Б. Қ. Әбдіғұлова ҚазаҚстан тарихынан Әңгімелер


§27. Қазақ халқының қалыптасуы



жүктеу 6,11 Kb.
Pdf просмотр
бет21/44
Дата01.01.2018
өлшемі6,11 Kb.
#6283
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   44

62
§27. Қазақ халқының қалыптасуы
сабақтың  мақсаты:  қазақ  халқының  қалыптасуы  туралы  мәселені 
оқушылардың  көңіліне  қонымды  түрде  ашып  көрсету.  Оқушылардың 
оқулық және қосымша материалдарды түсіну негізінде тарихи оқиғаларға 
сипаттама  беру  біліктерін  дамыту.  Отбасын,  халқын  құрметтеу  сезімін 
тәрбиелеуге септігін тигізу.
пайдаланылатын көрнекі құралдар: карта, кестелер. 
оқып-үйренген  материалдарды  қайталау  оқулықтағы  сұрақ-тап-
сырмаларға негізделіп өткізіледі. 
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары: 
1. Менің отбасымның тарихы – халқымның тарихы.
2. Қазақ халқының қалыптасуы.
3. «Қазақ» атауының шығуы.
4. Қазақ жүздері.
Жаңа  материалды  оқып-үйрену  оқушылардың  «Менің  жеті  атамның 
тарихы»  деген  тақырыпта  жазып  келген  жазба  жұмыстарын  тыңдаудан 
басталады.  Сабақта  барлық  оқушылардың  жазба  жұмыстарын  тыңдау 
мүмкін болмағандықтан, қалғандарының дәптерлерін сабақ соңында жинап 
алып, тексеріп, келесі сабақта баға қою қажет.
Тақтаға:  «Жеті  ата  –  менің  әулетім»  деген  кесте  ілінеді  не  кадаскоп 
арқылы  көрсетіледі.  Оқушылар  жауаптарында  осы  кестедегі  мәліметтерді 
пайдаланып  әңгімелейді.  Оқушылар  өз  әулеттері  жайлы  әртүрлі  жаңа 
әрі  қызықты  мәліметтер  айтады.  Сондықтан  мұғалім  оқушылардың  осы 
сезімдерін одан әрі дамыта түсуге көңіл аударып, оларға дұрыс бағыт-бағдар 
беріп отырғаны жөн. 
«Қазақ  халқының  қалыптасуы»  тақырыбы  оқушылардың  меңгеруіне 
қиындық келтіретін тақырып әрі күрделі проблемалардың бірі болғандық-
тан,  мұғалімнің  түсіндірмесі  оқушылардың  оқулық  мәтінінен  қажеттісін 
іріктеп  оқуға,  талдауға  негізделеді.  Жаңа  сөздер:  халық,  этнос,  ру, 
тайпа,  тайпа  одақтары  сияқты  терминдердің  анықтамасы  түсіндіріліп, 
дәптерлеріне мәні жазылады. 
Оқулықта берілген сұрақтарды оқушылар оқып, оған жауапты оқулық 
мәтінінен өздігінше тауып оқып береді. Мұғалім әр жаңа сөзді түсіндіреді, 
сөйлемдерді  көңілге  қонымды  түрде  баяндап,  оқушылар  жауаптарын 
толықтырып отырады.
Пікірсайыс өткізіледі. Әр топқа 5 минут уақыт беріледі.
Оқушылар төрт топқа бөлініп, оқулық мәтінімен, «Білімпаздар үшін» 
материалымен  танысып,  ондағы  сұрақтар  мен  тапсырмаларға  жауап 
дайындайды. 


63
Бірінші  топ  «Қазақ»  атауының  шығуы,  екінші  топ  «Қазақ  жүздері», 
үшінші топ «Қазақ» терминінің шығуына байланысты ғалымдардың пікірі, 
төртінші топ «Қазақ жүздері» туралы түрлі пікірлермен танысып, пікірсайыс 
өткізеді. 
Пікірсайыс  тиімді  өту  үшін,  оны  өткізу  ережесімен  оқушыларды 
таныстыру қажет. 
«Бізге қажетті әрі маңызды ережелер»:
1. Ережелерді оқып шығыңдар.
2.  Жұмыс    жақсы  жүру  үшін  ережелерді  естен  шығармай,  орындап 
отыру қажет. Белгіленген уақыт ішінде сөйлеп үлгеру керек.
3. Әр оқушы кезекпен сөйлеуі қажет.
4.  Әркім  өз  пікірін,  ойын  еркін  айтуға,  нақты,  дәлелді,  қызықты 
баяндауға тырысуы қажет.
5. Біреу сөйлеп тұрғанда, оның жауабын мұқият тыңдау қажет.
6. Басқа оқушының сөзін бөлмей тыңда.
7.  Ол  пікірмен  келіссең,  келісетініңді  білдір,  ал  келіспесең,  неліктен 
келіспейтініңді  тиянақты  және  түсінікті,  асықпай  түсіндіріп  дәлелде  (2–3 
дәлел келтіріңдер).
Бұл тақырып күрделі болғандықтан, әр топтағы оқушылардың пікірлері 
жеке-жеке сұралады. Жауап алынғаннан кейін басқа пікірлер бар ма деген 
сауал қойған орынды. Қысқа әрі қарапайым сұрақтардан гөрі оқушыларға  
«ал егер», «неге», «қалай», «ойлан» деген сұрақтар қойған орынды. Жекелеген 
топтар жауаптарын айтқанда, мәселен, бірінші топ оқушылары толыққанды 
жауап дайындап, ойын жеткізе білсе, онда қалғандары айтылмаған, ерекше 
мәнді  ойларды  не  пікірлерді  ғана  айтуы  тиіс.  Айтылғанды  қайталамауы 
қажет.  Әр  түрлі  пікірлерді  тыңдап  үйренуі  тиіс.  Мұғалім  жақсы  және  тез 
жазатын  оқушының  бір-екеуіне  оқушылар  айтқан  тың  пікірлерді  тақтаға 
жазып отыруды тапсырады. Оқушылар жауаптарын тақтаға жазу олардың 
әрқайсысының  көзқарасын  білуге  (ерекшелігін,  ортақтығын),  нәтиже 
жасауға, қорытындыға келуге, қабілеттерін дамытуға септігін тигізеді. Ол 
үшін әр сабақта ақпарат жазып отыруға бір оқушыны хатшы етіп сайлаған 
дұрыс. Ол сізге көмекші болады. Өзіңіз қорытынды жасамай, оның орнына 
«Неге?», «Неге олай ойлайсың?» деген сұрақтар  беру арқылы оқушылардың 
күрделі  материалды  түсінуіне  көмектесесіз.  Осындай  сауалдар  бойынша 
оқушыларға    бір  мәселе  бойынша  әртүрлі  пікір  бар  екендігін  көрсетіп, 
ойларын  өзара  талқылауға  мүмкіндік  беріңіз.  Әрқашан  тақтадағы 
«ережелерді»  естен  шығармау  қажеттігін  ескертіңіз.  Сөйтіп,  пікірсайыс 
барысында оқушылар өз пікірін айтады, оның себептерін түсіндіреді, мысал 
келтіреді (өз өмір тәжірибесінен), оны дәлелдейді, қорытындылайды. 


64
Күрделі тақырыпты жақсы меңгеру үшін тарихи дата, терминологиялық 
сөздік бойынша тарихи жаттығулар өткізген тиімді. Оқушылар өз еркінше 
тапсырма бойынша үш топқа бөлініп, партаға отырады. 
Бірінші топ оқушылары блиц-сұраққа (тарихи жаттығу) ауызша жауап 
беруге дайындалады.
1. Жеті ата дегеніміз не?
2. Қазақ жерін мекендеген ертедегі тайпаларды ата.
3. Түркі тілдес тайпаларға кімдер жатады?
4. Ұлыс дегеніміз не?
5. Қаған деген кім?
Екінші  топ  оқушылары  тарихи  даталар  бойынша  диктантқа  ауызша 
жауап береді:
1. Түрік қағанатының құрылған уақыты?
2.  Шыңғысханның әскери мемлекеті құрылған уақыты?
3. Қазақ халқының қалыптасқан уақыты?
Үшінші  топ  оқушылары  терминологиялық  диктантқа  ауызша  жауап 
қайтарады:
1. Ру дегеніміз ...
2. Тайпа дегеніміз ...
3. Жүз дегеніміз ...
4. Халық дегеніміз ...
Үйге тапсырма: §27. «Қазақ халқының қалыптасуы» әңгімесімен таны-
су және оған берілген сұрақтар мен тапсырмаларға дайындалып келу.
§28. Қазақ хандығының құрылуы 
сабақтың  мақсаты:  Қазақ  хандығының  құрылуы,  қазақ  хандары, 
хандықтағы  әлеуметтік  топтар  туралы  оқушыларда  бейнелі  түсінік 
қалыптастыру.  Оқушылардың  тарихи  фактілерді,  оқиғаларды  талқылауға 
белсенді қатысуы, өз ойын түсінікті жеткізе білу біліктерін дамыту. Елін, 
жерін қорғаған, Қазақ хандығын құруға, оның гүлденіп дамуына үлес қосқан 
хандарға, тарихи қайраткерлерге деген құрмет сезімін тәрбиелеу. 
пайдаланылатын  көрнекі  құралдар:  карта,  электронды  оқулықтар, 
бейнефильмнен үзінді.
оқып-үйренген  материалды  қайталау  оқулықтағы  сұрақтар  мен 
тапсырмалар көлемінде жүргізіледі.
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары: 
1. Қазақ хандығының құрылуы. 
2. Қазақ хандары.
3. Қазақ хандығындағы әлеуметтік топтар.


жүктеу 6,11 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау