116 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013
Г Е О Г Р А Ф И Я
ӘОЖ 913:796.5.
ҦЛЫТАУ ӚҢІРІ ТУРИЗМІН ДАМЫТУДА ТАРИХИ
ЕСКЕРТКІШТЕРДІҢ РӚЛІ
Н.Н.Карменова – г.ғ.к., профессор, Н.Б.Оразалыкова – 2
курс магистранты
(Алматы қ., Қазмемқызпу)
Аннотация: Мақалада елімізде жанданып келе жатқан салалардың бірі туризм оның
ішінде ірі туристік орталыққа айналу ықтималдығы басым әрі туристік тиімділігі жоғары
қазақстандық аймақтардың бірі - бай туристік әлеуетке ие Орталық
Қазақстандағы Ұлытау
ӛңірінің құнды, маңызды жәдігерлерінің басты-бастыларына тоқталып, аймақта туризмнің
дамуына айрықша мән берілуі ел экономикасын кемелдендірудің тиімді жолы мен
қомақты кіріс кӛзі болатындығы айтылады.
Түйін сӛздер:
Туризм,
тарихи ескерткіштер, күмбездер.
Туризм - кейiнгi жылдары елiмiзде жанданып келе жатқан салалардың бiрi.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң туризм саласындағы белгiлеген барынша маңызды
мiндеттерiнiң бiрi - Қазақстанды Орталық Азиялық ӛңiрдегi туризм орталығына
айналдыру. Республикада қазiргi заманғы тиiмдiлiгi жоғары және бәсекеге қабiлеттi
туристiк индустрия құруға және экономиканың сабақтас секторларын дамытуды
қамтамасыз етуге мүмкiншілік мол. Қазақстандағы туризм елдің тұтас аудандарының
экономикасына белсенді әсер етеді. Туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші
субъектілердің құрылуы және жұмыс істеуі жол кӛлігін, сауданы, коммуналдық-
тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет кӛрсетуді дамытумен тығыз байланысты.
Қазақстандағы туристiк ресурстарға — туристiк қызмет кӛрсету нысандарын қамтитын
табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік - мәдени, сауықтыру нысандары, сондай-ақ
туристердiң рухани қажеттерiн қанағаттандыра алатын, олардың күш-жiгерiн қалпына
келтiрiп сергiтуге жәрдемдесетiн ӛзге де нысандар жатады. Олар: мәдени-танымдық,
экологиялық, спорттық, әлеуметтік, дiни, т.б. Еліміздегі туристiк нысандар табиғи-
рекреациялық, тарихи-археологиялық, тәуеп ету, т.б. топтарға бӛлiнедi. Тарихи-
археологиялық ескерткiштердiң туристiк-экскурсиялық сапарлардағы орны ерекше.
Археологиялық ескерткiштердiң кез-келген нысандары туристiк-экскурсия жұмыстарында
маңызды орын алады. Егеменді ел болғалы археологтар 10 мыңнан асатын тарихи-мәдени
ескерткіштер тауып, енді ғылыми тұрғыда анықтап жатыр. Қола дәуіріндегі қоныстар
орны, кӛне ӛндірістер іздері, тас қоршаулар, таңбалы тастардағы белгі таңбалар,
Алтыншоқыдағы Ақсақ Темір әмірімен тасқа қашалып қалдырылған жазу, Хан ордасы
орны, Алтын орда әмірлері Едіге, Тоқтамыс хандар жерленген жерлер, Алаша, Жошы
хандар, Құтылық-Темір, Болған ана мазарлары, Домбауыл кесенесі, Кенесары қорғаны,
Кейкі батыр үңгірі т.б. қазақ елінің мұншалықты бай мұралары бүкіл әлем мәдени-тарихи
туризмін қызықтыруда.
Республикамыздағы тарихи-археологиялық туристік нысандардың ең кӛп
шоғырланған ӛлкесі Ұлытау ӛңірі. Халқымыздың тағдыры мен тарихында Ұлытаудың
алар орны ерекше. Оның әр тау-тасы, орман-суы шежіре сырға тұнып тұр. Қ.И. Сәтбаев:
«Орыстарға Кремль қандай қадірменді болса, меніңше қазақ елі үшін Ұлытау да
соншалықты қастерлі...», - деп Ұлытаудың тарихи мән-маңызын кесіп айтқан болатын.
Ӛңірдің туристік тартымдылығының жоғары деңгейі рекреация мен туризмді
дамытуға қажетті туристік ресурстардың ауқымды шоғырына байланысты болатындығы
даусыз. Ӛңірдің қолайлы географиялық орны, антропогендік фактордың әсері
айтарлықтай байқалмайтын жақсы күйінде сақталған бірегей табиғи әлеуеті, осы ӛңірде
сан ғасырлар бойы жинақталған тарихи-мәдени мұраның бай қоры туризмді дамытуға аса