Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
159
Б И О Л О Г И Я
ӘОЖ 618.664+612.118.221.3
ЖҤКТІ ӘЙЕЛ АҒЗАСЫНДАҒЫ ЭРИТРОЦИТ МЕМБРАНАСЫНА
ФАКТОРЛАРДЫҢ ӘСЕРІ
Қ.А.Асқарбаева – оқытушы, З.Ж.Сейдахметова – б.ғ.д.,
(Алматы қ., Қазмемқызпу)
Аннотация: аз салмақты жүкті әйелдердің эритроцит мембранасының асқын тотығу
резистенттілігінің
тӛмендеуі,
мембраналарының
ӛткізгіштігі
және
сахарозаменгиперосмостық қысым кезіндегі эритроцит гемолизінің жоғарылауы
анықталды. Эритроцит мембраналарының құрылымдық-функционалдық қасиетінің
ӛзгеруінен мембрана тӛзімділігінің жоғарылауын тудырып ұрықтың дамуы мен ӛсуіне
әсер етуі кӛрсетілген.
Түйін сӛздер. Эритроцит мембранасы, тотығу резистенттілігі, ұрық, организм,
биологиялық мембрана.
Сыртқы ортаның зиянды факторлары ана организмiне жанама түрде әсер еткенде,
дамып келе жатқан ұрықта күрделi ӛзгерiстер байқалып, оның дамуына тигізген қолайсыз
әсерден организмiнде тiкелей ӛзгерiстер болуы мүмкiн. Зиянды әсерге ұрық анағұрлым
сезiмтал келуiн критикалық кезең деп атайды.
Құрсақ iшiндегi аз салмақтылықтың пайда болу себептерi әр түрлi, әсiресе ана
органзмiнiң жүктiлiк болмай тұрып және жүктiлiк кезiндегi сырқаттары және жүктiлiктiң
асқынуы үлкен рӛл атқарады. Сонымен қатар ананың шылым шегуi, алкоголь және
ӛндiрiс зияндылығы әсер етедi. Кортикостероиттер және цитостатикалық заттардың әсерi
дамып келе жатқан ұрықта айқын тежелу байқалғаны анықталды [1].
Құрсақ iшiндегi нәрестенiң дамуының тежелуi ана организмiнiң патологиясына,
плацентаның жеткiлiксiздiгiне және ұрықтың дамуына да байланысты екенi белгiлi.
Қазiргi кӛзқарас бойынша плацентарлық жеткiлiксiздiк түсiнiгiне плацентаның қоректiк,
транспортық, эндокриндік және зат алмасу қызметтерiнiң кешендiк бұзылыстарын
жатқызамыз [2].
Соңғы жылдары ана-ұрық жүйенің патологиясындағы биологиялық мембрана рӛліне
кӛп кӛңіл бӛлуде. Мембранаға қызығушылық олардың организмінің ткандық және
органдық функционалдық қызметінен туындайды. Мембраналық жүйенің қатысусыз
жүретін іш жүзінде биохимиялық реакциялар жоқ [3]. Организм жүйелері мен
органдардың, ұлпалардың және клеткалардың негізінде физиологиялық, биохимиялық
процестер жатыр. Сондықтан да мембраналық жүйенің қатысуынсыз жүретін іш жүзінде
биохимиялық реакциялар жоқ.
Қазіргі таңда биологиялық мембрананы патология және физиологияда негізгі
базистік фактор ретінде қарастырып отыр. Емдеу саласымен және физиологиялық
зерттеулердегі биомембрананы қарастыруға арналған негізгі модель қан клеткалары, оның
ішінде эритроциттер болып табылады.
Кӛптеген зертеулерге қарамастан құрсақтағы нәрестенің дамуындағы әртүрлі
аспектілерінің кӛп жағы әлі толық зертелмеген. Сондықтан жұмысымыздың негізгі
мақсаты қалыпты және аз салмақты жүкті әйелдердің эритроцит мембранасының
тӛзімділігін зерттеу болып табылады.
Зерттеу материалдары мен әдістері. Материал
ҚР ДМ Акушер,
гинекология және
перинатология ғылыми орталығында жиналды. Зерттеуге қатысқан жүкті әйелдер 2 топқа
бӛлінді: 1-топ (бақылау)- 36-37 апталық жүктілік ағымы
қалыпты әйелдер; 2-топ (негізгі)-
36-37 апталық құрсақ ішілік нәрестесінің дамуы кідірген жүкті әйелдер.