38
ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИК-ҒАЛЫМДАР
тор жасауға әкелді. 1955 ж. Басовпен бірлесіп, теріс жұту ортасын жасау әдісін
ұсынды. Бұл әдіс
үш деңгей әдісі деп аталған.
РАнКИн Уильям Джон Макуори (1820 – 1872) – шотланд инженері.
1859 ж. бу машинасының толық теориясын, дербес жағдайда бу қозғалтқышының
идеал термодинамикалық циклін тұжырымдаған (Ранкин-Клаузиус циклі).
«потенциалдық энергия», адиобаттық және изотермиялық үрдістер, «адиабат»
ғылыми атауларын енгізген.
РЕнАЛЬдИнИ Карло (1615 – 1698) – итальян физигі әрі математик.
1694 ж. термометрдің тұрақты нүктелері ретінде
мұздың еру температура-
сын және
судың қайнау температурасын алуды ұсынған. Швед астрономы әрі
физигі Андерс Цельсий 1742 ж. жүз градустық термометр межесінде Ренальдини
ұсынған температуралық межеге
қарама-қарсы меже ұсынған болатын. Кейін
бұл меже
Ренальдинидің ұсынысына сәйкес қайта өзгертілген.
РЕнТГЕн Вильгельм Конрад (1845 – 1923) – неміс физигі. 1885 ж. электр
өрісінде қозғалатын диэлектриктің магнит өрісін (рентгендік ток деп аталған)
ашқан. 1895 ж. инфрақызыл сәуленің толқын ұзындығынан едәуір қысқа
сәулені (х-сәулесін) ашқан, кейін ол рентгендік сәуле деп аталған, ол сәуленің
қасиеттерін: шағылысу, жұтылу, ауаны иондандыру, т.б. зерттеген. Рентген
но-
бель сыйлығының ең алғашқы иегері (1901 ж.).
РЕоМЮР Рене Антуан Фершо (1683 – 1757) – француз табиғаттанушысы.
1730 ж.
0-ден 80-ге дейін межеленген спиртті термометрді ойлап тапқан (Ре-
омюр термомері). 1734 ж. алғаш болып
жасанды жібек алу мүмкіндігін ашқан.
РИГИ Аугусто (1850 – 1921) – итальян физигі. 1880 ж. Э. Варбургке қатыс-
сыз
магниттік гистерезисті ашқан.
Радиотолқынның жарықтан айыр-
машылығы (табиғатында емес) тек толқын ұзындығында ғана екенін
көрсеткен, 1887 ж. С. Ледюкпен бірге термомагниттік эффектінің бірін (Риги-
Ледюк эффектісі) ашқан.
САдоВСКИй Александр Иванович (1859 – 1921) – орыс физигі. 1898 ж.
алғаш рет кристалдарға түсетін жарық толқындарының айналу әсерін негіздеген
(Садовский эффектісі), айналдыру моментін есептеп анықтаған, жарық энергия-
сын механикалық энергияға тікелей түрлендіру мүмкіндігін дәлелдеген.
САЗЕРЛЕнд Гордон Бримс (1907 – 1980) – ағылшын физигі. 1948 ж.
инфрақызыл кескіннің электрондық-оптикалық түрлендіргішін ұсынған.
САКАТА Сёити (1911 – 1970) – жапон физигі. 1936 ж. Х.Юкавамен бірге
орбиталық
электронды ядроның қармауын (К-қармауды) алдын ала болжаған.
1943 ж. өзгелерге тәуелсіз мезонның екі типі болатынын болжаған. 1947 ж. пи-
мезонды ашқан С. Пауэлл бұл болжалды растаған.
САЛАМ Абдус (1926 – ?) – пәкстан физигі. 1958 ж. Дж.Уордпен бірлесіп
әлсіз және электрмагниттік өзараәсерлесулерді біріктіру туралы идеяны
39
ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИК-ҒАЛЫМДАР
дамытқан, 1968 ж. калибирлеуіш инвариантылық принципте электрмагниттік
және әлсіз өзараәсерлесулердің ортақ теориясын тұжырымдаған, өзгелерге
қатыссыз 1973 ж. глюндар болжалын ұсынған, 1973 – 74 жылдары күшті
электрмагниттік және әлсіз өзара әсерлесулердің
ұлы бірігуін ұсынған. Нобель
сыйлығының иегері (1979 ж.).
СЕГРЕ Эмилио (1905 – 1989) – итальян физигі. 1934 ж. Э. Фермидің то-
бында нейтрондардың баяулау құбылысының ашылуына қатысқан. Өзгелермен
бірлесіп, жаңа химиялық элементтер –
технеций (1937 ж.), астатин және плуто-
ний – 239 (1940 ж.) элементтерін ашқан. 1955 ж. бір топ қызметкерлерімен бірге
антипротонды ашқан. Нобель сыйлығының иегері (1959 ж.).
СЕМЕноВ Николай Николаевич (1896 – 1986) – кеңес физигі. 1926 – 32 жыл-
дары
тармақталған тізбекті химиялық реакцияны ашқан және кейінгі жылда-
ры тармақталған, айныған-тармақталған және
тармақталмаған тізбекті реак-
цияларды жүзеге асырған. Нобель сыйлығының иегері (1956 ж.).
СИБоРГ Гленн Теодор (1912 – 1999) – американ химигі әрі физигі. Көптеген
трансурандық элементтерді: плутонийді (1940), амерцийді және кюрийді (1944),
берклийді (1949), калифорнийді (1950), эйнштейнийді (1952), фермийді (1953),
менделевийді (1955), 102- және 106-элементтерді ашуға қатысқан. Плутоний-239
және уран-233-тің бөлшектенетін изотоптарын ашқан. Нобель сыйлығының
иегері (1951 ж.).
СИМЕнС Эрнст Вернер (1816 – 1892) – неміс физигі. 1847 ж. И. Гальске-
мен бірлесіп,
электрлік телеграфқа патент алан. 1860 ж.
кедергінің сынап-
ты эталонын, 1879 ж.
алғашқы трамвайды, 1869 ж. электрлік
пирометрді,
1887 ж. селендік фотометрді жасаған. Халықаралық бірліктер жүйесінде
Сименстің есімімен кедергінің бірлігі аталған – с и м е н с (См).
СКЛодоВСКАя-КЮРИ Мария (1867 – 1934) – поляк және француз физигі.
1898 ж. Г. Шмидке қатыссыз торийдің радиоактивтігі болатынын дәлелдеген.
1898 ж. полоний және радий элементтерін, 1899 ж. түсірілген радиоактивтілікті
ашқан. 1902 ж. таза радий тұзын бөліп алған, 1910 ж. А. Дебьернмен бірге – ме-
талл күйіндегі радийді шығарған. Физика және химия ғылымдары бойынша Но-
бель сыйлығының иегері (1903 және 1911 ж.).
СМЕКАЛ Адольф (1895 – 1959) – австриялық физик. 1923 ж.
жарықтың
комбинациялық шашыратылуын алдын ала болжаған.
СнАйдЕР Хартленд (1913 – 1962) – американ физигі. 1939 ж. Р.Оппен-
геймермен бірге
«қара апанды» алдын ала болжаған.
СнЕЛЛИУС Виллеброрд (1580 – 1626) – голланд ғалымы. 1620 жыл шама-
сында тәжірибе жүзінде
жарықтың сыну құбылысын ашқан.
СоддИ Фредерик (1877 – 1956) – ағылшын физигі. 1913 ж.
изотондар тура-
лы ұғым енгізген. Химия саласынан Нобель сыйлығының иегері (1921 ж.).