Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
157
арасындағы
экономикалық
әрекеттестік
толық
либералдылық
пен
басқару
құрылымдарының әлсіз болуымен, соңына қарай тауар-экономикалық ынтымақтастықтың
белгілерін сандық және сапалық тұрғыдан екі жақты қатаң бақылауға алуымен
сипатталады.
Байқап отырсақ, экономикалық кӛзқарас бойынша бұл әрекеттестіктен Қытай,
әсіресе, Шыңжан Ұйғыр автономиялық ауданы кӛбірек пайда алды. Қазақстанда тоқыма
және жеңіл ӛнеркәсіп тауарларына сұраныстың және ыңғайлы факторлардың болуы
ШҰАР-да ӛнеркәсіп пен инфрақұрылымның дамуына себеп болды. Бұдан басқа, Орта
Азия, соның ішінде, негізінен Қазақстаннан шикізатты импорттау арқылы Шыңжан ӛзінде
ӛңделген ресурстарды сыртқа шығару мүмкіндігін күшейтті және ел экономикасына
айтарлықтай үлес қосты. Қазақстанға тиген пайдасына келсек, Қытаймен
ынтымақтастықтың арқасында еліміз тауар тапшылығын азайтуға, қазақстандықтарды
біршама жұмыс орны және тұрақты жалақымен қамтамасыз етуге мүмкіндік алса да,
экономикаға келген табыс мӛлшері айтарлықтай кӛрінбеді. Дегенмен, бұл кезеңнің
басында болған мәселелердің кӛбі шешімін таппаса да, сауда-экономикалық
байланыстарды реттеу механизмі жетіле түсті.
Сонымен қатар, Қазақстан Қытайдың ШҰАР-дан басқа ӛңірлерімен де
экономикалық байланыстарды орнатуға кірісті. 2000 жылдың бірінші жартысында Орта
Азия елдеріне, соның ішінде, Қазақстанға экономикалық ену Қытайдың сыртқы
саясатының негізгі элементі болды. Бұл, негізінен, Қытай капиталы негізінде кӛптеп
кәсіпорындардың пайда болуы, осы елдерде ірі экономикалық және инфрақұрылымдық
жобалардың құрылуы арқылы жүзеге асты.
2000 жылдардан кейін Қазақстан-Қытай экономикалық байланыстарының дамуында
бірнеше тенденциялар байқалады:
- Бірге жаңа жобаларды жүзеге асыру;
- ҚХР-ның Қазақстанмен энергетикалық байланыстарды дамытуға кӛп кӛңіл бӛлуі;
- Сыртқы сауда операцияларның кӛлемінің ұлғаюы және Қазақстанның сыртқы
сауда балансының жақсаруы.
Осы кезеңнің ірі біріккен жобаларына тӛмендегілерді жатқызуға болады:
- 2003 жылы Қазақстанның батысында ұзындығы 448,8 км, ӛткізу қуаты жылына 12
млн. тонна Кенқияқ-Атырау құбыр жолының қолдануға берілуі. Бұл салыну туралы
меморандум 1997 жылы «Батыс Қазақстан-Қытай» мұнай құбырының бір бӛлігі болуы
тиіс;
- 2003 жыл мамыр айы – CNPC компаниясы «CNPC Ақтӛбемұнайгаз» ӛндіріс
орнының мемлекетке тиесілі акцияларын (25,12%) 150,2 млн. долларға сатып алып,
компанияның жалғыз иесі болды;
- 2003 жыл тамыз айы – CNPC Сауд Арабиясының Nimir Petroleum Ltd.
компаниясынан солтүстік Бозащы жобасының 35%-ын алды;
- 2004 жыл 17 мамыр – Нұрсұлтан Назарбаев пен Ху Цзинтаоның Атасу-
Алашанькау мұнай құбырын салу туралы арнайы келісімге қол қойды;
- 2005 жылы Қытай компаниялары Қазақстан мұнай активтерін алуды жалғастырып,
сәуір айында CNODC компаниясы «Айдан мұнай» АҚ-ның жалғыз акционері болды.
Мұндай жобалар осы кезеңнің соңына дейін кӛбейіп, Қытай бизнесмендерінің
Қазақстанға қызығушылығының жоғары екенін кӛрсетті. Бұл кезеңнің ірі жобаларын
қарастыра отырып, олардың біріккен жобалар деп аталса да, негізінен Қытайдың
Қазақстан мұнайына ие бола бастаған кезеңі екенін байқауға болады. 2000 жылдан бастап
Қытай ірі ӛнеркәсіп пен инфрақұрылымға кӛңіл бӛле бастады. 2004 жылдың қыркүйек
айында Трансқазақстан теміржолы магистралі туралы келіссӛздер басталып, құрылысы
жайлы меморандумға 2005 жылы қол қойылды. Осы айда China National Gold Group
Association компаниясы мен «Қазақалтын» (Kazakhaltyn Mining Co. Ltd.) кен ӛндіру
концерны Қазақстанда алтын ӛндіру бойынша бірігіп кәсіпорын құру тұралы
келісімшартқа қол қойды.
158 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013
Қытайдың энергетиктері Екібазтұзда жаңа ГРЭС салуда да шетте қалмай, 2006
жылдың желтоқсанда қытайдың Гуандун ядролық энергетикалық корпорациясы (China
Guangdong Nuclear Power Holding (CGNPC)) мен қазақстандық «Казатомпром»
стратегиялық қызметтестік туралы келісім түзді. Олардың арасында қытайлық АЭС үшін
ядролық отын және ҚХР дамып келе жатқан атом энергиясын ресурспен камтамасыз ету
үшін 2007 жылдың мамырында стратегиялық қызметтестікті тереңдету мен кеңейту
келісіміне қол қойылды. 2007 жылы тамызда ҚХР председателі Ху Цзиньтао Қазақстанда
сапарымен болып қайтты. Ал 2008 жылдың сәуірінде ҚР премьер министрі Кәрім
Масимовтың Қытайға сапары кезінде «Қазақстан мен Қытай арасындағы шикізаттық емес
сектордағы әріптестік программаларын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарына»
қол қойылды [3]. 2010 жылы ҚХР-ның председателі Ху Цзиньтао Қазақстанға келіп 5
пункттен тұратын «Қазақстан-Қытай арасындағы стратегиялық әріптестікті дамыту»
туралы ұсыныс жасады.
Ал, 2011 жылдың ақпан айында Қазақстан президенті Н.Ә.Назарбаев Қытайға сапар
шекті. Елбасы екі жақты байланыстарды дамыту барысында жеткен жетістіктерді жоғары
бағалап, екі ел лидерлері Қазақстан-Қытай әріптестік байланыстарын жаңа сатыға
шығаруға үлес қосатындығын жариялаған болатын.Қазіргі күнге дейін жоғарыдағы
келісімдер негізінде жүзеге асқан кӛптеген жобаларға ӛзіміз куә болып келеміз.
Бүгінгі күнде Қытай мен тауар айналымы кӛлемінен Қазақстан Ресейден кейінгі 2-
орында (ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасында). Кедендік статистиканың мәліметтері
бойынша айналым кӛлемі 2002-2007 жылдар аралығында 1,3 млрд. АҚШ долларынан 9,1
млрд., ал Қытай интернет орталықтарының деректері бойынша тауар айналымының
кӛлемі 1994-2004 жж. аралығында 336 млн.-нан 4,498 млрд. АҚШ. долларына дейін ӛсті.
Екі ел арасындағы тауар айналымы жыл сайын 60% ӛсуде. Бұл кӛрсеткіш 2008 жылы
17,55 млрд. доллар, ал 2010 жылы 20,4 млрд. долларды құрады. Сыртқы сауда айналым
кӛлемі 2003 жылы 3,2 млрд. доллар, 2005 жылы – 6,81 млрд., 2007 жылы- 13,8 млрд.
долларды құрады. 2010 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстанның сыртқы сауда
бойынша жағымды сальдосы 28,8 млрд. доллар, Қазақстанның сыртқы сауда айналымы
2012 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында 101657,8 млн АҚШ долларын құрап, 2011 жылғы
қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда 10,9% артты [4].
2012 жылдың шілде айында ӛткен Қазақстан-Қытай сауда-экономикалық
ынтымақтастық бойынша комитетінің алтыншы отырысында 2017 жылға дейін екі ел
арасындағы тауар айналымын 40 млрд. АҚШ долларына дейін ӛсіру мақсаты қойылған
болатын. Осы кезеңде Астана мен Бейжін арасындағы тауар айналымы шамамен 9 млрд.
АҚШ долларын құрап, күн санап ӛсуде. Бұл ӛсім негізінен мұнай ӛнімдерін сатуға
байланысты қолға келуде. Бір жарым млрд. халқы бар Қытай мемлекеті Қазақстан
мұнайының ең негізгі сатып алушылардың бірі болып есептеледі. Бұл үрдіс ел ішіндегі
ӛндірісті әртараптандырып, сапалы дайын ӛнім шығаруды дамытқанша жалғаса бермек.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.Описание Чжуньгарии и Восточного Туркестана в древнем и нынешнем состоянии,
пер. с кит. [Н.Я.Бичурина], ч. 1, СПБ, 1829
2.Китай глазами Казахстанцев. Под редакцией Б.К. Султанова. Алматы, 2012.
3.http://kz.china-embassy.org
4.http://www.stat.kz
РЕЗЮМЕ
В данной статье расматриваются тенденции развития казахстанско-китайских
торгово-экономических отношений
SUMMARY
The article deals with the development tendency of Kazakh-Chinese trade in economical
relations.
Достарыңызбен бөлісу: |