Патологическое пристрастие к азартным играм (игромания), интернет-зависимость



жүктеу 0,65 Mb.
бет6/31
Дата25.08.2020
өлшемі0,65 Mb.
#31263
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Пікірлер нұсқалары

Соңғы 6 айда менің ұлым (қызым) өте жиі наразылық білдіре бастады:

  1. Көздің ауырғаны немесе құрғақтығы сезінеді;

  2. ұстамалы сипаттағы бас аурулары;

  3. арқам ауырады (арқам ісіп, шаршағанымды сезінемін және т.б.);

  4. тәбетім жоқ;

  5. ұйқының бұзылуы (ұйықтау қиын, үздіксіз түс кіреді, таңертең шаршап тұрамын және т.б.);

  6. көңіл-күйім бұзылып тұрады.

Соңғы 12 айда мектептегі ата-аналар жиналысында (тиісті оқу орындарының педагогтерінен) мен келесіні білдім:

  1. менің баламның оқу орнындағы оқу үлгерімі төмендеді;

  2. жиі оқушылармен келіспей қалады;

  3. бұрын жолдас болғандардың өзімен қатынастары бұзылды;

  4. сабақтарға жиі қалып келеді, әсіресе таңертеңгі уақытта;

  5. ұқыптылығы нашарлап, сабақ кезінде жеңілтектік пайда болды;

  6. ескерту жасағанда жиі өрескелдік, агрессия білдіреді;

  7. бір нәрсеге ғана назар аударады – бұл информатика, компьютерлер мен оған байланысты тақырыптар;

  8. ұқыпсыз болып, өзіне қарамай қойды;

  9. жоғарыда көрсетілген белгілер басылмайды, керісінше ұлғайып келеді.

Соңғы 12 айда менің балам:

  1. бұрынғыдай емес, компьютерде өте көп уақыт өткізеді;

  2. оның компьютерлік уақытын шектесе, дөрекілік жасап, ашуланады (немесе керісінше тұйықталып, үндемей қалады);

  3. оны компьютерден басқа ештеңе қызықтырмайды;

  4. компьютерге соншама құмарлық білдіреді, тіпті тамақ ішуді, жуынуды, жұмыстарды істеуді ұмытып қалды, оны есіне салсаң, ашуланады;

  5. түсініксіз тілде сөйлей бастады, ал сұрасаң, компьютерде барлығы солай араласады дейді;

  6. оқу орнын ауыстыру немесе экстернат (саралап) оқуына ауысу жөнінде жиі айтады;

  7. болашағы туралы айтқысы келмейді, бұл оны қызықтырмайтынын айтады.


Нәтижелерді талдау

Әрбір белгіленген пікір 1 балмен бағаланады. Балдардың жалпы саны сұрақ-жауапты толтырғаннан кейін саналады.

0-ден 5 балға дейінгі жалпы саны (пікірлердің үшінші топтамасындағы 16-дан 22-ге дейінгі нөмірлерде 1 балдан аспаған жағдайда) екінші түрдегі интернет-тәуелділігінің белгілері жоқ екенін дәлелдейді;

6-дан 10 балға дейінгі жалпы саны, сондай-ақ пікірлердің үшінші топтамасындағы 16-дан 22-ге дейінгі нөмірлерде 3 балл және одан жоғары балл алған жағдайда кез келген нұсқалар интернет-тәуелділігі қалыптасуының бастапқы кезеңдері бар екенін дәлелдейді;

11-ден 22 балға дейінгі жалпы саны, сондай-ақ пікірлердің үшінші топтамасындағы 16-дан 22-ге дейінгі нөмірлерде 3 балл және одан жоғары балл алған жағдайда, кез келген нұсқалар екінші түрдегі интернет-тәуелділігінің қалыптасқанын дәлелдейді.

Осы жағдайда баланы аддиктолог маманына көрсету ұсынылады. Алдағы уақытта аддиктологиялық көмектің емдеу-өңалту кезеңінен өту керек.


Жастар арасында көп таралған интернет-геймерлікті қосқанда интернет-тәуелділігі диагностикасының толық цикліне қосымша келесі технологиялар кіреді:

- Жалған бәстесу межесі (Нил және серіктес автор, 2005, А.Л. Карпова, В.В. Козлованың бейімделуінде)

Осы экспресс-әдістеме проблемді және жай ойыншылар айырмашылығына диагностика жасау үшін арналған. Меже екі тармақтан тұрады, ондағы сұрақтарына «Иә» немесе «Жоқ» деп жауап беруге болады. Аталған әдістемені 3 фокус-топты (алғашқы алды алу аддиктологиялық көмегі кезеңінің жалпы мақсатты тобының құрамдас бөлігі) индетификациялау үшін қолданған жөн. Анықталған проблемді ойыншылар қосымша тексеруден өтеді, диагноз дәлелденген жағдайда, аддиктологиялық көмегінің келесі кезеңдерінен өту үшін жіберіледі (аталған әдістеменің толық мазмұнын қосымшадан қараңыз).

- А.А. Карпов, В.В. Козловтың бейімделуінде Сэливанның сегіз тармақты сұрақ-жауабы (1999).

