2.1.1.6 Инновациялар және инвестициялар
Инновациялар. 2012 жылдан бастап облыста инновацияларды дамыту және енгізу бойынша ғылыми-техникалық кеңес жұмыс істейді. 2013 жылғы қарашада өңірлік инновациялық жүйені құру және дамыту жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Аталған құрылымдардың негізгі міндеті – жұмыс істеуін талдау және жүйені жетілдіру бойынша ұсынымдарды әзірлеу, инновациялық қызмет-ті дамыту.
Өңірлік инновациялық жүйенің негізгі элементтері жұмыс істейді: Өңірлік Start Up Академиясы және С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Ертіс» ғылыми-технологиялық паркі, Өңірлік техноорталық, Инновациялық Еуразия университетінің жанындағы Бизнес-акселератор және технологияларды коммерциялау кеңсесі, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының Біліктілігін арттыру және технологиялар трансфері өңірлік орталығы, «Павлодар ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-ның ғылыми-техникалық бөлімшесі және академик Қ. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты, облыс өнеркәсіптік кәсіпорындарының ғылыми бөлімшелері.
Өңірлік Start Up Академиясында инноваторлар, студенттер, ғалымдар, рационализаторлар, жас кәсіпкерлер қажетті білім және жобаны дайындаудан бизнесті дербес жүргізуге дейінгі идеяларды іске асырудың барлық сатысында қолдау ала алады.
Өңірдің инновациялық қызметін дамыту
Р/с
№
|
Көрсеткіш атауы
|
Өлшем бірлігі
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
2016 жыл
|
1
|
2
|
3
|
3
|
4
|
5
|
1
|
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың санынан инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесі
|
%
|
6,9
|
4,8
|
6,5
|
2
|
Инновациялық өнімнің көлемі
|
млн.
теңге
|
83070,6
|
1838,3
|
9520,0
|
3
|
ЖӨӨ жалпы көлеміндегі инновациялық өнімнің үлесі
|
%
|
4,7
|
0,1
|
0,5
|
4
|
Инновациясы бар респонденттердің саны
|
бірлік
|
79
|
65
|
83
|
5
|
НИОКР-ға жалпы ішкі шығындар
|
млн.
теңге
|
322,9
|
320,8
|
390,4
|
6
|
Ғылыми-техникалық әзірлемелерге жалпы шығындар
|
млн.
теңге
|
543,3
|
352,4
|
397,4
|
2015-2016 жылдары инновациялар саласындағы белсенділік деңгейінің серпіні (2011 жылы – 5,4%, 2014 жылы – 6,9%) бірдей болмады, бұл өнімге сұраныстың бәсеңдеуіне және қаржылық дағдарысқа байланысты.
2016 жылы 1 286 кәсіпорынның 83 шаруашылық субъектісінде инновациялар болды, облыс кәсіпорындарының инновациялық белсенділігі 6,5%-ды құрады, бұл 2015 жылғы деңгейден 1,7 пайыздық тармаққа жоғары, алайда 2014 жылғы көрсеткіштен 0,4% пайыздық тармаққа төмен. Ірі кәсіпорындардың арасында ең жоғары белсенділік байқалды – 31,4%, оның ішінен 37 кәсіпорында негізгі технологиялық инновациялар өңдеу өнеркәсібіндегі (химия, металлургия, АӨК, құрылыс индустриясы, мұнай өңдеу), сондай-ақ көтерме және бөлшек саудадағы өндіріске, байланыс және ақпаратқа байланысты.
Өңірлік бөліністе инновациялары бар кәсіпорындардың ең көп саны Павлодар қаласының (71%) және Екібастұз қаласының (12%) аумағында жұмыс істейді.
2011 жылдан бастап облыста 16 жоба қаржыландырылды, оның ішінен 15-і инновациялық гранттар, біреуі – жобалық қаржыландыру шеңберінде.
12 жоба бойынша жұмыстар аяқталды, оның ішінен айналма сумен жабдықтау жүйелерінің ауыз суды тазарту қондырғысы және ұнтақ полипропилен түйіршіктерінің қондырғысы бойынша жобаны «Нефтехим LTD» ЖШС компаниясы іске асыруда, 3 жоба «Павлодар» АЭА аумағында іске асырылуда (жоғары технологиялық залалсыздандыратын заттар қондырғысын салу, өндіру және сату – «БО-НА» ЖШС; композитті коагулянттар өндірісі - «АSCOR» ЖШС).
4 жоба іске асыру және ілгері жылжыту сатысында тұр:
- минералды шикізатты өңдеу және алюмосиликат шағын микросферасынан өнім өндіру - «Металлогамма» ЖШС;
- теміржол құрамының доңғалақ жұптары үшін буксаның корпусын шығару бойынша өндірісті ұйымдастыру - «Металлэкс фирмасы» ЖШС;
- карбамид-фармальдегид шайырын, ДСП тақталарын, сондай-ақ олардан жасалатын бұйымдар шығару бойынша ағаш өңдеу өндірісін ұйымдастыру – «Павлодар ағаш өңдеу зауыты» ЖШС.
- «Ищу тебя» жобасы - ЖК «Айтышев».
Гранттық қаржыландырудың арқасында облыста жаңа өндіріс алғаш пайда болды (темірден, ағаштан, теріден жасалған бұйым; киім және киізден жасалған бұйым; жарық диодты шамдалдар өндіру).
2015-2016 жылдары пайдалануға енгізілген 35 өндірістен 11 жаңа жобада инновациялық құраушылар бар, соның ішінде Бозшакөл кен байыту комбинаты, Теміржол осьтерін өндіру және доңғалақ жұптарын қалыптастыру «R.W.S. Wheelset» ЖШС (Екібастұз қаласы), қыздырылған мұнай коксының мұнай-химиялық өндірісі және «Агрохимпрогресс» ЖШС агрохимиялық өнім өндірісі бар. Соңғы екеуі «Павлодар» АЭА аумағында іске асырылды. Өнеркәсіптік бағыттағы жобалардан басқа голландиялық технология бойынша раушан гүлдерінің жылыжай өндірісі пайдалануға енгізілді.
2017 жылдан бастап 2024 жыл аралығындағы кезеңде 655,4 млрд. теңге жалпы инвестициялар көлемімен 24 инновациялық жобаны пайдалануға енгізу жоспарланды, 6021 тұрақты жұмыс орынын құру.
Негізгі капиталға салынатын инвестициялар. Облысқа негізгі капиталға салынатын инвестициялардың республикалық көлемінің 4,4%-ы тиесілі.
2014-2016 жылдар ішінде облыс бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар 1,2 есе өсті және 2016 жылы 439,7 млрд. теңгені құрады, соның ішінде өңдеу өнеркәсібіне – 254,7 млрд. теңге (2014 жылға қарағанда өсім 1,9 есе). Инвестициялар салу жұмыс істеп тұрған өндірістерді дамытуға және жаңа өндірістерді іске қосуға мүмкіндік туғызды.
2017 жылғы 9 ай ішінде капитал салымы өсуінің қарқындары төмендеген: 2016 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 89,6%.
Өңдеу өнеркәсібіне негізгі капиталға салынатын инвестициялар бойынша облыс республика бойынша 2 орында тұр (Атырау облысы – 128,6 млрд. теңге; Павлодар облысы – 116,5 млрд. теңге; ОҚО – 85,6 млрд. теңге).
Салалық құрылымда өңдеу өнеркәсібіне негізгі капиталға салынатын инвестициялардың 57,9%-ы тиесілі (2014 жылы – 36,1%).
Бағдарлама іске асырылғаннан бастап (2010 жылдан бастап) облыста өңдеу өнеркәсібіне инвестициялардың тұрақты өсуі байқалды; соңғы үш жыл ішінде (2016 жылы 2013 жылға қарағанда 2,7 есе) Бозшакөл КБК жобасын (жылына шамамен 120,0 млрд. теңге) іске асыруға байланысты.
Өткен жылдардың жоғары базасы 2017 жылға және келесі жылдарға өсуді қамтамасыз ету үшін кедергі болды.
Сәйкесінше, 2016 жыл және 2017 жылғы 9 ай ішінде инвестициялардың барлық қалған көрсеткіштері теріс серпінмен сипатталады.
Инвестициялық қызметтің негізгі көрсеткіштері
Р/с №
|
Көрсеткіш атауы
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
2016 жыл
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
Негізгі капиталға салынатын инвестициялар, млн. теңге
|
353 111,7
|
451 714,3
|
439 763,5
|
|
өткен жылға қарағанда, %
|
121,2
|
123,8
|
93,7
|
2
|
Өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі капиталға салынатын инвестициялардың НКИ, %
|
125,7
|
181,3
|
102,7
|
3
|
Халықтың жан басына шаққандағы негізгі капиталға салынатын инвестициялардың өсу қарқыны, %-бен
|
127,3
|
123,4
|
93,6
|
4
|
Негізгі капиталға салынатын инвестициялардың жалпы көлеміндегі негізгі капиталға салынатын сыртқы инвестициялардың үлесі, %
|
34,1
|
41,9
|
40,1
|
5
|
Шикізат емес сектордың негізгі капиталына салынатын инвестициялардың 2015 жылға қарағанда өсуі (мемлекеттік бюджеттен инвестицияларды қоспағанда), %
|
-
|
100,0
|
98,1
|
2016 жылы 2014 жылмен салыстырғанда ЖӨӨ-дегі негізгі капиталға салынатын инвестициялардың үлесі 2,8 пайыздық тармаққа өсті және
22,9%-ды құрады. Халықтың жан басына шаққандағы негізгі капиталға салынатын инвестициялардың өсу қарқыны оң серпінмен сипатталады.
Инвестицияларды қаржыландыру көздерінің құрылымында бұрынғыдай кәсіпорындардың меншікті қаражаты басым. Бұл ретте, 2014-2016 жылдар ішінде кәсіпорындардың, ұйымдар мен халықтың меншікті қаражатының жал-пы салымдар көлеміндегі үлесі 50,1%-дан 51,9%-ға дейін ұлғайды, сондай-ақ қарыз капиталының үлесі 32,6%-дан 34,2%-ға дейін өсті, бюджеттік инвестициялардың үлесі 17,3%-дан 13,9%-ға дейін азайды.
Негізгі капиталға салынатын инвестициялардың салалық құрылымында ең үлкен үлес салмақ өңдеу өнеркәсібіне – 57,9% (2014 жылы – 36,1%), электр энергетикаға – 16,9% (2014 жылы – 29,0%), тау-кен өндіру өнеркәсібіне – 2,2% (2014 жылы – 7,8%), көлік және қоймалауға – 9,7% (2014 жылы – 12,0%) тие-сілі.
2016 жылы облыстың өңірлері арасында инвестициялар бойынша жетекші орынды Екібастұз қаласы – 48,7% (214,4 млрд. теңге), одан кейін Павлодар қаласы – 35,1% (154,5 млрд. теңге) және 8,2% (36,1 млрд. теңге) үлес салмағымен Ақсу қаласы алды. Қалған 8% немесе 34,8 млрд. теңге облыстың аудандарына тиесілі.
Облыста инвестициялар тарту үшін барлық құралдар іске қосылды, соның ішінде өңдеу өнеркәсібіне – олар Инвестициялар тарту агенттігі, ӘКК, «ҚазақИнвест» өңірлік кеңсесі.
Сыртқы инвестицияларды ұлғайту мақсатында қытай инвесторларымен жұмыс жүргізілуде. Мысалы, қазақстан-қытай ынтымақтастығы шеңберінде 4 инвестициялық жоба бойынша уағдаластық бар – олар шамамен 3,5 млрд. АҚШ доллары инвестициялардың жалпы көлемімен электролиз өндірісін кеңейту (ERG), Ақсу қаласында 2 энергия блогын салу (ERG), «TENIR-LOGISTIC» ЖШС химия-металлургиялық кешенін құру және «AnsaSilicon» компаниясының техникалық кремний өндіру бойынша зауыт салу.
2015-2019 жылдары Павлодар облысында Индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – ИИДМБ) шеңберінде инвес-тициялар көлемі 1,1 трлн. теңге болатын 35 жобаны іске асыру жоспарлануда, соның ішінде: Индустрияландыру картасының 3 жобасы; Кәсіпкерлікті қолдау картасының 32 жобасы. Бұл ретте 8,4 мың тұрақты жұмыс орнын құру жоспарлануда.
Өңірдің инвестицияларды тарту бойынша одан әрі қызметі экономика-ның басымды секторларында ірі инвесторлар үшін саралап жіктеу әдісін көздейтін шетел және ішкі инвесторлар үшін жаңа ынталарды ескере отырып, жүзеге асырылатын болады.
Саланың SWOT-талдауы:
Күшті жақтары:
ғылыми базаның болуы: ЖОО, ҒЗИ, инжинирингтік компаниялар;
технологияларды коммерцияландыру орталығының болуы;
өңірлік ғылыми-технологиялық орталық, Зерттеу орталықтары мен Бизнес-акселератордың болуы;
өңірлік Start Up Академиясының болуы;
техниканы және технологияларды дамыту бойынша бөлімшелері бар ірі кәсіпорындардың болуы;
инвестицияларды тарту жөніндегі агенттіктің болуы;
өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының міндеттерін шешуге жеке бизнес ресурстарын тарту;
мемлекеттік бюджетке түсетін жүктемені азайту.
Осал жақтары:
ғылым мен өнеркәсіп арасындағы осал байланыс;
бизнестің инновациялық белсенділігінің төмен деңгейі;
бірыңғай оператордың болмауы: ғылым, өнеркәсіп және университеттер арасындағы жеткіліксіз өзара іс-қимыл;
қаржы қаражатының жетіспеушілігі және кәсіпорындардың төмен техни-калық дайындығы;
бизнесте және жергілікті мемлекеттік органдарда мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) жобаларын әзірлеу, іске асыру және басқару бойынша тәжірибенің аздығы;
2015-2016 жылдар ішіндегі инвестициялар бойынша жоғары базаға байланысты ҚР ИДМ бекіткен ИИДМБ индикаторларын (2017 жылы – 105,2%) орындамау қаупі бар.
