Павлодар облысының білім беру басқармасы Павлодар қаласы білім беру бөлімі



жүктеу 2,7 Mb.
бет4/10
Дата01.02.2018
өлшемі2,7 Mb.
#8305
түріКнига
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Қаңтар



«Өздігінен дамыту тұлғасын ынталандыруда білім беру аясын құру кезінде оқушылардың құзыреттілігн қалыптастыру»

1) Оқушылардың коммуникативті құзыреттілігі

2) Ақпаратты құзыреттілік
Наурыз

«Мұғалімнің кәсіби мәдениеті»

1) Топта жұмыс жасау

2) Ойлау тұғырнамасы

3) Эксперт кеңесі

Педагогикалық кеңестің тақырыбының бағыты мектептің білім беру бағдарламасындағы бағытталған және мәселелерді шешуге міндеттелген. Барлық педкеңес отырысы нақты ақпаратты шешуге және педкеңес мәселелерінде талқыланған мәселелерге, оларға баға беру жұмысы, ӘБ жоспарларына түзету енгізіледі.

Әр тоқсандық және жарты жылдық аяқталуы бойынша МІБ жоспарына сәйкес алдын ала және кіші педкеңес өткізілді. Басты мақсат - болған мәселелерді талқылап және шешіп, оқытудың тұлғалық бағыттарын ескертіп және оқу жағдайын жасау сонымен қатар, оқушылардың аралық және қорытынды аттестациясына байланысты мәселелер қарастырылды.

Оқу жылы ағымында әкімшілік педагогикалық ұжымға тақырыпты семинарлар өткізді. Өткен жылғы жұмыстың анализі және мектептің білім беру бағдарламасын негізі мәселелердің шешімімен тақырыптық семинарлар өткізілді.

Әдістемелік жұмыстың талдауы орта және жоғары мектеп мұғалімдері мынадай шешім шығарды: мектепте әдістемелік жұмыстың жоспары орындалды.

Мұғалімдердің әдістемелік және кәсіби шеберліктерінің динамикасын өсіру келесі факті бойынша көрсетеді:

- орта және жоғары мектептерде ЗУН сапасы 40 %-дан 43 % дейін өсті;

- 2014-15 жылдардан бастап 2016-17 оқу жылдары мұғалімдердің кәсіби өсуін аттестациядан өткендерінен білуге болады;

- педагогикалық және әдістемелік табыстарымен мұғалімдер арасында белсенділіктері өсті;

- жаңа педагогикалық технологиялармен сабақ берудің тәжірибесі өзінше қолдануды мұғалім жұмыс жасау қажет;

- мұғалімдер осы тәжірибелік дағдыларымен сабаққа өздігінен талдау дағдысын жетілдіру;

- мұғалімдердің әдістемелік жинағы толықтыру;

- мектептің әдістемелік тақырыбы және ӘБ тақырыбынан шыққан тақырыптардың негізгі міндетіне сәйкес мектептің әдістемелік тақырыбы шығады. Екінші және үшінші баспалдақтағы мұғалімдердің барлығы ӘБ пәні білестігімен мектептің әдістемелік жүйесі тартылды. ӘБ отырыстың тақырыбы және педагогикалық кеңестің негізгі мәселелерін педагогикалық ұжым мектебі шешуге тырысады. Мұғалімдер ұжымының кәсіби деңгейі жлғарылады;

- мұғалімдер белсенділері өсті, олардың шығармашылыққа деген тырысулары, мұғалімдер саны өсті. Пән апталығы барысында мұғалімдердің ұйымдастырушылық қабілеттері анықталды. Әр түрлі формада өткізген сабақтар оқушылардың қызығушылықтарын көтерді. Зияткерлік деңгейі анықталып, мектепте іс шараға қатысатын оқушылар саны өсті;
Сонымен бірге әдістемелік жұмыста шешілмеген мәселелер бар:


  • Оқушылардың қабілеті мен дайындығына қарамастан олардың танымдық әсерін қамтамасыз ететін әдіс-амалдарды сабақтарда барлық мұғалімдер пайдалана бермейді (көрнекі-құралдар, өмірмен байланысты, өздігінен танымдық шығармашылық қызметін танытатын тапсырмалар және т.б.),.

  • Сабақта оқушылардың оқу материалын толықтай игеруді қамтамасыз ететін, танымдық қызметі, ойлау жүйесін дамытуды ұйымдастыру түрі табылған жоқ. Ол материалын дайындауына және оқу әдісіне сәйкес таңдауына байланысты болып табылады.

  • Тәрбиелеу және дамыту, эмоционалды көңіл-күйін көтеру мен оқу бірлестігін қамтамасыз ету, тақырып бойынша оқушылардың танымдық қызығушылығын оятып, оқу мотивациясын қалыптастыру бойынша педагогикалық ұжым жұмысы тиімсіз болып тұр.

  • Әдістемелік жұмыстың дәстүрлі емес формасының жаңашылдықтарын ізденуге, басқа да жұмыс түрлерін табуға мұғалімдердің толық қамтымауы және т.б..

  • Мұғалімдердің өзара талдау және оқушылардың өзара бақылау деңгейі жоғары емес.



Көрсетілген мәселелерге байланысты келесі жылға әдістемелік қызметтің міндеттерін анықтау:

- сабақ беру барысында интерактивті, ұжымдық, шығармашылық, техникалық оқу жағын кеңінен пайдалау;

- сабақтан тыс уақыттарда ғана емес сабақ үстінде де оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту бойынша мақсатты түрде жұмыс жасау;

- педагогикалық тәжірибемен алмасу бойынша жұмысын бақылау;

- орта және бастауыш мектепте пән апталығын бірге өткізуді жоспарлау, пән апталығын өткізу кезінде бастауыш мектепке жоғары сынып оқушыларын тарту;

- мұғалімдерге көмек көрсету ретінде әдістемелік ұсыныс пен құрал қорын талдау және картотека бойынша жұмысын жалғастыру.

- жаңа оқу технологиясы бойынша жұмысты жалғастыру: жобалау қызметі, оқу және дайындау жобасына ақпараттық-компьютерлік технологияны пайдалану;

- гимназиялық білім беруді одан әрі дамыту;

- профильді оқуға ауысу үшін жағдай жасау.
2.6 2017-2018 оқу жылына арналған мектеп тақырыбы:
«»

Мақсаты: білім беру процесінде құзыреттілік бағытты жүзеге асыру үшін жағдай жасау бойынша педұжым қызметінің іс әрекеттерін талдау және түзету.

Міндеті:


  • Негізгі біліктілік бағытын үйренуге педұжымның қызметін ұйымдастыру

  • Педагогикалық ұжым жұмысындағы мәселелерді шешу жолын белгілеу;

  • Педагогикалық ұжым күшін тұлғаның қалыптасуына өздігінен дамуы мен жүзеге асыру қабілетін пайдалануға бірге күш жұмсауға жұмылдыру .


III бөлім. «Тіл туралы» Заңының орындалуы туралы анықтама

Тілден артық қазына жоқ,

Тілден артық қасиет жоқ.
Н. Ә. Назарбаев

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ел халқына жолдаған Жолдауында «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» деген болатын. «Қазақстан – 2030» Жолдауы еліміздің келешегінің дамуына жол салатын аса маңызды жоспар болды. Біз Қазақстан халқының қиындықсыз өмір кешіп, ұлттық мәртебеміз, ел еңсесі биік болғанын қалаймыз. Сондықтан да жастарға терең білім беріп, мәдениетті адам болуға, ең алдымен, өзге емес, өз ана тілін біліп, елін, дінін, салт-дәстүрін сүйетін тұлға қалыптастыруымыз керек. Мемлекеттік тілді үйрену, үйрету, дамыту – баршамыздың міндетіміз және әркімге артылған парыз.

Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың ұйымдастырушылық негізі Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы болып табылады. Сонымен қатар ол қазақстандық білімді жаңғыртуды жалғастыруды қамтамасыз етеді. Бағдарлама мақсаттардың бірі – білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету, жалпы орта білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі жəне рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін əлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады. Осы бағытта 2011 жылдан бастап оқу процесіне автоматтандыру және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу үшін жағдай жасалуда, орта білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесі пайдаланыла бастады.

Қазақ тілінен басқа тілде оқытатын жалпы білім беретін мектептердегі қазақ тілінің апталық жүктемесі 4 сағаттық мөлшерде қарастырылған. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 1 қаңтардағы №69 бұйрығымен бекітілген жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын негізге ала отырып, осы бұйрық жүзеге асырылып, орындалуы қадағаланады. Қазақ тілі мен әдебиетін қоса есептегенде: 1-2 бастауыш сыныптарында аптасына - 2 сағаттан, 3-4 сыныптарында - 4 сағаттан, 5-9 сыныптарда - 4 сағат қазақ тілі, 1 сағат қазақ әдебиеті, 10-11 сыныптарда - 4 сағат қазақ тілі, 1 сағат қазақ әдебиеті. 2014-2015 оқу жылынан бастап оқушылар қазақ тілі мен әдебиетін жаңа буын оқулықтармен оқи бастады (3,10 сынып). Тақырыптық-күнтізбелік, сабақ жоспарлары стандарт пен бағдарламаға сәйкес құрастырылып, жүргізіліп жатыр.



Мектеп әкімшілігі үшін білім сапасын басқару - мәні зор, ең маңызды мәселе. Мектепішілік бақылау мектеп жоспарының негізінде қойылған мақсат пен міндетке сәйкес келеді. Білім стандартының орындалуы, оқушының білім алуы, шығармашылық әрекетті меңгеруі, оқу іскерлігі мен машығы, тәрбиелеу деңгейі, тұлғаның жан-жақты дамуы, өмірге дайындық деңгейін білім сапасының көрсеткішін анықтайды. Мектепішілік бақылауда әкімшілік бақылаудың түрлі бағдарламалары қолданылады: тақырыптық, фронталдық, жеке, жалпысыныптық, жалпыкешенді. Мектепте бағдарламалық материалдың өтілуі, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытылу жағдайын бақылау - сабақтарға қатысу, күнтізбелік-тақырыптық жоспарларын тексеру, мұғалімдердің шығармашылық есептерін тыңдау, сұхбат жүргізу арқылы тексеріліп отырылады. Оқушылардың білім сапасы, білім деңгейі, бақылау үзіктері, тест өткізу, өздік жұмыстар, сынақ, емтихан арқылы тексеріліп бақылануда. Әрбір мұғалім пән бойынша мониторинг жүргізеді. Оқу материалдарын үнемі жақсарту мақсатында мұғалімдер мемлекеттік стандартына сай оқытудың мазмұнына ұсыныстар жасай алады. Оқу үрдісін жетілдірудің негізі – мұғалімнің іс-әрекетін талдау. Білім сапасының көрсеткіштері және мәтіндік талдау жасау арқылы мониторинг жүргізіліп, түрлі кестелермен, графиктермен көрсетіледі. Мектепішілік бақылау қорытындысы әдістемелік бірлестікте, директор жанындағы кеңесте, педагогикалық кеңестерде қаралады. Бірнеше жыл жүргізілген мониторинг қорытындысы мектепішілік қажетті ақпаратты жинақтап, білім сапасын басқаруды реттеу, түзету әрекетіне көмек.

Оқу жылының басында бағдарламаға сәйкес күнтізбелік-тақырыптық жоспар құрылып, сол жоспар бойынша жұмыс жүргізілді.



ӘБ тақырыбы: білім беруді жаңарту аясында жаңа ақпараттық технология арқылы оқушылардың қазақ тілін үйренуге деген ынты-ықыласын арттыру және жан –жақты дамыған, сыни көзқарасы қалыптасқан тұлғаны қалыптастыру.

Мақсаты:

- жеке тұлғаны жан-жақты тәрбиелеу, білім технологияларын жүйелі енгізу,

мұғалімдердің кәсіби шеберлігінің шыңдалып өсуіне, жан-жақты жетілуіне бағыт-бағдар беру;


  • жан-жақты дамыған, өзіндік танымдық дағдылары қалыптасқан,

шығармашылық қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу жұмысының озық әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану;

дүниетанымы дамыған, еліміздің әдет-ғұрпын құрметтей білетін, жан-жақты білімді, саналы, парасатты тұлғаны тәрбиелеу



Міндеттері:

  • жеке тұлғаны қалыптастыру мен дамыту бағытында жасалған педагогикалық ғылым мен іс –тәжірибедегі жетістіктерді оқып үйрену; 

  • мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін шындауын және өзін-өзі жетілдіруін қамтамасыздандыру;

  •  қазақ тілінен оқушылардың білім мен біліктілігін, дағдыны сапалы игеруді қамтамасыз ету жолында оқу –даму орталығын құру;

  • Қазіргі заман талабына сай оқушылардың білімін жан-жақты тереңдету арқылы оқушылардың ізденімпаздық қабілеттерін дамыту;

  • Оқушылардың ғылыми-танымдық қабілетін арттыру;

  • Дарынды оқушылармен жұмысты жандандыру.

Негізгі құзыреттіліктер түріндегі күтілетін нәтижелер:

  • оқушыларды өз бетінше талдауға

  • өз қызметіне мақсат қоюға

  • жоспарлауға, жинақтауға

  • қорытындылауға, салыстыра дәлелдеуге

  • сыни тұрғыдан шешім қабылдауға

  • өзін-өзі бағалауға

  • өзін-өзі реттеуге

  • өзін-өзі түсінуге

  • өз әрекетінің әлсіз және күшті жақтарын көрсете білуге

  • нені меңгергенін, нені меңгермегенін анықтауға

  • өз білімін өзгермелі жағдайларда қолдана білуге үйрету

Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінде барлығы 15 мұғалім жұмыс жасайды. Оның ішінде 8 мұғалім жоғары санатты, бірінші санатты 5 мұғалім, екінші санатты 1 мұғалім, санатсыз 1 мұғалім. Оның ішінде 3-ші деңгейлі курсын бітірген 5 мұғалімдер: А.Т.Рушанова, Б.Т.Қарымсакова, М.С.Сембина, Г.С.Байгұлова, Г.М.Мәжітова. Бірлестік мұғалімдері өз істеріне тындырымды, аса зор жауапкершілікпен қарайды.

Әдістеме бірлестігінің  жоспарына сәйкес әр отырыста арнайы тақырып бойынша жұмыс жүргізіледі, күн тәртібіндегі  мәселе төңірегінде сұрақтар қаралып, талқыға салынып, өз шешуін тауып отырады. Жыл бойы  мектепішілік, қала, облыс, республика көлемінде болып жатқан іс-шараларға, семинарларға, әр түрлі оқуларға, ғылыми конференцияларға ат салысып отыруда. Мұғалімдер өздерінің біліктіліктерін де жетілдіріп, үзіліссіз қарқынды жұмыс атқаруда. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында» АО орта білім жаңарту аясында оқу орыс тілінде жүретін мектептеріндегі мазмұны бойынша курстарын өтуде.

Білім сапасын арттыру, түрін жетілдіру, заманауи технологиялардың әдіс-тәсілдерін, элементтерін қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыруда. Осы мақсатта қазақ тілі пәнін де әр түрлі әдістермен жүргізуге болады. Оқу-тәрбие үрдісінің сабақта дұрыс жүргізілуі үшін әр алуан оқыту әдіс-тәсілдерінің тиімдісін мүмкіндігінше және оқушылардың жеке жағдайларына байланысты таңдап алуға көп көңіл бөлу абзал.


Баланы жеке тұлға ретінде өздігінен дамуға итермелеуіміз керек. Себебі жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім алу арқылы өз бетінше дамуын қойып отыр. Бұл мақсатқа жетуде өз бетінше жұмыстардың алар орны ерекше. Әрбір сабақ мұғалімнің шығармашылық жұмысы. Сондықтан да әр сабақты оқушылардың есінде қалатындай етіп түрлендіріп отырған жөн. Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында оқушылардың білім деңгейін тереңдету, ғылыми тұрғыда дамыту, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін арттыру, өз беттерімен ізденушіліктерін, ақпараттық құралдарды іздестіру және оны пайдалана білу мақсатында жаңа технология әдістерін тиімді пайдалану ұстаз шеберлігінің белгісі.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтармен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне оқыту мен тәрбие берудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық технологияны игерген, психологиялық, педагогикалық жұмыста қалыптасқан, ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жолын салуға икемді, шығармашылық педагогикалық зерттеуші болуды талап етеді. Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың білімге қызығушылығы мен білім сапасын арттыру үшін мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда. Сол себепті оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Жан-жақты ізденістің нәтижесінде білім беру саласында жаңа педагогикалық технологиялардың саны да сапасы да өсіп келеді.


Оқу-тәрбие процесінде мұғалімдер инновациялық жаңа педагогикалық технологияларды көптеп қолданып, өз сабақтарында тиімді пайдаланады және әріптестерімен үнемі кеңесіп, ақылдасып, мәселе туындаса бірлесе шешіп отырады.

  «Әр халықтың тілі – білімнің кілті» демекші  мектепте  дәстүрлі Тілдер мерекесіне байланысты онкүндіктер өтуде. Аталмыш іс-шараларының алға  қойған  мақсаты: қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыру. Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге үлес қосу. Қазақ халқының  әдебиетін негізге ала отырып, көркем әдеби шығармалардағы кейіпкерлердің игі істерін насихаттау арқылы елжандылыққа, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу. Тілін, елін сүйе білуге үйрету болатын. Апталық барысында оқушылар өздерінің қазақ тіліне деген жанашырлықтарын көрсетіп қана қоймай, жан-жақты дарынды қасиеттерін айқындап берді.

Дәстүр бойынша жыл сайын 2-11 сыныптар аралығында қазақ тілі пәнінен мектепішілік олимпиада өткізілуде. Олимпиада тапсырмалары және өткізілу тәртібі талапқа сай жоғары дәрежеде ұйымдастырылуда.

Қазақ тілінің оқытылу жағдайына келетін болсақ, жылдан жылға жеткен жетістіктеріміз аз емес.



2016-2017 оқу жылы І- және ІІІ деңгейлі курсты бітірген мұғалімдер, Тоқтарова С.Н, Байгулова Г.С., Мажитова Г.М., Қарымсақова Б. Т., Рушанова А.Т., Сенбина М.С: әдістемелік бірлестіктегі мұғалімдерге коучинг көрсетіп,өз іс-тәжірбиелерімен бөлісті.

Мектебімізде жас мамандарға әдістемелік көмек беру жұмысы оң нәтижесін беруде. 2016-2017 оқу жылында жас маман: Ж.Н Имангельдиноваға тәжірбиелі ұстаздар тәлімгер етіп бекітілген- Мажитова Г.М. «Жас мамандарға көмек »атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.Жас мамандардың тәлімгерлері оларға арнап ашық сабақтар көрсетті.Аталған жұмыстардың жемісі ретінде жас маман- Ж.Н. Имангельдинова қалалық пән олимпиадасына қатысты.

Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ӘБ жетекшісі Г.С. Байгулова атқарған еңбектері үшін қалалық білім бөлімінің мадақтау грамотасымен марапатталды.

Кезекті қалалық пән олимпиадасына қазақ тілі мұғалімдері: Б.К. Ибрагим мен Ж.Н. Имангельдинова қатысты.Б.К. Ибрагим жүлделі ІІІ орынға иеленіп қалалық білім бөлімінің грамотасымен марапатталды.

Жыл сайын ӘБ мұғалімдерінің республикалық қашықтық олимпиадаларға белсене қатысуы дәстүрге айналған.

Республикалық «КИО қашықтық олимпиадасына» жақсы қатысқан қазақ тілі мұғалімдері: Байгулова Г.С., Мажитова Г.М., Багимова А.С: дипломмен және мақтау қағазымен марапатталды.Қатысқан 4 мұғалім сертификатқа ие болды. Олар Сенбина М.С., Рушанова А.Т. Сонымен бірге республикалық «Зият-2017» қашықтық олимпиадасына да қазақ тілі пән мұғалімдері қатысты.

Сонымен қатар 9-11-сыныптарда жұмыс істейтін мұғалімдер ОЖСБ мен ҰБТ-ға дайындық жұмысы бойынша есеп беріп отырды. Әр дайындық жұмыстары бойынша пайыздарын салыстырып, нәтижесін қадағалады.

Осы оқу жылында қазақ тілі мұғалімдері Байгулова Г.С., Мажитова Г.М: облыстық Педогогика хабаршысы журналында «Қазақ тілін оқытудағы жаңартылған бағдарламаның ерекшелігі» және «Иновациялық мектептің іс-әрекет көрсеткішін бақылау мен бағалау» мақалалары жарық көрді.

Мектебімізде өз-іс тәжірбиелерімен бөлісу мақсатында, барлық мұғалімдер ашық сабақтар өткізіп, жақсы деген қорытындымен аяқтады.

Жыл бойы белсенді жұмыс атқарған мұғалімдер: Макеева А. Қ.,Мажитова Г.М., Байгулова Г.С., Имангельдинова Ж. Н, Сенбина М.С., Түсіпбекова К.К.

Әдістемелік бірлестіктің мұғалімдері үнемі оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуға жағдай тұғызып, шығармашылық мүмкіндіктерін дамытады. Мектеп оқушылары әр түрлі деңгейде өтетін шығарамашылық сайыстарға, олимпиадаларға қатысып, белгілі нәтижелерге жетті.

Қазан айында мектепшілік олимпиада өткізіліп, үздік оқушылар марапатталды. 9-11 сынып аралығындағы жеңіп шыққан 1 оқушы қысқы демалыс кезінде өткізілетін қалалық олимпиадаға қатысты. Ол 11-сынып оқушысы Самекова Русана –дайындаған мұғалім-Г.С. Байгулова.

Желтоқсан айында Қалижан оқуына Шакимова Қ.Қ 1 оқушы дайындады, бірақ өкінішке орай орын ала алмады..

Сәуір айында мектебімізде «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының аясында өткізілген өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді білу конкурсының іріктеу кезеңі өтті. Мектеп бойынша оған 19 оқушы қатысып,2 оқушы қалалық конкурсқа өтті.Олар: Исаева Ангелина- 4 А сынып оқушысы, Миллерт Виолетта 5 А сынып оқушысы .Олар осы сайыста жақсы өнер көрсеткендері үшін Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамлеясының «Алғыс хатымен» марапатталды.(Мұғалімдері:А.Т. Рушанова, С.Н. Тоқтарова), мамыр айында облыс деңгейінде жоғары аталған оқушылар мектеп абыройын қорғауға ат салысты, нәтижесі мектеп әкімшілігіне алғыс хат әкелді.

Жыл соңында әдістемелік бірлестіктің қорытындысын жасап қалалық әдіскерге жыл бойы істелген жұмыстың нәтижесі туралы есеп берілді. Есепте ешқандай ескерту болған жоқ.

Әдістемелік бірлестіктің жыл басында жоспарланған жұмыстары толығымен іске асырылып өткізілсе де, кемшіліксіз болмады.

Мұғалімдердің қалалық оқуларға дайындаған оқушылары барлығы бірдей нәтиже әкелген жоқ, Республикалық ғылыми жобаға -1 оқушы қатысты Грибоножко Данил 5 Б. І дәрежелі дипломмен марапатталды –дайындаған мұғалім-Г.С. Байгулова.

Әдістемелік бірлестік мұғалімдері қазіргі заманға сай сын тұрғысынан ойлау, педагогикалық шеберлік, модульдік технологияларды сабақта кеңінен қолданады. Алайда мұғалімдер арасында ашық сабақтар өткізіліп, өзара тәжірибемен бөліскен кезде кемшіліктер болды. Кейбір мұғалімдер сабақ құрастырғанда жоспарлаған әдіс-тәсілдердің оқытудағы нәтижелер күтуімен тығыз байланыстыра білмейді,оқытуда және сабақ беруде таңдаған ресурстар қолдануда тиімді болып табылмады. Ол мұғалімдердің оқушылар атқарған жетістіктерін саралап бағалау кезінде кеткен қателері. Осы қателерді келесі жылы болдырмас үшін, әр мұғалім педагогикалық шеберлігін көтеру мақсатында қалалық, облыстық семинарларға белсенді қатысып өз тәжірибелерімен алмасуын жоспарлаулары қажет. Жеткен табыстармен шектелмей барлық ұстаздар өз білімін жетілдіру жұмыстарын жалғастырып, алдағы оқу жылында педагогикалық кәсіпқорлық деңгейін көтеруге тырысып, еңбек етуіміз керек. Кеткен қателерді шешудің жолдарын қарастыра отырып, келесі ұсыныс қабылдаймыз.

Мектебімізде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу жөнінде жоспарлары, іс-шаралар іске асырылуда. Мектептің іс жүргізу негізгі қызмет бойынша бұйрықтар кітабы, педагогикалық хаттамалар, ғылыми-әдістемелік кеңестердің, директор жанындағы отырысы т.б. талапқа сай екі тілде жүргізілуде. Сонымен қатар мектеп және ұжым мұғалімдері мемлекттік тілде газет –журналдарға да жазылуда.

Кітап қоры- жалпы саны- 33884

Оның ішінде қазақ тілінде-5689 (17 %)

Оқулықтар-16518

Оның ішінде- қазақ тілінде оқулықтар- 2790 (17 %)

Ағылшын тілнде- 1319 (8 %)

Көркем әдебиеті- жалпы саны - 16787

Оның ішінде- қазақ тілінде -2600 (15,4 %)

Ағылшын тілнде- 316 (0,02 %)

Электрондық оқулық-524, қазақ тілінде-285

Әдістемелік әдебиет – 637, қазақ тілінде- 268

Ағылшын тілнде- 31 (5 %)



Мектептің ведомстволық мерзімдік баспасөз- 16 (жартыжылдық)

Қазақ тілінде- 9 дана (56 %)

Балаларға арналған – 6 , қазақ тілнде-3 (50%)

«Ұлан» газеті, «Айгөлек», «Балдырған»- журналы



Мұғалімдерге арналған- 6, оның ішінде қазақ тілінде – 4 (66%)

«Ұстаздар» газеті, «Самопознание КZ», «Білім беру мекемесі басшылары», «Справочник классных руководителей» журнал.



Қоғамдық- саясаттық баспасөз -4, оның ішінде қазақ тілінде – 2 (50%)

«Сарыарқа самалы», «Егемен Қазақстан» газеттері



Мемлекеттік тілді насихаттау барысында мектептің оқу-материалдық базасы нығаюда, мектеп құжаттары: кеңес хаттары, сынып журналдары, оқушылардың жеке істері екі тілде жүргізіледі, мектеп оқу жоспары қазақ тіліне аударылып жатыр, педұжымның қазақ тіліне үйрену үйірмесін бірыңғай жоспар құрастырылып, бекітіліп апта сайын өткізіледі.

Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңын, «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» мемлекеттік бағдарламасын, «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы», Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағадарламасын Павлодар облысында іске асыру жөніндегі 2015-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға, нормативтік құжаттардың орындалуына, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде мәртебесін көтеру мақсатымен мектеп ұжымы бірталай іс-шаралар атқаруда.

Аудармашының жұмысын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұрымжанова Орынбасар Қуатбайқызы атқарады. Орынбасар Қуатбайқызы өз жұмыс жоспарын құрастырды. Аудармашының жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасалды. Қалалық мұрағатпен келісілген іс номенклатурасы екі тілде жүргізіледі. Бұйрықтар кітабы екі тілде рәсімделген, оқушылардың қозғалысы жөніндегі және қызметшілердің құрамы жайлы бұйрықтар уақытында аударылады. Барлық анықтамалар қызметкерлердің, оқушылардың, ата-аналардың сұранысына қарай қазақ тілінде беріледі. Жалпы барлық құжаттар екі тілде жүргізіледі. Оқушыларды мектепке қабылдау, мектептен басқа мектепке ауысуы, жұмыскерлерді жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату туралы өтініштер, педкадрлардың жеке іс қағаздары, оқушылардың жеке құжаттарының мұқабасы екі тілде толтырылады. Кіріс-шығыс құжаттары қазақ тілінде тіркеледі. Қалалық білім беру бөлімінен келіп түсетін құжаттарға жауапты екі тілде беруге тырысамыз. Аудармашы мектеп әкімшілік кеңесінің және педкеңестің хаттамаларын аударып отырады. Мектептегі стендтер екі тілде әзірленген. Сонымен қатар мектепте өтетін іс-шаралар «Мемлекеттік тілді үйренеміз» атты үйірмесі өз жұмысын қыркүйек айынан бастады. Сабақ еркін және тегін өткізіледі.

Үйден оқитын оқушылар да қазақ тілін меңгеруге тырысады. Оларды оқытатын мұғалімдер: жоғары санатты - А.О.Рушанова, екінші санатты – Нұрымжанова О.Қ.

2013-16 жылдың 1-ші қыркүйегінде 2 «Ә» сыныбы, оқушылардың саны – 13, 3 «Ә» сыныбы, оқушылардың саны - 7, 4 «Ә» сыныбы, оқушылардың саны – 23 жалғастырып оқыды. Олар №12, 7 кабинетте оқиды. 2 «Ә» сыныбының жетекшісі жоғары санатты мұғалім А.Қ.Егеубаева, 3 «Ә» сыныбының жетекшісі жас маман А.Қ.Сейтханова, 4 «Ә» сыныбының жетекшісі екінші санатты мұғалім Б.Төлеухан. Кабинетте ертегілер, сыныпқа арналған әр түрлі дидактикалық материалдар бар. №12 кабинет интерактивті тақтамен де жабдықталған, оқушылар интерактивті тақтамен жұмыс істейді. Бұл сыныптарда басқа ұлт өкілдері оқыды. Биыл 2016-2017 оқу жылы қазақ тілінде оқитын бір сынып қана, 3 «Ә» сыныбының жетекшісі жоғары санатты мұғалім А.Қ.Егеубаева. №12 кабинетте оқу үрдісі жүргізіледі.

Қазіргі уақытта мектепте 5 қазақ тілі мен әдебиет кабинеті жұмыс істейді. Олар: № 25, 37, 41, 42, 48 кабинеттер. Аталған кабинеттер санитарлық-гигиеналық нормаларға сай, әр кабинеттің паспорты бар. Кабинеттерде қазақ тіліндегі көркем шығармалар, ертегілер, сөздіктер, дидактикалық материалдар бар. Барлық кабинеттерде жылдық және дамыту жоспарлары құрастырылған. №41,42 кабинеттері аудио, бейне, компьютерлік техникамен, интербелсенді тақталармен жабдықталған. А.Қ. Макеева., Г.С.Байгулова, Г.М.Мажитова, Б.К. Ибрагим өз сабақтарында электрондық оқулықтарды пайдаланады.



Қорыта айтқанда, бүгінгі сабақ кешегі сабақтан өзгеше, ал ертеңгі сабақ бүгінгі сабақтан жақсы болуы тиіс. Осылайша гуманитарлық бағытта сабақ беріп жүрген мұғалімдер үшін аса тиімді және сабақты өмірмен байланыстыра қызықты етіп беру жолдарын қарастыруға болады. Өз мақсатыма жету үшін сабақтың құрылымын, одан өзім қалай сабақ беруіме емес, оқушылардың оқу ептілігін дамыта отыра, оқушылардың қалай оқитынын назарда ұстай отыра, әр сабақта оқушылардың белсенді қатысуын, өздерінің болжамдары мен сұрақтарын құрастыруды, бір-біріне кеңес беруді, өз алдына мақсат қоюды, алынған нәтижелерді қадағалап, идеялармен эксперимент жасап және жіберілетін қателер оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге баратын жеке тұлға тәрбиелеу.

Оқудың дамуы барысында оқушыға жол көрсету біртіндеп азайтылуы қажет, сонда ғана оқушылар тәуелсіз білім алады, өздігінен реттелетін болады, білім сапасы да арта түседі. Сондықтан да оқытудың әдіс-тәсілдерін шебер пайдалана отырып, оқушылардың есте сақтау қабілетін арттырып, оларды жинақылыққа, дәлдікке, шығармашылыққа баулуға, яғни жиырма бірінші ғасырда қажеттi дағдыларды: тез тіл табысқыштық, креативтілік, аналитикалық ойлауды қалыптастыруға көңіл бөлу қажет.

Мұғалім жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланғанда, сыныпта ынтымақтастықты жүзеге асырып, іздену арқылы жаңадан жаңаны шығарып, логикалық ойлауды ұтымды пайдаланып отырса, бірлесе жұмыс істесе, яғни іс-әрекет пен білімді меңгерсе, өз еңбегінің жанғаны деп ойлаймын.

