Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы


-бап. Зиянның мөлшерiн айқындау тәртібі. Қызметкердi



жүктеу 236,17 Kb.
Pdf просмотр
бет6/6
Дата01.01.2018
өлшемі236,17 Kb.
#6505
1   2   3   4   5   6

      19-бап. Зиянның мөлшерiн айқындау тәртібі. Қызметкердi

 

               жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты



 

               бойынша сақтандыру төлемдерi

 

      1. Қызметкердiң қайтыс болуына немесе оған кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен 



айырылу дәрежесiн белгiлеуге байланысты табысты (кiрiсті) жоғалтуға қатысты зиянның 

мөлшерi Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң талаптарына сәйкес айқындалады.

 

      Өзіне кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн бестен жиырма тоғыз 



пайызды қоса алғанға дейін белгiлеуге байланысты қызметкердің табысты (кiрiсті) 

жоғалтуына қатысты зиянды өтеуді сақтанушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына 

сәйкес жүзеге асырады.

 

      Өзіне кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн отыздан бір жүз пайызды 



қоса алғанға дейін белгiлеуге байланысты қызметкердің табысты (кiрiсті) жоғалтуына 

қатысты зиянды өтеу ретінде қызметкерге тиесілі ай сайынғы сақтандыру төлемін 

сақтандырушы жүзеге асырады.

 

      Өтеуге жататын жоғалтылған табысты (кірісті) есептеу үшін ескерілетін орташа айлық 



табыстың (кірістің) мөлшері қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын 

жасасу күні тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 

ең төмен жалақының он еселенген мөлшерінен аспайды.

 

      Сақтандыру төлемінің мөлшері еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу жағдайына 



Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлем шегеріліп жүзеге 

асырылады.

 

      Өзіне кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн бір жылдан аспайтын 



мерзiмге белгiлеуге байланысты қызметкердің табысты (кiрiсті) жоғалтуына қатысты зиянды 

өтеу ретiнде тиесiлi сақтандыру төлемiн сақтандырушы ай сайын аннуитет шарты негізінде 

жүзеге асырады. Бұл ретте, сақтандырушы бірінші сақтандыру төлемін осы Заңның 20-бабының 

2-тармағында көзделген құжаттарды ұсынған кезден бастап жетi жұмыс күнi iшiнде жүзеге 

асырады.

 

      Өзіне кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн бір жыл және одан да көп 



мерзiмге белгiлеуге байланысты қызметкердің табысты (кiрiсті) жоғалтуына қатысты зиянды 

өтеу ретiнде тиесiлi сақтандыру төлемi осы Заңның 23-бабына сәйкес сақтанушымен жасалған 

аннуитет шартына сәйкес қызметкердiң кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн 

белгiлеу не ұзарту (қайта куәландыру) мерзiмiне тең, бірақ қызметкердің Қазақстан 

Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген зейнеткерлік 

жасқа жетуі мерзімінен аспайтын мерзiм бойы қызметкердiң пайдасына аннуитеттiк төлемдер 

түрiнде жүзеге асырылады.

 

      Табысты (кiрiсті) жоғалтуға байланысты зиянды өтеу ретiнде сақтандырушы жүзеге 



асыратын сақтандыру төлемдерінен міндетті зейнетақы жарналары ұсталады және бірыңғай 

жинақтаушы зейнетақы қорына аударылады.

 

      Жазатайым оқиға болған кезде қызметкердiң қайтыс болуына байланысты, сондай-ақ 



орын алған жазатайым оқиғаның салдарынан оның денсаулығының нашарлау себебi бойынша 

зиянды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес 

зиянды өтету құқығы бар тұлғалардың пайдасына аннуитеттiк төлемдер түрiнде Қазақстан 

Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген мерзiм бойы жүзеге асырылады.

 

      Осы Заңда көзделген жағдайларда, пайда алушылар болып табылатын өзге де 



тұлғалардың сақтандыру төлемiн алуға құқығы бар.

 

      Аннуитет шарты бойынша аннуитеттiк төлемдерді есептеу тәртібі Қазақстан 



Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актiсiнде айқындалады.

 

      Өмiрi мен денсаулығына келтiрген зиян үшiн белгiленген тәртiппен жауапты деп 



танылған заңды тұлға таратылған жағдайда, зардап шеккен қызметкермен не қызметкердiң 

қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне 

сәйкес құқығы бар адаммен осы Заңда көзделген тәртiппен аннуитет шарты жасалады.

 



      2. Сақтандырушы қызметкерге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесi 

белгiленген жағдайда оның денсаулығының зақымдануынан туындаған қосымша шығыстарды 

өтеуді осы шығыстарды шеккен қызметкер не тұлға ұсынған, осы шығыстарды растайтын 

құжаттардың негізінде жүзеге асырады. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының денсаулық 

сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген 

көлеміне кіретін шығыстар сақтандырушының өтеуіне жатпайды.

 

      Денсаулықтың зақымдануынан туындаған қосымша шығыстарды өтеу жөніндегі сақтандыру 



төлемдерінің жиынтық мөлшері мынадай мөлшерлерден (республикалық бюджет туралы заңмен 

тиісті қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштерде) аспауға тиіс:

 

      1) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесi отыздан елу тоғыз пайызды 



қоса алғанға дейiн белгiленген кезде – 500;

 

      2) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесi алпыстан сексен тоғыз 



пайызды қоса алғанға дейiн белгiленген кезде – 750;

 

      3) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесi тоқсаннан бір жүз пайызды 



қоса алғанға дейiн белгiленген кезде – 1000.

 

      Денсаулықтың зақымдануынан туындаған қосымша шығыстарды өтеу жөніндегі сақтандыру 



төлемдерiн сақтандырушы осы шығыстарды шеккен қызметкер не тұлға осы шығыстарды 

растайтын құжаттарды ұсынған кезден бастап жеті жұмыс күні ішінде, осы тармақта 

белгіленген мөлшерлер шегінде жүзеге асырады.

 

      Денсаулықтың зақымдануынан туындаған қосымша шығыстарды өтеу жөніндегі жиынтық 



сақтандыру төлемдерін сақтандырушы осы тармақтың екінші бөлігінде айқындалған мөлшерлер 

шегінде, кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылудың алғаш рет белгіленген тиісті 

дәрежесі бойынша жүзеге асырады.

 

      3. Зардап шеккен қызметкер қайтыс болған жағдайда, оны жерлеудi жүзеге асырған 



тұлғаға сақтандырушы жерлеуге жұмсалған шығыстарды бір жүз айлық есептiк көрсеткiш 

мөлшерiнде өтейдi.

 

      4. Егер осы бапта көзделген сақтандыру төлемiнiң (сақтандыру төлемдерiнiң) және 



(немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстардың мөлшерi қызметкердi жазатайым оқиғалардан 

мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасының мөлшерiнен асып түскен 

жағдайда, айырма сақтандырушыға сақтанушының есебiнен төленедi.

 

      5. Сақтандыру төлемiн аударуға байланысты шығыстар сақтандырушының есебiнен 



жүргiзiледi.

 

      Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.04.2015 



№ 311-V

 Заңымен (алғашқы ресми 

жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

 

      19-1-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті



 

                 сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерін

 

                 жүзеге асырудың ерекшеліктері



 

      1. Сақтанушы «жалпы сақтандыру» саласындағы сақтандыру қызметін жүзеге асыратын 

сақтандырушымен қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасқан 

жағдайда, осы сақтандырушы мынадай:

 

      1) қызметкердің кемінде бір жыл мерзімге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу 



дәрежесін белгілеуге байланысты оның жалақысынан (табысынан) айрылуына қатысты зиянды 

өтеу;


 

      2) сақтандыру жағдайы басталған кезде қызметкердің денсаулығының зақымдануынан 

туындаған шығыстарды өтеу бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асырады.

 

      Қызметкерге бір жыл және одан да көп мерзімге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен 



айрылу дәрежесін белгілеуге байланысты оның жалақысынан (табысынан) айрылуына қатысты 

зиянды өтеу ретінде тиесілі, сондай-ақ қызметкердің қайтыс болуына байланысты сақтандыру 

аннуитет шартына сәйкес аннуитеттік сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар 

сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемін жүзеге асырады.

 

      «Жалпы сақтандыру» саласындағы сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандырушы 




осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс 

күні ішінде аннуитеттік сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру 

ұйымына осы Заңға сәйкес ақша аударуды жүзеге асырады.

 

      2. Сақтанушы аннуитеттік сақтандыру сыныбы бойынша «өмірді сақтандыру» саласындағы 



сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен қызметкерді 

жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасқан жағдайда, сақтандыру жағдайы 

басталған кезде сақтандыру төлемдерін осы сақтандырушы осы Заңның 19-бабында көзделген 

тәртіппен жүзеге асырады.

 

      


Ескерту. Заң 19-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.30 

№ 234-IV


 (2010.08.09 бастап 

қолданысқа енгізіледі және 2012.01.01 дейін қолданыста болады) Заңымен.

 

      20-бап. Сақтандыру төлемін жүзеге асырудың жалпы талаптары



 

      1. Сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талапты сақтанушы немесе пайда алушы 

болып табылатын өзге тұлға пайда алушының тұрғылықты жерін, байланыс телефондарын, 

банктік деректемелерін (қажет болғанда), сақтандыру төлемін - қолма-қол ақшамен не 

банктік шотқа аударым жасау арқылы алу тәртібін көрсетіп, сақтандыру төлемін жүзеге 

асыруға қажетті құжаттарды қоса тіркей отырып, жазбаша нысанда қояды.

 

      2. Сақтандыру төлемi туралы өтiнiшке мынадай құжаттар қоса беріледі:



 

      1) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгінен айырылу дәрежесi белгiленген жағдайда:

 

      сақтандыру шартының көшiрмесi;



 

      жазатайым оқиға туралы акт;

 

      зардап шеккен қызметкердiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;



 

      уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң кәсіптік еңбекке қабiлеттiлiгінен 

айырылуды белгiлеу туралы анықтамасының көшiрмесi;

 

      уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң қосымша көмек пен күтiм түрлерiне 



мұқтаждық туралы анықтамасының көшiрмесi;

 

      емделуге кеткен нақты шығыстарды растайтын құжаттар (шот-фактура, кассалық чек 



және басқалар);

 

      уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң еңбекке қабiлеттiлiгінен айырылу 



жағдайына тағайындалған әлеуметтік төлем мөлшері не оны тағайындаудан бас тарту туралы 

анықтамасының көшiрмесi;

 

      кәсіптік патология саласында мамандандырылған медициналық және сараптамалық көмек 



көрсетуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы берген кәсiптiк аурудың бар-жоғын 

растайтын құжаттың көшiрмесi;

 

      жұмыс берушi куәландырған, зардап шеккен қызметкердің жұмыс iстеген, бірақ он екi 



айдан аспайтын кезеңдегi жалақысының мөлшерiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

 

      2) қызметкер қайтыс болған жағдайда:



 

      сақтандыру шартының көшiрмесi;

 

      жазатайым оқиға туралы акт;



 

      қызметкердiң қайтыс болуы туралы куәлiктiң нотариат куәландырған көшiрмесi;

 

      қызметкер қайтыс болған жағдайда, пайда алушының зиянды өтетуге құқығын растайтын 



құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi;

 

      пайда алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;



 

      жұмыс берушi куәландырған, қайтыс болған қызметкердің жұмыс iстеген, бірақ он екi 

айдан аспайтын кезеңдегi жалақысының мөлшерiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

 

      3) сақтандыру жағдайы басталған кезде залалды болғызбау немесе азайту мақсатында 



сақтанушының шеккен шығыстарын, олар болған жағдайда, растайтын құжаттар.

 

      Сақтандырушының сақтанушыдан не пайда алушыдан қосымша басқа да құжаттарды талап 



етіп алдыруына жол берiлмейдi.

 

      3. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы өтініш беруші табыс еткен құжаттардың толық 



тiзбесiн және олар қабылданған күндi көрсете отырып, екі данада анықтама жасауға 

міндетті.

 



      Анықтаманың бір данасы өтініш берушіге беріледі, өтініш берушінің оны алғаны 

туралы белгісі бар екінші данасы сақтандырушыда қалады.

 

      Сақтанушы немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлға осы баптың 2-тармағында 



көзделген барлық құжаттарды табыс етпеген жағдайда, сақтандырушы оларды үш жұмыс күні 

ішінде жетіспейтін құжаттар туралы жазбаша хабардар етуге міндетті.

 

      4. Зардап шеккен қызметкер (ал ол қайтыс болған жағдайда қызметкердiң қайтыс 



болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өтетуге құқығы бар 

тұлға), сондай-aқ келтiрiлген зиянды сақтандырушының осы Заңда белгiленген 

жауапкершiлiгi көлемiнiң шегiнде пайда алушыға өтеген және сақтандыру төлемiне құқық 

алған сақтанушы немесе өзге тұлға пайда алушы болып табылады.

 

       5. 



Алып тасталды - ҚР 27.04.2015 

№ 311-V


 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 

күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

      6. Сақтандырушы сақтандыру төлемiн жүзеге асыру кезiнде пайда алушыдан оның 



сақтандырушыға талап қою құқығын шектейтiн шарттарды қабылдауын талап етуге құқылы емес.

 

       Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30 



№ 234-IV

 (2010.08.09 бастап 

қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 27.04.2015 

№ 311-V


 (алғашқы ресми 

жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 

23.11.2015

 № 415-V 

(01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

      21-бап. Зиян келтiрген тұлғаға керi талап қою құқығы 



 

      Ескерту. 21-бап алынып тасталды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап 

қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

      22-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге 



 

               асырудан босатудың негiздемесi 

 

      Сақтандырушы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген жағдайларда, 



сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiнің 322-бабының 3-тармағында көзделген 

жағдайлар басталған кезде сақтандыру төлемдерiнен толық немесе iшiнара бас тартуға 

құқылы.

 

      



Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.30  

№ 234-IV


(2010.08.09 бастап 

қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

      23-бап. Аннуитет шартын жасасу 



 

      1. Қызметкердiң кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесi белгiленген не 

ұзартылған (қайта куәландырылған) не ол қайтыс болған жағдайда, жұмыс берушi осы Заңның 

19-бабы 1-тармағының талаптарын ескере отырып, қызметкердiң пайдасына не қызметкердiң 

қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне 

сәйкес құқығы бар адамның пайдасына аннуитет шартын жұмыс беруші таңдаған, аннуитеттік 

сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымымен жасасуға мiндеттi.

 

      2. Аннуитет шарты осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды табыс 



еткен күннен бастап, бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жасалады.

 

      3. Аннуитет шарты зардап шеккен қызметкердiң не қызметкердiң қайтыс болуына 



байланысты зиянды өтетуге құқық алған тұлғалардың Қазақстан Республикасының 

Азаматтық кодексiнде белгiлеген мөлшерде және мерзiмдерде кiрiс алуын қамтамасыз ететiн 

шарттармен жасалады.

 

      Қолданылуы кезеңінде сақтандыру жағдайы орын алған қызметкерді жазатайым 



оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушымен аннуитет шарты жасалады.

 

      4. Аннуитет шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы пайда алушыға төленуге жатпайды.



 

      5. Аннуитет шартына қойылатын талаптар және сақтандырушының жасалатын аннуитет 

шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейі Қазақстан 

Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.

 

      Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.05.07 N 



244

 (қолданысқа енгізілу 

тәртібін 

2-баптан


 қараңыз), 2009.12.30 

№ 234-IV


 (қолданысқа енгізілу тәртібін 

2-б


қараңыз), 2012.07.05 

N 30-V

 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн 




өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 

№ 311-V


 (алғашқы ресми жарияланған күнінен 

кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

      24-бап. Қызметкердi еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу



 

               дәрежесiн анықтауға куәландырудың тәртiбi 

 

      1. Қызметкердiң (қызметкерлердiң) еңбекке қабiлеттiлiгiнен бiр күннен артық 



айрылуына әкеп соқтыратын әрбiр жазатайым оқиға медициналық қорытындыға сәйкес, 

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жазатайым оқиға 

туралы актiменресiмделедi.

 

      2. Қызметкердi еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн айқындауға куәландыруды 



уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi сақтанушының, сақтандырушының не қызметкердiң 

өтiнiшi бойынша немесе сот шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 

жүргiзедi. Денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы және жазатайым оқиға туралы акт 

куәландыру үшін негiз болып табылады.

 

      Қызметкердi жазатайым оқиға немесе кәсiптiк ауру салдарынан еңбекке 



қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн айқындауға куәландыру, сондай-ақ қосымша көмек пен 

күтiм түрлерiне мұқтаждықты айқындау Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік 

қорғау туралы заңнамасына сәйкес медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу арқылы жүзеге 

асырылады.

 

      Кәсiптiк аурулар тiзбесiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.



 

      


Ескерту. 24-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 

N 239-V


 (алғашқы ресми 

жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 

27.04.2015 

№ 311-V


 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң 

қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

      25-бап. Дауларды шешу 



 

      Осы Заңды орындау бойынша қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру 

субъектiлерi арасында туындаған даулардың бәрi Қазақстан Республикасының заңнамасына 

сәйкес шешiледi. 

 

      26-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi



 

               сақтандыру субъектiлерiнiң мемлекеттiк

 

               статистикалық есептiлiгi 



 

      Ескерту. 26-бап алынып тасталды - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен.

 

      27-бап. Қазақстан Республикасының қызметкерді жазатайым



 

               оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын

 

               бұзғаны үшiн жауаптылық 



 

      Қазақстан Республикасының қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру 

туралы заңнамасын бұзуға кiнәлi тұлғалар Қазақстан 

Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады. 

 

      28-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi 



 

      Осы Заң 2005 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

      Қазақстан Республикасының 

 

      Президентi 

 

 

 



 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ 



РМК 

жүктеу 236,17 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау