Қазақстандағы практикалық журналистика. «MediaNet» Халықаралық журналистика орталығы, – Алматы, 2017


ҚазаҚстандағы  практикалық журналистика



жүктеу 5,04 Kb.
Pdf просмотр
бет16/50
Дата05.01.2018
өлшемі5,04 Kb.
#7027
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   50

70
ҚазаҚстандағы 
практикалық журналистика    
3.0
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
«Ыңғайсыз сұрақ» немесе «арандатушы сұрақ» деген терминді әртүрлі түсінуге болады. Кейбір ор-
тада министрлерге ыңғайсыз сұрақ қойылмайды. Сол себептен жәй ғана түсініктеме сұрау арқылы 
«қатал  сұхбат  алушы»  атануға  болады.    Батыл  әрі  сыпайы  қойылатын  сұрақтарды  көп  жағдайда 
«ыңғайсыз» немесе «арандатушы» сұрақ деп атайды. өйткені «тәкаппар адамдар» сұхбат беріп үй-
ренбеген. Ондай жағдайда кейде батылдық таныту қиын. Себебі өзін керемет санайтын «маңғаз» 
адамдар сұраққа жауап беруге әдеттенбеген. Алайда сұхбат алатын журналист өзін одан бір нәрсе 
сұраушы ретінде көрсетіп, оған жалынышты болмауы тиіс. 
Сұхбаттың негізгі мақсаты – белгілі бір ақпаратты алу, бар ақпараттың рас-өтірігін анықтау, белгілі 
бір деректі ашу немесе белгілі бір жағдайдың себебін түсіну. Көнгіш, жұмсақ мінезді адам мұндай 
мақсатына жете алмайды. Ол керісінше, сұхбат берушіге мінбер дайындап береді. Сөйтіп сұхбат 
беруші адам өзі айтқысы келгенді ғана айтады. 
Сұхбат жазушы журналист интервью қандай мақсатта және қандай бағдарламаға алынып отырға-
нын естен шығармауы тиіс. Тек дерек жинау үшін бе, әлде пікірін, көзқарасын анықтау үшін бе, бұл 
айтылған  пікір  бөлек  сұхбат  болып  кете  ме  немесе  деректі  фильмге  пайдаланыла  ма?  Сонымен 
қатар, сұхбат беруші адам неге интервью беруге келіскенін ойлап көріңіз. Себебі оның өз мақсаты 
мен мүддесі болуы ықтимал. 
СұхБаттың нЕГІзГІ ҚағИДалаРы:
Негізі тақырыпты тұжырымдап,
фокусын анықтап алыңыз
• Мұқият түрде сұхбат беретін
адамды таңдаңыз
• Дайындалыңыз
Сұхбат берушіні дайындаңыз
• Сұрақтарды қысқа, нұсқа,
орынды қойыңыз
Сұхбат берушіні тыңдаңыз
• Ишарат тілін пайдаланыңыз
СұхБаттың нЕГІзГІ ҚағИДалаРы: 
ФОКуС
Сұхбаттың  шеберлігі  –  талқыланып  жатқан 
тақырыпты  біртіндеп,  қисынға  сай,  жоспарлы 
құрылым  арқылы  аудиторияға  жеткізу  және 
еркін әңгіме жүргізіп отырған әсер туғызу. Ол 
үшін ең алдымен әңгімеде басты назар неге ау-
дарылатыны анықталуы тиіс, яғни фокус айқын 
болуы  керек.  Белгіленген  тақырып  бойынша, 
берілген  уақыт  барысында  қаншалықты  бұл 
тақырып ашылатыны туралы жақсылап ойлас-
тырып алыңыз.
Сұхбат барысында бар назарды қай тақырыпқа 
тоғыстыратыныңызды  шешіп  қойыңыз  және 
берілген уақыт барысында тақырыпты қанша-
лықты аша алатыныңызды ескеріңіз.  
Егер  сұхбат  беруші  сұрағыңызға  нақты  жауап 
бермесе, онда ол сұрақты өзгеше тұжырымдап, 
қайталап қойыңыз. 
Интервью  тыңдарманға  немесе  оқырманға  түсінікті  болу  үшін,  сұхбат  осы  талаптарға  сай  негіз-
де құрылып, оқырманды қисынды ойға әкелетіндей болуы керек. Сол себептен, оқырман немесе 
көрермен қандай сұраққа жауап іздейтінін ойлау керек. 
Мәселен,  түрлі  елдерді  шарлап  жүрген  саяхатшыдан  бір  тілші  сұхбат  алып  отыр  (өмірде  болған 
оқиға). Ең алдымен журналист Самат Мейірбеков (аты-жөні өзгертілген) саяхатшыдан саяхат ба-
рысында алған әсері туралы сұрайды. Екінші сұрағын тілші саясатпен байланыстырды, соңынан ауа 
райы туралы сұрастыра бастады. Ары қарай әңгіме тарихи оқиғаларға арналып кетті. нәтижесінде 
ел  аралап  жүрген  саяхатшымен  болған  әңгіме  қандай  мақсатты  көздегені  белгісіз  болып  қалды. 
Осындай түсініксіз жайттар болмас үшін фокустан ауытқымау керек.
ӘңГІмЕлЕСуШІ
Сұхбат алатын адам сізге ақпарат беруі тиіс, өз пікірін ортаға салуы керек, сараптама жасауы қа-
жет, алдандыруы тиіс немесе өзі туралы айта алады. Әңгімелесушілерді екі топқа бөлуге болады: 
өте танымал тұлғалар, оларды жаңалықтарда жиі көрсетеді (саясаткерлер, бизнесмендер, әртістер) 
және сарапшылар (ғалымдар, сарапшылар, сыншылар). Сұхбат беруші адам бар ақпаратты жетік 
білуі тиіс, бар білгенімен бөліскісі келетін адам болуы керек, соған сай білікті маман болуы қажет. 
Сонымен қатар ол өз ойын жеткізе алатын, дауысы жағымды адам болуы керек. Егер сіз ол адамды 
бірінші рет көріп тұрсаңыз, онда ол адаммен жақсылап әңгімелесіп алуыңыз қажет. 


71
ҚазаҚстандағы 
   
3.0
 
   практикалық журналистика 
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
Сіз өз сұхбаттасыңыздың кім екенін және неге ол сізге сұхбат беруге келіскенін ескеруіңіз керек. 
Оның бұл сұхбат берудегі мүддесі қандай? Көздегені не? 
Бұқаралық ақпарат құралдары адамдарды пайдаланып, өз өнімдерін шығаруды көздейді, алайда 
адамдар да бұқаралық ақпарат құралдарын өз мақсатына пайдаланады. Мәселен, белгілі бір нәр-
сені насихаттау үшін немесе белгілі бір деректі жоққа шығару үшін, өзін немесе  өз саяси ұйымын 
насихаттау үшін. Демек, сұхбат беруге келісе отырып, олар өздерінің әлеуметтік, саяси немесе эко-
номикалық мүддесін көздеуі ықтимал.   
Сұхбат берушіні міндетті түрде жақсылап таңдау керек. Себебі саясатты жасап отырған министр 
мен оппозиция өкілдерінің пікірі әртүрлі болуы мүмкін. Министр әр сөзі үшін жауап береді, ал оп-
позиция өкілі түрлі пікір білдіре алады, мемлекет саясатын ашық сынай алады.
ДайынДыҚ
Сұхбатқа мұқият дайындалу үшін не істеу керек? 
Әңгімелесушінің  аты-жөнін,  лауазымын,  деректер  мен  цифрларды  тексеріп  алыңыз.  Егер  жөнсіз 
қате жіберсеңіз, беделіңіз түсіп, әңгімелесушімен ынтымақтаса алмайсыз. Мәселен, саясаткер сіздің 
қолыңызда бар статистикалық дерекке күмәнмен қарауы мүмкін. Сол себептен қазіргі кезде бұл 
мәселе бойынша бар статистиканы біліп алғаныңыз жөн. 
СұхБаттаСуШыны ӘзІРлЕу
Әңгімелесетін  адамға  неге  оны  таңдағаныңызды  айтып,  бұл  сұхбатты  қайда  жариялайтыныңыз-
ды айтуыңыз керек. Сұхбаттасушыға әңгіме тікелей эфир арқылы жазылатыны немесе алдын ала 
жазылып,  өңделетіні  туралы  ескертуіңіз  керек.  Бұл  интервью  қай  аудиторияға  арналғанын  және 
ұзақтығы туралы айтқаныңыз абзал. Себебі ол кімге арналғанын біліп, түсінікті жауап беру арқылы 
көзделген мақсатқа жетуге болады.
Сұхбаттасушымен    әңгіме    барысында  қандай  тақырыпты  қозғайтыныңызды  айтып,  талқылап 
алуыңыз  керек.  Осы  арқылы  өзіңізге  керек  сұрақтарға  дұрыс  жауап  беруге  мүмкіндік  туғызады. 
Әңгімелесуші жаңа бір деректер мен ақпаратты айтып, толықтыруы мүмкін. Бірақ сұхбаттасыңызға 
нақты қандай сұрақ қоятыныңызды айтпау керек. Әңгімені алдын ала айтып, жаттықпаңыз. Себебі 
берілген жауап шынайы шықпауы мүмкін. 
СұРаҚтаРДы ҚыСҚа ӘРІ нұСҚа, ОРынДы ҚОйыП ОтыРыңыз 
Әр сұрақ сұхбат сияқты фокусталуы тиіс. Сұрақ қысқа болуы керек. Себебі оқырман немесе тыңдар-
манға ең алдымен сізге сұхбат берушіні тыңдаған қызықты. Бұл жерде сіз тек тыңдарман немесе 
оқырман атынан сұрақ қоюшы ғанасыз. 
Ұзақ сұрақ қоймаудың бір әдісі – сұрақты алдын ала жазып алу. Алайда, егер алдын ала жазып ал-
саңыз, онда әңгіме барысында болған кейбір сәттерде ескермей қалуыңыз да мүмкін. Сол себептен 
алдын ала өзекті сұрақтарды ғана жазып алуыңызға болады. Жазып алған сұрақтарыңыз алаңдап 
отырып,  қоятын  сұрақтарыңызды  ұмытып  қалсаңыз  керек  болады.  Мұндай  жағдайда  тізімге  бір 
қарап алсаңыз болады. 
«Иә», «Жоқ» деген жауап беретін «жабық» сұрақтарды қоймауға тырысыңыз. Сұхбат беруде тәжіри-
бесі жоқ немесе жақтырмай отырған сұхбаттасушыңыз қысқа жауап қайтаруы ықтимал. 
Мәселен,  бір  тілші  бір  төтенше  жағдай  болғанда  осы  салаға  жауапты  министрден  сұхбат  алған. 
Алайда бұл сұхбатты жария ете алмайды. неге дейсіз ғой? Себебі жедел түрде сұхбат алу барысында 
журналист «жабық» сұрақ қойған. «Сіздер кешеден бері жұмыс жасап, жер көшкіні астында қалған 
азаматтарды құтқарып жатырсыздар ма?» – деген сұрақ қойған. Төтенше жағдайлар жөніндегі ми-
нистр тек «иә» деп жауап қайтарған. Бұл жауапты эфирге шығарайын десе, оның реті келмейді. 
Сұхбат барысында «не, кім, қашан, қайда, қалай» деген сөздерден тұратын сұрақтардан бастаған 
жөн. Екі бөлімнен туратын сұрақ қоюдан қашыңыз. Себебі әңгімелесуші әдейі бұл сұрақтарға жауап 
бермеуі мүмкін. Болжам жасамаңыз, өйткені әңгімелесуші сізді бір тақырыптан екінші тақырыпқа 
әкетуі ықтимал.


жүктеу 5,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау