44
ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИК-ҒАЛЫМДАР
Х.Лоренцке қатыссыз
қозғалыстағы дененің өлшемдерінің қозғалыс бағы-
тында қысқаруы туралы идея ұсынған (Фитцджеральд-Лоренц қысқаруы).
ФЛЕМИнГ Джон Амброз (1849 – 1945) – ағылшын физигі. Өткізгіштегі
индукциялық токтың бағытын анықтауға арналған
оң қол ережесін ұсынған
(Флеминг ережесі). 1904 ж. екі электродты электрондық шам (
диодты), 1905 ж.
кенетронды ұсынған.
ФЛЕРоВ Георгий Николаевч (1913 – 1990) – кеңес физигі. 1940 ж.
радиоактивтілік түрленудің типі –
уран ядросының өз еркімен бөлінуін ашқан.
1939 ж. уран ядросының бөлінуі кезінде екінші реттік екіден артық нейтрондардың
бөлініп шығатынын дәлелдеген. Ол бірқатар транс-фермилік элементтерді (102-,
103-, 104-, 105-, 106-, 107- нөмірлі) синтездеуге қатысқан.
ФоИГ I Волдемар (1850 – 1919) – неміс физигі. 1878 ж. жарықтың
меха-
никалық дисперсиясын, ол 1888 ж.
электрмагниттік дисперсиясының теория-
сын тұжырымдаған.
ФоРБС Джеймс Дэвид (1809 – 1868) – шотланд физигі. 1834 ж.
жылулық
сәулелердің полярлануын ашқан, ол сәулелердің интерференциясын бақылаған.
ФРАнКЛИн Бенджамин (Вениамин) (1706 – 1790) – американ физигі. 1746 –
54 жылдары ғылыми тәжірибелерді жүзеге асырған. 1750 ж.
жайқайтарғышты
ойлап тапқан, 1753 ж.
найзағайдың электрлік табиғатын, жердегі және атмос-
ферадағы электрдің тепе-теңдігін дәлелдеген. 1750 ж. электрлік құбылыстардың
теориясын – унитарлық теориясын тұжырымдаған, ол теория бойынша, электр
денелердің барлығын тесіп өтетін ерекше сұйық болып табылған. Бұл теорияда
алғаш рет элекр
оң және теріс электр (заряды) деген ұғым енгізілген, олар (+)
және (-) таңбаларымен белгіленді. Ұшқынды оқ-дәріні жару үшін ұсынған.
ФРАУнГоФЕР Иозеф (1787 – 1826) – неміс физигі. 1814 – 15 жылдары
У. Волластонға қатыссыз күн спектріндегі күңгірт сызықтарды зерттеп, оны
түсіндірген, бұл сызықтар кейін оның құрметіне
Фраунгофер сызықтары деп
аталған, дифракция құбылысын пайдаланып, олардың толқын ұзындықтарын
анықтаған. Параллель сәулелердегі дифракцияны (
Фраунгофер дифракция-
сы деп аталған) зерттеген, алғашында бір саңылаудан, сонан кейін көптеген
саңылаулардан өткенде пайда болған дифракцияны зерттеген. Фраунгофердің
үлкен еңбегі спектрлерді зерттеу үшін
дифракциялық торларды (1821 ж.) пай-
далануы болды.
ФРЕнЕЛЬ Огюстен Жан (1788 – 1827) – француз физигі. 1815 ж. интер-
ференция құбылысын қайталап ашқан. 1816 ж.
когеренттілік туралы түсінік
енгізе отырып Гюйгенстің белгілі принципін және оның интерференциясын
толықтырған (Гюйгенс-Френель принципі). Осы екі принцип негізінде 1818 ж.
жарық дифракциясы теориясын тұжырымдаған. Алғашқы болып саңылаудың
шетінен және дөңгелек саңылаудан пайда болатын дифракцияны қарастырған.
45
ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИК-ҒАЛЫМДАР
Жарықтың айналы (1816 ж.) және бипризмалы (1819 ж.) интерференциялары
бойынша тәжірибелер жасаған. 1821 ж. жарық толқынының көлденең толқын
екенін (көлденең толқын идеясына Т. Юнгке қатыссыз 1819 ж. келген болатын)
дәлелдеген. Т. Юнг екеуі
толқындық оптиканы тұжырымдаушылар болып та-
былады. Бірқатар интерференциялық аспаптар (Френель айнасы, Френель би-
призмасы, Френель линзасы) ойлап тапқан.
ФРЕнКЕЛЬ Яков Ильич (1894 – 1952) – кеңес физигі. 1926 ж. кристалл
торының ақаулары «Френель бойынша ақаулар» және жылжымалы ақаулар
(ақаулық өткізгіштік) туралы түсінік енгізген. 1931 ж. қатты диэлектриктердің
жарықты жұту теориясын тұжырымдаған және
экситондар туралы идея ұсынған.
ФУКо Жан Бернар Леон (1819 – 1868) – француз физигі. 1850 ж. айналма-
лы айналар (Фуко әдісі) арқылы жарық жылдамдығын өлшеу әдісін жасап,
жарықтың ауадағы және судағы таралу жылдамдықтарын өлшеген. Фуконың
анықтауы бойынша, жарықтың судағы жылдамдығы жарық жылдамдығының
3/4 үлесіне тең болды. Осы жайт
жарықтың толқындық теориясын біржолата
растаған. 1851 ж.
маятник (Фуко маятнигі) арқылы тәжірибе жүзінде Жердің өз
осінен айналатынын дәлелдеген. 1855 ж. тұтас металл дененің индукциялық ток
әсерінен қызатынын
(Фуко тогы) анықтаған және оның шамасын кеміту тәсілін
ұсынған. 1849 ж. алғаш болып спектрдің сәулені жұту және шығару сызықтары
арасындағы байланысты анықтаған.
ХАГА Герман (1852 – 1936) – нидерланд физигі. 1899 ж. алғаш болып рентген
сәулесінің толқындық табиғатын дәлелдеген.
ХАЛБАн Ханс ( 1908 – 1964) – физик. 1936 ж. өзгелерге тәуелсіз нейтрон-
дардың дифракциясын ашқан. 1939 ж. Ф. Жолио-Кюри және Л. Коварскимен
бірлесіп, уран ядросының бөлінуі кезінде екінші реттік нейтрондардың (бірден
артық) шығатынын анықтаған және
тізбекті ядролық реакцияны болжаған.
1940 ж. Л. Коварскимен бірге уран-ауыр су жүйесінде тізбекті реакцияның өтуі
мүмкін екендігін дәлелдеген,
тізбекті реакцияны реттеу үшін жылжытыл-
малы
кадмий шыбықтарын пайдалануды ұсынған.
ХАн Луис (1921 – ?) – американ физигі. 1950 ж. ядролық магниттік резонанс
бойынша ғылыми тәжірибеден
спиндік жаңғырық эффектісін ашқан және
оны түсіндірген.
ХАнКЕЛЬ Вильгельм (1814 – 1899) – неміс физигі. 1834 ж.
сұйықтардың
электр өткізгіштігінің температура артқанда жоғарылайтынын анықтаған.
ХАнСЕн Уильям Вебстер (1909 – 1949) – американ физигі. 1938 ж. клистрон-
ды ойлап тапқан. 1946 ж. С. Ф. Болхпен бірге
ядролық магниттік резонансты
ашқан.
ХАРКИнС Уильям Дрэнер (1873 – 1951) – американ физигі. 1920 ж.
нейтронның және
ауыр сутек-дейтерийдің болатынын алдын ала болжаған.