Сондай-ақ егер ойын тәуелділігінің ресми диагнозы талап етілмесе, осы әдіс ойынға байланысты проблемалардың жедел диагностикасын жасау үшін қолданылады. Сұрақ-жауап дұрыс ойыншылар топтарын, ойын құмарлық пен проблемді ойыншылардың бастапқы белгілері бар адамдарды саралауға мүмкіндік береді. Соңғыларын аддиктологиялық көмектің келесі кезеңіне ауыстыру ұсынылады (аталған әдістеменің толық мазмұнын қосымшадан қараңыз).

- Құмар ойындарға елігудің массачусет сұрақ-жауабы (MAGS), 1994 жылы Шаффер, Ла Бриер, Скаплан, Каммингс әзірлеген. А.А. Карпов, В.В. Козловтың бейімделуінде қолданылады, 26 сұрақ пен 2 межеден құралған.

Әдістеме жасөспірімдердің құмар ойындарға елігуін саралауға мүмкіндік береді: 1) патологиялық емес ойыншылар; 2) тәуелділікке бейім адамдар; 3) патологиялық ойыншылар. Соңғыларын аддиктологиялық көмектің келесі кезеңінен өту ұсынылады (аталған әдістеменің толық мазмұнын қосымшадан қараңыз).

- Канадалық жасөспірімдер сұрақ-жауабы (CAGI), 2005 жылы Виби, Уинн, Стингфилд, Тремблей әзірледі. А.А. Карпов, В.В. Козловтың бейімделуінде қолданылады.

Әдістемеге жасөспірімдердің құмар ойындарға проблемалық елігуінің деңгейлерін саралап бағалауға мүмкіндік беретін 5 меже кіреді. Құмар ойындарға патологиялық құштарлықтың айқын белгілері бар жасөспірімдерге аддиктологиялық көмектің келесі кезеңіне ауыстыру ұсынылады (аталған әдістеменің толық мазмұнын қосымшадан қараңыз).

- Жасөспірімдерге арналған сұрақ-жауап (А.А. Карпов, В.В. Козловтың бейімделуінде).

Әдістеме баланың (жасөспірімнің) құмар ойындарға елігу жағдайымен алаңдап отырған ата-аналарға арналған. Жасөспірімге 15 сұраққа шынайы жауап беру, кейін жағдайды түзету үшін бірлесе шешіп, шара қолдану ұсынылады. Ата-аналар тарапынан агрессиялық басымдық болмаған жағдайда, жауаптарға шынайы жауап беру керек.

Әдістеме үлкен жастағы балалар мен жасөспірімдердің құмар ойындарға елігуінің деңгейлерін саралап бағалауға мүмкіндік береді. Құмар ойындарға патологиялық құштарлықтың айқын белгілері бар проблемді ойыншыларға аддиктологиялық көмектің келесі кезеңінен өту ұсынылады (аталған әдістеменің толық мазмұнын қосымшадан қараңыз).

- Ойыншының отбасына және жолдастарына арналған сұрақтар (Л. Берман, М.Э. Сигл, 1998, А.А. Карпова, В.В. Козловтың бейімделуінде).

Аталған әдістеме отбасында проблемді ойыншының бар-жоқ екенін анықтайды. Әдістеме бірінші кезекте ойын құмарлыққа (аса елігуі – проблемді ойыншы) елігу деңгейлерін саралауға мүмкіндік береді. Соңғы жағдайда құмар ойындарға патологиялық құштарлықтың белгілері бар отбасы мүшесіне аддиктологиялық көмектің келесі кезеңдерінен өту ұсынылады (аталған әдістеменің толық мазмұнын қосымшадан қараңыз).

- Сіз тәуелді ойыншымен тұрасыз ба? (А.А. Карпов, В.В. Козловтың түрлендірілген нұсқасы)

Әдістеме құпиялы ойыншылар қоғамымен әзірленген 20 сұрақтан тұрады және отбасының жақын туыстарының жағдайымен алаңдап отырғандарға арналған. Нәтижесінде әрекеті алаңдатып отырған (ойынға байланысты шамалы проблемалардың болуы - әлеуметтік және проблемді ойыншы арасындағы шектес жағдай – проблемді ойыншы) отбасы мүшесінің игроманияға тартылу деңгейлерін саралап анықтау мүмкіндігі бар. Соңғы жағдайда мамандарға барып, аддиктологиялық көмектің келесі кезеңдерінен өту ұсынылады (аталған әдістеменің толық мазмұнын қосымшадан қараңыз).

Неғұрлым көлемді және дәлелді ақпарат алу үшін тестілеуді екі рет өткізген жөн: әрекеті алаңдатып отырған сыналатын адамның және тиісті әдістемелерді қолдану арқылы оның отбасы мүшелерін. Нәтижелері сәйкес келген жағдайда, сұхбаткердің фокус топтарының біреуіне қатысты екенін анықтау үшін негіздер көбейеді. Оған айқын тәуекелдері және құмар ойындарға патологиялық құмарлықтың бастапқы белгілері бар адамдарға алғашқы профилактикалық аддиктологиялық көмегі кезеңінің мақсатты топтары кіретіні белгілі.


жүктеу 0,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау