АнЫҚтамалық энциклопЕдИя Алматы 2015 1-ТоМ


ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИК-ҒАЛЫМДАР ажыратылған. 1907 ж.  масс-спектрметрдің



жүктеу 6,77 Mb.
Pdf просмотр
бет18/274
Дата01.01.2018
өлшемі6,77 Mb.
#6308
түріАнықтамалық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   274

42

ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИК-ҒАЛЫМДАР

ажыратылған. 1907 ж. 

масс-спектрметрдің әсер ету принципін ұсынған. 1912 ж. 

тәжірибе жүзінде 



изотоптардың болатынын ашқан.

ТоМСон Джордж Паджет (1892 – 1975) – ағылшын физигі. Дж. Томсонның 

ұлы. 1927 ж. К.Дэвиссонға және Л. Джермерге қатыссыз 



электронның дифрак-

циясын ашқан, осы жайт электронның толқындық табиғаты болатындығының 

тәжірибе жүзінде дәлелденуі болды. Нобель сыйлығының иегері (1937 ж.).



ТоМСон  Уильям  (Кельвин)  (1824  –  1907)  –  ағылшын  физигі.  1851  ж. 

Термодинамиканың екінші бастамасын (Р. Клаузиусқа қатыссыз) тұжырымдаған: 

«табиғатта  жалғыз  ғана  нәтижесі  болатын  жұмысты  жылулық  резервуар-

ды  салқындату  есебінен  жүзеге  асыру  мүмкін  емес».  Осы  тұжырымға  сәйкес 

термодинамиканың  екінші  бастамасы  (Томсон  бойынша), 

екінші  текті  мәңгі 

қозғалтқыштың мүмкін емес екені дәлелдеген. 1848 ж. абсолют температу-

ра және температураның абсолют шкаласын (межесін) енгізген, бұл шкала оның 

құрметіне 

Кельвин шкаласы деп аталған. 1856 ж. термодинамикалық үшінші 

эффектіні ашқан (Томсон эффектісі): егер өткізгіштен электр тогы өтіп тұрғанда 

температураның төмендеуі болса, онда өткізгіш көлемінде токтың өту бағытына 

тәуелді түрде джоульдік жылудан өзге де белгілі бір шамада жылу бөлініп шығатын 

немесе  жұтылатын  болады  (Томсон  жылуы).  Термоэлектрлік  құбылыстың 

термодинамикалық  теориясын  тұжырымдаған.  1851  ж.  ферромагнетиктердің 

магниттелуі кезінде олардың меншікті электр өткізгіштігінің өзгеретінін ашқан 

(Томсон эффектісі). 1856 ж. магнит өрісінде металдар кедергісінің токқа пропор-

ционал өзгеретінін анықаған.

ТонКС Леви (1897 – 1971) – американ физигі. 1938 ж. пинч-эффектіні ал-

дын ала болжаған.



ТоРРИЧЕЛЛИ  Эванджелиста  (1608  –  1647)  –  итальян  физигі.  1643  ж. 

атмосфералық  қысымды  ашқан.  1644  ж. 



сынапты  барометрді  ойлап  тапқан. 

Желді алғаш болып түсіндірген, оның атмосфералық қысымның өзгерісінен пай-

да болатынын пайымдаған. 1641 ж. сұйықтың ыдыстың саңылауынан ағып шығу 

заңын  тұжырымдаған  және  сұйықтың  ағып  шығуын  анықтайтын  формуласын 

қорытып шығарған (Торричелли формуласы).

ТРИйя  Жан  Жак  (1899  –  ?)  –  француз  физигі.  1933  ж.  Р.  Фритцпен  бірге 

электрондық микроскопты жасаған.

УАТТ Джеймс (1736 – 1819) – шотланд өнертапқышы. Әмбебап бу қозғалт –  

қышын жасаған. Ғылымға қуаттың ең алғашқы бірлігі 



ат күшін енгізген.

УИЛЕР Джон Арчибальд (1911 – ?) – американ физигі. 1939 ж. Н. Бормен бірге 

атом  ядросының  бөліну  теориясын  тұжырымдаған.  1947  ж. 



мезоатомдардың 

болатынын алдын ала болжаған. 1949 ж. тоқтаған (аялдаған) мюондармен уран 

ядросының бөлінуінің екі тәсілін: теріс мю-мезонның қармауы және мюондық 

атомдардағы сәулесіз ауысуларымен жүзеге асырылуын айғақтаған.




43

ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИК-ҒАЛЫМДАР



УИТСон Чарлз (1802 – 1875)  – ағылшын физигі. 1837 ж. электрмагниттік те-

леграф, 1838 ж. 



стереоскоп (айналы) жасаған. 1843 ж. электрлік кедергіні өлшеу 

(Уитсон көпірі) әдісін тапқан. 1833 ж. Хладнидің акустикалық пішінін түсіндірген.



УЛЕнБЕК Джордж Юджин (1900 – 1988) – американ физигі. 1925 ж. С. Гауд-

смитпен бірге 



электронның спині ұғымын енгізген.

УоЛТон Эрнест Томас Синтон (1903 – ?) – ирланд физигі. 1932 ж. жасанды 

үдетілген протондармен алғаш рет ядролық реакция литийдің трансмутациялық 

реакциясын жүзеге асырған.



ФАБРИ Шарль (1867 – 1945) – француз физигі. 1899 ж. А. Перомен бірлесіп, 

интерферометр 



(Фабри-перо интерметрін) жасаған. 1914 ж. зертханалық жағ- 

дайда алғаш рет Доплер принципін жарық үшін тексерген. Атмосфераның жоға- 

ры қабаттарындағы ультракүлгін сәуленің жұтылуы азонның себебінен болаты-

нын анықтаған.



ФАРЕнГЕйТ Даниель Габрель (1686- 1736) – физик. 1710 немесе 1714 ж. 

мұздың еру және қайнау нүктелерінің аралығы 180 бөлікке (градусқа) бөлінген 

температуралық шкаланы (межені) ұсынған. Бұл шкалада 

мұздың еру нүктесі 

32°Ғ мәніне, ал 



судың қайнау нүктесі 212°Ғ градусқа сәйкес болды. Осы термо-

метр іс жүзінде қолданылған алғашқы термометр болып саналады.



ФЕЗЕР  Норман  (1904  –  1978)  –  ағылшын  физигі.  1932  ж.  ең  алғашқы 

ядролық реакциялардың бірі нейтрондардың қатысуымен өтетін ядролық ре-

акцияны жүзеге асырған.



ФЕйнБЕРГ Джеральд (1933 – ?) – американ физигі. Э. Сударшанға тәуелсіз 

тахион болжалын ұсынған.

ФЕйнМАн Ричард Филлипс (1918 – 1988) – американ физигі. 1948 ж. Ю. Швин-

герге және С. Томонагоға тәуелсіз осы заманғы 



кванттық-электрдинамиканы 

тұжырымдаған. 1949 ж. бөлшектердің мүмкін болатын түрлендірулерін түсіндіру 

тәсілі 

Фейнман диаграммасы деп аталған диаграмманы ұсынған.

ФЕРМИ Энрико (1901 – 1954) – итальян физигі. 1925 ж. П. Диракқа қатыссыз 

спині  бүтіннің  жартысына  тең  бөлшектердің  статистикасын  тұжырымдаған 

(Ферми-Дирак  статистикасы).  1934  ж.  нейтрондар  себеп  болған 

жасанды 

радиоактивтілікті  ашқан.  1942  ж.  2  желтоқсанда  алғаш  жасалған  ядролық 

реакторды іске қосқан. 1952 ж. алғашқы адрондық резонансты ашқан. 1949 ж. 

Ч.Янгпен бірге қарапайым бөлшектердің алғашқы құрама моделін ұсынған.



ФЕРРАРИС  Галилео  (1847  –  1897)  –  итальян  физигі  әрі  электртехнигі.  

1888 ж. 


айналмалы магнит өрісін (Н. Теслоға қатыссыз) ашқан және айналма-

лы магнит өрісті 



мотор (латынша – қозғалтушы) жасаған.

ФИТцдЖЕРАЛЬд  Джордж  Фрэнсис  (1851  –  1901)  –  ирланд  физигі.  

1883 ж. 


дипол шығаратын энергияға арналған өрнекті қорытып шығарған. 

Майкельсон-Марли  тәжірибесінің  теріс  нәтижесін  түсіндіру  үшін  1882  ж. 




жүктеу 6,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   274




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау