Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университетінің
Хабаршысы № 4(5), 2010
101
БОЛАШАҚ МАМАННЫҢ КӘСІБИ ҚЫЗМЕТІНЕ СҤЙІСПЕНШІЛІГІН
АРТТЫРУ
Оспанова Р.М. – оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Соңғы жылдары еліміздің білім беру ісінде түбірілі ӛзгерістер болып жатқаны
белгілі. Соның ішінде ең бастысы, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатындағы
алғашқы қадамдар. Білім стандартының жасалуы, басқа да жүріп жатқан реформалар
күрделі, қиын, қарама-қайшы белестерді ақырын-ақырын артқа сап, жылжып келеді.
Бұл қасиетті істерді мұғалімге қойылар талап та ерекше болып отыр. Мемлекеттік
білім саясаты да осы мұғалім арқылы жүзеге аспақ. Сол ұлттық байлықты адамзаттың
ӛз ұрпағын тәрбиелеудегі, білім берудегі озық ұстанымдарымен байланыстыра
отырып, әр баланың қабілеті, талантын ашу, ӛзіне-ӛзінің сенімін нығайтып, ӛзіне-
ӛзінің жол ашуына түрткі жасау – міне, бүгінгі білім беру, тәрбие ісінің бсты міндеті.
Әр мұғалімнің алдындағы сәуле мұраты – ӛз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр
баланың «менін» ашу, сол «менді» шығармашылық тұлғаны жетелеу. Шығармашылық
дегеніміздің ӛзі ізденімпаздықтан туады. Бұл жерде ұлы дана Абайдың сӛзі еріксіз
ойыңа оралады: «Ӛзіңе сен, ӛзіңді сүйреп шығар». Баланың ӛзіне еріксіз сенімін
туғызу, ӛзінен шығармашылық қасиет, қабілет іздете білуі, ӛмірден ӛз орнын тапқыза
білуі қаншалықты қиын екені түсінікті.
Болашақ маманның ӛз кәсібіне сүйіспеншілігін ояту, белсенділігін арттыру,
конференция, пікірталас семинар, дәріс семинар, сырттай саяхат, мамандықты қорғау,
тағы басқа сияқты сабақтардың түрлерін қолдану үлкен маңызға ие. Бұл ӛз ретінде
оқыту сапасын жоғарылатады, оқушылардың сабақта болып жатқан жағдайға жеке
қатынасу ынта мүмкіндік туғызады, кітаппен жұмыс істеуіне үйретеді.
Міне, осы кӛзқарастан алғанда білімнің міндетті деңгейін анықтау басты міндет
болып табылады.
«Педагогикалық технологиялау дегеніміз - оқу үрдісін жобалаудың жүйелік
әдісі, оқытудың тиімді түрлеріне жету мақсатында, адам мен технологиялық
ресурстарды, олардың ара-қатынасын ескере отырып бүкіл оқу мен білімді меңгеру
үрдісін жүргізу, оны бағалау», - дейді Манахов.
Педагогикалық тезхнолгияны дұрыс жобалау үшін мынандай 5 элемент қамтылу
керек.
1. Мақсат қою! (курс,тарау, т.б.)
2. Болжау. Оқушылар еңбегін болжау дегеніміз: деңгейлік оқытуға бағытталып
құрылған ӛздік жұмысы.
3. Оқушылардың сабақтан тыс ӛз бетімен орындайтын жұмыстары.
4. Логикалық құрылым. Шағын мақсаттың мазмұны мен саны оқушылардың
даму аймағын және уақыт бойынша әр аймақтын ұзақтығын анықтайды.
5. Тузету. Қарастырылып отырған сұрақтағы мүмкін болатын қиындықтар:
оқушылардың кӛп жіберетін қателері, оқушының оқу стандартты деңгейіне
кӛтерудің педагогикаға тән шаралар жүйесі.
Кеңес дәуірінде білім беруде бұл ұғым ашық, нақты айтылмағанмен, оның
астарында жалпы білім берудің мемлекеттік нормалары болды. Ал қазір заман
талабына сай сол номаларды нақтылап жүйелеу қажеттігі тұр. Мемлекеттік
стандарт дегеніміз - мемлекеттік норма ретінде қабылданатын параметрлер жүйесі.
Параметрге білім мазмұны құрамы, құрылым, оқу жүктемесі кӛлемі, оқушылық
дайындық деңгейі, оқу нәтижесі кӛрсеткіші, оқу нәтижесі ӛлшемдері, т.б. жатады.
Жалпы стандарт білім алудың кӛп нұсқалы жағдайында білім беру кеңістігінде
бірыңғайлықты сақтауға мүмкіндік береді.
Мұғалім атану оңай, ал шын мәнінде Ұстазға айналу қиынның қиыны болып
табылыды. Қатардағы мұғалімнен ұлғатты ұстазға айналу үшін барлық замандағы