120 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013
Жезқазған қаласынан 54 шақырымдай жерде, Орда-Базар қаласы жұртынан
(Жошыхан мазарынан) дауыс жетер жердегі қыр үстіне оғыз-қыпшақ заманында салынған
айрықша ескерткіш Домбауыл кесенесі (дыңы)
ортағасырлық сәулет ӛнері
ескерткіштерінің Орталық Қазақстанда кӛп тараған бір түріне жатады. Конус пішіндес
күмбезді түріне жатады. Астыңғы табан бӛлігінің аумағы 8,9м х 7,9м, қабырғасының
қалыңдығы 2
м-ге жуық, ішінің аумағы 4м х 4м.
Кесененің сыртқы пішіні киіз үйге ӛте ұқсас. Асты тӛрт бұрышты болғанмен үстін
дӛңгелетіп күмбезге айналдырған. Есігі оңтүстік-шығыс жақтан шығарылған, бұған
жалпы биіктігі 1,2м болатын тӛрт басқышты баспалдақ арқылы кіреді. Кесене еденіне
топырақ жайылып, оның үстіне жалпақ тастар тӛселінген. Қабырғалары 3 м-дей кӛтеріліп
барып, кӛлденең бӛренелермен жабылған. Бұлардың барлығы – тас қалаудың қола
дәуірінде қалыптасқан ежелгі дәстүрінің белгілері.
Домбауыл есімі тарихи жазбаларда да, аңыз әңгімелерде де кездеседі. Ол қазақ
шежіресінде, жыр-толғауларында жиі айтылады. Бұл ескерткіш жайлы ең алғаш зерттеу
еңбектерін жазған Ш.Уәлиханов. Соңғы жылдары Домбауыл шыңына да қалпына келтіру
жұмыстары жүргізілді.
Ұлытау ӛңіріндегі тарихи, мәдени және археологиялық ескерткіштер жайлы бір
мақала кӛлемінде шығару мүмкін емес. Ұлытау ӛңіріндегі жоғарыда айтылғандардан
басқа Сырлытам, Дүзен (Жүзен), Ерден батыр, Жансейіт, Киікбай, Шегір, Алтыбай, Бұзау
сияқты сыр мен сымбатқа бай жәдігерлерді қалай сипаттасақ та артық емес, олардың
әрқайсысы арнайы зерттеуге тұрарлық кесек туындылар...
Ұлытау ӛңіріндегі тарихи және мәдени мұралар тамыры сонау осы ӛлкеге адам аяғы
тиген кезеңнен күні бүгінге дейін жалғасын тауып жатқан халықтық материалдық туынды
ретінде танылады. Біле білсек, олар – рухани сабақтастықтың да жанды кӛрінісі. Осы
уақытқа дейін зерттелген ескерткіштерден біз білмейтін ескерткіштер кӛбірек. Мысалы,
1862 жылы Ұлытау ӛңірінде әскери-техникалық зерттеулер жүргізген бас штаб офицері
Н.Красовский тек қана Қаракеңгір ӛзені алқабында 100-ден артық қызыл кірпішпен
табиғи тастан салынған сәнді үйлер бар деп жазады. Бүгінгі ұрпақ үшін солардың бәрі
ескерткіш.
Біз болсақ, олардың бес-алтауын ғана білеміз. Қалғанының жұрты да белгісіз.
Сондай-ақ қазан тӛңкерісіне дейін бүгінгі Ұлытау ауданы орналасқан аймақта 40-50
мешіт-медресе болған екен.
Ескерткіштер – ел тарихы, халық мұрасы. Олар келер ұрпақтарды ӛткен
тарихымызды қастерлеуге, елдің ынтымағы мен бірлігін арттыруға қызмет қылады.
Сондықтан олар ӛздерін онан әрі зерттеу, қорғау, сақтау және жӛндеуден ӛткізу үшін
қоғамдық және мемлекеттік ұйымдар тарапынан барынша мұқият назар аударуды қажет
етеді.
Ұлытау ӛңірінің табиғи туристік-рекреациялық ресурстары мен тарихи туристік
ресурстары туризмнің аймақтық ұйымдастырылуына, туристік орталықтар мен
аудандардың қалыптасуына және де олардың экономикалық тиімділігіне қол жеткізуге
қомақты ықпалын тигізеді. Себебі ӛңірдің туристік ресурстарының бай әлеуеті мен
бірегей шоғыры осы аймақта туризмді дамытудың маңызды алғышарттарын
қалыптастырады. Сондықтан да ұлан-ғайыр ұлылықтың ұйтқысына айналған ұлы даланың
ұлылығын ұғынып, барымызды базарлап, байлығымызды бағалап ӛзімізде барды ӛзгеден
іздемей аймақтық туризмді айрықша назарға алған абзал. Еліміздің ӛзге аймақтарын
қоспағандағы бір Ұлытаудың ӛзі - бағалай білсек, қыруар табыс кӛзі.
Қазіргі таңда қазақстандық туристік индустрия әлемдік нарыққа белсенді түрде
енудің бастапқы қадамдарын жасауда. Туризмнің дамуы жұмыс орындарын қалыптастыру
мен шағын кәсіпкерлікті дамыту ісін жандандырып, кӛлік, байланыс, қызмет саласы,
сауда-саттық, құрылыс, халықтық тұтыну тауарларының ӛндірісі сынды салалардың
қызметіне оң әсер етіп, туристік индустриямен ұштаса дамуына септігін тигізеді және
Қазақстан Республикасы экономикасының тиімділігін арттырудың басым бағыттарының
бірін құрайды.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
121
Дүниежүзілік тәжірибеге кӛз жүгіртсек, әлемнің кӛптеген алдыңғы қатарлы
елдерінің экономикасына нұқсан келтіріп, жылдар бойы жетілген қарқынды даму
тетіктерін шайқалтып кеткен дүниежүзілік дағдарыс кезеңінде туристік инфрақұрылымы
ежелден қалыптасқан әлем елдері экономиканы тұрақтандырудың, әрі оның дамуын
бірқалыпты ӛрістетудің бір жолы ретінде туризмге арқа сүйеген болатын. Туризм - ел
экономикасын кемелдендірудің тиімді жолы мен қомақты кіріс кӛзі. Мемлекетіміздегі
туризмнің дамуына айрықша мән беріліп отырғандығының бір себебі де осыған
байланысты болатындығы сондықтан.
Осыған орай, Қазақ елі ӛзінің табиғи, тарихи, мәдени құндылықтарын әлемге
әйгілеп, шет елдік туристерді бірегей болмысымен қызықтыра алатын туризм тұрғысынан
тартымды имиджін қалыптастырудың қарышты қадамдарын жасап келеді. Азияның
айбарлы арландарына Томирис ұрпағының тарландары мекен етіп отырған ұлы даланың
текті де тегеурінді қуаты мен қайталанбас дара болмысын, тамырын тереңге жайған 3000
жылдық тарихы бар кӛшпенділер ӛркениетінің ӛрнектерін келісті де абыройлы түрде
айғақтай білген 7-қысқы Азия ойындарының еңселі еліміздің туристік тартымдылығына
айрықша рең бітіріп, шет ел азаматтарының қызығушылығын оятқандығы хақ. Сән-
салтанатымен, қонақжай салтымен, бейбіт те берекелі қалпымен әлем назарына іліккен
Азия ойындары бүгінгі күні ел беделін биіктетіп, мәртебесін марқайтып жатса, болашақта
тылсымы зерттелмеген, сыры ашылмаған теңіз түбіндегі маржандай жарқ еткен жазиралы
даламызға, жайдары елімізге туристер легінің кӛптеп тартылуына септігін тигізіп,
келешек кӛктемінің жаршысындай үкілі үмітті жандандыра түседі.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қазақ мемлекеті мен ұлт тұтастығының қалыптасуындағы Ұлытаудың тарихи
орны. Республикалық ғылыми-тәжірбиелік конференция жинағы. – Астана, 2006.
2. Ж.Ибаділдин Жер кіндігі Жезқазған. – Астана, 2004.
3. С.Р.Ердавлетов География туризма. Алматы , 2000.
4. Д.С. Носов. «Жемчужины Казахстана». Алма-Ата. Кайнар 1983.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматриваются роль исторических памятников в
развитии туризма
Улытауского
региона
SUMMARY
The article deals the role of historical monuments in tourism development
in Ulytau region.
ӘОЖ 373.167.1
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ӚНЕРКӘСІП САЛАЛАРЫНЫҢ
ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
Н.Н. Карменова - г.ғ.к.,
профессор, А.Б. Сиқымбаева – 2
курс магистранты
(Алматы қ., Қазмемқызпу)
Аннотация: Маңғыстау облысы ӛнеркәсіп салаларының даму кезеңдері,
геологиялық
құрылымы, геофизикалық, гидрогеологиялық және мұнай-газ ӛнімдерін пайдалану
жолдары
қарастырылды
Түйін сӛздер: Ӛнеркәсіп, геология,
геофизика, гидрогеология, мұнай, газ.
Облыста ӛнеркәсіп саласының негізі ХІХ ғ-дың 50-жылдарынан бастап қалыптаса
бастады. Ол кезде балық, маусымдық итбалық аулау кәсіпшілігі және олардың негізінде
бірнеше шағын балық ӛңдеу, тұз ӛндіру цехтары болды. Балық аулауды жолға қою үшін