Мүмкіндіктері:
орталық мемлекеттік органдармен: Инвестициялар және даму министр-лігімен, ТДҰА – инновацияларды дамыту мәселелерінде, ҚИДИ – өнеркәсіпті дамыту мәселелерінде, KAZNEX INVEST – экспортты дамыту мәселелерінде өзара іс-қимылды кеңейту;
«100 нақты қадам» Ұлттық іс-шаралар жоспары шеңберінде өнеркәсіпті, инвестицияларды және инновацияларды дамытудың стратегиялық бағдарлары;
инвестициялар туралы заңнамаға өзгерістер енгізу шеңберінде инвести-цияларды дамыту үшін жаңа ынталандырулар мен институттарды іске қосу;
ЕАЭО-ға, ДСҰ-ға кіруге байланысты сыртқы инвесторларды тарту;
халықтың мүдделерін және қажеттіліктерін ескере отырып, тауарлардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердің қолжетімділік және сапа деңгейін арттыру.
Қатерлер:
қаржыландыруға мұқтаж нағыз инновациялық жобалар тапшылығының туындауы;
екінші деңгейлі банктердің инновациялық жобалармен, әсіресе кепіл беру жағдайында емес стартаптар және қызмет көрсету саласының компаниялары-мен байланысты тәуекелдерді көтеруге дайын еместігі;
сыртқы экономикалық ахуалдың нашарлауына байланысты инновация-ларды дамытуға бюджеттік шығыстардың қысқаруы;
әлемдік экономикалық ахуалдың нашарлауына байланысты сыртқы инвесторлардың ерекше ықыласының өзгеруі;
ескірген сауда форматтарының төмен бәсекеге қабілеттілігін тоқтату;
шетел инвесторлары үшін мемлекеттік қолдау шараларының шектеулігі;
сыртқы жағдайлардың өзгеруіне (қаржы-экономикалық тұрақсыздық, сая-си және әлеуметтік өзгерістер) және жобаны пысықтаудың төмен сапасына орай жеке серіктестің өз міндеттемелерін орындамауы.
Өңірде инновацияларды дамыту проблемалары:
қаржы қаражатының жетіспеушілігі және кәсіпорындардың төмен техни-калық дайындығы, инновациялық технологиялар және инновациялық өнімге сұраныс туралы ақпараттың болмауы, инновацияларға жоғары шығындар;
бірыңғай оператордың болмауы: ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрылымдаушы әзірлеулер мен инновациялық жобаларды іске асырудағы ғылым, өнеркәсіп және университеттер арасындағы жеткіліксіз өзара іс-қимыл, өңірлік инновациялық жүйенің элементтері арасында осал үйлестіру.
Инвестициялар бойынша проблемалық мәселелер:
жеткілікті дамымаған инфрақұрылым;
ірі инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде инженерлік-техникалық қызметкерлер мен шағын мамандықтар қызметкерлерінің төмен біліктілігі;
МЖӘ жобаларын басқарудағы тәжірибенің жоқтығы.
2.1.1.7. Экономикалық өсім орталықтарын дамыту
Облыста экономикалық өсім орталықтары облыстық орталық, Ақсу және Екібастұз моноқалалары, тірек ауылдық елді мекендер (соның ішінде шекара маңындағы), жоғары және орташа даму әлеуеті бар ауылдар болып табылады.
3 жыл ішінде облыстың қалаларындағы тұрғындар саны 6,5 мың адамға өсті, ауылдық жерлерде 3,6 мың адамға қысқарды. Әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымы аса дамыған тірек ауылдық елді мекендерде облыс халқының 5,6%-ы шоғырланған.
2014-2016 жылдар ішінде облыстың
қалалары мен тірек ауылдарындағы тұрғындар саны
мың адам
Р/с№
|
Көрсеткіш атауы
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
2016 жыл
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
Павлодар облысы
|
755,8
|
758,6
|
757,0
|
1
|
Павлодар қаласы*
|
356,2
|
358,9
|
360,1
|
2
|
Ақсу қаласы*
|
69,9
|
70,5
|
70,8
|
3
|
Екібастұз қаласы*
|
150,9
|
152,8
|
152,6
|
4
|
Ауылдық мекендер
|
225,9
|
224,1
|
222,3
|
5
|
Тірек ауылдар
|
42,3
|
42,2
|
42,4
|
6
|
Шекара маңындағы аумақтардағы тірек ауылдар
|
8,1
|
8,1
|
7,8
|
*ауыл халқын ескерумен деректер
Павлодар қаласы.
Экономиканың негізгі салалары – металлургия, химиялық өнеркәсіп, сауда және қызметтер. Қала экономикасының басты құраушысы өнеркәсіп болып табылады.
Павлодар қаласы өңделмеген алюминий, жер балшық өндірісінің 100% республикалық көлемін, шамамен 70% жіксіз құбырлар, 40%-дан аса бензин-мен қамтамасыз етеді. Өнеркәсіпте қаланың 8 жүйе құраушы кәспорындары өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінен 70%-дан астамын қамтамасыз етеді. Аталған кәсіпорындардың өнеркәсіп өндірісі құрылымындағы басты рөлі өңір экспортының ресурстық-шикізат бағытын негіздейді.
Өңірдің индустриялық және инновациялық орталығы ретінде қаланың даму болашағы Индустрияландыру картасы шеңберінде жобаларды іске асырумен, «Павлодар» АЭА қызметін үйлестірумен, қолданыстағы және жаңа өндірістерді кадрлармен қамтамасыз ететін химиялық, металлургиялық, мұнай химиялық өнеркәсіпті және ғылыми-инновациялық инфрақұрылымды дамытумен байланысты.
Облыс моноқалаларын дамыту.
Ақсу қаласының экономикалық мамандандырылуы индустриялық сипатқа ие. Екібастұз қаласы – Қазақстанның ірі индустриялық және энерге-тикалық орталығы.
Моноқалаларда аймақтың 4 қала құраушы кәсіпорындары орналасқан
(2 – Ақсу қаласында, 2 – Екібастұз қаласында) онда шамамен 18,2 мың адам жұмыспен қамтылған (Ақсу қаласында – 9,2 мың адам, Екібастұз қаласында – 9,0 мың адам), бұл Ақсу қаласының жалпы тұрғындар санының – 13,0%, Екібастұз – 5,9% құрайды.
Экономиканы ұзақ мерзімді әртараптандыру үшін моноқалаларда тау-кен-металлургиялық өнеркәсіпте, АӨК-те және машина құрылысында
4 «зәкірлі» жобалар іске асырылуда.
Сәйкесінше 2014 жылы және 2015 жылы жобалар пайдалануға енгізілді:
«Қызылжар-Құс» ЖШС бройлер құсының етін өндіру бойынша құс фабрикасын қайта жаңарту, Ақсу қаласы (150 жұмыс орны құрылды);
«Бозшакөл КБК салу», Екібастұз қаласы (1500 жұмыс орны).
2 жобаны іске қосу 2017 жылға жоспарланды:
теміржол мақсатындағы доңғалақтарды өндіру бойынша кешен, Екібастұз қаласы (435 жұмыс орны);
болатты тік жікті құбырлар өндіру бойынша цех құрылысы, Ақсу қаласы (70 жұмыс орны).
Екібастұз қаласының экономикасын дамытудың болашақтағы негізгі бағыттары электр энергиясын өндіру, мыс концентратын өндіру, көмір өндіру болады.
Болашақта Ақсу қаласы металлургиялық өнеркәсіпте және электр энергиясын өндіруде ағымдағы мамандандырылуын сақтайды.
Ақсу, Екібастұз моноқалаларда 100% электрэнергиясы, телерадиохабар және байланыспен қамтамасыз етілген. 2017 жылдың соңына қарай орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділік 90%-ды құрайды.
Ауылдық аумақтарды дамыту. Облыста өңірдің 94% аумағын алып жатқан 394 АЕМ есептеледі.
Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша 46 АЕМ жоғары,
311 – орташа, 37 – төмен даму әлеуетіне сәйкес келеді. 2014 жылға қарағанда жоғары әлеуеттегі АЕМ саны 6 АЕМ-ге, 2015 жылға қарағанда – 2 АЕМ-ге ұлғайды. Төмен әлеуеттегі АЕМ саны сәйкесінше 3 және 0 АЕМ-ге азайды.
Облыстың барлық ауылдық елді мекендері 100% электр энергиясымен, телерадио хабарландырумен және байланыспен қамтамасыз етілген. 2017 жылдың соңына қарай жалпы ауылдық елді мекендер санынан 87 АЕМ немесе 22,8%-ы орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжеткізеді.
Білім беру саласында ауылдық елді мекендердің балалардың мектепке дейінгі мекемелерімен қамтамасыз етілуі: Ертіс ауданында – 85,2%,
Лебяжі – 85,2%, Успен – 81,8%, Ақсу қ.а.а. – 75,0%, Павлодар – 71,1%,
Ақтоғай – 70,3%, Железин – 70,0%, Павлодар қ.а.а. – 66,7%,
Екібастұз қ.а.а. – 59,3%, Май – 56,5%, Шарбақты – 55,3%, Качир – 52,6%, Баянауыл – 51,3%-ды құрайды.
Мемлекеттік қолдау шаралары ең алдымен тірек ауылдық елді мекендерге және ауыл тұрғындарын қажетті кіріс деңгейімен қамтамасыз ететін жоғары және орташа даму әлеуетіндегі ауылдардың инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.
Облыста 31 тірек ауылдық елді мекен анықталды, онда 42,4 мың адам тұрады.
Тірек АЕМ және аудан орталықтарын, ауылдық округ орталықтарын және кенттерді дамыту облыста 2014 жылдан бастап Кешенді жоспарлар және Іс-шаралар жоспары шеңберінде іске асырылды, олар 2016 жылдан бастап Қалалар мен аудандардың аумағын дамыту бағдарламаларына біріктірілді.
2014-2016 жылдар ішінде 18 852,5 млн. теңге сомаға 1105 іс-шара іске асырылды, 2395 жаңа жұмыс орны құрылды.
Шекара маңындағы аумақтарды дамыту. Павлодар облысының шекара маңындағы аумақтарына облыстың 6 ауданы жатады: Ертіс, Железин, Качир, Лебяжі, Успен және Шарбақты, оларда 97,9 мың адам немесе облыс халқының жалпы санынан 13,0%-ы тұрады.
2014-2016 жылдар ішінде Облыстың шекара маңындағы аудандарын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде 7782,2 млн. теңге сомаға
513 іс-шара іске асырылды, 1124 жаңа жұмыс орны құрылды.
Саланың SWOT-талдауы:
Күшті жақтары:
меншікті минералды-шикізат базасының болуы;
өңірлік индустрияландыру картасының болуы;
АЭА-ны дамыту;
облыс АЕМ-інің электр энергиясымен, телерадио хабарландырумен және байланыспен 100% қамтамасыз етілуі;
балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен (2-ден 6 жасқа дейін) қамтудың жоғары деңгейі;
жоғары даму әлеуетіндегі АЕМ санының өсуі.
Осал жақтары:
сыртқы нарықтарда облыс қалаларының төмен бәсекеге қабілеттілігі;
көлік инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуымен байланыстырғанда АЕМ және қалалар арасындағы айтарлықтай қашықтық;
АЕМ-дегі орталықтандырылған сумен жабдықтауға төмен деңгейдегі қол жетімділік;
ауыл шаруашылық өндірісіндегі заманауи инфрақұрылымның дамымауы.
Қатерлер:
қалаларға төмен біліктіліктегі еңбек ресурстарының көпшілік ағылуы;
Екібастұз қаласында өндірілетін электр энергиясына сыртқы сұраныстың одан әрі төмендеуі;
минералдық-шикізат базасының таусылуы;
шикізат ресурстарына бағаның түсуі;
тұрғындар кетуінің артуы және АЕМ-де білікті кадрлардан айырылу;
ауыл шаруашылық өндірісінің ұсақ тауарларының артуы.
Мүмкіндіктері:
моноқалалардың өнімдеріне өңірішілік сұраныстың өсуі, ең алдымен көршілес салалар жағынан;
АӨК-те бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіру;
қалалар тұрғындарын сапалы ауыз сумен және жылумен қамтамасыз ету;
орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілген АЕМ санының өсімі;
АӨК-те кооперативтерді дамыту.
Экономикалық өсу орталықтарының дамуын ұстап тұрған проблемалар:
өткізу және жабдықтау нарықтарына дейін АЕМ-нің инженерлік инфрақұрылымын және көліктік қолжетімділігін;
ауылда мемлекеттік және коммерциялық қызметтер көрсетудің жаңа түрлерін дамытудың жеткіліксіз деңгейі.
2.1.2. Әлеуметтік сала
2.1.2.1 Білім беру
Павлодар облысының білім беру жүйесі әлеуметтік сектордың базалық салаларының бірі болып табылады.
Облыстың білім беру саласы 389 жалпы білім беретін мектеппен
(387 мемлекеттік, химия-биология бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі», 1 – спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп), 49 колледжбен, 170 балабақшамен және 261 шағын орталықпен берілген.
Білім беру саласының негізгі көрсеткіштері
Р/с №
|
Көрсеткіш атауы
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
2016 жыл
|
2016 жыл 2014 жылға қарағанда (ауытқу)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1
|
Мектепке дейінгі тұрақты ұйымдар саны
|
430
|
437
|
431
|
1
|
2
|
Олардағы балалар, мың адам
|
38,3
|
39,4
|
39,5
|
1,2
|
3
|
Күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер саны
|
405
|
401
|
387
|
- 18
|
4
|
Олардағы оқушылар саны, мың адам
|
89,7
|
92,7
|
96,4
|
6,7
|
5
|
Колледждер саны
|
50
|
49
|
49
|
1
|
6
|
Олардағы оқушылар саны, мың адам
|
23,9
|
21,6
|
20,8
|
-3,1
|
2014-2016 жылдар кезеңі ішінде 16 балабақша ашылды. Нәтижесінде орташа республикалық көрсеткіш 85,8% болған кезде 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен қамту 100%-ға жетті.
Күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің жалпы саны
2016 жылдың соңында 387 бірлікке қысқарды. Негізгі себептері – халықтың ауылдық жерден қалаға көші-қоны.
Облыста мемлекеттік тілде оқытатын мектептер саны
2014 жылмен салыстырғанда 5%-ға азайды және 2016 жылы 151 мектепті құрады. Балаларды қамту қалалық мектеп оқушыларының (96 377) барлық санынан 29,5%-ды құрады, 2014 жылы – 29,4%.
Облыста білім беру сапасын жақсарту мақсатында мектептерді заманауи компьютерлік техникамен қамтамасыз ету және кең жолақты Интернетке қол жеткізуі бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Бұл 2014 жылдан бастап бір компьютерге оқушылар санын 6,0-ден 5,7-ге дейін, ауылдық жерде – 4,9-дан 4,6-ға дейін қысқартуға мүмкіндік берді.
Облыс мектептерінде 11 559 педагогикалық қызметкер жұмыс істейді, ауылдық жерде – 6 570, бұл 2014 жылмен салыстырғанда сәйкесінше 311 және 15 адамға көп. Жоғары педагогикалық білімі бар оқытушылардың үлесі
– 87,2% (2014 жыл – 86,79%), ауылдық жерде – 84,2% (2014 жыл – 83,12%).
Соңғы жылдарда білім беру ұйымдары жұмыстарының сапалы көрсеткіштері жақсарды. Ұлттық бірыңғай тестілеуге 2016 жылы 2 564 түлектің (68,0%) 3 768-і қатысты. Павлодар облысы орташа балл бойынша 3-ші рейтингтік орынды алады – 88,2 балл, бұл өткен жылдардың деңгейінен жоғары (2014 жыл – 79,85 балл, 2015 жыл – 80,2 балл).
2016 жылы жаратылыстану-математика пәндері бойынша оқу бағдар-ламаларын ойдағыдай меңгерген түлектердің үлес салмағы 61,7%-ды құрады
(2014 жылы – 65,2%, 2015 жылы – 60,3%), қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша – 61,7% (2014 жылы – 61,7%, 2015 жылы – 62,4%).
Облыста 0-ден 18 жасқа дейінгі 189,5 мың бала тұрып жатыр, оның ішінен дамуындағы ерекше білім беру қажеттіліктерімен – 6 322 (балалардың жалпы санынан 3,3%), соның ішінде мүгедек балалар – 1 742 (ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың жалпы санынан 27,6%).
7 арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернаттарда және мектептерде 814 бала оқиды (мектеп жасындағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың жалпы санынан 19%). Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіби білім берудің (бұдан әрі – ТжКБ) 331 ұйымы кедергісіз орта жағдайына ие.
ТжКБ оқу орындарында 20,8 мың адам оқуда (2014 жылы – 23,9 мың адам, 2015 жылы – 21,6 мың адам), соның ішінде мемлекеттік білім беру тапсы-рысы бойынша – 11,7 мың адам (немесе 56,2%) (2014 жылы – 12,3 мың адам, 2015 жылы – 11,5 мың адам). Кадрларды даярлау 79 мамандық (129 біліктілік) бойынша жүзеге асырылады. Техникалық, технологиялық және ауыл шаруа-шылық мамандықтар бойынша 11,8 мың адам (немесе жалпы құрамнан 57%) оқуда.
2016 жылы белгілі бір жастағы жастарды техникалық және кәсіби білім берумен қамту үлесі 17,5%-ды құрады (2014 жылы – 19,4%, 2015 жылы – 17%), бұл жоспарланған индикаторларға сәйкес келеді.
Саланың SWOT-талдауы:
Күшті жақтары:
балабақшалар желісін ұлғайту және шағын орталықтар ашу;
балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамтудың өсуі;
ҰБТ көрсеткішінің жыл сайынғы өсуі;
ТжКБ ұйымдарының желісі сақталды;
ТжКБ оқу орындарының жұмысқа орналастырылған түлектері үлесінің ұлғаюы;
инклюзивті білім беру дамуда.
Осал жақтары:
бөбекжай топтары бойынша балалар мектепке дейінгі ұйымдарына кезек-тілікті сақтау;
білім беру ұйымдарының жеткіліксіз материалдық-техникалық жарақтан-дырылуы, соның ішінде жаңа түрлендіру кабинеттерімен, арнайы техникамен және құрал-жабдықпен; заманауи компьютерлік техникамен.
Мүмкіндіктері:
мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде орын тапшылығының азаюы;
білім беру ұйымдарының жарақтандырылуы, соның ішінде Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа түрлендіру кабинет-терімен, бюджет есебінен жаңа балабақшалар мен мектептер салу;
ТжКБ жүйесін жаңғырту;
инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру.
Қатерлер:
саланы жеткіліксіз қаржыландыру білім беру ұйымдарының материалдық және техникалық базасының едәуір тозуына әкеледі.
Проблемалар:
балалардың қысқа мерзімді келу шағын орталығының толық күндізгі келу шағын орталықтарына өзгерту қажеттілігі;
мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту үшін жеткілікті жағдайлардың болмауы;
14-24 жастағы жастарды орта кәсіби білім берумен қамту үлесінің төмендеуі.
Жастар саясаты
Павлодар облысында 14 жастан 29 жасқа дейінгі жастағы 157 645 адам тұрады (облыстың барлық халқынан 20,8%).
Облыста қоғамдық құрылымдар жұмыс істейді: Облыс әкімінің жанын-дағы жастар саясаты және патриоттық тәрбиелеу жөніндегі, жұмыс істейтін жастардың, жас ғалымдардың, жас мемлекеттік қызметшілердің кеңестері. Ұқсас кеңестер қалалар мен аудандарда жұмыс істейді.
Жастарға қызмет көрсету орталығы жас адамдарға жеті бағыт бойынша сервистік көмек көрсетеді. 2014-2016 жылдар ішінде жастар ресурстық орталы-ғы әртүрлі сервистік бағыттар бойынша 25 мыңнан аса әлеуметтік қызметтер, 2017 жылғы I жартыжылдық ішінде – жастар үшін 8 мың әлеуметтік консуль-тациялар көрсетті. Жастарға қызмет көрсету орталығында жастар еңбек биржа-сы жұмыс істейді, ол жүйелі негізде тұрақты және уақытша (сағаттап, ішінара) жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс жүргізеді. 2014 жылы жастар жұмыс-сыздығы 2,7%-ды, 2015 жылы – 3,2%-ды, 2016 жылы – 3%-ды, 2017 жылғы
1 жартыжылдықта – 3,7%-ды құрады.
2014-2016 жылдары 80,0 мың адамды жалпы қамтумен 350 жастар әлеу-меттік маңызы бар жоба іске асырылды; 2016 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 73 мың адам үшін 80 жоба іске асырылды.
Мемлекеттік жастар саясаты шеңберінде жастарды әртүрлі жастар қозға-лысымен қамту 1,5 есе ұлғайды. Егер 2014-2016 жылдар кезеңінде жастар қоз-ғалысы 285 іс-шара өткізген болса, онда 2017 жылы 450-ден аса іс-шараны іске асыру жоспарланды.
Өңірде қазақстандық жастарды әлеуметтендіру мәселелерінде сыртқы және ішкі қатерлер бар, оның айналасына барлық жергілікті атқарушы орган-дар мен азаматтық қоғам институттарының күші шоғырлануы тиіс.
Саланың SWOT-талдауы:
Күшті жақтары:
облыстың барлық қалалары мен аудандарында жастар ресурстық орталы-ғы құрылды;
облыс қалалары мен аудандарының барлық ауылдарында және ауылдық округтарында жастармен жұмыс істеу бойынша мамандар анықталды;
жыл сайын «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналастырыл-ған жастардың саны ұлғаюда;
іс-шарамен қамтылған жастардың саны ұлғаюда;
аяқталған суицид фактілері санының төмендеуі.
Осал жақтары:
тұрғын үйге мұқтаж жастар мен жас отбасылардың жалпы саны;
жас отбасылар арасындағы ажырасудың жоғары пайызы;
денсаулығы бойынша қауіп аймағында тұрған жастардың көп саны;
жергілікті телеарналарда жастар телехабарларының, әлеуметтік бейне-роликтердің болмауы.
Мүмкіндіктері:
ресурстық орталық инспекторлары және ауылдық әкімдіктердің әдіскер-лері үшін топтық семинарлар өткізу;
жауынгерлерді жұмысқа орналастыру үшін республикалық бюджеттен бөлінетін квоталардың ұлғаюы;
кешенді іс-шаралар санын ұлғайту;
суицидтік көріністер тақырыптарына семинарлармен, дәрістермен қам-тылған жастар санының ұлғаюы;
жастар тұрғын үй кешендерін (ЖТҮК) дамыту, аз қабатты тұрғын үй құрылысын бағдарламалық дамыту, жер учаскелерін мақсатты бөлу үшін жағдайлар жасау;
электрондық және баспалық БАҚ-та жастар бағдарламаларының, хабар-ларының, әлеуметтік бейнероликтерінің ұлғаюы.
Қатерлер:
табиғи өсім және ішкі көші-қон есебінен халық санының жыл сайынғы артуы, сонымен бірге тұрғын үйге қажеттілік те артуда (кезекке тұрғандар тізімінде жас отбасылар, жас мемлекеттік қызметшілер және бюджеттік ұйым-дардың қызметкерлері бар – адам саны екі санат бойынша 5 мыңнан аса);
тек қана 2017 жылғы 1 жартыжылдық ішінде жас отбасылар арасында
1178 ажырасу тіркелді (некелердің жалпы санынан 66,2%);
2017 жылғы 1 жартыжылдық ішінде 2876 жас адам денсаулығы бойынша қауіп аймағында тұр (жастардың жалпы санынан 1,8%).
Жүргізіліп жатқан жұмысқа қарамастан, шешуді талап ететін бірқатар проблемалық мәселелер бар: жастарды мамандығы бойынша тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, жас адамдарға тұрғын үйді сатып алуға немесе ұзақ мерзімді жалға алуға қолдау көрсету; жастарға арналған мемлекеттік бағ-дарламалар мен жобаларды түсіндіру бойынша жүргізіліп жатқан ақпараттық жұмыстың төмен деңгейі.
Сонымен бірге жастарды әлеуметтендіру барысы, оны қоғамдық-саяси өмірге тарту патриотизмнің құндылықтарына негізделетін болады.
2.1.2.2 Денсаулық сақтау
2017 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша Павлодар облысының аумағында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жүйесінің 347 медициналық объектісі, соның ішінде 45 заңды тұлға, 21 аурухана ұйымы, 5 диспансер, 14 амбулаториялық-емханалық ұйым және 5 өзге де медициналық ұйым жұмыс істейді. Бұдан басқа орталық аудандық ауруханалар мен емханалардың құрамына мынадай бөлімшелер кіреді: ауылдық аурухана – 1, дәрігерлік амбулатория – 59, фельдшерлік-акушерлік пункттер – 25 және медициналық пункттер – 217.
2015 жылдан бастап паллиативтік көмек ауруханасы ашылды.
2015 жылғы маусымнан бастап кардиохирургиялық орталық пен № 2 қа-лалық аурухананы біріктіру арқылы облыстық кардиологиялық орталық құрыл-ды.
Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 3 маусымдағы «Жекешелен-дірудің кейбір мәселелері туралы» № 190/6 қаулысына сәйкес облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы жеке секторға берілді.
2017 жылдан бастап «Павлодар облыстық мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды оңалту орталығы» ашылды.
Облыс халқы денсаулығының негізгі
әлеуметтік маңызды көрсеткіштері
Р/с №
|
Көрсеткіш атауы
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
2016
жыл
|
2016 жыл 2014 жылға қарағанда
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
1
|
Ана өлім-жітімі, 100 мың тірі туылған балаға шаққандағы оқиғалар
|
15,5
|
15,6
|
16,0
|
103,2
|
2
|
Сәби өлім-жітімі, 1000 тірі туылған балаға шаққандағы оқиғалар
|
8,34
|
6,97
|
7,99
|
95,8
|
3
|
Қатерлі ісік өскіндерінен болған өлім-жітім, 100 мың тұрғынға шаққанда
|
142,65
|
143,6
|
143,18
|
99,6
|
4
|
АИТВ таралуы (15-49 жас тобындағы жұқпалар) 0,2%-0,6% шегінде
|
0,346
|
0,365
|
0,397
|
114,7
|
Күтілетін өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші. Соңғы 3 жыл ішінде күтілетін өмір сүру ұзақтығы көрсеткішін 0,9%-ға ұлғайтуға қол жеткізілді. 2014 жылы күтілетін өмір сүру көрсеткіші 70,76 жасты құрады, 2015 жылы осы көрсеткіш 71,50 жасты, 2016 жылы көрсеткіш 71,4 жасты құрады.
Павлодар облысы күтілетін өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші бойынша республикада он екінші орында.
2014-2016 жылдар ішінде ҚР бойынша күтілетін өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші: 2014 жылы – 71,62, 2015 жылы – 71,95, 20156 жылы – 72,3 құрады.
Күтілетін өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші барлық өмірі ішінде әрбір жас санатындағы өлім-жітім деңгейіне тәуелді.
Соңғы 3 жыл ішінде облыста жалпы өлім-жітім көрсеткіші 2,9%-ға төмендеді және 2016 жылы 1000 тұрғынға шаққанда 9,65 құрады (2014 жыл – 9,94).
ҚР бойынша осы көрсеткіш 3,4%-ға төмендеді және 2016 жылы 1000 тұрғынға шаққанда 7,37 құрады (2014 жыл – 7,63).
Сәби өлім-жітімінің көрсеткіші 4,2%-ға төмендеді және 2016 жылы
1000 тірі туылғандарға шаққанда 7,99 құрады (2014 жыл – 8,34). 2016 жылы республикада сәби өлім-жітімінің көрсеткіші - 8,59 құрады, бұл Павлодар облы-сы бойынша көрсеткіштен 7,5%-ға жоғары.
Сонымен бірге, өңірде қан айналымы жүйесі ауруынан болған өлім-жітім көрсеткіші жоғары болып қалуда – 100 мың тұрғынға шаққанда 217,60 (респуб-ликада – 178,92), қатерлі ісік өскіндерінен болған өлім жітім – 143,18 (респуб-ликада – 88,16).
Соңғы үш жыл ішінде облыста 60 жас және одан жоғары жастағы халық үлесінің ұлғаюы үрдісі бақылануда. Мысалы, 2014 жылы осы жас санаты 13,73%-ды, 2015 жылы – 14,1%-ды, 2016 жылы – 14,5%-ды құрады, бұл ха-лықтың өлім-жітімі бойынша қауіп факторларына жатады.
Ана өлім-жітімінің көрсеткіші. 2014-2016 жылдар кезеңінде ана өлім-жітімінің 6 оқиғасы тіркелді. 2014 жылы көрсеткіш 100 мың тірі туылғандарға шаққанда 15,5 құрады, 2015 жылы – 15,6, 2016 жылы – 16,0.
2014-2016 жылдар кезеңі ішінде ана өлім-жітімінің оқиғасы облыстың
Екібастұз қаласында және 6 ауданында тіркелмеді. Павлодар қаласында (2014 жыл), Павлодар ауданында (2014 жыл), Баянауыл ауданында (2015 жыл), Шарбақты ауданында (2015 жыл), Качир ауданында (2016 жыл), Ақсу қаласында (2016 жыл).
ҚР бойынша ана өлім-жітімінің көрсеткіші: 2014 жылы – 11,7, 2015 жылы – 12,5, 2016 жылы – 12,7.
Сәби өлім-жітімінің көрсеткіші. Соңғы 3 жыл ішінде сәби өлім-жітімі-нің көрсеткішін 4,2%-ға шамалы төмендетуге қол жеткізілді. 2014 жылы сәби өлім-жітімінің деңгейі 8,34 құрады, 2015 жылы осы көрсеткіш – 1000 тірі туылғандарға шаққанда 6,97, 2016 жылы – 7,99.
2017 жылғы 8 ай ішінде осы көрсеткіш 1000 тірі туылғандарға шаққанда 7,51 құрады, бұл 2016 жылғы ұқсас кезеңнен 3,3%-ға жоғары (7,27). Сәби өлім-жітімі деңгейінің өсуі Баянауыл, Качир, Павлодар, Шарбақты, Май, Успен аудандарында байқалады.
Себептер арасында біршама үлесті перинаталдық кезеңде туындаған жағ-дайлар құрайды, екінші орында – дамудың туа біткен кемшіліктері және үшінші орында - жазатайым жағдайлар мен уланулар.
Облыста әлеуметтік маңызды аурулар бойынша жағдай өзекті болып қа-луда. Өлім-жітім себептерінің құрылымында жүрек-қан тамырлары жүйесімен сырқаттану – бірінші орында, екінші орында – онкологиялық сырқаттанулар, үшінші орында – жазатайым оқиғалардан, жарақаттар мен уланулардан болған өлім-жітім.
Облыста соңғы 3 жыл ішінде (2014-2016 жылдар) онкологиялық аурулармен жоғары сырқаттанушылық сақталады. Онкологиялық сырқаттану өсімі себептерінің бірі халықтың қартаюы болып табылады, 2014-2016 жылдар ішінде 65 жастан жоғары адамдардың саны 6,1%-ға ұлғайды, бұл жас онкопатологияның дамуы үшін аса осал болып табылады.
Облыста онкологиялық сырқаттану көрсеткіші республикалық көрсет-кіштен 1,5 есе жоғары. Қала халқы ауыл халқынан 1,3 есе жиі ауырады (қала халқы облыс халқының 70,6%-ын құрайды). Әйелдер ерлерге қарағанда 1,2 есе жиі ауырады.
Соңғы 3 жыл ішінде облыс онкологиялық сырқаттанулар және онколо-гиялық сырқаттанулардан болатын өлім-жітім деңгейі бойынша республика өңірлерінің бірінші үштігіне кіреді. 2012 жылға дейін сыр-қаттанудың орташа жылдық өсімі 3%-ды құрады, бұл 2016 жылға дейін көрсет-кішті болжамдау кезінде ескерілді. 2012 жылы Павлодар облысында көптеген он жылдың ішінде алғаш рет сырқаттану деңгейінің 14%-ға күрт көтерілуі болды, бұл сәйкесінше қатерлі ісік өскіндерінен болатын өлім-жітім деңгейінің артуына әсер етті.
2014 жыл ішінде қатерлі ісік өскіндерінен болған өлім-жітім көрсеткіші 143,7 құрады, 2015 жылы – 143,6, 2016 жылы – 143,18. 2014 жылдан бастап 2016 жыл аралығында өлім-жітімнің 0,4%-ға төмендеуіне қол жеткізілді.
2017 жылғы 8 ай ішінде қатерлі ісік өскіндерінен болған өлім-жітім көрсеткіші 100 мың тұрғанға шаққанда 130,77 құрады, бұл 2016 жылғы ұқсас кезең ішіндегі көрсеткіштен 8,8%-ға төмен (2016 жылғы 6 ай – 143,33).
2014-2016 жылдар ішінде республика бойынша қатерлі ісік өскіндерінен болған өлім-жітім көрсеткіші 5,4%-ға төмендеді және 2014 жылы – 100 мың тұрғынға шаққанда 93,2 құрады, 2015 жылы – 92,0, 2016 жылы – 88,16.
2014 жылы 15-49 жас тобындағы АИТВ-инфекциясының таралуы 0,346% құрады, 2015 жылы – 0,365%, 2016 жылы осы көрсеткіш 0,397%-ды құрады.
15-49 жас тобындағы АИТВ-инфекциясы таралуының жоғары көрсеткіші Павлодар қаласында (0,64%), Ақсу қаласында (0,5%), Павлодар ауданында (0,23%) байқалуда.
Осы жас тобындағы АИТВ-инфекциясы таралуының ең төмен көрсеткіші Баянауыл (0,04%), Май (0,05%) аудандарында байқалуда.
Бағдарламалар бойынша жүргізілген алдын алу іс-шараларының арқасын-да облыста АИТВ-инфекциясының жағдайы тұрақтанды және эпидемияның шоғырлану сатысында. «Залалды төмендету» бағдарламасы бойынша іс-шара-ларды одан әрі жүргізу жағдайында Қазақстан Республикасының денсаулығын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының нысаналы индикаторына қол жеткізілетін болады.
Саланың SWOT-талдауы:
Күшті жақтары:
медициналық ұйымдардың дамыған желісі;
қалалық медициналық ұйымдардың дәрігерлік кадрлармен толықталуы;
орта буын медицина персоналымен қамтамасыз етілгендік көрсеткішін арттыру;
көліктік медицинаны және телемедицинаны дамыту;
сәби өлім-жітімін 4,2%-ға төмендету 2014 жылы 1000 тірі туылғандарға шаққанда 8,34-тен 2016 жылы 7,99-ға дейін;
қатерлі ісік өскіндерінен болатын өлім-жітімді 0,4%-ға төмендету,
2014 жылы 143,7-ден 2016 жылы 143,18-ге дейін.
Осал жақтары:
салауатты өмір салтын насихаттауды жеткіліксіз қаржыландыру;
салауатты өмір салтын насихаттау бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл жеткіліксіз деңгейде;
азаматтардың өз денсаулығы үшін төмен тілектес жауапкершілігі;
әйелдердің репродуктивтік денсаулығының төмен индексі;
онкологиялық науқастанудың 2014 жылы 303,6-дан 2016 жылы
310,6-ға дейін өсуі;
ауылдық медицина ұйымдарында – дәрігерлік кадрлардың тапшылығы;
медициналық ұйымдардың 504 ғимаратынан 108-ін жалға берілетін ғима-раттарда орналастыру (21,4%).
Мүмкіндіктері:
денсаулық сақтау объектілері құрылысын қаржыландыруды ұлғайту;
медициналық құрал-жабдық сатып алумен, денсаулық сақтау объектіле-ріне күрделі жөндеу жүргізуге байланысты шығындарды қаржыландыру тетігін әзірлеу;
жас мамандарды өңірлерге, жекелей алғанда ауылдық елді мекендерге тарту бойынша шаралар жүйесін әзірлеу.
Қатерлер:
саланы жеткіліксіз қаржыландыру медициналық жабдықты сатып алуға, денсаулық сақтау объектілерін салуға шығыстарды жаппайды, бұл халыққа медициналық қызмет көрсету қол жетімділігін және сапасын төмендетеді;
ауылда мамандар тапшылығы.
Осылайша, мыналар облыс денсаулық сақтаудың негізгі проблемалары болып қалады: кадр мәселелері, халық сырқаттануының жоғары деңгейі, әлеу-меттік маңызды аурулармен сырқаттануды қоса алғанда – онкологиялық және туберкулез, денсаулықты қорғау мәселелеріне ведомствоаралық өзара іс-қимылдың аз тиімділігі, халық тарапынан өз денсаулығына жеткіліксіз жауап-кершілік.
Емдеу-алдын алу ұйымдарының, әсіресе ауылдық бөлігінің материалдық-техникалық базасы әлі жеткіліксіз болып қалады.
2.1.2.3 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
2017 жылғы 1 қаңтарға тұрақты халық саны 757,0 мың адамды құрады. 2016 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда ол 1,6 мың адамға төмендеді.
2016 жылы облыстың экономикалық белсенді халық саны 421,4 мың адамды немесе халықтың жалпы санынан 55,7%-ды құрады (республика бойынша көрсеткіш мәні – 50,2%). 2014 жылмен салыстырғанда экономикалық белсенді халық саны 4,5%-ға төмендеді.
2016 жылы облыста экономикалық белсенді халықтың деңгейі – 71,1%, бұл республика бойынша көрсеткіштен 1,1 пайыздық тармаққа жоғары (70,0%).
Экономика салалары бойынша жұмыспен қамтылған халықтың құрылы-мында ең көп үлес салмақ қызмет көрсету саласына тиесілі (соның ішінде бюджеттік сала: мемлекеттік басқару, білім беру, денсаулық сақтау) – 51,0%, өнеркәсіп және құрылыс – 30,6%. Ауыл шаруашылығында жұмыспен қамту 18,4%-ды құрады.
Облыста ресми жұмыспен қамтылған халықтың арасында өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкерлердің үлесіне 17,3% тиесілі және олар негізінен, ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған. 2014-2016 жылдар ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны 88,9 мың адамнан 69,4 мың адамға дейін немесе 21,9%-ға төмендеді, жұмыссыздар саны 21,0 мың адамнан 20,3 мың адамға немесе 3,3%-ға қысқарды.
Павлодар облысы еңбек нарығының негізгі индикаторлары
Р/с №
|
Көрсеткіш атауы
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
2016 жыл
|
2016 жыл
2014 жылға қарағанда
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1
|
Экономикалық белсенді халық саны, мың адам
|
441,3
|
439,6
|
421,4
|
95,5
|
|
оның ішінен:
|
|
|
|
|
|
экономикада жұмыспен қамтылғандар
|
420,3
|
418,6
|
401,1
|
95,4
|
|
жұмыссыздар
|
21,0
|
21,0
|
20,3
|
96,7
|
2
|
Жұмыспен қамтылған халықтың санынан өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың үлесі, %
|
21,2
|
20,9
|
17,3
|
-3,9
|
3
|
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың жалпы санынан өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың үлесі, %
|
30,9
|
23,3
|
10,7
|
-20,2
|
4
|
Ашық еңбек нарығындағы жұмыссыздық деңгейі, %
|
4,8
|
4,8
|
4,8
|
0,0
|
5
|
Әйелдердің жұмыссыздық деңгейі, %
|
5,0
|
4,9
|
5,0
|
0,0
|
6
|
Жастардың жұмыссыздық деңгейі (15-28 жастағы), %
|
2,7
|
3,2
|
3,0
|
0,3
|
Соңғы жылдары облыстағы әлеуметтік-экономикалық ахуал тұрақты болып қалуда, мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде жобалар-ды іске асыру есебінен жұмыс орындары мен бос орындардың саны өсуде, білікті жұмыс күшіне сұраныс ұлғаюда, бұл еңбек нарығындағы жағдайға оң ықпал етеді.
Жұмысқа орналастыру бойынша негізгі көрсеткіштер
Р/с №
|
Көрсеткіш атауы
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
2016 жыл
|
2016 жыл
2014 жылға қарағанда
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1
|
Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша жүгінген тұлғалардың санынан жұмысқа орналасқандардың үлесі, %
|
52,3
|
75,0
|
82,6
|
30,3
|
2
|
Жүгінген нысаналы топтардың қатарынан тұрақты жұмысқа орналастырылған адамдардың үлесі, %
|
25,1
|
39,7
|
61,7
|
36,6
|
3
|
Жергілікті атқарушы органдар берген рұқсат етулер бойынша тартылатын шетел жұмыс күшінің құрамындағы білікті мамандардың үлес салмағы (шетел жұмыс күшін тартуға квота бойынша), %
|
41,2
|
40,6
|
66,3
|
25,1
|
4
|
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін жүгінген еңбекке қабілетті жастағы жұмысқа орналастырылған мүгедектердің саны, адам
|
310
|
338
|
234
|
75,4%
|
2016 жылы жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша жүгінгендер саны 23 435 адамды құрады, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 66,6%-ға көп (14 065). Оның ішінен 19 363 адам (82,6%) жұмысқа орналастырылды, 2014 жылы – 52,3%. 2016 жыл ішінде жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша жүгінген адамдардың санынан жұмысқа орналасқандар үлесінің көрсеткіші Павлодар қаласын қоспағанда (64,4%) облыстың 12 ауданында орташа облыстық көрсеткіштен жоғары. Республика бойынша осы көрсеткіш 87,6%-ды құрайды.
ЖҚ2020ЖК шеңберінде жұмыспен қамтудың белсенді шараларын және өңірлік бағдарламаларды іске асыру 2016 жылы халықтың нысаналы тобынан 10 582 адамды тұрақты жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді (61,7%), бұл 2014 жылғы көрсеткіштен 36,6 пайыздық тармаққа көп
(3 530 адам).
2016 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін жүгінген еңбекке қабі-летті жастағы жұмысқа орналастырылған мүгедектердің саны 234 адамды құра-ды, бұл 2014 жылғы көрсеткіштен 24,6%-ға төмен.
2016 жылға Павлодар облысына шетел жұмыс күшін тартуға 3 795 бірлік квота бөлінді, соның ішінде 3 404-і немесе 89,7%-ы басымды жобаларды іске асыру үшін (соның ішінде «Бозшакөл КБК салу» – 2 320, «Теміржол үшін доңғалақ өндірісі бойынша кешен салу» – 40, «ПМХЗ жаңғырту» – 1 044). Қызметкерлердің тізімдік санының жалпы құрамындағы тартылған шетел қызметкерлері үлесінің ұлғаюы индустриялық-инновациялық даму жобаларын, соның ішінде Арнайы экономикалық аймақ аумағында іске асырумен байланысты.
Тартылатын шетел жұмыс күшінің құрамындағы білікті мамандардың үлесі (басшылар мен мамандар) 2014 жылмен салыстырғанда 25,1 пайыздық тармаққа төмендеді және 66,3%-ды құрады.
Р/с №
|
Көрсеткіш атауы
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
2016 жыл
|
2015 жыл 2013 жылға қарағанда
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1
|
Ең төменгі күнкөріс мөлшерінен төмен кірісі бар халықтың үлесі, %
|
1,5
|
1,6
|
1,9
|
0,4
|
2
|
Атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан еңбекке қабілетті адамдардың үлесі, %
|
33,4
|
29,7
|
28,3
|
-5,1
|
Достарыңызбен бөлісу: |