92
негізгі мақсат жан-жақты дамыған білімді тұлғаны тәрбиелеу. Өзгерістер өнер саласын да
қамтыды. Тәрбиелеудің бір құралы кең сан қырлы ұғымды қамтитын музыкалық өнер.
Халық тағлымының байлығын өн бойына жинақтаған ертеден қалыптасқан
педагогикалық тәжірибеде, тәлім-тәрбиеде оқу-ағарту мәселелері әлі де жетерлік. Музыка
адамзаттың рухани азығы, жан серігі, ұшқыр қиялы, нәзік сезімі. Қазақ халқы құлақтан кіріп
бойды алар әсем ән мен тәтті күйді ұнатқан. Домбыра сөйлейді, қобыз жеткізеді, сыбызғы
білдіреді деген сөз тіркестері қазақ мәдениетінде кездейсоқ кездеспейді. Сабақта
оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда музыка мұғалімінің негізгі міндеті
толықтырылған кеңейтілген бағдарлама негізінде оқу-тәрбие үрдісін және ұстаздың
педагогикалық шеберлігін дамыту. Жас өспірімнің бойында талғампаздық эмоциялық
сезімпаздық қалыптастыруында, оның мәдениетті болып өсуінде музыка әлемін түсінуде
мектептегі музыка тәрбиесінің алатын орны ерекше. Әр түрлі жанрлы музыкалық
шығармаларды тану, музыкадағы түрлі кезеңдермен көңілді ажыратуда оқушының
музыкалық шығармашылығын дамытады. Жас өспірім – тыңдаушы, орындаушы музыкаға
деген өзінің ой-пікірін көрсететін, түсінетін оқушы. Сондықтан музыкалық шығармашылық
қабілеттің басты саласының бірі ол музыка арқылы тәрбие. Эстетика мен музыкалық
шығармашылық қабілеттің ортақ мәселесі адамның табиғат пен өмірдегі әсемдікті қабылдап
бағалауға және түсінуге тәрбиелеп оқыту. Мұғалімнің міндеті оқушының жай ғана
музыкалық икемін дамытып, оған музыка білім ғана беру емес, оған музыкаға күнделікті
байланыс керектігін таныту арқылы оның шығармашылық белсенділігін арттыру.
Музыкалық тәрбие әдебиет бейнелеу өнері, тіл, тарих тағы басқа пәндермен байланысты.
Сонда ғана біз оқушының мәдениетті жан дүниесі бай ой-парасаты кемелденген білімді
оқушы етіп тәрбиелей аламыз. Музыка тіл айтып жеткізе алмайтын адамның киелі нәзік
сезімі. Музыка бұл сезім тілі, адам жанын баурап алатын, моральдық сезімдік эстетикалық
бірлігі болып табылады. Мектептегі музыка пәні оқушыларға басты тәрбие құралы болып
есептеледі. Олардың рухани өмірі мен тәжірибенің музыка әлемін түсініп қабылдауы.
Оқушының талғампаздығы, эмоциялық сезімталдығы, білімділігі, мәдениеттілігі, жас
өспірімге ақыл-ой, сана-сезімдігі жақсы мінез-құлықтың қалыптасуына әсерін тигізеді.
Музыканың қажеттілігі – ол музыка өнерінің негізімен оның өмірі мен байланысы жайлы
түсінігін жетілдіру, баянды меңгеруіне көмектесу. Музыкалық тәжірибелік іскерліктерін
дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Оқушының бойында рухани мәдениеттің
маңызы мен ажырамас келбетін байытатын музыканың әсері мол. Олардың бойында түсінігі,
сезімдік қабілеттілігінің тұрақтылығы музыка тілінің ерекшелігін меңгеру. Музыка
сабағында, сыныптан тыс уақыттарда бастауыш сынып оқушыларымен музыкалық тәрбие
жұмысын жүргізе білуге, күнделікті өмірге музыка өнерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін
кеңірек пайдалана білуге даярлау. Негізгі мақсаты: оқушының бойында рухани мәдениеттің
аса маңызды ажырамас бөлігі музыкалық мәдениетті қалыптастыру арқылы шығармашылық
қабілеттерін арттыру. Отанға, өз халқына деген сүйіспеншілік, халық музыкасына, өз
халқының рухани мәдени мұрасына, салт-дәстүріне сезімдерін оятады. Әр түрлі ұлт
өкілдерінің бір-біріне деген достық, ұлт аралық бірлікке сезімдерін ояту, оны жетілдіру.
Балалардың музыка арқылы түсінігін сезіну қабілетін музыка ерекшелігін меңгеру. Бүгінгі
таңда балаларды жастайынан өнерге баулу музыкалық тәрбие арқылы жаңа тұлғаны, жаңа
адамды тәрбиелеп қалыптастыру. Сухомлинский былай деді: «музыка адамның табиғаттың
әсемдігінен, еңбекке деген құлшынысын арттырады, музыканың арқасында адамның
айналаға, өмірге, тіпті өзіне деген көзқарасты өзгертеді.» Оқушыларға музыкалық тәрбие
беру олардың өнерге деген сезімін ояту, таңдаулы халықтың шетелдік және классикалық
музыкасын, Қазақстан композиторларының шығармаларын сүйіп тыңдай білуге
дағдыландырып үйрету негізінен музыка сабағында, іске асырылады. Жеке тұлғаны
қалыптастырудағы музыкалық мәдениеттің рөлі. Адам баласы материалдық және рухани
өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның мүшесі ретінде өзіндік
ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен
көрінуге тырысып бағады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез-құлықтық
93
қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше дараланған жеке тұлға. Адамдар жеке тұлға
болып бірден дүниеге келмейді. Әрбір адамды қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру қажет.
Жеке тұлға дегеніміз адамның мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындығы
ерекшелігімен даралануы. Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалық бірыңғай болуына
қарамастан, өзін қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік ой-пікірінің,
көзқарасының болуы, олардың өзі көріп-білген құбылысқа деген көзқарасын, ой-пікірін
білдіруі заңды құбылыс. Мәселен, біреулер айналасындағы құбылысқа таңдана, тамашалай
қараса, ал енді біреулер сын көзімен қарап ой қорытуы, сыни пікірлер айтуы мүмкін.
Адамдардың қоршаған табиғи ортадағы құбылыстарды қабылдап түсінуі де әр түрлі.
Ол адамның жеке басына тән физиологиялық, психологиялық, биологиялық
ерекшеліктермен тығыз байланысты. Мәселен біреулердің бір нәрсені жасауға іскерлік
қабілеті болса, екінші адамда оның болмауы, біреудің ұйымдастырушылық қабілеті күшті
болса, ал екінші бір адамның ұйымдастыру ісіне қабілетсіз болуы, біреу бір айтқаннан
білімді тез қабылдаса, ал екінші бір адамның абстракциялық ойлау қабілетінің баяу дамуы,
біреулердің сурет салуға, ән салуға бейімділігі болуы мүмкін. Жеке бастың бұл ерекшеліктер
адамдардың басқалармен ұжымдық қарым-қатынасында байқалады. Сонымен бірге адам
баласы өмірде үздіксіз тәрбие құшағында болатынын, бұрынғы игерген білім, білік,
дағдылары біртіндеп көмескіленіп, оның орнына жаңа білім, білік, дағдыларды меңгерумен
шұғылданатынын ескеруге де тура келді. Жеке тұлғаның ой-санасының, білім көлемінің
толығуымен байланысты оның өмірге көзқарасы, белгілі құбылыстарға баға беруінде де
өзгерістердің болуы, оның жаңаруы мүмкін. Бұған қоса әлеуметтік ортаның, отбасы
мүшелерінің, жолдас-жораларының, таныстары мен достарының да белгілі мөлшерде әсер
ететінін ескерсек, жеке тұлғаның ерекшелігінің басым болуына оның да ықпалы зор. Сондай-
ақ басқалардың көзқарасын, ой-пікірлерін қабылдау дәрежесі де түрліше болады. Сондықтан
да әр адамды бір-біріне ұқсамайтын, өзіндік ерекшелігімен дараланған тұлға дейміз. Жеке
тұлға өзін-өзі бағалауға да, өзінің іс-әрекетін, оның нәтижелерін басқалардың іс-әрекетімен
салыстырып байқауға, басқалардың бойындағы артықшылық қасиеттерді көре, тани білуге,
соған теңелсем, сондай болсам деп ұмтылыс, іс-әрекет жасауға да қабілетті. Жеке тұлғаға тән
қасиет – ақыл, ес, яғни олар өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен қарап бағалауға бейім
тұрады. Сондықтан өмірді танып білу дегеніміз миллиондаған жеке тұлғалардың сезім,
түсінігінен тұрады. «Тұлға» дегеніміз адамның келешек өмірдегі жобасының келбеті. Яғни
адам өз бейнесін өзі жасаушы. Тұлға-жеке адамның өзін өмірде көрсетудегі мақсатының
орындалуы ғана емес, оның ерік-жігерінің іске асуы. Яғни өзі жөніндегі ойын еркін іске
асырудың дайындығы және оны іске асыруының нәтижесі, көрінісі. Сонымен бірге, тұлға
дегеніміз сезімнің, әсердің, ішкі күйініш-сүйініштің бойға жинақталған көрінісі. Тұлғаның
құрылымдық компоненттері үш бөліктен тұрады. Біріншіден –оның ақыл-ойын дамыту
арқылы санасын жетілдіру; екіншіден-адамзаттық өркениетті тұлғаның бойына біртіндеп
сіңіру; үшіншіден-жеке тұлғаны іс-әрекетке ендіру арқылы өзін-өзі тәрбиелеуге белсене
қатыстыру. Тұлғаны тәрбиелеп жетілдіруде осы үш компонент органикалық бірлікте қызмет
етеді. Баланың тұлғасын жан-жақты дамытуды қаншалықты ерте бастау керек. Туған күннен-
ақ бастап, балаларға әр түрлі жағдайлар әсер етеді. Үй тұрмысы, үлкендердің сөзі,
қарапайым балалық өлеңдер, теледидар бағдарламалары және тағы да басқа әр түрлі
жағдайлар баланың білімі мен сезіміне жастайынан айрықша әсер етеді. Үлкендердің
сөйлегендері баланың тұлғасына тек жағымды әсер еткен жағдай қазіргі уақытта қол
жетпейін арман. Бірақ баламен қарым-қатынаста болатын адамдар оның рухани байлығы өте
төмен екенін жақсы түсінеді. Сондықтан да әрбір мектеп баланың сана-сезімін байыту
мақсатымен ән-күй пәндерін кешіктірмей беру керек. Кейбір кезде балалар музыкалық
білімді алмай барлық пәндерден өте төмен балды алып жүрген жағдайлар да аз емес.
Оқушыларға өнер саласын ашқаннан кейін, баланың дамуына үлкен әсер етеді.
Музыкалық тәрбиені беру үшін алдымен оның мақсаты мен мүмкіндіктерін бөліп шығару
қажет. Музыка ең алдымен эмоционалдық қанағаттандыруды береді. Екіншіден, музыкалық
тәрбиенің негіз - ақыл-ойды ғылымның көмегімен жетілдіру. Үшіншіден - бұл эмоционалдық
Достарыңызбен бөлісу: |