ӘБ-нің жыл бойы атқарылған жұмысы барысында кездескен қиыншылықтар да болды. Оқушыларымыз қалалық олимпиадаларға, мәнерлеп оқу сайыстарына т.б. сайыстарға қатысқанымен, жүлделі орынға ие болмады. Сондықтан, 2016-2017 оқу жылына алдымызға мынадай мақсат қойып отырмыз.



Мақсаты:

  • Жеке тұлғаны жан-жақты тәрбиелеу, білім технологияларын жүйелі енгізу, мұғалімдердің кәсіби шеберлігінің шыңдалып өсуіне, жан-жақты жетілуіне бағыт-бағдар беру.

  • Жан-жақты дамыған, өзіндік танымдық дағдылары қалыптасқан, шығармашылық қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу жұмысының озық әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану.

  • Дүниетанымы дамыған, еліміздің әдет-ғұрпын құрметтей білетін, жан-жақты білімді де саналы парасатты тұлға тәрбиелеу

  • Оқушыларды сайыстарға, ғылыми жобаларға қабілеттеріне қарай іріктеу.

Міндеттері:

  • Жеке тұлғаны қалыптастыру мен дамыту бағытында жасалған педагогикалық ғылым мен іс-тәжірибедегі жетістіктерді оқып үйрену.

  • Мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін шыңдауын және өзін-өзі жетілдіруін қамтамасыздандыру.

  • Қазақ тілінен оқушылардың білімі мен біліктілікті, дағдыны сапалы игеруді қамтамасыз ету жолында оқу-дамыту ортасын құру.

  • Қазіргі заман талабына сай оқушылардың білімін жан-жақты тереңдету арқылы оқушылардың ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.

  • Оқушылардың ғылыми-танымдық қабілетін арттыру.

Дарынды оқушылармен жұмысты жандандыру.

Күтілетін нәтижелер:

  • оқушыларды өз бетінше талдауға

  • өз қызметіне мақсат қоюға

  • жоспарлауға, жинақтауға

  • қорытындылауға, салыстыра дәлелдеуге

  • сыни тұрғыдан шешім қабылдауға

  • өзін-өзі бағалауға

  • өзін-өзі реттеуге

  • өзін-өзі түсінуге

  • өз әрекетінің әлсіз және күшті жақтарын көрсете білуге

  • нені меңгергенін, нені меңгермегенін анықтауға

  • өз білімін өзгермелі жағдайларда қолдана білуге үйрету.


Кадр потенциалы


2014-2015

2015-2016

2016-2017

13 ұстаз

14 ұстаз

15 ұстаз

жоғары санатты- 7

жоғары санатты- 9

жоғары санатты- 8

1-ші санатты- 6

1-ші санатты- 4

1-ші санатты- 5

2-ші санатты-0

2-ші санатты-0

2-ші санатты-1

санатсыз -0

санатсыз -1

санатсыз -1

Қазақ тілі мұғалімдерінің саны тұрақтылығын, өз санаттарын жыл сайын көтеретінін көреміз



Білім сапасы





Қазақ тілі

Қазақ әдебиеті

2014-2015

64

43

2015-2016

63

60

2016-2017

64

52

Үш жылдық қорытынды аттестация мектеп бітіруші сыныптарда 2015-2016 жылының білім сапасының деңгейі жеткілікті деп көрсетіледі, кестеге қарағанда білім сапасы жылдан жылға жылжымалы келеді және тұрақты .


Білім сапасының сатылар бойынша көрсеткіштері





2015-2016

2016-2017

Үлгер

сапа

үлгер

Сапа

Бастауыш сынып

100

70

100

72

Орта буын

100

51

100

51

Жоғары буын

100

68

100

73

барлығы

100

63

100

65

Жылдық қорытындысы бойынша үлгерім нәтижелері тұрақтылы деп санауға болады, ал сапалық көрсеткіштеріне келгенде, бастауыш сынып буынында 2015-2016 оқу жылында 2% төмен бастауыш сыныпта, орта буынында-сапалық көрсеткіші %тұрақткылығын, жоғары буынында - көрсеткіш 5% жоғары деңгейін көрсетеді. Сонымен, қорыта айтқанда, жылдық сапалық көрсеткіштері оқушылардың білім деңгейлеріне, мұғалімдердің белсенділігіне байланысты. Былтырғы жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда, биылғы жылдың білім сапасының жоғары екенін бақылаймыз.


Қазақ тілінен 11 сынып аралығындағы тестілеу көрсеткіштері





2013-2014

2014-2015

2015-2016

Ұпай

сапа

Ұпай

сапа

Ұпай

сапа

11сынып

16,8

70

15.9

76

15.8

90

барлығы

16,8

70

15.9

76

15.8

90

Кестенің нәтижесі бойынша 3 жыл ішінде оқушылар өз білімдерін көрсете алмағандығын көреміз, ал 2015-2016ж тестілеу өте қатал түрінде өткізілгендіктен, көрсеткіштер 0,1%-ға төмен, бұл көрсеткіш оқушылардың нақты білімдерінің деңгейін көрсетіп тұр.



Орыс тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінде барлығы 5 мұғалім жұмыс істейді. Оның ішінде 1 мұғалім жоғары санатты, бірінші санатты 1 мұғалім, екінші санатты 2 мұғалім, санатсыз 1 мұғалім, 3-ші деңгейлі курсын бітірген 2 мұғалім: Немеренко Е.В, Ершова О.К.

2 орыс тілі мен әдебиет кабинеті жұмыс істейді. Олар: № 26, 45 кабинеттері. Аталған кабинеттер санитарлық-гигиеналық нормаларға сай, әр кабинеттің паспорты бар. Кабинеттерде орыс тіліндегі көркем шығармалар, ертегілер, сөздіктер, дидактикалық материалдар бар. Барлық кабинеттерде жылдық және дамыту жоспарлары құрастырылған. № 26,45 кабинеттері аудио, бейне, компьютерлік техникамен, интербелсенді тақталармен жабдықталған.



Халықаралық конкурстар




Конкурстың атауы

Название конкурса

тақырыпТема

Қатысушылардың саны

Кол-во участников

Жүлделі орындар

Призовые места

Оқушының аты-жөні

Ф Ф.И. уч-ся

Мұғалімнің аты-жөні

Ф. И.О. учителя

1

2014 ж Республикалық патриоттық тақырыбына шығарма сайысы




1

1

Назарова И.

Немеренко Е.В.

2

2014 ж «Люблю Отчизну я...» атты облыстық мәнерлеп оқу сайысы

М.Ю. Лермонтовтың 200-жылдығына арналған

1

диплом

Ратников И

Немеренко Е.В.

3

2014 ж облыстық мәнерлеп оқу сайысы)

«Солнечный поэт Павлодара»

1

3

Семенов Б.

Ершова О.К.

4

2015-2016 ж Шығармалар сайысы

«Чернобыль. Помним все»

1

3

Ратников И.

Немеренко Е.В.







Конкурстың атауы


Қатысушылардың саны


Жүлделі орындар


Мұғалімнің аты-жөні


1

2013ж «Русский медвежонок» конкурсы

1

Диплом 1степени

Немеренко Е.В.

2

2015-2016 ж Орыс әдебиетінен қашықтық олимпиада

1

1 победитель

Ершова О.К.

3

«Новый урок» орыс тілінен халықаралық қашықтық блиц-турнирдін жобасы

2

2

Тарасенко А.В


Шығармашылық конкурстары

Орыс тілінен қалалық олимпиаданың көрсеткіштері





жылдар

Қатысушылардың саны


Жүлделі орындар


Оқушының аты-жөні


Мұғалімнің аты-жөні


1

2013-2014













2

2014-2015

2

0

Пересветова А.,Конанбаева к

Немеренко Е. В.

3

2015-2016













Ершова О. К. –диплом 1-ой степени в КИО 2015-2016уч.год

Хмельницкая Г. И. –диплом 2 степени в КИО-2015-2016уч.год
Мұғалімдердің жетістіктері Достижения учителей




Мұғалімнің аты-жөні


Құралдың құрастырушысы


Сайыстарға қатысуы


республика

Облыс


қала

1

Ершова О.К.

9 сыныпта орыс тілін тереңдетіп оқытудың авторлық бағдарламасы

Авторская Программа по русскому языку в классе углубленного изучения-9класс (2013-2014 уч. год)






«Мой лучший урок» тілшілер педагог-шеберлігі атты сайыстың лауреаты

Лауреат конкурса профессионального мастерства педагогов-языковедов «Мой лучший урок» (2013год)

Қашықтық олимпиадада қатысуы Участие в дистанционной олимпиаде учителей (2013-2016)





2

Немеренко Е. В.







«Мой лучший урок» тілшілер педагог-шеберлігі атты сайыстың лауреаты

Лауреат конкурса профессионального мастерства педагогов-языковедов «Мой лучший урок» (2013год)



Қашықтық олимпиадада қатысуы Участие в дистанционной олимпиаде учителей(2013-2016)





3

Тарасенко А. В.







Қашықтық олимпиадада қатысуы Участие в дистанционной олимпиаде учителей(2013-2016)




4

Хмельницкая Г.И







Қашықтық олимпиадада қатысуы Участие в дистанционной олимпиаде учителей (2013-2016)







Ағылшын тілі әдістемелік бірлестігінде барлығы 15 мұғалім жұмыс жасайды. Оның ішінде 8 мұғалім жоғары санатты, бірінші санатты 5 мұғалім, екінші санатты 1 мұғалім, санатсыз 1 мұғалім, 3-ші деңгейлі курсын бітірген 2 мұғалім: Варламова С.И, Остапенко Е.С. 2 шет тілі кабинеті жұмыс істейді. Олар: № 24, 35 кабинеттері. Аталған кабинеттер санитарлық-гигиеналық нормаларға сай, әр кабинеттің паспорты бар. Кабинеттерде шет тіліндегі көркем шығармалар, сөздіктер, дидактикалық материалдар бар. Барлық кабинеттерде жылдық және дамыту жоспарлары құрастырылған. № 24,35 кабинеттері аудио, бейне, компьютерлік техникамен жабдықталған. Ағылшын тілі мұғалімдерінің мектеп қорына өз жетістіктерін қосуда. Биылғы 2016-2017 оқу жылында ағылшын тілінен мектеп мұғалімдеріне үйірме ашылып, аптасына бір рет өткізілуде. Үйірме жетекшісі Соломатина О.С


Мұғалімнің аты-жөні

Шара атауы

орын

Оқушының аты-жөні

2014-2015 оқу жылы

Варламова С.И.

қашықтық пән олимпиадасы «Новый урок»

1




Варламова С.И.

қашықтық пән олимпиадасы «Новый урок»

3




2015-2016 оқу жылы

Варламова С.И.

Ағылшын тілінен пән олимпиадасы

3

Колотова Н. 9А сынып

Авазова З.Ф.

“British Bulldog” сайысы

1

Кадыралиева А. 6Б сынып

Ильясова А.З.

“British Bulldog” сайысы

1

Бок Э. 7Б сынып

Соломатина О.С.

“British Bulldog”сайысы

2

Веселов Ф. 6В сынып

«Кенгуру-лингвист» конкурсы

2

Веселов Ф. 6В сынып

«Кенгуру-лингвист» конкурсы

3

Садыкова К. 8А сынып

Остапенко Е.С.

«Кенгуру-лингвист» конкурсы

2

Тихонова Е. 10Б сынып

2016-2017 оқу жылы

Ильясова А.З.

Ағылшын тілінен КИО олимпиадасы

3

Конабаева 8Б сынып




Ағылшын тілінен КИО олимпиадасы

1



ӘБ-нің жыл бойы атқарылған жұмысы барысында кездескен қиыншылықтар да болды. Оқушыларымыз қалалық олимпиадаларға, мәнерлеп оқу сайыстарына т.б. сайыстарға қатысқанымен, жүлделі орынға ие болмады. Сондықтан, 2017-2018 оқу жылына алдымызға мынадай мақсат қойып болжап отырмыз.



Мақсаты:

  • Жеке тұлғаны жан-жақты тәрбиелеу, білім технологияларын жүйелі енгізу, мұғалімдердің кәсіби шеберлігінің шыңдалып өсуіне, жан-жақты жетілуіне бағыт-бағдар беру.

  • Оқушыларды сайыстарға, ғылыми жобаларға қабілеттеріне қарай іріктеу.

Міндеттері:

  • Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінен оқушылардың білімі мен біліктілікті, дағдыны сапалы игеруді қамтамасыз ету жолында оқу-дамыту ортасын құру.

  • Қазіргі заман талабына сай оқушылардың білімін жан-жақты тереңдету арқылы оқушылардың ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.

  • Оқушылардың ғылыми-танымдық қабілетін арттыру.

  • Дарынды оқушылармен жұмысты жандандыру.

Күтілетін нәтижелер:

  • оқушыларды өз бетінше талдауға

  • өз қызметіне мақсат қоюға

  • жоспарлауға, жинақтауға

  • қорытындылауға, салыстыра дәлелдеуге

  • сыни тұрғыдан шешім қабылдауға

  • өзін-өзі бағалауға

  • өзін-өзі реттеуге

  • өзін-өзі түсінуге

  • өз әрекетінің әлсіз және күшті жақтарын көрсете білуге

  • нені меңгергенін, нені меңгермегенін анықтауға

  • өз білімін өзгермелі жағдайларда қолдана білуге үйрету.


IV бөлім. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру
Тәрбие жұмысы келесі бағдарламалар мен концепциялар негізінде жүзеге асырылады:

- Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995 жылғы 30 тамызындағы республикалық референдумда, 2011 жылғы 02 ақпанындағы қосымшалар мен өзгерістерімен қабылданған);

Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 521бұйрығы;

- Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» 2007 жылғы 27 шілдесіндегі № 319-ІІІ заңы (2015 жылғы 13 қаңтарындағы енгізілген өзгерістер мен қосымшалар);

- Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік ұрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 873 Қаулысы;

- Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы (2014.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен); «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі (2017.11.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен);

- «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-ІV Заңы (2016.22.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен);

- «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Қазақстан Республикасының Президенті - елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы;

- Н.А.Назарбаева народу Казахстана «Нұрлы жол – болашаққа жол» Қазақстан халқына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә,Назарбаетың жолдауы;

- «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 191 Қаулысы (2017.08.06. берілген өзгерістермен);

- «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін (2015.22.04. РҚ БҒМ № 227 бұйрығы);

-2016-2017 оқу жылындағы әдістемелік-нұсқаулы хат Патриоттық акт «Мәңгілік ел».

2016-2017 оқу жылы «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері» Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуіріндегі № 227 бұйрығы негізінде келесі бағыттар беріледі:

- қазақстандық патриотизмге және азаматтық, құқықтық тәрбиелеу;

- рухани-құлықты тәрбиелеу;

- ұлттық тәрбиелеу;

- отбасылық тәрбиелеу;

- еңбек, экономи және экологиялық тәрбиелеу;

- саясимәдениет және көркем-эстетикалық тәрбиелеу;

- интеллектуалды тәрбиелеу, ақпаратты мәдени тәрбие;

- дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.

Тәрбие жұмысының қызметі бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіледі. Бұнда мектептің әдістемелік тақырыбы беріледі. Тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеті; сынып жетекшілердің әдістемелік бірлестік отырысының тақырыбы; тәрбие процесін бақылауды жоспарлау; ата-аналармен жұмыс жасау; тәрбие жұмысы бойынша бағдарламаларды жүзеге асыру. Жоспарды жүзеге асыру бекітілген мерзім негізінде жүзеге асырылады.

Сынып жетекшілердің жұмысы, үйірмелер мен секциялардың жетекшілер, тәлімгерлер, психологтар, әлеуметтік педагок, аға вожатый нормативті құжатқа сәйкес тәрбие процесін өткізеді.

Тәрбиелеу процесінің мақсаты мектепте тәрбиелеу құзыреттілігін күшейту болып табылады. Оқушылар бойына патриоттық және азаматтық деңгейді қалыптастырып, олардың бойларындағы шығармашылық қабілетті жүзеге асырып, салауатты өмір салтын, жалпы мәдениеттілікті, құлықтылықты қалыптастыру.

Мектепте дәстүрлі түрде оқушылар бойына рухани-құлықтылықты тәрбиелеу, оқушылар ұжымын біріктіріп, балалар мен жасөспірімдердің азаматтық позициясын бекіту және дамыту үшін іс-шаралар өткізеді: Білім күні, Мұғалімдер күні, Алғашқы президент күні, ҚР Тәуелсіздік күні, Аяз Атаның шеберханасы, 8 Наурызды мерекелеу, Наурыз-мейрамын мерекелеу, Денсакулық күні, Қазақстан халқының Бірлігі күні, Жеңіс күні (ардагерлерді щақырумен), соңғы қоңырау, Ауған соғысынан шыққан Күн (соғыс-жауынгерлерін шақырумен).

Мемлекеттік рәміздерді игеру бойынша жалпы мектептік іс-шара ұйымдастырылады. Аптаның бейсенбі күні бойынша сынып сағатында балалар Қазақстан Респуібликасының әнұранын орындайды.

Дәстүрлі түрде Ауғаныстанның ардагерлік жауынгерлерімен мектеп тығыз жұмыс жасайды. Жыл сайын мектеп базасында Ауған соғысынанОдақ әскерлерінің шыққан күніне орай Ауған әндерінің фестивалі өткізіледі. Осы жылы конкурстық бағдарламаға 10 «А» сынып оқушысы Анжела Азизова қатысты. Қала мектептерінде Ауған жауынгері оқыған мектептер арасында баскетбол бойынша жарыс өткізіледі.

Мектепке «Павлодар облысы және Павлодар қаласының жергілікті жауынгерлер және Ауған соғысының ардагерлері мен жүгедектер» Қоғамдық қорымен тығыз жұмыс жасағаны үшін алғыс хатпен марапатталды.

ҚР ӘМ қарасты «Әскери техникалық мектеп» РМКК-мен жұмыс жасау келісім шартқа қол қойылды. Өткізілетін шаралар бойынша бірігіп жұмыс жоспары жасалды (волейбол, баскетбол жарыстары, қатысу үшін ант қабылданды).

10-шы және 11-ші сыныптардың оқушылары «Ту теңдігі» қалалық байқау-конкурсына қатысады. Осы жылы балалар 4 орын алды.

Мектепте жыл сайын Павлодар облысының дін ісі бойынша басқармамен келісілген жұмыс жоспарына сәйкес дін ықпалын алдын алу бойынша үлкен жұмыстар жүргізілді. Сынып сағаттары, диспуттар, лекцияларды өткізу арқылы жүргізіледі.

Жылына екі рет тәрбиеленушілердің деңгейін анықтау үшін сауалнамалар жүргізіледі. Алынған мәліметтер бойынша келесі шешім шығаруға болады. Барлық сыныптарда тәрбие деңгейі біршама өскен (өткен жылмен салыстырғанда), әлеуметтік сапалық маңыздылығы қалыптасқан,адамның әлемге, адамдарға, өз-өзіне деген қарым-қатынас жүйесі арқылы көреміз.


Профориентациялық жұмыс жоспарға сәйкес құрылады. Ондағы бөлімдерге мыналар қоса беріледі: оқушылармен жұмыс жасау, ата-аналардың оқу мекемесімен өзара байланысы, психологиялық қызметтпен жұмыс жасау.

Жыл сайын ПМУ, ПМПИ, ИНЕУ, колледждерімен бірге жоспар құрылады.оқу мекемелері жөнінде папкалар құрастырылған. Оқушылар мамандықтармен танысып, өз қызығушылықтары бойынша талдау жасап, психология сабақтарында мотивациялау жұмысын жүргізеді. Оқушылар оқу мекемелеріне барып, мамандықты таңдауға көмектеседі. Негізгі мектеп түлектерінде оқу мекемелерінде оқиды деген растау анықтамалары бар .


жүктеу 2,7 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау