ЖШС «КаСПИЙ ӨҢІРІ «Болашақ» колледжі»
«Бекітемін»:
Оқу-ғылыми жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары
_______________ А.К. Жумағали
«___» _________________ 2016 ж.
|
0518000 «Есеп және аудит»,
0519000 «Экономика» мамандықтар бойынша
«Қаржылық есеп»,
«Ұйым экономика» пәндерінен курстық жұмыстарын орындауға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Дайындаған: пән оқытушылары Капаева Г.Б., Алимбетова Н.О.
Ақтау – 2016 ж.
Дайындаған: ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжі» оқытушылары Капаева Г.Б., Алимбетова Н.О.
Курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау құқық және экономикалық пәндер бірлестігінде қаралып, мақұлданды:
Хаттама № ___ «___» _____________ 2016 ж.
Бірлестік жетекшісі ____________ Есжанова С.А.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Курстық жұмыс «Қаржылық есеп», «Ұйым экономика» пәніндерін оқып-үйренудің қорытынды кезеңі болып табылады. Ол теориялық материалды студенттің қаншалықты меңгергенін және алған білімін зерттеу үшін пайдалану қабілетінің қаншалықты екендігін тексеруге мүмкіндік береді.
Курстық жұмыстың мәні маңызы орындау негізінде студенттің алған теориялық білімін бекітіп қана қоймай, сонымен бірге тереңдете түсетіндігінде. Курстық жұмыс студенттердің өз бетімен жұмысының маңызды бөлігі болып табылады. Оны орындау студентті өз бетімен жұмыс істеуге дайындығын тексеру ғана емес, сонымен бірге өз бетімен ғылыми жұмыс жүргізу дағдысын дамытудың маңызды формасы. Оқудың осы кезеңіндегі студенттің алған тәжірибесі мен білімі дипломдық жұмысқа дайындық кезінде көп көмегін тигізеді.
Курстық жұмыс өз бетінше зерттеу болғандықтан оған мынадай талаптар қойылады:
курстық жұмыс өз бетімен жазылуы тиіс;
тақырыпты баяндау нақты, дәл деректермен толы болуы қажет;
жұмыс анық және сауатты тілмен жазылып дұрыс дайындалуы қажет;
оның сыртқы беті, мазмұны болып, беттері нөмірленіп, жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер көрсетіледі.
Курстық жұмысты дайындау мынадай кезеңдерді қамтиды:
тақырып таңдап алу, курстық жұмысты жазу;
курстық жұмысты безендіру;
курстық жұмысты қорғау.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ТАҢДАП АЛУ, ЖАЗУ
Курстық жұмыстың табысты жазылуына тақырыпты дұрыс таңдаудың тигізетін әсері мол.
Студент алған білімін тереңдете отырып, проблеманы жан-жақты зерттеп, дипломдық жұмысты өз мүддесіне жақын тақырыпта орындауға алдында мақсат қояды.
Тақырыпты таңдап алған кезде қандай да болмасын проблемалық мәні туралы шамалы болса да түсінікті болып, жұмысында қандай мәселені көрсететіндігін білуге тиіс.
Студенттің курстық жұмыс тақырыбын оқу - ғылыми жұмыстары жөніндегі директордың орынбасары бекітеді. Сонымен бірге күндізгі бөлім менгерушілері курстық жұмыстың орындалу мерзімін белгілейді.
Курстық жұмыс орындауда студент оқыған мағұлматтарын жинақтап, өңделген, мұқият зерттелген әдеби нұсқалар негізінде жазылады.
Жұмыстың барлық тараулары бір - бірімен байланысты болуы міндетті. Сондықтан да бір тараудан екінші тарауға көшкенде және тарау ішінде бір мәселеден екінші мәселеге көшудің қисынды болуына ерекше назар аударылуы тиіс.
Жұмыстың материалы мынадай ретпен орналастырылады:
сыртқы бет (А қосымша);
курстық жұмысқа тапсырма ( Б қосымша)
жоспар мазмұны;
курстық жұмыстың мәтіндегі баяндалуы (тараулар бойынша);
курстық жұмысқа рецензия (В қосымша);
әдебиеттер тізімі.
Сыртқы беті А қосымшасына сәйкес А-4 форматтағы параққа орындалады. Сыртқы бетте сөздерді тасымалдау рұқсат етілмейді.
Курстық жұмысқа тапсырма оқу процесінің кестесіне сәйкес ағымды семестрдің алғашқы аптасынан кешіктірілмей беріледі. Тапсырмада төмендегілер көрсетілуі керек: жұмысқа байланысты оқыту пәні; студенттің аты–жөні мен тобы; жұмыс тақырыбы, қолданылатын әдебиеттер; тапсырманың берілу және тапсырылатын мерзімі (қосымша Б).
Тапсырмалар Б қосымшасына сәйкес бланктерде толтырылады. Тапсырмада студенттің тапсырманы алған күні көрсетіледі және қолы қойылады.
Мазмұнында бөлімдер, тараулар, қосымшалардың аталуы мен реттік номерлері көрсетіледі. «Мазмұны» сөзі ірі әріптермен ортадан басталып жазылады.
Курстық жұмыстың мазмұнында төмендегідей құрылымдық элементтердің айқындалуы тиіс: кіріспе, 2-3 тараудан тұратын негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспеде автор таңдағалған тақырыптың өзектілігі, ондағы мәселерді жетілдіру деңгейі мен шешу жолдарын көрсетеді. Кіріспе қысқаша болуы керек (2-3 бет).
Жұмыстың негізгі бөлігінде тақырыптың мазмұны сипатталады. Бұл бөлім зерттелінетін тақырыптың мазмұнын сипатайтын 2-3 тараудан тұрады. Тарауларды артттыру қажет емес, себебі бұл курстық жұмыстың айтарлықтай көлемінің өсуіне әкеледі. Жұмыстың негізгі бөлігі компьютерлік текстпен 25-30 бет болуы тиіс.
Қорытынды бөлімінде курстық жұмыстың материалдары бойынша ұсыныстар енгізіледі. Қорытынды бөлімде жалпы тұжырым жасап, студент өзіне берілген тақырыпта қандай нәтижеге жеткені, студент мақсатына жеткендігі жөнінде баяндау қажет.
Жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттердің тізімі келтіріледі.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ БЕЗЕНДІРУ
Жұмыстың мәтіні (тексті) А4 парағының бір бетіне жазылуы тиіс, төмендегідей алаңдар сақталуы тиіс: сол жақтан – 3 см, оң жақтан – 1,5 см, жоғары және төменнен – 2 см. Мәтінді компьютермен жазуда бірынғай 1,5 интервал, 14 кегль болуы керек.
Курстық жұмыстың барлық беті нөмірленеді. Мәтіндегі әрбір тарау жоспар мазмұнына сәйкесті тиісті тақырып қойылады. Жаңа тарауды егер тақырыптан соң бірнеше жол сиятын болса, алғашқы тараудың соңы аяқталған беттен бастай беруге болады. Егер курстық жұмыс компьютерде терілетін болса текст арасындағы қашықтық 1,5 интервалға, ал шрифт 14-ке тең болу керек.
Бөлімдер атаулары тараулардың мазмұнын нақты және қысқа айқындауы тиіс. Бөлімдер атаулары ірі әріптермен орта жолдан нүктесіз, астын сызбай ірі шрифтермен жазылуы керек. Бөлімдер ішіндегі тақырыпшалар атаулары нүктесіз, астын сызбай қарайтылған шрифтермен ені бойынша тураланып бір абзац тасталып жазылады. Мұнда сөздердің тасымалдауына рұқсат етілмейді. Тақырыптан кейін мәтін жаңа азат жолдан бастап жазылуы керек.
Кестелерді бір беттен екінші бетке жалғастыруға болмайды, оған қоса кесте мен оның тақырыбы бөлек беттерде болып арасын үзу дұрыс емес. Кестенің рет нөмірі болуы керек.
Курстық жұмыстың соңғы сатысы оның сыртын безендіру болып табылады.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ҚОРҒАУ
Курстық жұмыс оқу бөлімінің белгіленген мезгілінде жазылып бітуі керек. Курстық жұмысты мерзімінде қорғамаған студент жолдамаға қалдырылып, сынақ тапсыруға жіберілмейді.
Курстық жұмысты қорғау оқу-ғылыми жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары тағайындаған комиссиямен жүргізіледі.
Курстық жұмысты қорғау таңдап алған тақырып бойынша студенттің білімінің тереңдігі мен өз бетінше жұмыс істеу мүмкіндігін анықтауға бағытталады. Қорғау кезінде студент берілген жұмысты жақсы бағдарлауы, түсіндіре білуі, жұмысқа қатысты сұрақтарға жауап бере білуі қажет. Қорғау алдында студент тұтастай жұмыс бойынша да, жетекшінің ескертпелері бойынша да дайындық жүргізуі керек.
Қорғау студенттің жұмысының негізгі жағдайын қысқаша ғана мазмұндауынан тұрады. Хабарламаның соңында студент жұмыстың ескертулері бойынша жауап береді. Содан соң комиссия мүшелері студентке сұрақтар қояды. Курстық жұмысты бағалау кезінде комиссия оның жазылу сапасы да, қорғау нәтижесіне еске алады. Егер жұмысты оқытушылар қанағаттанғысыз деп есептейтін болса, онда студенттің айтылған ескертпелерді ескере отырып түбегейлі қайта жұмыс істеуі үшін өзіне қайтарылып беріледі.
Қосымша А
ЖШС «КаСПИЙ ӨҢІРІ «Болашақ» колледжі»
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ПӘНІ:
ТАҚЫРЫБЫ:
Орындаған:
Тобы:
Тексерген:
Ақтау – 2016 ж.
Қосымша Б
ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжі»
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСҚА ТАПСЫРМА
_____________________________________________________ пәні бойынша
Студенттің аты-жөні________________________________________________
Тобы _____________________________________________________________
Тақырыбы:_________________________________________________________
__________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Қолданылатын әдебиеттер:
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Берілу мерзімі: _________________________
Тапсырылатын мерзімі: ________________
Қосымша В
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСҚА РЕЦЕНЗИЯ
Мамандығы _____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Курс _______________________Оқу жылы _____________________________
Пән_______________________________________________________________
Оқытушы__________________________________________________________
Студенттің аты-жөні ________________________________________________
Курстық жұмыстың тексерілген күні ________________________________________
Қорғаудың нәтижесі
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Курстық жұмысты тексерген _____________________________________________________________________________
оқытушы ата – жөні
Достарыңызбен бөлісу: |