Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы


-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi



жүктеу 236,17 Kb.
Pdf просмотр
бет2/6
Дата01.01.2018
өлшемі236,17 Kb.
#6505
1   2   3   4   5   6

      6-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi

 

              сақтандырудың мақсаты мен негiзгi принциптерi 



 

      1. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандырудың мақсаты еңбек (қызмет) 

мiндеттерiн атқарған кезде өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлген қызметкерлердiң 

мүліктік мүдделерiн қорғауды сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету 

болып табылады.

 

         2. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандырудың негiзгi 



принциптерi: 

 

       қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты бойынша тараптардың 



өз мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету; 

 

      жұмыс берушiлердiң еңбек қауiпсiздiгiн арттыруға экономикалық мүдделiлiгi болып 



табылады.

 

      6-1-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті



 

                сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшеліктері 

 

      1. Сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлғаның қызметкерді жазатайым 



оқиғалардан міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейін астанада, 

республикалық маңызы бар қалаларда және облыстардың әкімшілік орталықтарында 

филиалдарының және (немесе) сақтандыру агенттерінің болуы міндетті.

 

       2. Бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, қызметкерді жазатайым оқиғалардан 



міндетті сақтандыру шарттарын жасасу бойынша бір сақтандырушыға басқалары алдында 

негізсіз артықшылықтар беруге немесе алуға, сақтанушылардың құқықтары мен заңды 

мүдделеріне 

 

 қысым жасалуына бағытталған қызметке жол берілмейді. 



 

      Ескерту. Заң 6-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.05.07 N 

244

 (қолданысқа енгізілу 



тәртібін 

2-баптан


 қараңыз), өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.30 

№ 234-IV


 (қолданысқа 

енгізілу тәртібін 

2-б

. қараңыз); 27.04.2015 



№ 311-V

 (алғашқы ресми жарияланған күнінен 

кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015

 № 422-V


 

(01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

      7-бап. Жұмыс берушi мiндеттi сақтандыруға тиiстi 



 

              жауапкершiлiк 

 

      Ескерту. 7-бап алынып тасталды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап 



қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

      8-бап. Сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi 



 

      1. Сақтанушының:

 

      1) қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн 



сақтандырушыны таңдауға;

 

      2) сақтандыру жағдайы басталған кезде уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң 



қызметкердi куәландыруы кезiнде қатысуға;

 

      3) өз құқықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ пайда алушылардың құқықтары мен 



заңды мүдделерiн сот арқылы қорғауға;

 

      4) сақтандырушыдан мiндеттi сақтандыру талаптарын, қызметкерді жазатайым 



оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты бойынша құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiрудi 

талап етуге;

 

      5) сақтандыру тәуекелiн бағалау үшiн тәуелсiз сарапшы тартуға;



 

      6) сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тарту немесе оның 

мөлшерiн азайту жөнiндегi шешiмiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген 

тәртiппен дау айтуға құқығы бар.

 

       2. Сақтанушы: 



 

      1) сақтандырушымен:

 

      1-1) сақтанушы қызметін жүзеге асыруды бастаған айдан кейінгі айдың бірінші 



онкүндігі ішінде сақтандырушымен қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру 


шартын жасасуға;

 

      2) сақтандыру сыйлықақысын қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру 



шартында белгiленген мөлшерде, тәртiппен мен мерзiмде төлеуге және өзiндегi сақтандыру 

жөнiндегi барлық құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақталуын 

қамтамасыз етуге;

 

      2-1) мен қызметкердің (қызметкерлердің) кәсіптік тәуекел сыныбы өзгерген кезден 



бастап он жұмыс күні ішінде бұл туралы сақтандырушыны хабардар етуге;

 

      3) сақтандыру жағдайларының алдын алуға бағытталған iс-шараларды жүзеге асыруға;



 

      4) жазатайым оқиғаның басталғаны туралы өзiне белгiлi болғанда, бұл туралы дереу, 

бiрақ үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей сақтандырушыға хабарлауға;

 

      5)  уәкiлеттi орган мен сақтандырушы өкiлдерiнiң мiндеттi түрде қатысуымен 



сақтандыру жағдайларының басталу мән-жайларын тексерудi қамтамасыз етуге;

 

      6) сақтандыру жағдайының басталуын, сондай-ақ оның келтiрген залалын дәлелдеуге;



 

      7) сақтандыру төлемiн есептеу үшiн қажеттi құжаттарды шартта белгiленген мерзiмде 

сақтандырушыға ұсынуға;

 

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерлердi мiндеттi 



медициналық тексеруден уақтылы өткiзудi қамтамасыз етуге;

 

      9) қызметкерлердiң сақтандыру жағдайы алдындағы еңбек жағдайлары туралы 



құжаттарды уәкiлеттi органға және денсаулық сақтау ұйымдарына ұсынуға;

 

      10) қызметкерлердi еңбектiң қауiпсiз әдiстерi мен тәсiлдерiне өндiрiстен қол 



үздiрмей оқытуға;

 

      11) уәкiлеттi органның жазатайым оқиғалардың профилактикасы, олардың алдын алу мен 



тексеру мәселелерi жөнiндегi шешiмiн орындауға;

 

      12) өзiнiң қайта ұйымдастырылуы және таратылуы туралы сақтандырушыға уақтылы 



хабарлауға;

 

      13) сақтандыру жағдайынан келетiн залалдарды азайтуға бағытталған шаралар 



қолдануға;

 

      14) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға талап қою құқығының 



сақтандырушығa ауысуын қамтамасыз eтугe;

 

      15) осы Заңда көзделген жағдайларда, қызметкердiң немесе қызметкердiң қайтыс 



болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адамның пайдасына қызметкерді жазатайым 

оқиғадан міндетті сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасы шегінде аннуитет 

шартын жасасуға мiндеттi.

 

      3. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының 



Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне қайшы келмейтiн басқа да құқықтары мен 

мiндеттерi көзделуi мүмкiн. 

 

       Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.05.07 N 



244

 (қолданысқа енгізілу 

тәртібін 

2-баптан


 қараңыз), 2009.12.30 

№ 234-IV


 (2010.08.09 бастап қолданысқа 

енгізіледі); 29.12.2014

 № 269-V 

(01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 

№ 

311-V


 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 

енгізіледі) Заңдарымен.

 

      9-бап. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi 



 

      1. Сақтандырушының:

 

      1) сақтандыру жағдайларын тексеруге қатысуға;



 

      2) уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң қызметкердi куәландыруы кезiнде 

қатысуға;

 

      3) сақтандыру жағдайлары жөнiндегi ақпаратты тексеруге және қажет болған кезде 



тиiстi уәкiлеттi органдарға сұратулар жiберуге;

 

      4) сақтандыру тәуекелiн бағалау үшiн сақтанушының объектiлерiне тексеру жүргiзуге;



 

      5) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген жағдайларда сақтандыру 

төлемiн төлеуден бас тартуға;

 



жүктеу 236,17 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау