77
ҚазаҚ
стандағы
3.0
практикалық журналистика
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
мультИмЕДИа тұРғыСынан Ойлау
Бұл тарауда ақпаратты қабылдаудағы заманауи, соның ішінде ең алдымен шағын ақпарат көлемі
мен визуал контентті таңдау сынды трендтерді ескере отырып, мультимедиалық сараптама жасау
негіздері туралы айтылады.
Журналистің мультимедиа тұрғысынан ойлауы – аудиторияға болып жатқан оқиғаны түсінуге
көмектесу үшін сан алуан үлгіні қолдану.
сараптама контент жасау.
мультимедиалық сараптама
1.
Дәстүрлі сараптама контент.
Тұтынушы бастан-аяқ тігінен оқитын
мәтіндік сараптама материал. Бұл
ретте тұтынушыға ешқандай таңдау
берілмейді.
мӘтІн
мӘтІн
мӘтІн
мӘтІн
2. мультимедиалық формат.
Мағынасы жағынан дербес жекелеген
блоктар (мәтін, видео, аудио, фото,
инфографика,
көрнекі
статистика
және т.б.) көмегімен сараптамалық
контент жасауға мүмкіндік береді.
Оның мәні – осы жекелеген блоктар
қосындысы
аудиторияның
қазіргі
заманғы талаптарын ескере отырып,
кез келген мәселеге қатысты сараптама
қалыптастыруға мүмкіндік беретінінде.
Мультимедиалық сараптама тұтынушыға ақпаратты қабылдаудың өзіне ғана ыңғайлы ретін жасап
алуға мүмкіндік береді. Осылайша, қазіргі заманғы тұтынушы (бұл өте маңызды) мәселемен
танысуды видео, фото, аудио, инфографикадан бастайтынын, әлде ақпараттық мәтіннен
бастайтынын таңдау құқығына ие болады. Содан кейін барып өзге мультимедиа форматтарына
өтіп, мәселенің немесе құбылыстың толық сипатын көре алады.
Мультимедиа формаларының әрқайсысы мағыналық жағынан тұтас, қосымша түсініктемесіз әрі
ұғынықты болуы керектігін түсінудің маңызы зор.
Сондықтан да, мультимедианың барлық құрамдас бөліктері – мәтін, видео, фото, аудио,
инфографика міндетті түрде тақырыптармен (ақпараттық болғаны дұрыс) немесе лИД-тармен
бөлінген болуы керек.
Веб-ресурстарда мультимедиалық сараптама ақпаратты екі тәсілмен
орналастыруға болады:
1. маңыздылық деңгейіне қарай
– аса маңызды емес мәселе өзге мультимедиа форматында
ұсынылады. Мысалы, белгілі бір мәселе бойынша сараптама жасауда недәуір маңызды тұсын видео
форматында ұсындым десеңіз, оны алдымен орналастырыңыз, содан кейін осы мәселенің өзге де
тұстарын мәтін, фото, аудио, инфографика түрінде орналастыра бересіз. яғни, ақпаратты кез келген
мультимедиалық форматтан бастап, ең маңыздысынан аса маңызды емесіне қарай ойыстырасыз.
Ал неден бастау керек екенін, оны немен толықтыратыныңызды өзіңіз шешесіз.
Онлайн мәтін
(шағын көлемді)
Видео
Фото
Аудио
Инфографика
Тайм-лайн