таужыныстарын қоймалаудың азаюына байланысты («Талдыкөл» кеніші, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Майкөбе-Вест» ЖШС, «Гамма» ЖШС).

Өндірістік қалдықтардың негізгі өңдеуін «Қазхром» ТҰК» АҚ АФЗ (тауарлы өнім алу үшін феррохром қождарын өңдеу) және «ПМХЗ» ЖШС (мұнай қалдықтарын өңдеу, күкіртті екінші рет өңдеу) жүзеге асырады.

Облыстың өнеркәсіптік қалдықтарын 2 топқа бөлуге болады: тау-кен өндіру өнеркәсібі әрекетінен және тау-кен өндіру емес өнеркәсібінен пайда болатын.

Бүгінде кең таралған пайдалы қазбалар бойынша «НПП «Пневмоударное бурение» ЖШС «Майқайыңалтын» АҚ кен орнының бірінен аршу таужынысы үйінділерінен құрылыс тасын өндіруді жүзеге асырады. Өндірудің жыл сайынғы көлемі 500 мың тоннаны құрайды.

Сондай-ақ, қатты пайдалы қазбалар бойынша «Павлодар» ӘКК» ҰК» АҚ Майқайың байыту фабрикасының техногендік минералды кендерін барлауға келісімшарт жасалды.

Заң бойынша аршу жыныстары түрінде қалдықтарды қайта өңдеу және техногендік қалдықтарды белсенді айналымға тарту рәсімі көзделген, ол үшін тек жеке инвестициялар тарту қажет.

Тау-кен өндіру емес кәсіпорындарының қалдықтарымен проблемаларды шешу үшін өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдейтін зауыт салу қажет. Қалдықтарды жою кезінде оларды орналастыру үшін төлемақы төлеу қажеттілігі жоқ екендігін ескере отыра, кәсіпорындарға екінші ретті өнімді сатудан пайда түсіретін зауыттарға жүктеу тиімді болады.

Бүгінгі күнде қатты тұрмыстық қалдықтарды (бұдан әрі – ҚТҚ) басқару саласындағы өңірде қалыптасқан жағдай, қоршаған ортаның қауіпті ластануына, табиғи ресурстарды тиімсіз пайдалануға, экономикалық шығынға әкеледі және халықтың денсаулығына қауіп төндіреді.

Облыстың елді мекендерінде орналасқан ҚТҚ көму бойынша объектілер полигондарға жатқызуға болмайды. Көп жағдайларда олар санитарлы ережелер және экологиялық стандарттар талаптарына сай келмейтін күресін болып табылады.

Облыста жинақтау көлемі 5,8 млн. тонна болатын 345 күресін жұмыс істейді, олардың үшінші бөлігі (30%) тамақ қалдықтарына тиесілі, қалған үшінші бөлігі қағаз, қатырма, 13%-ын пластик, 5%-ын шыны, 3%-ын металлдар және 19%-ын басқа қалдықтар құрайды. Күресіндердің негізгі бөлігі ауылдық жерде орналасқан. Экологиялық және жер заңнамасының талаптарына тек


4 күресін (1,2%) сәйкес келеді.

Облыста қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату жүргізілмейді. Алайда, ҚТҚ шамалы өңдеу жүргізіледі (алдағы кәдеге жарату сатысы).

Бүгінгі күні қалдықтарды жинау және тасымалдау жөніндегі қызметпен облыстың 3 қаласы (Павлодар, Екібастұз, Ақсу) және 9 ауданы (Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Качир, Май, Павлодар, Успен, Шарбақты) қамтамасыз етілді.

2016 жылы халықты қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша қызметтермен қамтудың (759 223 адамнан қызметтермен 620 706 адам қамтылды) 2014 жылмен салыстырғанда 15,6%-ға шамалы ұлғайғаны байқалуда (2014 жыл - 69%, 2015 жыл – 80,2%, 2016 жыл – 81,8%).

Қызметтің осы түрін көрсететін мамандандырылған ұйымның болмауына байланысты ҚТҚ жинау және тасымалдау жөніндегі қызметпен қамтылмаған Лебяжі ауданының халқы болып отыр.

Орман қоры. Қазіргі уақытта орман өсіру және өсімін молайту өткір мәселе болып тұр. Облыста орманды және жануарлар дүниесін қорғау бойынша үш мемлекеттік мекеме бар – Павлодар, Үрлітүп және Максим-Горький. Мекемелердің мемлекеттік орман қоры 9 ауданның (Лебяжі, Май, Павлодар, Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Качир, Успен) аумағында орналасқан және 3 қаланың ауылдық аймағында орналасқан. Мемлекеттік орман қорының жалпы аумағы 127,5 мың га құрайды (орманмен жабылған - 89,7 мың га), соның ішінде 48,7 мың га «Ертіс өзенінің жайылмасы» мемлекет-тік табиғи қорықшасының аумағы. Ведомствоға қарасты мекемелердің штат саны 148 адам құраған, 2014 жылда нормативтікке дейін (225 адам) жеткізілді.

Жайылмалы ормандар су эрозиясы және антропогендік факторлардың теріс әсеріне, әсіресе, өртке шалдыққан.

Соңғы үш жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік орман қорының аумағында орман өрттерінің, сондай-ақ орман орналастыру материалдарына сәйкес түзету салдарынан орманмен жабылған жерлер алаңы 230 га қысқарған (2014 жылы – 45 га-ға, 2015 жылы – 185 га-ға). Сол уақытта кесілген жерлер мен өткен жылы жанып кеткен ағаштарды ауыстыру есебінен, қалпына келтірілген ағаштардың, орман көмкерген алқапқа табиғи өнген жас шыбықтардың есебінен 2016 жылы орман дақылдарын отырғызу 2014 жылмен салыстырғанда орманмен көмкерілген алаңы 496 га ұлғайды (2014 жылы – 211 га-ға, 2015 жылы – 250 га-ға, 2016 жылы – 35 га-ға). Сонымен, соңғы үш жыл ішінде орманмен көмкерілген аудан 266 га-ға ұлғайды.

Бір орман өртінің орташа алаңы 2016 жылы мемлекеттік орман қоры аумағында 2014 жылмен салыстырғанда 1,8 га (43%-ға) қысқарған (2014 жыл – 6,0 га, 2015 жыл – 11,1 га, 2016 жыл – 4,2 га).

Орман өрттерінің негізгі туындау себебі отты абайсыз пайдалану, ауыл шаруашылық өрттері (сабан жағу, орылған егін), шөп шабу кезіңде тракторларда ұшқын сөндіргіштердің болмауы болып табылады.

Елеулі өрт алаңдары жайылмалы ормандарда мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман қаупі бар кезеңде қиын қол жетімді жолмен түсіндіріледі.

Стандартты отырғызу материалын өсіру бойынша орман тәлімбағының болмауынан орман дақылдары қорының жыл сайынғы көлемі игерілмеуде
(323 га), бұл одан әрі орманмен жабылған алқаптар аумағының және жалпы облыс ормандылығы пайызының азаюына әкеледі.

Республикалық маңызы бар Баянауыл ұлттық паркіндегі және «Ертіс орманы» табиғи резерватындағы тұрақты орман тәлімбақтары өз мұқтаждық-тары үшін пайдаланылады (орманды қалпына келтіру жұмыстарына).

Орман дақылдары сақталуының төмен пайызы қатаң табиғи-климаттық жағдайларға және сапалы емес отырғызу материалдарына негізделген.

Сыртқы факторлар:

атмосфералық ауаның ластану, су объектілеріне су жіберу мәселелеріне бақылау-инспекциялық қызмет республикалық деңгейде жүзеге асырылады;

Павлодар қаласы Солтүстік өнеркәсіптік аймағының және Былқылдық сарқынды су жинағышының сынаппен ластануы;

сумен жабдықтау және су бұру жобаларын қаржыландыру мәселелерін шешу республикалық деңгейде жүзеге асырылады;

ҚТҚ өңдеу бойынша зауыттар мен технологиялардың болмауы қоқыс жинайтын орындарда жиналатын көлемдерінің тұрақты өсуіне әкеледі;

табиғи-климаттық жағдайлар – қатты ыстық, құрғақшылық орман өрттеріне әкеледі;

орман өрттері орманмен жабылған аумақтардың қысқаруына ықпал етеді

Ішкі факторлар:

ҚТҚ басқару жүйесін жетілдіру;

Лебяжі ауданының АЕМ-інде қоқыс жинау мен шығаруды тұрақты негізде жүзеге асыратын мамандандырылған кәсіпорындар жоқ, оның салдары – рұқсатсыз қоқыс тастайтын орындардың пайда болуы;

ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелердің материалдық-техникалық базасының осал қамтамасыз етілуі;

облыс қажеттіліктерін қажетті отырғызатын материалмен қамтамасыз ету үшін орман тәлімбағының болмауы;

өрт-бақылау мұнараларының, станцияларының болмауы.



Саланың SWOT- талдауы:

Күшті жақтары:

ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың табиғат қорғау іс-шараларын орын-дауы;

Ертіс өзенінің және сансыз көлдердің болуы;

қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемдердің ұлғаюы;

тұщы жер асты сулары қорларының жеткілікті деңгейі;

штаттардың орман қорғау қызметкерлерімен толықталуы;

ведомствоға қарасты мекемелердің мемлекеттік орман қорының орманмен жабылған аумағын ұлғайту.

Осал жақтары:

қолайсыз экологиялық жағдай;

атмосфераға шығарындылардың көп көлемі жылу энергетика, металлур-гия және көмір өндіру өнеркәсібінің кәсіпорындарына тиесілі;

қатты тұрмыстық қалдықтарды және өндіріс қалдықтарын кәдеге жарату бойынша технологияның болмауы;

табиғат қорғау іс-шараларын іске асыруға бюджет қаражаты көлем-дерінің қысқаруы;

«тарихи ластануларды» оңалту мәселесін шешу қажеттілігі;

су шаруашылық секторының құрылысын және қайта жаңартуды жоспарлау кезінде жүйелі әдістің болмауы;

стандартты отырғызу материалын өсіру бойынша орман тәлімбағының болмауы;

орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелердің осал материалдық-техникалық базасы.

Мүмкіндіктері:

Павлодар қаласының Солтүстік өнеркәсіптік аймағына жыл сайынғы сынапты мониторингілеу;

көктемгі суды Ертіс өзенінің жайылма алқабына жіберуді жыл сайынғы мониторингілеу;

Экологиялық технологиялар жөніндегі құзырет орталығын құру;

сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің техникалық жағдайын жақсарту;

материалдық-техникалық базаны жарақтандыру арқылы пайдалану қызметін жетілдіру;

орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер үшін өртке қарсы техника және жабдық сатып алу;

мемлекеттік орман қоры аумағында өрт-бақылау мұнараларын, орман өрті станцияларын салу;

стандартты отырғызу материалын өсіру бойынша орман тәлімбағын қалпына келтіру;

отырғызу материалын өсіру бойынша озық технологияларды енгізу.



Қатерлер:

өңірде экологиялық жағдайлардың нашарлау қаупі;

ластайтын заттар шығарындылары көлемінің қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына кері әсер етуі (республика бойынша атмосфераға барлық шығарындылардың төрттен бір бөлігі облысқа тиесілі);

сумен жабдықтау және су бұру жүйесіндегі жобаларды іске асыру кезінде бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану;

ұңғыманы пайдалану тәртіптерінің бұзылуы нәтижесінде жер асты су көздері сапасының төмендеуі, иесіз гидрогеологиялық ұңғымалар санының көп болуы, жер асты суларының техногенді ластануы;

Ертіс ауданының Беловод топтық су құбырын және Май ауданының Май топтық су құбырын қайта жаңарту мерзімінің ұзаққа созылуы;

орман өрттері салдарынан орманмен жабылған аумақтың қысқаруы.

Экология саласындағы проблемалар:

қатты тұрмыстық қалдықтардың жиналуы есебінен қоршаған ортаның ластануы;

атмосфераға ластайтын заттар шығарындыларының көп көлемі;

орман өрттерінің салдарынан облыстың орманмен жабылған аумағының қысқаруы;

орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелердің орман өртін жедел табу мен жоюға мүмкіндік бермейтін өртке қарсы техникамен осал жарақтандырылуы;

орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемелердің мемлекеттік орман қоры аумағында стандартты отырғызу материалын өсіру бойынша орман тәлімбағының болмауы себепті облыстың орманмен жабылған аумағының шамалы ұлғаюы.



Жер ресурстары. Жер балансының деректері бойынша облыс жерінің жалпы ауданы 12,5 млн. га құрайды, соның ішінде 11,2 млн. га ауылшаруашылық алқаптар (89,6%).

Облыс жер қорының құрылымы және серпіні


Атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

мың га

үлес сал., %

мың га

үлес сал., %

мың га

үлес сал., %

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер

4 636,9

37

5154,1

41,3

5497,7

44,1

Елді мекендердің жерлері (қалалар, кенттер және ауылдық елді мекендер)

1 753,6

14,1

1754,0

14,1

1753,2

14,1

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа ауыл шаруашылық емес мақсаттағы жерлер

127,6

1,0

128,5

1,03

129,1

1,03

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер

357,9

2,8

357,9



357,9

2,8

Орман қорының жерлері

127,5

1,02

127,5

1,02

127,5

1,02

Су қорының жерлері

78,9

0,6

78,9

0,6

78,9

0,6

Қор жерлері

5388,1

43,2

4869,6

39,03

4526,2

36,3

Барлығы

12470,5

100,0

12470,5

100

12470,5

100

2014-2016 жылдар ішінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер 860,8 мың га ұлғайды және 5497,7 мың га аумақты немесе облыстың жалпы аумағынан 44,1%-ды алады. Ұлғаю қор жерлерінен жер учаскелерін беру есебінен болды.

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің жалпы ауданынан бақша өсіру және саяжай құрылысы үшін азаматтардың жерлері 5,7 мың гектарды алады (0,05%), мемлекеттік емес заңды тұлға – 1916,0 мың га (15,4%), шаруа қожалығы – 3 105,1 мың га (24,8%), мемлекеттік ауыл шаруашылық заңды тұлға – 470,9 мың га (3,7%).

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерде 58233 меншік иесі және жер пайдаланушылар шаруашылық қызметпен айналысады.

2012-2014 жылдары республикалық бюджет қаражаты есебінен Павлодар облысының қалалары мен аудандарында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге түгендеу жүргізілді.


Р/с

Аудандардың атауы

Түгендеумен қамтылған аумақтың барлығы мың га

1

2

3




Павлодар облысы

4 282,1

1

Железин

322,6

2

Качир

376,3

3

Шарбақты

254,8

4

Лебяжі

285,6

5

Баянауыл

609,4

6

Павлодар

359,0

7

Павлодар қаласы

7,6

8

Ақсу қаласы

269,8

9

Ақтоғай

228,5

10

Ертіс

504,1

11

Май

346,1

12

Успен

308,7

13

Екібастұз қаласы

409,6

2015 жылы жүргізілген үш жылдың түгендеу қорытындысы шығарылды. Облыс бойынша тексерілген 4,3 млн. га ішінен 587 мың га пайдаланылмайтын жер анықталды, оның ішінен:

335,4 мың га жер мемлекеттік меншікке қайтарылды;

251,6 мың га аумақта пайдалануға кірісті.



Саланың SWOT-талдауы:

Күшті жақтары:

әлеуетті жер пайдаланушыларға беру мақсатында пайдаланылмайтын жерлерді, ауыл шаруашылық өндірісі үшін жарамды жерлерді анықтау және игеру;

ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлерге жер салығының мөлшерлемесін арттыру.

Осал жақтары:

жер пайдаланушы нотариалдық өтініш негізінде жер телімінен бас тартқаннан кейін әділет органдарында иесіз жылжымайтын мүлік ретінде есепке қоюсыз бір жақты тәртіпте жалға алу шартын бұзу мүмкін емес.



Қатерлер:

шаруа қожалықтарының ауыспалы егісті қолдануы, олардың жер пайда-лануы ауыл шаруашылық алқаптардың 400 га көп емес аумақта орналасқан, шағын мөлшерлер аясына ұстауға әкеледі, бұл топырақтың механикалық өңдеуін тиімсіз және үнемсіз қылады.



Мүмкіндіктері:

пайдаланылмайтын ауыл шаруашылық алқаптарына жер салығы мөлшер-лемесін ұлғайту бойынша қабылданатын шаралар ауыл шаруашылығы айналы-мына одан әрі тарту және жергілікті бюджеттерге ақшалай қаражаттың қосым-ша түсуі мақсатында жер учаскелерін мемлекеттік меншікке қайтарудың негізгі тетігі болып табылады.



Проблема:

ірі шаруашылықтарда нысаналы пайдалану бойынша пайдаланылмайтын жер учаскелерінің болуы.


2.1.6 Мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімінде жыл сайын жергілікті атқарушы органдар көрсететін қызмет түрлерінің саны ұлғаюда. Егер 2014 жылы халықтың мемлекеттік қызмет көрсету сапасымен қанағаттану дәрежесі 132 мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі бойынша анықталса, онда 2015 жылы 171, 2016 жылы 176 түр бойынша анықталды.

Үш жыл ішінде көрсетілетін мемлекеттік қызмет саны 49 239-дан (2014 жылы 35 түр бойынша) 4 464 997 дейін (2016 жылы 175 түр бойынша) ұлғайды.

«Мемлекеттік органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қызмет алушылардың қанағаттанарлығы» критерийі бойынша баға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг қорытындысы бойынша алынған ақпарат негізінде есептейді.

Мониторинг нәтижелеріне сәйкес облыста көрсетілетін қызметтердің сапасына қанағаттанушылық 2014 жылы 88 %-ды, 2015 жылы – 83%-ды, 2016 жылы - 84%-ды құрады.


Р/с

Көрсеткіштер

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

1

2

3

4

5

1.

Халықтың әлеуметтік маңызды қызмет көрсету сапасымен қанағаттану деңгейі, %

-

-

-

2.

Халықтың жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейі, %, *










2.1

Қоғамдық мониторинг

88,0

83,0

84,0

2.2

Бағалау нәтижелері

70,18

76,06



44,3

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін, стандарттарының, регламенттерінің талаптарын бұзушылық, бірлік

68

47

55

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына түскен шағымдар саны, бірлік

1

-

1

Бағалаудың төмендеуі мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзушылық саны ұлғаюына байланысты, сондай-ақ 2016 жылы бағалауды есептеген кезде 23 мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі бойынша статистикалық деректер ескерілмеді, олар бекітілген көрсетілетін қызметтер стандарттарына сәйкес бір жұмыс күні ішінде көрсетілді. 2016 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзушылық 2015 жылмен салыстырғанда 47 бірліктен 55 бірлікке дейін артты.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзушылықтардың көп бөлігіне жол беру себептері «ҰАТ» АҚ жүйесіндегі техникалық ақаулар (қызмет көрсету мерзімдерін есептеу кезінде демалыс және мереке күндері ескерілді), сондай-ақ мамандардың төмен біліктілігі болып табылады.

Саланың SWOT-талдауы:

Күшті жақтары:

релгаменттелген мемлекеттік қызметтер санының өсуі;

мемлекеттік қызмет көрсететін барлық жергілікті атқарушы органдарда «ХҚКО ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін мониторингілеу» автоматтан-дырылған жұмыс орындары белгіленді;

Павлодар облысы әкімінің аппараты және Павлодар облысы бойынша «ХҚКО» РМК филиалы арасында мемлекеттік қызметтердің мониторингісін жүргізу туралы меморандум жасалды;

жергілікті атқарушы органдарда қызмет алушылардың өтінімдерін сапалы және уақтылы орындауға жауапкершілікті күшейту.

Осал жақтары:

мамандардың жеткіліксіз біліктілігі.



Мүмкіндіктері:

мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру;

мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзушылықтар санын азайту;

қызмет алушылар үшін қолайлы жағдайлар жасау;

мемлекеттік қызмет көрсету барысының айқындығы және дұрыстығы.

Қатерлер:

техникалық себептер бойынша жүйенің ауытқуы;

кадрлардың тұрақсыздығы;

мемлекеттік қызмет көрсету сапасының төмендеуі және мерзімдерінің бұзылуы;

қызмет алушылар қанағаттануының төмендеуі.

Проблема: қызмет көрсетудің белгіленген мерзімдерін сақтамау бөлігінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерін бұзушылықтар-дың болуы; мамандардың жеткіліксіз біліктілігі.

Алмасушылық. Павлодар облысы мемлекеттік органдарының қызмет тиімділігін таза алмасушылық белгісі бойынша талдау тұрақсыз серпінді көрсетеді.
Таза алмасушылық көрсеткіштерінің серпіні

мемлекеттік қызметшілер саны, бірлік



Р/с

Таза алмасушылық себептерінің атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жылғы 9 ай

1

2

3

4

5

6

1

Мемлекеттік қызметшілердің:













1.1

жеке секторға

74

66

32

23

1.2

квазимемлекеттік секторға

53

37

13

3

1.3

бюджеттік ұйымдарға ауысуы

58

28

49

19

2

Өзге себептер

111

75

140

92




Жиыны

296

206

234

137

2014 жылы таза алмасушылық көрсеткіші 10,6%-ға жетті және шекті нормадан асты. Бұл мемлекеттік қызметшілердің жеке және квазимемлекеттік секторларға кетуіне байланысты, онда жоғары жалақы және икемді жұмыс кестесі қызықтырады.

2015 жылы мемлекеттік қызметшілердің жалақысын болжамды арттыруға байланысты кадрлардың алмасушылық деңгейі біршама төмендеді және 7%-ды құрады (республика бойынша әкімдіктердің арасындағы ең төменгілердің бірі).

Алайда, 2016 жылы таза алмасушылық мәні 8,8%-ды құрады және Президент Әкімшілігі белгілеген қиын деңгейге жетті (9%), сондай-ақ орташа республикалық мәннен асты (6,3%).

2017 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет жүйесінен 137 мемлекеттік қызметші кетті және таза алмасушылық көрсеткіші 4,5%-ды құрады. 2017 жылы жол берілетін таза алмасушылық мәні өзгергенін және 6,2% деңгейінде белгіленгенін атап өткен жөн.

Қызметкерлердің жұмыстан шығу себептерін кадрлар шығуының уәждемелік құрылымын анықтаумен талдауға болады. Ол қызметкерді мемлекеттік органнан кету туралы шешім қабылдауға себеп болатын негізгі себептерге негізделеді.

Мемлекеттік қызмет жүйесінен кетудің негізгі себептері мынадай факторлар:

- жалақы деңгейіне қанағаттанбау;

- тиімсіз жұмыс режимі;

- карьералық өсу перспективаларының болмауы;

- жеке сипаттағы себептер.

Кадрлардың мемлекеттік қызметтен кетуінің табиғи бақыланбайтын себептері болып тұратын орынын ауыстыру, отбасы жағдайлары, денсаулық жағдайы табылады.



Саланың SWOT-талдауы:

Күшті жақтары:

кадрлардың алмасушылығын ай сайынғы мониторингілеу;

Облыс әкімі мен облыс орталығы әкімінің арасында белгіленген норма шегінде кадрлардың тұрақсыздық деңгейін тұрақтандыру туралы меморандум жасасу;

облыс әкімінің және қалалар мен аудандар әкімдерінің арасында (облыс орталығын қоспағанда) белгіленген норма шегінде кадрлардың тұрақсыздық деңгейін тұрақтандыру туралы келісім жасасу;

мемлекеттік органдар басшыларының жеке жұмыс жоспарларына «таза алмасушылық» көрсеткішін қосу;

мемлекеттік қызметшілерді қосымша ынталандыру шараларын әзірлеу;

C-R, E, E-R, E-G лауазымдарының санатына мемлекеттік қызметке түсетін жоғары оқу орындарының түлектерін «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасына қосу.

Осал жақтары:

мемлекеттік органдар жауапты қызметтерінің персоналды басқару мәселесі бойынша жеткіліксіз біліктілігі.



Мүмкіндіктері:

меритократия қағидаты бойынша карьералық ілгері жылжу;

мемлекеттік қызметке алғаш қабылданғандар үшін тәлімгерлік;

мемлекеттік қызметшілерге монетарлы және монетарлы емес сыйлық беру шараларын қолдану.



Қатерлер:

қызметкерлерге сыйлық беру үшін бюджет қаражаты үнемінің болмауы;

экономикалық жағдайдың өзгеруі және мемлекеттік қызметшілердің материалдық жағдайы деңгейінің төмендеуі (теңгенің құнсыздануы).

Проблема:

Кадрлардың таза алмасушылық көрсеткішінің өсуі.



жүктеу 4,99 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау