Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан
міндетті сақтандыру туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы N 30 Заңы
МАЗМҰНЫ
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап
қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде
оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс
берушiнiң азаматтық-құқықтық
жауапкершiлiгiн», «Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен
денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн
мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының», «Қызметкер еңбек (қызмет)
мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс
берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн», «жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн» және
«Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн» деген сөздер тиісінше «қызметкерді жазатайым
оқиғалардан», «Қазақстан Республикасының қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi
сақтандыру туралы», «Қызметкерді жазатайым оқиғалардан», «қызметкерді жазатайым
оқиғалардан» және «Қызметкерді жазатайым оқиғалардан» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР
2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Осы Заң қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру саласында туындайтын
қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны өткiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық
негiздерiн белгiлейдi.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) аннуитеттік сақтандыру шарты (бұдан әрі – аннуитет шарты) – сақтандырушыны
шартта белгiленген мерзiм iшiнде сақтандыру төлемiн пайда алушының пайдасына
мерзiмдi
төлемдер түрiнде жүзеге асыруға мiндеттi ететiн сақтандыру шарты;
2) еңбек жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) –
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласында мемлекеттік
саясатты іске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы;
3) кәсіптік еңбекке қабiлеттiлiк – қызметкердiң белгiлi бiр бiлiктiлiктегi,
көлемдегi және сападағы жұмысты атқару қабiлетi;
4) кәсіптік еңбекке қабiлеттiлiктен айрылу дәрежесi – қызметкердiң еңбек
(қызметтік) мiндеттерiн атқару қабiлетiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
айқындалатын төмендеу деңгейi;
5) кәсiптiк тәуекел сыныбы – өндiрiстiк жарақаттанудың және кәсiптiк аурулардың
экономикалық қызмет түрлерi бойынша қалыптасқан деңгейi;
6) қызметкерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру – еңбек (қызметтік) мiндеттерiн
атқарған кезде өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрілген қызметкердің мүліктік мүдделерін
қорғау жөніндегі қарым-қатынас кешені;
7) пайда алушы – осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемiн алушы болып табылатын тұлға;
8) сақтандыру жағдайы – осы Заңның 16-1-бабында көзделген мән-жайлар кезінде
қызметкер (қызметкерлер) еңбек (қызметтік) мiндеттерiн атқарған кезде зиянды және
(немесе) қауiптi өндiрiстiк фактордың әсер етуi нәтижесінде ол (олар) ұшырайтын, соның
салдарынан қызметкердiң кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге,
кәсiптiк ауруға не өлiмге әкеп соғатын өндірістік жарақаттану, денсаулығының күрт
нашарлауы немесе улану болатын еңбек (қызметтік) мiндеттерiн атқарған кездегі жазатайым
оқиға (жазатайым оқиға);
9) сақтандыру сомасы – сақтандыру объектiсi сақтандырылған және сақтандыру жағдайы
басталған кезде сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы;
10) сақтандыру сыйлықақысы – сақтанушының сақтандырушыға, соңғысы пайда алушыға
қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде
сақтандыру төлемін жүргізуге мiндеттемелер қабылдағаны үшiн төлеуге мiндеттi ақша
сомасы;
11) сақтандыру төлемi – сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушының пайда
алушыға сақтандыру сомасының шегiнде төлейтiн ақша сомасы;
12) сақтандырушы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен
Қазақстан Республикасының аумағында «өмірді сақтандыру» саласында аннуитеттік сақтандыру
сыныбы бойынша және міндетті сақтандырудың осы түрі бойынша сақтандыру қызметін жүзеге
асыру құқығына лицензия алған заңды тұлға;
(2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі)
13) сақтанушы – қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын
жасасқан жұмыс берушi.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30
№ 234-IV
(қолданысқа енгізілу
тәртібін
2-б
. қараңыз) Заңымен.
2-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар
1. Осы Заң мемлекеттік мекемелердің қызметкері еңбек (қызметтік) мiндеттерiн
атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруды реттемейді.
2. Жұмыс берушінің қызметкерді жазатайым оқиғалардан ерікті түрде сақтандыру
шартын жасауы оны қызметкерді міндетті сақтандыру шартын жасасу міндетінен босатпайды.
Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30
№ 234-IV
(2010.08.09 бастап
қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3-бап. Қазақстан Республикасының қызметкерді жазатайым
оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру
туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексiнен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге
де нормативтiк құқықтық актiлерiнентұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан
өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
4-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан
мiндеттi сақтандыру саласындағы мемлекеттiк
бақылау мен қадағалау
1. Сақтандыру ұйымдарының қызметiн мемлекеттiк қадағалауды Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге
асырады.
2. Сақтанушының осы Заңның талаптарын орындауын бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге
асырады.
Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізлді - ҚР 2012.07.05
N 30-V
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5-бап. Қызметкер еңбек (қызметтік) мiндеттерiн атқарған
кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті
сақтандыру объектісі мен субъектілері
1. Қызметкер еңбек (қызметтік) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым
оқиғалардан мiндеттi сақтандырудың (бұдан әрi – қызметкерді жазатайым оқиғалардан
мiндеттi сақтандыру) объектiсi оған кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін
белгілеуге не оның өлiміне әкеп соғатын жазатайым оқиға нәтижесінде өмірі мен
денсаулығына зиян келтірілген қызметкердің мүлiктiк мүддесi болып табылады.
2. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру субъектілері: сақтанушы,
сақтандырушы және пайда алушы болып табылады.
Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30
№ 234-IV
(2010.08.09 бастап
қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 27.04.2015
№ 311-V
(алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.