Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университетінің
Хабаршысы № 4(5), 2010
69
бағыттарын анықтауда кӛрініс алады. (И.В. Бестужев – Лада, А.Г. Гостев, Л.В. Занков,
В.В. Давыдов). Студенттердің үздіксіз кәсіптік-экономикалық даму мәселесін жоғарғы
оқу орындарының ӛзіндегі білім беру үрдісіндегі иновациялық бастамалардың дамуы
тұрғысынан қарастырған жӛн. Бұл ынтымақтастық жүйелі әдістеме жүйелілік
қағиданы іске асыру жолында мүмкін болады (Р.Ф. Авдеев, В.Г. Афанасьев,
Л.Берталанфи, М.Мессарович, Ф.Ф. Королев, В.Н. Саготовский, Я. Тахикара).
Мақсаттардың, элементтер мен қатынастар байланысының субординациясы П.Р.
Агутованың пікірінше жүйелілік қағиданың мазмұнды жағы болып табылады.
Жүйелілік қағидасы оқыту объектілерін жүйе құрушы байланыстар, олардың
иерархиясы, ұйымдастырушы құрылымы тұрғысынан қарауды білдіреді. Яғни,
жүйелілік қағидасы жалпы әдістемелік таным, танымның құндық бағыттары,
зерттеудегі кешендік әдістеме сияқты гнесеологиялық қызметпен байланысты.
Жүйенің байланыс, қарым-қатынас иерархиясы жүйелілік қағидасының жетекші
белгісі болып табылады.
Аталған қағиданы жоғарғы оқу орын студенттерінің кәсіптік-экономикалық
дамуы мәселелерін зерттеу негізі ретінде қарастыру жүйелілік әдістеме жолында
мүмкін болады. Жүйелілік әдістеме жалпы қағидалар мен заңдылықтардың
жиынтығын кӛрсетеді. Жүйелілік әдістеме мәнінің және оның ғылыми танымдағы
роліне деген кӛзқарастардың кӛптүрлігі осымен түсіндіріледі (П.Р. Агутов, И.В.
Блауберг, Э.Г. Юдин).
Жүйелілік әдістеме шегінде білім беру үрдісінің классикалық кӛзқарастарымен
қатар жаңа әдістемелерді қолдануға болады. Жүйелілік әдістеменің мәні кӛптеген
түрлі құрылымдарды сипаттау дағдысында ғана емес, сонымен қатар олардың ішінен
берілген мақсаттарды іске асыруға қажетті соңғы нұсқаны белгілеуде.
Жүйелілік әдістемеге жүйелі талдау сәйкес келеді. Жүйелі талдау – бұл күрделі
әлеуметтік, экономикалық мәселелер бойынша шешімдерді негіздеу және дайындауда
қолданатын әдістемелік құралдардың жиынтығы.
Жүйелі талдау жоғары оқу орындарында білім беру үрдісін жаңадан түсінуге
мүмкіндік береді:
Біріншіден, оқу-тәрбиелік үрдіс тек жүйелі әдістеме негізінде басқаруға болатын
күрделі жүйе ретінде танылады;
Екіншіден, жүйелі талдаусыз оқытудың және тәрбиелеудің педагогикалық
теориясын құрастыру, педагогикалық құбылыстардың мәнін түсіну, педагогикалық
үрдісті
басқаруды жетілдіру шарттарын, факторларын үлгілеу мүмкін емес;
Үшіншіден, білім беру әрекеті зерттелетін объектілер құрылымына сәйкес
әдістерді қолдануды талап етеді. Педагогикалық үрдіске жүйе ретінде жүйелі әдіс,
жүейлі тұғыр
сәйкес келуі керек;
Тӛртіншіден, жүйелі талдау және жүйелі әдістеме – бұл тек қана танымдық әдісі
ғана емес, сонымен қатар жүйенің қызметін ұйымдастыру болып табылады (А.М.
Дрыгин, М.Е. Дуранов, Н.В. Кузьмина).
Оқу үрдісінде қолданылатын жүйелі талдау келесі қағидалар шегінде жүзеге
асырылады:
Объективтілік, яғни ғылымдылық қағидасы, оқу үрдісінің мәнін,
байланыстарын, қозғаушы күштері мен қызметтерін ашуға мүмкіндік береді;
Танымдық қағидасы, танымның ғылыми әдістерін таңдаумен, олардың оқу-
танымдық әрекеттегі
оптимизациясымен байланысты;
Детерминизм қағидасы, жүйе элементтері байланысының оқыту жүйесін
жетілдірудің, оның әлеуметтік ортамен қарым-қатынасының шартты себебі;
Даму қағидасы, оқыту жүйесі және оның элементтерінің дамуынан тұрады;
Тарихи қағида, оқыту жүйесін нақты тарихи шарттарға, қоғам дамуының
қажеттіліктеріне байланысты қарастыру.