Ф и з и к а әож 3. 049. Физика сабақтарында



жүктеу 5,03 Kb.
Pdf просмотр
бет75/89
Дата01.01.2018
өлшемі5,03 Kb.
#6313
түріСабақ
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   89

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
 
 159
 
Б И О Л О Г И Я 
 
 
ӘОЖ 618.664+612.118.221.3 
ЖҤКТІ ӘЙЕЛ АҒЗАСЫНДАҒЫ ЭРИТРОЦИТ МЕМБРАНАСЫНА 
ФАКТОРЛАРДЫҢ ӘСЕРІ 
 
Қ.А.Асқарбаева – оқытушы, З.Ж.Сейдахметова – б.ғ.д., 
(Алматы қ., Қазмемқызпу)  
 
Аннотация: аз салмақты жүкті әйелдердің эритроцит мембранасының асқын тотығу 
резистенттілігінің 
тӛмендеуі, 
мембраналарының 
ӛткізгіштігі 
және 
сахарозаменгиперосмостық  қысым  кезіндегі  эритроцит  гемолизінің  жоғарылауы 
анықталды.  Эритроцит  мембраналарының  құрылымдық-функционалдық  қасиетінің 
ӛзгеруінен  мембрана  тӛзімділігінің  жоғарылауын  тудырып  ұрықтың  дамуы  мен  ӛсуіне 
әсер етуі кӛрсетілген. 
Түйін  сӛздер.  Эритроцит  мембранасы,  тотығу  резистенттілігі,  ұрық,  организм, 
биологиялық мембрана.  
Сыртқы  ортаның  зиянды  факторлары  ана  организмiне  жанама  түрде  әсер  еткенде, 
дамып келе жатқан ұрықта күрделi ӛзгерiстер байқалып, оның дамуына тигізген қолайсыз 
әсерден  организмiнде  тiкелей  ӛзгерiстер  болуы  мүмкiн.  Зиянды  әсерге  ұрық  анағұрлым 
сезiмтал келуiн критикалық кезең деп атайды. 
Құрсақ  iшiндегi  аз  салмақтылықтың    пайда  болу  себептерi  әр  түрлi,  әсiресе  ана 
органзмiнiң жүктiлiк болмай тұрып және жүктiлiк кезiндегi сырқаттары және жүктiлiктiң 
асқынуы  үлкен  рӛл  атқарады.  Сонымен  қатар    ананың  шылым  шегуi,  алкоголь  және 
ӛндiрiс зияндылығы әсер етедi. Кортикостероиттер және цитостатикалық заттардың әсерi 
дамып келе жатқан ұрықта айқын тежелу байқалғаны анықталды [1].  
Құрсақ  iшiндегi  нәрестенiң  дамуының  тежелуi  ана  организмiнiң  патологиясына, 
плацентаның  жеткiлiксiздiгiне  және  ұрықтың  дамуына  да  байланысты  екенi  белгiлi. 
Қазiргi  кӛзқарас  бойынша  плацентарлық  жеткiлiксiздiк  түсiнiгiне  плацентаның  қоректiк, 
транспортық,  эндокриндік  және  зат  алмасу  қызметтерiнiң  кешендiк  бұзылыстарын 
жатқызамыз [2]. 
Соңғы жылдары ана-ұрық жүйенің патологиясындағы биологиялық мембрана рӛліне 
кӛп  кӛңіл  бӛлуде.  Мембранаға  қызығушылық  олардың  организмінің  ткандық  және 
органдық  функционалдық  қызметінен  туындайды.  Мембраналық  жүйенің  қатысусыз 
жүретін  іш  жүзінде  биохимиялық  реакциялар  жоқ  [3].  Организм  жүйелері  мен 
органдардың,  ұлпалардың  және  клеткалардың  негізінде  физиологиялық,  биохимиялық 
процестер жатыр. Сондықтан да мембраналық жүйенің қатысуынсыз жүретін іш жүзінде 
биохимиялық реакциялар жоқ. 
Қазіргі  таңда  биологиялық  мембрананы  патология  және  физиологияда  негізгі 
базистік  фактор  ретінде  қарастырып  отыр.  Емдеу  саласымен  және  физиологиялық 
зерттеулердегі биомембрананы қарастыруға арналған негізгі модель қан клеткалары, оның 
ішінде эритроциттер болып табылады. 
Кӛптеген  зертеулерге  қарамастан  құрсақтағы  нәрестенің  дамуындағы  әртүрлі 
аспектілерінің  кӛп  жағы  әлі  толық  зертелмеген.  Сондықтан  жұмысымыздың  негізгі 
мақсаты  қалыпты  және  аз  салмақты  жүкті  әйелдердің  эритроцит  мембранасының 
тӛзімділігін зерттеу болып табылады.  
Зерттеу материалдары мен әдістері. Материал ҚР ДМ Акушер, гинекология және 
перинатология ғылыми орталығында жиналды. Зерттеуге қатысқан жүкті әйелдер 2 топқа 
бӛлінді: 1-топ (бақылау)- 36-37 апталық жүктілік ағымы қалыпты әйелдер; 2-топ (негізгі)- 
36-37 апталық құрсақ ішілік нәрестесінің дамуы кідірген жүкті әйелдер. 


160  Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
 
Эритроциттерді бӛліп алу үшін қанды 10 минут 1000 g айналымда центрифугаладық. 
Плазма мен лейкоциттерді бӛліп, ал эритроциттерді құрамы 150 мМ NaCI, 5 мМ Na
2
HPO

(pH – 7, 4) инкубация ортасымен екі рет шайдық. Эритроциттердің мембрана ӛткізгіштігін 
В.  Колмаковтың,  .т.б.  әдісімен  анықтадық  [4].  Эритроциттерді  сахарозалық  қысымға 
сахарозаның  әртүрлі  концентрациялы  ерітінділеріндегі  гемолиз  деңгейіне  негізделген 
әдіспен  ұшыраттық  [5].  Эритроциттердің  асқын  тотықтық  гемолизін  Мырзахметова, 
Мирошина  және  т.б.  әдісімен  [6]  анықтадық.  Алынған  нәтижелер  «Microsoft  Excel» 
бағдарламасы  мен  Стьюденттің  критериі  қолданыла  отырып  ӛңделді,  тіркелген 
кӛрсеткіштердің сенімділігі р≤ 0,05.  
Зерттеу  нәтижелерi  мен  талқылау.  1-суретте  бақылау  және  аз  салмақты  жүкті 
әйелдердің эритроциттерін сахарозаның 0,2-0,5 М ертінділерінде гиперосмостық қысымға 
ұшырату кезіндегі гемолизді анықтау тәжірибе кӛрсетілген. 
0
10
20
30
40
50
0
0,2
0,3
0,4
0,5
1
2
 
 
1- сурет. Сахарозамен гиперосмостық қысым кезіндегі аз салмақты жүкті әйелдердің 
бақылау  және  тәжірибе  топтарының  эритроцит  гемолизі.  Ордината  осі:  гемолиз  деңгейі, 
%;  абцисса  осі:  сахароза  концентрациясы,  М.  1  –  бақылау  тобы,  2  –  аз  салмақты  жүкті 
әйелдер тобы. 
Бақылау  топтағы  жүкті  әйелдердің  эритроциттерін  құрамында  сахарозаның  0,3  М 
ерітіндісі  бар  ортада  инкубациялаған  кезде  мембрананың  гемолиттік  тӛзімділігі  аса 
тӛмендемейді  (8,6%  гемолизі),  ал  аз  салмақты  жүкті  әйелдердің  эритроциттерін 
құрамында 0,2 М сахароза бар ортада инкубациялаған кезде-ақ гемоглобиндердің шығуы 
12,1% байқалады. Сахарозаның концентрациясы 0,5 М жоғарылағанда бақылау тобында - 
11,8%,  ал  жүкті  әйелдердің  тобында  -  43,5%  эритроцит  гемолиздің  жоғарылағаны 
байқалды. 
0
20
40
60
80
100
40/60
45/55
50/50
55/45
60/40
65/35
1
2
 
2-сурет.  Бақылау  және  аз  салмақты  жүкті  әйелдердің  эритроцит  мембраналарының 
ӛткізгіштігі. Ординат осі: гемолиз деңгейі, %; абцисс осі: мочевина/NaCl концентрациясы. 
1 – бақылау, 2 – аз салмақты жүкті әйелдер. 
Бастапқыда  кӛрсетілгендей,  0,4  сахароза  ертіндісінде  гемоглобин  ортаға  шыққанда 
эритроциттер  созылғыш  қасиетін  жоғалтады  және  құрылымдық  ӛзгеруіне  ұшырайды  /5/. 


жүктеу 5,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау