148
ҚазаҚ
стандағы
практикалық журналистика
3.0
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
Журналистік этика бойынша арнайы курс авторы Адиль Джалилов Журналистика мен жеке өмірдің
шегін ажырата білу керектігін айта келіп, біраз нұсқауларды ұсынады. Солардың бірқатары мынадай:
● Қайғы-қасіретке душар болғандардың сұхбатын немесе суреттерін пайдалану және іздеу
кезінде мейлінше мұқият болу.
● Ақпаратты жинау және тарату зиян келтіруі мүмкін және қолайсыздық тудыруы мүмкін.
Ақпараттың соңынан қуу тәкаппарлыққа салынуға себеп бола алмайды.
● ресми тұлғалар мен басқа адамдарға қарағанда жеке адамдардың өзі туралы ақпаратты
бақылауда ұстайтын мүмкіндігі зор екенін ескерген жөн. Аса өзекті қоғамдық маңызы болмаған
жағдайда біреудің жеке өміріне қол сұғуды ақтауға болмайды.
● Барлығына талғаммен қарау керек. Сенсация үшін фактілерді бұрмалауға болмайды.
● Күдікті кәмелеттік жасқа толмаған болса немесе жыныстық қорлық құрбандары туралы
жазғанда олардың аты-жөнін жариялаудан сақтану керек.
● ресми айыптау болмаған жағдайда қылмыс жасады деген күдіктілердің атын атамау
маңызды.
● Қылмыс жасады деген күдіктінің әділ сотқа құқығы бар екені сияқты қоғамның да ақпарат
алуға құқығы бар, дегенмен олардың арасындағы тепе-теңдік сақталуы керек.
151
ҚазаҚстандағы
3.0
практикалық журналистика
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
ұлттыҚ БІРЕГЕйлІК мӘСЕлЕлЕРІ нЕмЕСЕ
ЭтнОСаРалыҚ ҚаРым-ҚатынаСтаРДы
ЖазуДа нЕнІ ЕСКЕРу КЕРЕК?
Баспасөздегі ең нәзік тақырыптардың бірі – ұлт және этносаралық қатынастар. Қазақстан
баспасөзіндегі ұлт тақырыбын екі түрлі бағытта қарастыруға болады. Біріншісі – ұлттық бірегейлік, ұлт
және этнос ұғымдарының тайталасы, екіншісі – тілдік лояльдылық. өкініштісі сол, осы тақырыптарға
қалам тербеу барысында біздің журналистеріміз көптеген этикалық және құқықтық қателіктерге
бой алдырады. Бұл ретте журналистің негізгі міндеттері мен құқығы жайында болашақ мамандарға
құлаққағыс ете кеткен жөн сияқты.
Журналистің басты міндеті – ақпаратты тарату, ғадауат тілін (жаулық тілі) қолдану арқылы қоғамдағы
түрлі топ өкілдерінің арасындағы қарым-қатынасты ушықтыру емес. Бір ұлтты бір ұлтқа айдап салу
немесе түрлі әлеуметтік топтардың өзара жеккөрінішін туғызу емес, керісінше, толерантты қоғам
құруға және өзара төзімділікке ықпал ету. Ксенофобияға жол бермеу.
ЭтИКалыҚ
ПРИнцИПтЕР
Сонымен ұлтаралық немесе этносаралық қарым-қатынастарды жазуда ескеретін мәселелер не?
Бұл тақырыпты жазу арқылы біз қандай этикалық кодекстерге жүгінгеніміз жөн? Бұл үшін әуелі
әлемдегі ең беделді және оқырманы мол ақпарат құралдарының Этикалық кодекстеріне назар
аударып көрелік. Дамыған елдерде медианың өзін-өзі реттеу мәселесі жолға қойылған. Әрбір
ақпарат құралы өздері басшылыққа алатын принциптерін өздері жазады әрі сол қағидалардың
салмағы кейде заңнан да асып түсіп жатады. Кейбір мемлекеттерде (мысалы, Швеция) сот орындары
шығарған үкіммен келіспеген редакциялар беделді басылымдардың этикалық кодексіне жүгіне
алады. Егер қоғамдық қорғаушылар мен адвокаттардан тұратын комиссия этикалық кодекстердің
принциптерін жөн деп тапса, онда сот шешіміне мойынсұнбауы мүмкін.
Британиялық ВВС корпорациясының өз қызметкерлеріне ұсынатын әдістемелік нұсқаулығында
(http://kaz2.docdat.com/docs/index-137261.html) редакциялық басты принциптер ретінде:
шынайы ақпарат, бейтараптық, объективтілік, заңды құрметтеу, өзгенің ықпалына ермеу, такт
және жеделдікті атайды. Дәл осы принциптердің ішінде такт дегеннің не екеніне арнайы тоқталып
көрсек, жоғарыда көрсеткен сілтемеде такт сөзіне «біз өз қызметімізде мәдени ерекшеліктерге,
діни наным-сенімге және кейіпкерлердің жеке өміріне (егер де бұл ерекшеліктер біздің журналистік
міндетімізге қайшы келмейтін болса) құрметпен қарауымыз керек. Біздің репортаждарымыздың тілі
этникалық және өзге де азшылықтарды қорламауы және кемсітпеуі тиіс. Бірақ, дегенмен әдептілік
сақтау дегенді, біз шындық деп түсінетін принциптерден бас тарту деп түсінбеген абзал» деген
түсініктеме береді.
1954 жылы қабылданып, 1986 жылы Журналистер федерациясының халықаралық конгресінде
өзгертулер мен түзетулер енгізілген «Журналистердің өзін-өзі ұстау принциптерінің халықаралық
декларациясында»
(http://www.presscouncil.ru/index.php/teoriya-i-praktika/dokumenty/754-
deklaratsiya-printsipov-povedeniya-zhurnalista-mezhdunarodnoj-federatsii-zhurnalistov)
ВВС ұсынатын негізгі принциптер сақталады. Ондағы 8 принциптің 7-шісі: «Журналист БАҚ қызметі
салдарынан адамды кемсітуі мүмкін дискриминацияның қаупін ескеруге міндетті. Ол кемсітушіліктің
алдын алуы және оған жол бермеуі тиіс. Әсіресе, нәсілдік, жыныстық, діни, саяси және басқа да
көзқарастары үшін, ұлттық және әлеуметтік кемсітушілікке жол бермеу» дегенге арнайы тоқталса,
8-принципте: «Журналист»:
· плагиат
· Әдейі бұрмалап түсіндіру
·
Ойдан құрастыру, жала жабу, диффамация,
өтірік қаралау
· Ақпаратты жариялау үшін немесе оны қоғамнан жасырып қалу үшін пара алудың кәсіби этикаға
мүлдем қайшы екенін білуі тиіс» делінеді.