АнЫҚтамалық энциклопЕдИя Алматы 2015 1-ТоМ



жүктеу 6,77 Mb.
Pdf просмотр
бет1/274
Дата01.01.2018
өлшемі6,77 Mb.
#6308
түріАнықтамалық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   274


ФИЗИКА ӘЛЕМІ 

пӘндІК-АнЫҚТАМАЛЫҚ

 энцИКЛопЕдИя 

Алматы


2015

1-ТоМ

А – Л


УДК 510

ББК 22.1


Ф 29

Ф 29

Физика  әлемі  пәндік-анықтамалық    энциклопедиясы   

– 

ана  тілімізде  тұңғыш 



рет  шығарылып  отырған  2  томдық  жинақ.  Физика  пәнінің  мектеп  оқушылары- 

на  арналған  оқулықтарында  ғылымның  беташар  ұғымдары  мен  түсініктері  жеңілде- 

тілген  нұсқада  ғана  таныстырылса,  энциклопедиялық  анықтамалықта  әрбір  ұғым  мен 

түсінік кең ауқымды егжей-тегжейлі терең мазмұнды болып баяндалады. Әрбір құбы- 

лыстың  құпия  сырлары  осы  заманғы  қалыптасқан  теория  аясында, мысалы,  кванттық 

механика,  кванттық  электрдинамика  бойынша  түсіндірілген.  Осы  тұрғыдан  алғанда 

«Физика  әлемі»  пәндік  энциклопедиясы  тек  мектеп  оқушыларына  ғана  емес,  физи-

ка  мамандықтары  бойынша  оқитын  жоғары  оқу  орындары  студенттеріне  де  ортақ 

болмақ. Сонымен қатар физика пәнін тереңдетіп оқытатын мектептер мен лицейлердің 

оқушыларына көп көмек тигізбек. Физика пәні мұғалімдеріне оқулықтан тыс мағлұмат- 

тар беретін оқу құралы ретінде де пайдалануға лайықты анықтамалық болары сөзсіз.

Табиғат  құбылыстарының  (мысалы,  найзағай,  аспанның  күркіреуі,  домалақ  найза- 

ғай, кемпірқосақ, Күннің, Айдың құлақтануын, аспанның түсі неліктен көгілдір, Күн ба-

тар кезде неліктен Күннің дискісі ұлғайып көрінетінін, поляр шұғыласы, сағым, т.б.) пай-

да болуын білгісі келетін физика әуесқойларының және көпшілік оқырмандардың таным- 

дық білімін арттырмақ. 

1988 жылы «Русский язык» баспасы шығарған инженерлерге, оқытушыларға, сту-

денттерге,  орта  мектеп  оқушыларына  арналған  «Физикалық  түсіндірме  сөздігінде» 

3600 ғылыми атау қамтылған болса, «Физика әлемі» пәндік энциклопедиясының 1-то-

мында  1670-ден  астам  ғылыми  атау,  осыларға  қосымша  500-ден  астам  ұғымдар  мен 

түсініктерге  анықтамалар  тұжырымдалған.  300-дей  физиктің  суреттері  жарияланды.  

Анықтамалықтың  соңында  физика  ғылымының  даму  сатысының  жылнамасы  туралы 

деректер  топтамасы  ұсынылды.  Оған  қосымша  Нобель  сыйлығымен  марапатталған 

физиктердің тізімі жарияланған.

УДК 510

ББК 22.1


© «Қазақ энциклопедиясы», 2015

ISBN 9965-893-62-4

Құрастырушылар және авторлар: 

нұрқанат КӨБЕнҚҰЛҰЛЫ – физик-механик.

                                                    Қырғызбай БАҚТЫБАЕВ – физика- 

                                                    математика ғылымдарының докторы,                            

                                                 профессор.

                                                    Әділхан ӘБІЛдАЕВ – физика-математика 

                                                   ғылымдарының кандидаты, профессор.

Пікір жазған:                            



Медеу ӘБІШЕВ – физика-математика 

                                                   ғылымдарының докторы.

