Білім беру стратегиялары: ТҰЛҒаны қалыптастыру парадигмасы



жүктеу 5,22 Kb.
Pdf просмотр
бет53/62
Дата21.01.2018
өлшемі5,22 Kb.
#7778
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   62

107
ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Қозыбай А.Қ.
д.п.н., профессор 
Халықаралық педагогикалық білім беру ғылым академиясының академигі 
Аңдатпа. Мақалада, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқу үдерісіне енгізу тəжіри-
бесіне талдау жасап, осы технологияларды қолданудың негізгі жаңа бағыттарын көрсетілген. Сонымен 
қатар, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқу үдерісіне енгізуге жəне электрондық оқу-
лықтарды даярлауға қойылатын талаптар ұсынылады. 
Кілттік  сөздер:компьютерлік  сауаттылық,  ақпараттық  мəдениеттілік,  виртуалды  шындық,  ми-
кроəлем ортасы, гиперорта, жобалап оқыту əдісі.
2011-2020  жж.  Білім  беруді  дамытудың  мемлекеттік  бағдарламасында 2020 жылы  білім  берудің 
қазақстандық  жүйесі  біртұтас  əлемдік  ақпараттық  білімдік  кеңістіктің  бөлігі  ретінде  қызмет  ететін 
болады. Бағдарлама біртұтас ақпараттық білімдік кеңістікті құру бойынша, еңалдымен «білім беруді 
дамытудың  ақпараттық  пен  ғылыми  əдістемелік  жасақтамасының  біртұтас  жүйесінің  негізін  қалып-
тастыруға жəне білім беруді тиімді басқарудың объектілері мен процестері үшін салалық ақпараттық 
жүйені құруға» мүмкіндік беретін басым бағытты анықтайды. Адамзаттық ресурстардың əлуетін арт-
тыру мақсатында электрондық оқыту білім беруді түбегейлі жаңартудың басым бағыты деп аталған. 
Ақпараттық қатынастық технологиялар (АҚТ) жəне оларды меңгеру Қазақстан Республикасының 
бəсекелестікке  қабілетін  диверсификациялау  мен  арттыру  арқылы  оның  экономикасының  тұрақты 
жəне теңгерілген өсуін жасақтауға бағытталған жылдамдатылған индустриальдық инновациялық да-
мытудың  Мемлекеттік  бағдарламасын  іске  асыруда  маңызды  рөл  атқарады.  Адамзаттың  барлық  тір-
шілік іс-əрекетінің əр-түрлі саласына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың таралуы қазір-
гі заман талаптарының қажетті, нақты сұраныстарға сəйкестігімен дəлелденіп отыр.
Жоғары білім беру жүйесінде, оның ішінде кəсіптік-техникалық саласындағы мекемелерімен жəне 
оқу орындары жұмыстарының тиімділігі мамандарының жаңа ақпараттық-коммуникациялық техноло-
гияларсаласындағы құзіреттілік деңгейімен анықталады. Қазіргі таңда, қоғамда компьютерлік сауат-
тылық жəне ақпараттық мəдениеттілік сияқты ұғымдар жиі қолданылуда, сонымен қатар компьютерді 
адам күнделікті жұмыста, оқу үдерісінде жəне тұрмыста пайдалануда.
Компьютерлік сауаттылық деп ақпараттық-коммуникациялық технологиялардықолданып, өзіне қа-
жетті ақпараттарды таба білу, оны дұрыс қабылдау жəне пайдалану, компьютердің көмегімен нысан-
дар құрып жəне оны ақпараттың барлық түрінен құралған гиперортамен байланысын жасау жəне жа-
салған нысандардың нақты түрде жəне модельдегі жұмыстарын көрсете білу. Бұлтұлғаның ақпараттық 
мəдениетінің құраушы бөлігі болып саналады, ал ақпараттық мəдениетті тұлға дүниенің ақпараттық 
көрінісін рəміз жəне белгілер жүйесі жиынтығы ретінде қарастырып оны түсініп меңгеретін жəне ақпа-
раттық қоғамда еркін бейімделу қабілеті [1].
Қазақстандағы көптеген жоғары оқу орындарына, соның ішінде, Қазақ ұлттық аграрлық универси-
тетіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу тəжірибесіне талдау жасап, келесі атал-
мыш технологияларды қолданудың негізгі жаңа бағыттарын көрсетуге болады:
- оқыту материалдарын пайдалану, оның ішінде электрондық оқулықтардың студенттердің өзіндік 
жұмыстарына арналуы;
- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жоғары оқу орындарында оқыту құралы ретінде 
жəне оқыту үдерісін бақылау үшін пайдалануы (компьютерлік сыныптар, əртүрлі пəндер бойынша де-
ректер жиынтығы түрінде).
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуына байланысты білім беру жүйесіне элек-
трондық оқулық жəне сандық білім беру ресурстары студенттерге оқыту материалдары түрінде жаса-
лып ұсынылуда. Мұндағы негізгі мəселелердің бірі, жасаушылар электрондық оқулықтардың мағына-
сын дұрыс түсінбей мазмұнын оңайлатып, жеңілдетуінде, мұнда оқулықтың қағаз нұсқасында оқыту 
ақпараттарын  қайталап  жазып,  компьютердің  ақпараттық-коммуникациялық  мүмкіндіктерін  толық 
пайдаланбайды. Сонымен қатар, студенттер теориялық материалдарды кəдімгі қағаз кітаптардан мең-
геріп,  одан  кейін  жаттығу  немесе  бақылау,  бағалау  режимінде  компьютерде  практикалық  тапсырма-
ларды орындайды. Мұндай бағдарламалық-əдістемелік кешендерді компьютерлендірілген оқулық деп 
ғана  айтуға  болады.  Сондықтан,  электрондық  оқулықтардың  мағынасын  қалай  түсінуге  болатынын 


108
міндетті түрде анықтау керек.
Электрондық оқулық – өте жоғары ғылыми жəне əдістемелік деңгейде жасалған, пəннің мазмұны 
ҚР-ның Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына толық сəйкес келетін басылым жəне 
электрондық басылымның құрамына графикалық, мəтіндік, сандық, сөздік, музыкалық, видео-, фото- 
жəне басқа да ақпараттар кіреді.
Сонымен,  электрондық  оқулық:  оқыту  бағдарлама  жүйесін  құрайтын,  дидактикалық  циклдің 
үздіксіздігін жəне тұтастығын қамтамасыз ететін, кешендік қызмет атқаратын, сонымен қатар теори-
ялық материалдарды көрсетеді, оқу-жаттығу жəне ақпараттық-ізденіс жұмысын ұйымдастырады, білім 
деңгейін тексеруді, интербелсенді қайтымдылық байланысты жүзеге асырады.
Электрондық оқулықтарды жетілдіру келесідей қазіргі заманғы технологияларға негізделіп жаса-
лады: мультимедиялық, «виртуалды шындық», «микроəлем ортасы» жəне басқалары, сонымен қатар, 
бұлар электрондық оқулықтарда студенттердің тек өзіндік жұмыстарды орындауға ғана емес, жалпы 
сабақ өткізу барысында қолданады.
Мультимедиялық  технологиялар  қозғалмайтын  бейнелермен,  видеобейнелермен,  анимациялар-
мен, мəтіндермен жəне дыбыстармен жұмыс істеуді қамтамасыз етеді. Ақпараттық-коммуникациялық 
құралдармен алынғанақпараттар, қажетті өңдеулерден өткеннен кейінгі мультимедияны оқу үдерісінде 
қолдану көзбен көргендер мен аудио əсерлердің оңтайлы өзара əрекеттесуі оқу үдерісінің тиімді өтуін 
қамтамасыз етеді.
«Виртуальді  шындық»  жаңа  компьютерлік  технологиялар  жасаудың  күрделілігіне  жəне  оқыту 
үдерісіне енгізудің қиындығына қарамастан (ақпараттармен жəне бағдарламалармен қамтамасыз ету-
дің өте қымбаттығы) жаппай қолданыс табуда. Оқыту үдерісіне мұндай технологияларды енгізу, əсіре-
се қажетті оқыту құрал-жабдықтары жетіспеуде немесе өндірістегі проблемалық жағдайларды нақты 
жасап көрсетуде болашақ мамандардың əртүрлі қызметтерін, іс-əрекеттерді модельдеуге болады.
«Микроəлем»ортасы  компьютерлік  модельдеу  негізінде  студенттердің  зерттеу  жұмыстарын  ұй-
ымдастыруға мүмкіндік береді. Аталмыш, ортаға зерттеуге қажетті ақпараттар, анимациялық жəне ви-
деороликтер, аудиоқостаулар, электрондық кестелер, компьютерлерге қосылған арнайы датчиктердің 
көмегімен стендттердің, машиналардың, агрегаттардың нақты жұмыстарын басқаруға арналған жүй-
елер кіреді, онда алынған деректер өңделіп, кестелер, диаграммалар, графиктер түрінде көрсетіледі. 
«Микроəлем»  ортасы  негізінде  оқыту  үдерісіне  жобалап  оқыту  əдісін  енгізуге  өте  қолайлы  жағдай 
жасайды.
Жобалап оқыту əдісі, XX-ғасырдың 20-шы жылдары пайда болып, өзінің тарихында көптеген өзгері-
стерге ұшырап, қазіргі кезде оқушылардың машықтану танымдылығын дамыту, олардың сын тұрғыда 
ойлау,  білімін  өзбетінше  қолдана  білу,  ақпараттық  кеңістікте  «бағыт  таба»  білу  мақсатында  өте  көп 
қолданыс табуда [2].
Жобалап  оқыту  əдісі  білім  алушылардың  (жеке  немесе  ұжыммен)  кез-келген  мəселелерді  өз  бет-
терінше шешуді, зерттеу əдістерін пайдалануды, теориялық жəне практикалық мəні бар əр түрлі са-
ладағы техникалармен жəне технологиялардан нақты нəтиже алу мақсатында білім жəне біліктілікті 
біріктіруді қарастырады.
Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың оқыту үдерісіндегі мəнін бағалау өте қиын, 
өйткені олар көптеген дидактикалық мүмкіндіктерді қамтиды. Мұнда, дəстүрлі оқыту жүйесінің ба-
ламасы ретінде қарастыруға мүлдем болмайды, өйткені қандай дамыған компьютер педагогпен жəне 
оқушылардың  тірі  адамдық  қатынасын  ауыстыра  алмайды.  Сонымен  қатар,  ақпараттарды  жəне  оны 
жинау  тəсілдерін,  оларды  түрлендіріп  өңдеуді,  сақтауды  жəне  беруді  білетін  білім  алушылар  оқыту 
үдерісінде кең ауқымды мəселелерді өз беттерімен тауып жəне оларды шығармашылық тұрғыда ше-
шетін педагогикалық үрдістегі, зерттеу жұмыстарындағы белсенді субъектілерге айналады.
Əртүрлі  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  оқу  үдерісіне  енгізу  ғылыми  тұрғыдан 
міндетті  түрде  негізделіп,  компьютерлік  оқу  бағдарламалары  жəне  электрондық  оқулықтар  сарапта-
удан өту керек: бағдарламалық жүйелердің бірнеше белгілеріне сəйкес келу негізіне байланысты са-
рапшылар оның сапасын дəлелдейтін сертификат-құжатын береді жəне бұл бағдарламалар оқу үдерісі-
не енгізуге ұсынылады.
Өкінішке орай, қазіргі таңда əртүрлі бағдарламалық өнімдерді педагогикалық мақсатқа сəйкес пай-
даланудың жалпы қабылданған жүйелік белгілері мен бағалаулары қалыптасқан жоқ, сонымен қатар 
үйлесімді келесі белгілер жүйесі ұсынылып жүр:
- дидактикалық қағидаларға сəйкестігі (ғылымилық, қол жетерлік, қолайлылық, белсенділік, жүй-
елілік жəне бірізділік, білім берудің баяндылығы, білім беру, тəрбиелеу жəне басқа да іс-əрекеттердің 
біртұтастығы);


жүктеу 5,22 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау