226
бoйыншa білімгерлердің бeлceнді тaнымдық қызмeтін ұйымдacтыpу мeн ынтaлaндыpудың
пeдaгoгикaлық үpдіcі.
Кредиттік оқыту жүйесінде пәнаралық интеграцияны жүзеге асыруда келесі әдістерді
қолдануға болады:
сөздік әдіс; практикалық әдіс; көрнекілік әдіс; интерактивті әдіс;
топтық жұмыс; «ойға шабуыл»; мәтінді рольге бөліп оқу әдісі; бірлескен ізденіс; хабарлап
оқыту әдісі және т.б.
Оқытудың белсенді әдістері ұғымының мәні білімгерлердің танымға деген
қызығушылығымен, әрекеттігімен, оқытушының білімгерлерге жекеше, топтық, ұжымдық
жұмыстарға шығармашылықпен қатысуымен анықталады. Енді төмендегі көрсетілген
әдістерді сипаттап көрейік.
1. «Топпен жұмыс». Бұл әдісті қолдану барысында білімгерлер мына әрекеттерді
орындайды:
- жұптасып ой бөліседі;
- бір-біріне сұрақ қояды;
- пікір-таласқа белсенділікпен қатысып ұжымның сұранысымен санасады;
- білім сапасына жауапкершілікті алуға бағытталады.
Топтық жұмыс барысында әңгіме, сұрақ-жауап, интервью, пікірталас, сұхбат әдістері
қолданылады. Білімгерлердің белсенділігін арттыру үшін сұрақ қоюға, әңгіме кұруға,
интервью жауаптарын беруге, пікір-таласқа түсуге және дәлелді сөйлеуге үйрету қажет.
Соның ішінде сұрақ-жауап әдісіне қойылатын талаптар:
- сұрақ нақты,
қысқа болуы керек;
- сұрақ екі
ұшты болмауы керек;
- сұрақта жауаптың жобасы
сөзілмеуі керек;
- сұрақ қою мәнеріне мән берілуі керек.
Топтық жұмысқа білімгерлердің әр қайсысының өз мүмкіндігінше қатысуына жағдай
жасау - оқытушының міндеті. Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы, оқытушы
білімгерлерді бір-біріне сұрақ қоюға, пікірлесуге және өзін-өзі, топ мүшелерін, топтық
жұмыс нәтижелерін бағалауға үйретеді.
Білімгерлер өзіндік әрекетті бағалау арқылы білімдерін үнемі жетілдіруге бағыт
алады. Бағаның әділ, объективті түрде болуына талаптанады, ал бұл әрекеттердің барлығы -
білімгерлердің өзіндік дұрыс бағалауының қалыптасуына әсерін тигізеді.
2.
«Ойға шабуыл» — білімгерлер сұрақ-жауапқа, пікірталасқа белсенді қатысады.
Әдетте, бұл әдіс сабақ барысында, тақырыпқа орай қолданылады. Сабақ сұрақ қоюдан
басталып, білімгерлер өз пікірлерін айтуға мүмкіндік алады.
Сұраққа жауап беруде шек қойылмайды, сын айтылмайды, білімгердің ой қажеттілігін
дамыту үшін оқытушы белсенділік көрсету әрекеттерін қарастырады. Бұл әдістің тиімділігі:
білімгерлердің бұрынғы игергендерін жаңа біліммен ұштастыруға ықпал етеді.
3.
«Мәтінді рольге бөліп оқу әдісі». Білімгерлер кітаппен жұмыс істеу барысында
рольдік орындау әрекеттеріне кіріседі. Мәтіндегі рольдерді бөліп алады.
Мысалы:
- біріншісі - автор
орнында қызмет етеді;
- екіншісі - мәтін бойынша сұрақ дайындайды;
- үшіншісі - мәтін мазмұнынан жауаптар іздейді;
- төртіншісі - сол жауаптардың дәйектілігін негіздейтін мәтін ішінен сілтемелерді
тауып оқиды,
жариялайды;
- бесіншісі - әрекеттердің орындалу уақыт мөлшерін қадағалайды.
Топ көшбасшысы анықталады, бұл рольді ауыстырып тұруға болады. Мәтінді рольге
бөліп оқу әдісінің тиімділігі: сабақтағы тақырып мазмұнының терең талқыланып, түсінуге
мүмкіндік жасайды.
4. «Бірлескен ізденіс». Білімгерлердің ойына қозғау салатың мәтін ұсынылады.
Мәтінді оқып болғаннан кейін, талқылауға 4-5 сұрақ дайындалады. Қойылған сұрақтар
негізгі мәселені ашуға бағытталады. Сұрақтар мәтінге байланысты қойылып, оған беретін
227
жауабы да мәтінге қатысты болуы қажет. Қойылатың сұрақтар ашық және көп мағыналы
болуы шарт. Оқытушы сұрақты тақтаға жазып, білімгерлердің жауабына уақыт береді.
Білімгерлерге өзара пікірлесу ұсынылады. Оқытушы олардың ойларын нақтылап, досының
ойлау қабілетін шындауға және бір - бірімен бәсекеге түсуге жағдай жасайды. Дегенмен,
оқытушы өзінің жауабын ұсынбағаны жөн. Соңында білімгерлер бірлескен ізденіс әдісін
тәжірибеде қолданып, зор ынтамен өздерінің сұрақтарын талқылауға ұсынып отырады.
5. «Хабарлап оқыту әдісі». Бұл әдісті қолдануда білімгерлердің белсенділігі артады,
себебі олар сабақ тақырыбын ұғыну үшін пікір - таласқа түсіп, мәселені жан-жақты талдауға
мүмкіндік туғызады. Мәтінді оқуда рольдерге енеді, талдайды, ойларын қорыту үшін
тұжырымдар жасайды. Мәтінді оқуда мына рольдерге бөлуге болады:
1) Ұйымдастырушы - жұмыс бабын бақылап, ретін белгілейді.
2) Хронометрист - әрбір мәселеге қанша уақыт кететінін анықтап, топтың басқа
мүшелеріне қанша уақыттың қалғаның еске салып тұрады.
3) Түсіндіруші - топ мүшелерінің тапсырманы орындауда ынтымақтастықта болуына
жауап береді.
4) Тіркеуші - ол топтың талқылау кезінде айтылғанды белгілеп, анда - санда
нәтижесін шығарып тұрады.
5) Репортер - топтың жұмысын барлығына жариялайды.
Оқытушы талқылауға арналған сұрақтарды дайындайды, пікірталасты білімгерлердің
өздері жүргізеді.
Дискуссиялық кесте
Әрбір жұп дискуссиялық кестені жасап 6-7 минут талқылайды.Талқылау нәтижесінде
екі қатарда жауаптар болады. Біріншіден, «жоқ» деген жауап және оған келтірілген дәлелдер.
Екіншіден, «иә» деген жауаптардың дәлелдері. Содан кейін жұптар бірігіп өздерінің
дәлелдерін бөлісіп, «жоқ», «иә» жауаптарын толтыруы керек. Соңында қорытынды
жасалады.
Жоғарыда көрсетілген оқытудың белсенді әдістері оқыту барысында білімгерлердің
сапалы білім алуы үшін қолдану қажет. Әрине, ол үшін оқытушы
мынадайаптарды орындауы
қажет:
- оқыту технологияларының мәнін ашу;
- әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану тетіктерін ұғыну;
- оқытудың түрлерін ұйымдастыру;
- тапсырмаларды шығармашылықпен дайындау.
6. «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауын дамыту» (СТОД)
технологиясының философиясы гуманистік педагогиканың идеяларын енгізген әдіс —
тәсілдер жиынтығы болып табылады. Яғни: балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқытушының
басымдылық көрсетпеуі, оқыту мен тәрбиенің бірлігі.
"СТОД" - білімгерлердің оқу материалдарын терең білуін қамтамасыз етіп қана
қоймай, олардың бойында ізгілік, парасаттылық және т.б. сол сияқты адамгершілік
қасиеттерін қалыптастырып, дамуына ықпал етеді. Сонымен бірге: әрбір білімгердің ең
алдымен тұлға ретінде дамуына ықпал етеді; қарым - қатынаста демократиялық стильге
үйретеді; білімгердің күші мен мүмкіндігіне сенуге жағдай туғызады.
Гершунскийдің анықтамасының екінші бөлігі «Сыни тұрғыдан ойлауын дамытуы»
технологиясындағы әдістердің мәнін ашады:
1) оқытуда білімді өздігімен іздеуге білімгердің бағытталуы;
2) білімді
тереңінен ұғынуы;
Пікірталас
Жоқ Иә
Қорытынды