Патологическое пристрастие к азартным играм (игромания), интернет-зависимость



жүктеу 0,65 Mb.
бет5/31
Дата25.08.2020
өлшемі0,65 Mb.
#31263
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Пікірлердің екінші топтамасы

Соңғы 6 айда келесі белгілердің пайда болғанын байқадым:

  1. Компьютерде өткізген уақыт көбейді. Бұл жұмысыма байланысты емес.

  2. Бұрын маған тән болатын ынта-ықыластар азайды (компьютер мен интернетке қатысты емес).

  3. Компьютерді қосып, интернетке қосылған кезде көңілімнің аса көтерілуі, жігерімнің күшеюі байқалады.

  4. Компьютермен жұмыс аяқталғаннан кейін тез арада әлсіздік, ұйқышылдық пайда болады.

  5. Үйреншікті немесе жаңа виртуалды образдар қайта есіме түсіп, оларға байланысты бастан кетпейтін ойлар келеді.

  6. Үнемі компьютерлік әрекеттер туралы ойлар келеді, сол әрекеттердің бастан кетпейтін көріністері ойландырады (кейбір кезде түсімде).

  7. Компьютер, интернет және басқа желілер саласындағы ынта-ықыластардың топтануы.

  8. Интернет араласудың негізгі құралы болып барады.

  9. Интернетке қол жетімділік шектелген жағдайда орын таба алмаймын, өзімді нашар сезінемін.

  10. Компьютерде өткізген уақыт өте жылдам өтеді, бір жерге қалып, жоспарланған істі орындауды ұмытып қалғанымды аңғармай қаламын.

  11. Соңғы кезде жиі басым ауыра бастады, жиі шаршап қаламын.

  12. Интернеттегі «өзімнің» адамдарыммен «өзімнің» тілімде араласу кезінде көңілді боламын.

  13. Менің компьютерлік уақытыма шектеу жасалған кезде ашулылық, агрессия пайда болады.

  14. Соңғы кезде болашағымды сирек ойлай бастадым, өзімнің болашағымның қалай болатынын білмеймін.

  15. Басқа болып, өзгергенімді сезінемін, бірақ оны ойлағым келмейді.


Пікірлердің екінші топтамасы бойынша нәтижелерді талдау

Әрбір оң жауапқа 1 балл қосылады. Сонымен балдардың ең көп жиынтығы – 15.

Екінші сұрақтар топтамасы бойынша жиналған балдардың жалпы саны:

- 0-ден 2 балға дейін – интернет-тәуелділігінің белгілері жоқ екенін көрсетеді;

- 3-тен 5 балға дейін – интернет-тәуелділігі қалыптасуының бастапқы кезеңдері бар екенін көрсетеді;

- 6-дан 15 балға дейін – екінші түрдегі интернет-тәуелділігі толығымен қалыптасқанын көрсетеді.


Соңғы топтағы сыналатын адамдарға аддиктологиялық көмектің келесі кезендерінен өту ұсынылады.

Екінші түрдегі интернет-тәуелділігін нақтылау және объектілеу мақсатында интернет-тәуелділігіне тартылу белгілері бар балалар мен жасөспірімдердің ата-аналарына арналған «Интернет-аддикциялардың отбасылық диагностикасы (ИАОД)» атты жинақ әзірленді (А.Л. Катков, Ж.Ш. Аманова, 2011).

Сұрақ-жауап қалыптасудағы немесе қалыптасқан интернет-тәуелділігінің қайшы салдарын индентификациялау мен ортақ бағалауға негізделген, олар балалар мен жасөспірімдердің ата-аналарымен немесе жақын туыстарымен белгіленеді (Л.О. Пережогин, Н.В. Вострокнутов, 2009).

Сұрақ-жауапта балмен есептелетін 22 пікір бар. Балдардың жалпы бағалауы екінші түрдегі интернет-тәуелділігіне тартылу дәрежесін көрсетеді.


Сұрақ-жауапты толтыру бойынша нұсқау

Сізге балаңыздың компьютерге еліктеуіне қатысты жағдайын сипаттайтын пікірлердің нұсқалар топтамасы беріледі.

Сіздің ұлыңызға (қызыңызға) қатысты пікірлерді дөңгелетіңіз немесе жауап санына «х» қойыңыз.

Осы сұрақ-жауапта «жақсы» немесе «жаман» жауаптар жоқ екенін есте сақтаңыз. Ең бастысы сіз таңдаған нұсқалар бала әрекетінің сипаттамаларына сәйкес келуі.

Сіздің жауаптарыңыз жөніндегі ақпарат жасырын болады.

Ынтымақтастық үшін алғыс білдіреміз!



жүктеу 0,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау