84
3. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына
Жолдауы. 2012 жыл, 14 желтоқсан. «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан
мемелекеттің жаңа саяси бағыты / Послание Президента Республики Казахстан – Лидера
Нации Н.А.Назарбаева народу Казахстана. 14 декабря 2012 года. Стратегия « Казахстан –
2050»: новый политический курс состоявшегося государства.- Петропавл, 2012.- 176 б.
ӘОК 37.013.2
ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ – ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ОҚУШЫЛАРДЫҢ
ДАРЫНДЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
Джуманова Салтанат Кадирбековна
Жетісу орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі, Алматы облысы Ескелді ауданы.
jetisu-jetisu@mail.ru
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең
алғаш рет әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның
дарындылығын таныту сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. ХХI ғасыр -
бәсеке ғасыры, бұл бәсеке енжарлықты, керітартпалықты көтермейді. Еліміз егемендігін
алып, өзін бүкіл әлемге мойындата бастаған осы кезеңде біздің қоғам дарынды, қабілетті,
жан-жақты жетілген адамдарды қажет етеді. Сондықтан да еліміздің білім берудегі ұлттық
жүйесі өте қарқынды өзгерістер сатысында тұр. Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат - ұлттық
құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан тұлға
тәрбиелеу. Ол үшін оқушылардың белсенділігін арттыру, іздемпаздыққа үйрету және білімді
өз бетінше алуы мен қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу керек.
Жас жеткіншектердің бойындағы ерекше қабілеттілікті, дарындылықты тани білу,
оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар беру, оны сол бағытта жетелеу - ұстаз парызы. Ұлы
ойшыл Плутарх кезінде: «Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып
кетеді. Сондықтан әрбір ұстаз бұған жол бермеуі керек», - деген екен. ХХI ғасыр – білімділер
ғасыры. Сол себептен де білім сапасын арттыру, оқушылардың дарындылығын айқындап,
біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми ізденіс қабілеттерін қалыптастыру -
әрбір ұстаздың міндеті. ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамды
қалыптастыруда білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Осы тұрғыда
мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр.
Әрине бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау
мүмкіндіктері әртүрлі болады. Дегенмен әр баланың бір нәрсеге бейімі болады.
Бейімділік - оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Баланың жасырын, тіпті
тым терең жатқан қабілеттерінің көрінуін мүмкіндік жасау тек оқыту үрдісі кезінде
үлкендердің басшылығымен жүзеге асады.
Педагогика ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілетсіз адам болмайды деп дәлелдейді.
Сол себебті, балалардың қабілетін кеңінен өрістете дамытуға тек мектеп қана мақсатты түрде
ықпал ете алады. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда әр түрлі әдіс -
тәсілдерді қолдануға болады. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының мән - мағынасын
ұйымдастырудың тәсіл - амалдарын бір ғана белгімен сипаттауға болмайды.
Өзіндік жұмыстың ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар:
Мұғалімнің нақты тапсырмалар беруі;
Жұмысты орындаудың уақытын белгілеу;
Мұғалімнің басқаруымен оқушылардың
Дербестігініңөзара байланысы олардың жұмысты өз
еркімен орындау.
85
Оқушылардың өзіндік жұмысы - мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқушының
оқу жұмысының жеке дара және ұжымдық түрі. Өзіндік тапсырмаларды орындау барысында
оқушылардан белсенді ойлау талап етілді. Осының нәтижесінде оқушылар өздігінен
бақылауды үйренеді, олар да тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім,
еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір - бірімен деген жолдастық көмек
қалыптасады. Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты оқушылардың танымдық міндеттерін
қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге
қүштарлығын ояту. Мұғалім сабақта әдіс - тісілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс
- пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға
мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс – тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың
ойлануына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып оларды
сөйлетуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі балардың
ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан - жақты тануды
ойлап, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір мұғалімнің міндеті.
Педагогикалық энциклопедияда: «Дарындылық дегеніміз – адамдардың қабілеттерін
жете жақсы дамуының жоғары сатысы», - деп атап көрсетіледі. Осы қабілеттілік арқылы
адамдар көптеген жақсы жетістіктерге жете алады. Дарындылық – сапалы қабілеттердің
өзіндік бірлесуі: оның арқасында іс-әрекет жақсарады.
Жалпы қабілеті дами білген оқушы математика, физика, биология, әдебиет
сабақтарын бірдей жақсы игеріп, мектеп шеберханасы, тәжірибе алаңы, лабораториядағы
түрлі еңбек тапсырмаларын да сәтті орындап отырады. Оқушыны дамытуда ежелгі
замандардан бері математиканың алар орны ерекше. Математиканың ғылым мен техниканың
қарқынды дамуына қосар үлесі аз болған жоқ. Математика – барлық ғылымдардың
логикалық негізі, демек, математика - оқушының дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады,
дамытады, оны шыңдай түседі және әлемде болып жатқан жаңалықтарды дұрыс қабылдауға
көмек береді. Математика сабағында оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып,
оқушылардың шығармашылық ізденістерін, өз бетінше жұмыс істеу белсенділіктерін
арттыру барысында теориялық білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға
болады. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда, математиканың негізін қалыптастыру,
ұғындыру, түсініктерін тереңдетуде бастауыш сынып мұғалімдерінің математикалық
білімдері терең болуы керек. Математика пәнін жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы
тақырыпты толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын, әр түрлі деңгейдегі есептерді
шығара білу іскерлігі , оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс – амалдарын,
құралдарын еркін меңгеретін , оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып
дарындылығын дамутудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір
талабы. Қазіргі кезде дарынды балалардың ерекшеліктері мен бейімділігін және мінез-
құлқын сипаттайтын бірнеше тізімдер бар. Мысалы, әлемге әйгілі Б.Кларктың кітабында дәл
осындай бес тізім бар. Олар баланың ойлау, шығармашылық қабілеттерін және өнер
саласындағы (ән, би, драма т.б) қабілетін сипаттайды.
Қазіргі заман талабына сай шығармашылық қабілеттің дамуына бағытталған білім
дегеніміз – аз уақыт ішінде мол идея қорын алу емес, керісінше, жеке тұлғаның толық
дамуын қамтамасыз ететін іс Шығармашылық қабілеттің дамуы әрбір балаға қажет екендігін,
әр тұлғаның қоғам дамуында өз орны бар екендігін біле отырып, дарынды балалардың тек
өткенге емес, болашаққа да қызығушылығымен, іс-әрекеттердің жаңа тәсілдерін көбейтуге
қабілеттерімен ерекшеленетіндігін атап өту қажет. Сонымен бірге бұл жеке тұлғалық
дамудың мақсаттарына да жауап береді. Баланың дарындылығын анықтаудың негізі
мектептен басталады.
Мектеп балаларымен жұмыс істеу – ерекше маңызды педагогикалық проблема.
Осыған байланысты дарынды балалармен жұмыс істеудің төмендегідей кезеңдерін
анықтауға болады:
Баланың жеке ерекшелігін, дарынын зерттеу;
Балалар шығармашылық өнімдерін жариялау;
Достарыңызбен бөлісу: |