Физика әлемі: пәндік-анықтамалық энциклопедияЖалпы орта бі- 

лім  беретін  оқу  орындарының  (мектеп,  лицей,  т.б.)  оқушылары  мен 

физика  пәні  оқытылатын  жоғары  оқу  орындарының  студенттеріне 

және  физика  пәні  мұғалімдеріне,  физика  әуесқойлары  мен  көпшілік 

оқырмандарға арналған. / Бас ред. Ж.

ТойБАЕВА. – Алматы: «Қазақ 

энциклопедиясы», 2015. 1-том. – 650 бет.

ISBN 9965-893-62-4



3

РЕдАКцИядАн

Физиканың  табиғат  құбылыстары  туралы  ғылым  болуы  себепті  оның 

дүниетанымдық  мазмұны  әркімді  қызықтыратыны  аян.  Табиғат  –  физикалық 

алып  зертхана  іспеттес.  Алғашқы  адамдардың  үрейін  ұшырған  табиғат  құ- 

былысы  –  найзағай  қазіргі  кезде  ешкімді  таң  қалдыра  алмайды.  Физика 

ғылымы осы құбылыстың жеке «басында» бір мезгілде механиканың, гидро- 

статиканың,  термодинамиканың,  молекулалық физиканың, электрстатиканың, 

электрдинамиканың,  акустиканың  және  оптика  салаларының  заңдылықтары 

байқалатынын ашқан. Америкалық физи Бенджамин 

Франклин (1706 – 1790) 

заманынан бері найзағайдың электрлік құбылыс екені белгілі болған.

Энциклопедиялық  анықтамалық  пен  оқулықтың  ең  басты  айырмашылығы 

мынада: оқулықтарда кез келген құбылыстар мен заңдылықтар, т.б. мәселелер 

таныстыру ретінде үстірт мазмұндалады, ал энциклопедияларда негізгі мәселе 

төңірегінде  басынан  соңына  дейін  егжей-тегжейлі  түсініктер  беріліп  баян-

далады,  егер  қарастырылып  отырған  тақырыпқа  өзгедей  мәселелердің  тіке- 

лей  немесе  жанама  қатысы  болса,  соған  оқушының  назарын  аудартады  [бұл 

жайт – мәтіндегі (яғни ұғым немесе түсінік) курсив арқылы беріледі]. Мысалы, 

найзағай деген мақалада электр заряды немесе электр тогы туралы сөз бола 

қалса, осындағы заряд және электр тогы деген ұғымдар курсивпен теріледі. Бұл 

найзағай туралы мақаланы оқып отырған оқушыға әлгі ұғымдарды есіне түсіру 

үшін  осы  курсивпен  терілген  ұғымның  энциклопедияда  жеке  мақала  болып 

баяндалғанын білдіреді. Осы әдіспен энциклопедиядағы негізгі сөз болып отыр- 

ған мәселеге қосымша мәлімет беретін мақаланы іздеп тауып, білімін молықтыра- 

тын болады әрі бұл әдіс негізгі мақаланың көлемін шағындауға мүмкіндік туды- 

рады. Энциклопедия мақалаларында сөз болған әлгіндей сілтемелер осы анық- 

тамалықта жеке мақалалар түрінде кездеседі. 

«Физика әлемі» пәндік энциклопедиясының оқырмандарына өз бетімен, өз 

еркінше білім алудың қаншалықты пайдасы болатынын ағылшын физигі Майкл 



Фарадейдің (1781 – 1867) басынан өткен жайтты айтып таныстырғанды жөн 

санап отырмыз.

Ол лондондық темір ұстасының отбасында дүниеге келген. Бастауыш сынып- 

та  оқып  сауат  ашқан.  Әрі  қарай  оқуын  жалғастыруға  отбасының  қаржылық 

мүмкіндігі болмағандықтан, 13 жасында кітап дүкеніне қолбала, соңынан кітап 



жүктеу 6,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   274




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау