118 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013
Тӛбешіктердің үстінде де, қапталдарында да белгілі бір заңдылықпен бедерленген
қосақталған түйеден бастап, жалаңаяқ адамның ізіне дейінгі таңбалар. Бірақ оларға қарап
белгілі бір пайым, түйін-тұжырым жасауға негіз таба алмайсың. Теректі әулие - әзірге
тылсым сырын ішіне бүгіп жатқан әлемде теңдесі де, ұқсас сыңары да жоқ жәдігер.
«Теректі әулиедегі» суреттер (пиктограмма, петроглифтер) тас бетіне қашалып
салынған. Кейбір тастардың мұқият ӛңделгені соншалық, олардың беттері күні бүгінге
дейін айнадай жалтырайды. Жергілікті халық оны әулиенің сырғанағы деп атап кеткен.
Қалай болса да осыншама күрделі кешен маман ғалымдар тарапынан тиянақты зерттелуін
күтіп жатыр. Тастағы мүсіндердің ермек үшін салынбағаны, олардың осы ӛңірдің құтты
қоныс еткен ежелгі адамдардың тыныс-тіршілігі мен наным-танымынан түсінік
беретіндігі ақиқат.
Қазақтың қасиетті қорық мекені «Таңбалы тас» жайлы әңгімелердің бір бӛлігі
жоңғар шапқыншылығы кезеңіне байланыстырыла баяндалады. Шындығына келсек, бұл –
тіпті Шыңғысхан заманын да, әріден келе жатқан, мәні мен маңызы жағынан Күлтегін
ескерткіштеріне теңеуге тұратын аса құнды жәдігер. Сондай-ақ «Таңбалы тас»
ескерткішін зерттегендер қатарына белгілі ғалымдар Д.Телятников, А.И.Шренк,
Ю.А.Шмидт, Қ.Сәтбаев, А. Бекхожин т.б. жатқызуға болады.
Қ.Сәтбаев Жезқазған ауданындағы тарихи ескерткіштер мен аңыз әңгімелерді
саралап-салмақтап Ұлытау-Жезқазған ӛңірінің қазақ этносының тарихи кіндігі
болғандығын негіздеді.
Академик М. Қозыбаев: «...Ұлытауда үш жүз тайпалары ӛкілдерінің қол қойған
«Таңбалы тасы» шын мәніндегі қазақтың тұңғыш конституциясы еді»,- деп жазуында да
осындай қасиет қастерге негізделген маңызды мағына, шырайлы шындық жатыр.
Сондықтан қазақтың тұңғыш Конституциясы – Ата Заңы Ұлытауда жазылған деп ауыз
толтырып айта аламыз.
Басқамыр (Қиян, Хиям) қаласы сияқты тарихи деректерде аттары аталатын Орталық
Қазақстандағы ортағасырлық қалалардың барлығына жуығы Ұлытау-Жезқазған ӛңірінде
орналасқан. Кӛне деректерде Қиян (Хиам) қаласы оғыздардың бас қаласы ретінде
аталады. Идриси картасында ол Сарысуға құятын Кеңгір ӛзенінің бас жағында, Ертағы
(Ұлытау) тауының шығыс бетінде тұр. Оның орналасқан жері біз Басқамыр атап жүрген
ежелгі қаланың жұртына дәл келеді.
Ол, Жезді кентінен 25 км теріскейде, Жезді ӛзені Талдысай ӛзенімен тұста, Есқұла
шоқыларының қойнауында орналасқан. Басқамыр ескерткішінің құрамына қала
жұртының үйінділерінен басқа екі мазар, қорым, 1,3 км жердегі тереңдігі 20 м шахта, 2 км
жердегі Есқұла тауының биік тӛбесіндегі тас мұнары (биіктігі 3,5м), қабырғасы кірпіштен
қаланған, еденіне тас тӛселген қала маңындағы жеке құрылыс кіреді. Қамал-қаланың
жалпы ауданы 90м х 90м. Кіретін бас қақпасы Ұлытауға баратын ескі керуен жолына
қарай бағытталып, сырты айнала қоршалған. Қоршаудың астындағы іргесі жалпақ гранит
тастардан, үстіңгі жағы таспен күйдірілген кірпіштен аралас ӛрілген. Қорғанның қақ
ортасында орналасқан сарайдың (цитадельдің) ауданы 26м х 3м.
Басқамыр-орта ғасырларда Орталық Қазақстанда болған қалалар ішіндегі сәулет
ӛнерінің ең күрделілерінің бірі. Оны алғаш Ә.Марғұлан зерттеген, одан кейін бұл қалаға
археологтар С.Жолдасбаев, Ж.Смайыловтар кең кӛлемде жан-жақты зерттеу жұмыстарын
жүргізеді. Басқарымдағы сарайдың ішінен қыш ыдыстардың сынықтары, тастан, ағаштан
және металдан (мыс, қола, темір) жасалған бұйымдар кӛп табылады. Олардан
ортағасырлардағы оғыз тайпалары мәдениетінің озық үлгілерін анық аңғаруға болады.
Аяққамыр (Сарайлы, Тұрайлы), оғыз дәуірінде салынған кӛне қала және осы қала
аттас кесене. Оны бірінші рет ХІХ ғасырдың орта кезінде академик А.И.Шренк арнайы
іздеп барып суреттеп жазған. Қаланың ауданы 60м х 60м. Үш жағынан ормен, тӛртінші
жағының топырақ жол, тас қабырғамен қоршалып, бұрыштарында мұнаралар болған.
Қазба жұмыстары нәтижесінде қаланың оңтүстік жақ бетінен бір-бірімен қабырғалас сегіз
бӛлменің орны табылған. Сүйек, ағаш, тас және металдан жасалған кӛптеген бұйымдар
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
119
табылған. А.И.Шренк пен Ш.Уәлихановтардың жазбаларында бұл ескерткішті бұрын ел
Қамыр ханның күмбезі деп атаған. Алайда ондай кісінің аты әзірге тарихтан кездескен
жоқ.
Қаратал ӛзенінің сол жағалауынан 1 шақырымдай жерде орналасқан Хан ордасы
Ұлытау елді мекенінен солтүстік-батысқа қарай 18 км жерде теп-тегіс жазық далада үйінді
сақталған аса маңызды тарихи ескерткіш. Тӛрт бұрышты етіп салынған құрылыстың
ұзындығы 150 м, ені 90 м. Бір-бірімен жапсарластыра салынған арасынан су ағатын ор
ӛтетін екі бӛліктен тұрады. Үйінді бұрыштарының барлығы биік, әрі енділеу. Олардың
сақшы-қарауылшыларға арналған мұнара екендігін байқауға болады. Қамалдың оңтүстік
қапталының орта тұсында үйінді аласалау әрі енсіздеу. Соған қарап, бұл жерде ішке
кіретін
қақпа
болғандығын
кӛреміз.
Сондай-ақ
құрылыстарды
бір-бірімен
байланыстыратын есіктер, шығыс бағыттағы қабырғалар да болған. Қамал қабырғасының
қалыңдығы 3,5м, биіктігі 4 м болған деп жорамалдауға болады. Қоршау ішіне басқа
құрылыстар салынбаған. Хан ордасының оңтүстік-шығысқа қарай 1,5-2,0 км жерде осыған
ұқсас, тек аумағы жағынан анағұрлым кіші тағы бір ежелгі ескеткіштер бар. Академик
Ә.Х.Марғұлан Хан ордасын ІХ-ХІІІ ғасырларда қорғаныс үшін тұрғызылған қамал-
бекіністер тобына жатқызады.
Алаша хан мазары Қаракеңгір ӛзенінің оң жағасында ХІІІ-ХІV ғасырлардағы
сахаралық сәулет ӛнерінің үлгісінде салынған. Халық аңызына қарағанда, Алаша ханның
атына лайықты, оның күмбезін алаша кілемнің түрімен нақыштап шығарған.
Ел аузындағы аңызда Алаша хан ордасы Ұлытау тӛңірегінде болған. Ұлытаудан
ағатын Жаңғабыл ӛзенінің бойында үлкен сарайдың орны әлі бар. Жергілікті халық оны
Алаша хан ордасы деп атайды. Алаша ханның енді бір сарайы сол маңдағы Қаракеңгір
ӛзенінің бойында. Шежіре деректерінде Алаша хан әңгімесі моңғол дәуірінен бұрын
шыққанын кӛрсетеді.
Мазарға алғаш рет зерттеу жұмыстарын жүргізген Ш.Уәлиханов. Сондай-ақ
Алашахан мазарын 1868 жылы кӛзімен кӛрген подполковник Н.И.Красовский мазардың
әлі де берік, бүтін қалыпта тұрғанын, тек күмбезінің кӛк бояу жалатқан сылағы ғана аздап
қабыршықтанып түсе бастағанын атап ӛткен.
Республикалық дәрежедегі маңызы зор архитектуралық ескерткіш ретінде мемлекет
қорғауына алынған мазарға соңғы жылдары сапалы қалпына келтіру жұмыстары
жүргізілді.
Жошы хан мазары Жезқазған қаласының солтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде,
Кеңгір ӛзенінің сол жағалауына, Орда-Базар қаласының іргесіне орналасқан ортағасырлық
археологиялық ескерткіш. Күмбезде сақталған таңбаларға қарағанда, оны салуға Жошы
ұлысына қараған барлық тайпалар (найман, қыпшақ, қаңлы, арғын, керей және т.б.)
қатысқан. Тарихи дәстүр бойынша күмбез қайтыс болған кісінің жылын (асын) беруден
бұрын салынатынын ескерсек, онда Жошы хан мазары 1228 жылдың ақпан-наурызына
дейін тұрғызылған болу керек.
Жошы хан мазары порталды-күмбезді күрделі құрылыстар қатарына кіреді. Кескіні
тік бұрышты, күйдірілген қызыл кірпіш, ғаныш, әк сияқты материалдар пайдаланылған.
Аумағы 9,55м х 7,25м. Мазардың басты ерекшелігі – еңселі, салтанатты порталында.
Оның маңдай алдын сүйір арка түрінде шығарып, қос босағасын түсетін салмақты еркін
кӛтеріп тұратындай етіп күшейткен. Портал жақтаулары ӛрнекті кірпішпен безендірілген,
киіз үйдің басқұрына ұқсайды. Әшекейлі кірпіштердің ауданы 45cм х 45см. Бұл
кірпіштерде ӛрнек, ою да, жазуда болған. 1911жылы Атбасар оязын басқарған бір ұлық
ӛрнекті кірпіштерді сыпырып алып, мұражайға жіберген кӛрінеді. Қазір мұндай
кірпіштердің кейбір сынықтары ғана қалған.
Жошыхан күмбезі архитектуралық әсем үлгілі құрылыс ретінде аса маңызды
тарихи ескерткіштердің тізіміне енгізілген. Соңғы жылдары республикалық бюджеттен
қаражат бӛлініп, ескеркішті қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |