Ф и з и к а әож 3. 049. Физика сабақтарында



жүктеу 5,03 Kb.
Pdf просмотр
бет63/89
Дата01.01.2018
өлшемі5,03 Kb.
#6313
түріСабақ
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   89

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
 
 135
 
бар.  Сол  себепті  Орталық  Азияның  ортақ  су-энергетикалық  ресурстарын  бірлесіп 
пайдалану  мәселесі  Қазақстан  және  Ӛзбекстан  арасындағы  басты  тақырыпқа  айналып 
отыр.  Әсіресе,  «Аралды  құтқару»  халықаралық  қорының  қызметін  жандандыру  аса 
маңызды [3].  
Осыған  сәйкес  жыл  сайын  су  мәселесіне  байланысты  тӛрт  тарапты  үкімет  аралық 
келісімге қол қойылатын (Қазақстан, Қырғызстан, Ӛзбекстан және Тәжікстан). Дегенмен 
бүгіндері бұл тарап ӛкілдерінің басын қосу – ӛзекті мәселе. Ӛйткені кезінде Орталық Азия 
энергия жүйесі бірлестігі осы аймақ мемлекеттерінің отын кӛздері ерекшелігін есепке ала 
отырып  құрылған  болатын.  Қырғызстан  мен  Тәжікстанның  су  ресурстарына,  ал 
Ӛзбекстан,  Түрікменстан  және  Қазақстан  кӛмірсутектеріне  бай.  Сондықтан  осы  энергия 
жүйесін  бүтіндей  техникалық  тұрғыда  дұрыс  пайдаланған  жағдайда  ол  тұрақты  жұмыс 
істей  алатын  еді.  Бірақ  аймақтағы  маңызды  фактор  болып  табылатын  аталған  жүйе  90- 
жылдары  жойылды.  Себебі  энергия  жүйесін  толықтырып,  бір-бірін  қамтамасыз  етудің 
орнына,  басқосуларда  кӛрші  мемлекет  ӛкілдерінің  әрқайсысы  шамшылдыққа  басып,  бір-
бірін  отын  кӛзіне  жолатпады.  Мұнда  энергия  тәуелсіздігі  деп  аталатын  қағида  алға 
тартылды.  Сӛйтіп,  аймақта  энергетикалық  сепаратизм  орын  алды.  Осылайша  Орталық 
Азияның  біріккен  энергия  жүйесі  күштеп  таратылды.  Ол  аймақ  елдеріне  белгілі  бір 
деңгейде тағы бір жаңа мәселелерді алып келді. 
И.Каримов  Сырдария  мен  Әмудария  ӛзендері  бойында  қалыптасқан  жағдайды 
Қырғызстан  мен  Тәжікстан  ушықтырып  отыр  деп  санайды.  Оның  айтуынша,  бұл  елдер 
трансшекаралық  ӛзендерді  энергетикалық  әлеуетін  кӛтеру  үшін  пайдалануды  кӛздейді. 
Осының  салдарынан  басқа  кӛрші  мемлекеттерге  су  бірқалыпты  таралмайды.  «Олар 
Сырдария  мен  Әмударияның  трансшекаралық  ӛзендер  екендігін  ұмытқан  сияқты.  Ел 
ішіндегі  ӛзендер  болса  шаруамыз  жоқ.  Ал  трансшекаралық  сулар  болғаннан  кейін,  оны 
халықаралық  шарттарға сай пайдалану қажет. Ол үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының тӛрт 
бірдей конвенциясы бар. 
Бұл  мәселеге  соншама  кӛңіл  бӛлудің  себебі  бүгінгі  сарапшы  мамандардың 
болжамына  сәйкес,  су  ресурстары  болашақта  үлкен  проблемаға  айналып,  оның 
тӛңірегінде мемлекетаралық байланыстар ушығып отырады,» – дейді И.Каримов. Осыған 
қарағанда, Орталық Азияда қалыптасқан бүгінгі жағдай мемлекеттер арасындағы қарым-
қатынасты  қиындатып  қана  қоймай,  соғысқа  да  апаруы  да  мүмкін.  Сондықтан 
трансшекаралық ӛзендерді пайдаланған кезде кӛрші елдердің келісімін ескеру қажет. Осы 
орайда  Сырдария  мен  Әмудария,  әсіресе  Сырдария  ӛзені  бойында  ғасырлар  бойы  ӛмір 
сүріп жатқан миллиондаған қазақ пен ӛзбек халықтарын ұмытпау қажет. 
Қалай  дегенмен  де  аз  суды  тиімді  пайдаланудың  бірден-бір  жолы  –  оны  Одақ 
кезіндегідей  ирригациялық  режимде,  яғни,  Сырдария  ӛзені  ағысында  орналасқан 
мемлекеттердің ортақ мүддесі үшін суармалы жерлерді суаруға пайдалану. Ал ӛзен суын 
қыста энергия ретінде ӛз бюджетіне қаржы тауып отырған мемлекетке мазут, кӛмір, тағы 
басқа  энергия  кӛздерімен  кӛмектесіп,  мемлекетаралық  келіссӛздер  арқылы  шешу.  Міне, 
Елбасымыздың  консорциум  құрудағы  мақсаты  –  осы  болатын.  Ал  кӛп  уақыт  бойғы 
тартыстан соң, жақында Елбасымыздың ӛзі ресми түрде Кӛксарай су қоймасы құрылысын 
бастау қажеттігін жариялады. Ал, бұл су қоймасы Шардараға сыймай, Ӛзбекстанға кетіп 
жатқан  суды  және  Оңтүстік  Қазақстан  облысы  мен  Қызылорда  облысының  елді 
мекендеріне  қауіп  тӛндіретін  артық  суды  уақытша  ұстап,  керек  кезінде  дарияға  жіберіп 
тұратын су реттегіш есебінде болады [3].  
 Сырдария  ӛнеркәсіпті  –  аграрлы  ӛңір  болып  табылады.  Сондай-ақ,  ӛнеркәсібі 
жергілікті  ауылшаруашылық  ӛнімдерін  ӛңдеуге  негізделген.  Мақта  тазалау,  мата  тоқу, 
тоқыма,  киім  тігу,  май  шайқау,  құрылыс  материалдарын  (құм,  саз,  қиыршық  тас,  т.б.) 
шығаратын  кәсіпорын  шоғырланған.  Жер  қойнауынан  мұнай  мен  газ  кен  орындары 
(Ақшабұлақ, Қоныс, Бектас, Арыс, Ащысай, т.б.) ауданның солтүстік бӛлігінде. 
Ӛзен  суының  кейінгі  20-30  жыл  ішінде  қарқынды  игерілуіне  байланысты  1975-80 
жылдардан  бастап  Сырдария  Арал  теңізіне  жетпей  тартылып  қалатын  болды.  Қазіргі 


136  Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
 
уақытта Сырдария ӛзен алабының суын мемлекетаралық бӛлу Халықаралық үйлестіруші 
су  шығын  комиссиясының  (ХҮСШК)  бақылауымен  жүргізіледі.  Қазір  Сырдария  Кіші 
Аралға жылына 46,7 млн. м

 су береді [1].  
Еліміздегі тұщы су кӛздерінің бірі - Сырдария ӛзені негізгі ауылшаруашылық және 
су  ресурсы  болып  саналады.  Ӛзен  жағалауындағы  экономиканың  дамуына  байланысты 
адамдардың іс-әрекетінің ықпалынан бұл экожүйе бұзылуға қарай ӛзгеруде. Сондықтан да 
оның  табиғи  экожүйесінің  қорғау  мен  су  сапасын  жақсарту  халықтың  денсаулығы  мен 
тұрмысы үшін ӛте маңызды. Кӛктем шыға Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының 
диқандары  су  жетіспеуінен  егін  егу  кӛлемін  азайтады,  ӛнімді  аз  алады.  Сол  себепті 
ӛзбектерден су сұрап, тағы да аяқтарына жығылуымызға тура келеді. 
Қазіргі  таңда  адамзаттың  антропогендік  іс-әрекеті  ғылыми-техникалық  прогрестің 
артуына байланысты ӛзен геожүйелері ӛзгертуші ӛте күшті факторлардың біріне айналып 
отыр.  Соған  орай  геожүйелерді  түзуші  құрамдас  бӛліктерге  әсер  етуші  антропогендік 
процестердің адам әрекеттерінің нәтижесінде табиғи қалпын ӛзгерту қажет [2]. 
Сырдария  ӛзен  суының  ластануы  жылдан-жылға  едәуір  жоғары.  Ӛзен  суының 
химиялық  құрамы  негізінен    вегетациялық  мерзімдерде  нашарлайды.  Сондықтан  халық 
шаруашылықтарда  суды  үнемдеуді  пайдалану,  орынды  жұмсау,  су  пайдалану  нормасы 
негізінде үнемдеу, су қорларын ластанудан қорғау бүгінгі күні басты бағыттағы шаралар 
болып  табылады.  Сырдарияның  тӛменгі  ағысында  климаттың  қазіргі  сипаты  жӛнінде 
жинақталған мәліметтер бойынша климаттың ӛзгергендігі байқалады. 
 Су  байлықтарын  сақтау  -  бүкілхалықтың  іс  екенін  ұмытпауымыз  керек.  Себебі,  су 
бірінші қажеттілік және біздің таптырмайтын байлығымыз.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. Алматы 2007. 6-т 
2. А.Нұрғызарынов.  Атыраулық  экотоптардың  химиялық  экологиясы  (Сырдың 
тӛменгі ағысы). Қызылорда «Тұмар»2003ж. 
3. http//www. Google.Kz /html.  
4. http//www. yandex.Kz/ html. 
РЕЗЮМЕ 
В  этой  статье  предусматриваются  экологические  проблемы  при  использовании  в 
сельско-хозяйственных нуждах р.Сырдарьи. 
 
SUMMARY 
The  article  deals  with  the    environmental  problems  of  using  the  Syrdarya  river  in 
agricultural needs. 
 
 
 
ӘОЖ.332.33:6360.83.314(574) 
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫНДАҒЫ 
ҚАЛАЛЫҚ АГЛОМЕРАЦИЯНЫҢ  РӚЛІ 
 
Ш.М.Надыров –г.ғ.д., профессор, Д.Ж.Ахбаева – магистрант 
(Алматы қ., Қазмемқызпу) 
 
Аннотация:  мақалада  еліміздегі  экономикалық  маңыздылығы  жоғары  аудан  болып 
саналатын  Алматы  облысының  экономикалық-әлеуметтік  жағдайы  сондай-ақ,  оның 
дамуындағы  қалалық  агломерацияның  рӛлі  және  Алматы  агломерациясының 
маңыздылығы қарастырылған. 
Түйін сӛздер: агломерация, урбанизация, мегаполис 
Кез  келген  мемлекеттің  даму  барысында  шешуші  рӛлді  қалалар  атқарады.  Әсіресе, 
ірі  қалалар.  Қалаларда  адамдар  кӛп  шоғырланып,  ӛте  мықты  экономикалық  және 


жүктеу 5,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау