5
оқушының да рөлі өзгерді. Бүгінгі мақсат оқушыға дайын ақпарат беру ғана
емес, оқушылардың өздігінен оқып-үйренуі, өздігінен ізденуі, өзіне қажетті
білімді табуы және ұтымды пайдалануы. Мұғалім мұнда оқушылардың
пәнді өздігінен меңгеруіндегі сарапшы ретінде, оқу үрдісіне және оқушының
жаңа материалды қабылдауына мүмкіндік жасауға көмектеседі. Оқушылар
мұғалімнің басқаруынсыз өздігінен оқып-үйрену дағдыларын пайдалануға
үйренеді.
Оқушылар өздігінен оқып-үйрену, оқу материалын қабылдау
дағдыларын дамыту арқылы «қалай оқуы керектігін үйренеді». Осындай
оқытудың нәтижеге бағытталуы нәтижесінде оқушылар өмірге қажетті кең
ауқымды дағдыларды, біліктіліктерді меңгеруге мүмкіндік алады.
5-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихынан әңгімелер» курсының
мазмұны мен құрылымының өзіндік ерекшеліктеріне тоқталайық.
Курс мазмұнын оқып-үйренуге бағдарлама бойынша 68 сағат бөлінген.
5-сыныпқа арналған Қазақстан тарихынан әңгімелер курсының
мазмұны бес бөлімнен тұрады, қорытып-қайталауға және өлке тарихын
оқып-үйренуге қосымша сағат берілген.
5-сыныпқа арналған Қазақстан тарихынан әңгімелер курсының мазмұ-
ны жағынан да, оны оқыту әдістемесі жағынан да басқа тарих курстары нан
ерекшеліктері бар.
Тарихты дербес пән ретінде оқып-үйрену 5-сыныптан, «Қазақстан
тарихынан әңгімелер» деп аталатын алғашқы курстан басталады. Әңгімелер
курсын оқып-үйрену барысында оқушылар тарихтан белгілі бір көлемде,
тұжырымдалған бастапқы білім алады. 5-сыныпта Қазақстан тарихының
сонау көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі оқиғалары қамтылады. Еліміздің
тарихында болған аса маңызды оқиғалар мен құбылыстар хронологиялық
реттілігімен баяндалады.
Бұл курстың басты ерекшелігі – ондағы материалдар көлемі жағынан
шағын әрі әңгіме түрінде берілуі. Еліміздің әртүрлі кезеңдеріндегі өмірі,
тұрмысы және тіршілігінің тарихи бейнесі суреттеледі.
Жүйелі курста ұзақ әрі күрделі үрдіс ретінде оқылатын құбылыстар
5-сыныпта суреттеу, баяндау, нақты образын тартымды да әсерлі әңгімелеу
арқылы ашып көрсетіледі. Мұнда күрделі үрдістер мен ұғымдар жүйесін
барынша толық әрі терең ашып көрсетуден гөрі, аса маңызды тарихи
құбылыстың негізгі кезеңдері, айтарлықтай белестері туралы алғашқы
түсініктер беріледі. Мұның өзі оқушылардың келесі сыныптарда өтілетін
тарих пәнінің күрделі де жүйелі курстарын жетік меңгеруіне көмектеседі.
Оқулық пен бағдарламада 10 – 11 жастағы оқушылардың психологиялық
ерекшеліктері де ескерілген. Психолог ғалымдардың пікіріне қарағанда, бұл
6
жастағы шәкірттер мінез-құлығының дамып, қалыптасуы жағынан қиын,
өтпелі кезеңдегі «кіші жеткіншектер» деп танылған. Осы ретте қазіргі
заманғы білім беруші мұғалімнің ғылыми-теориялық білімі жан-жақты,
терең болуы, оқыту әдістемесін жетік білуі талап етіледі.
Бұл курстың жетекші идеясы – оқушыларды қазақстандық патриотизм-
ге, төзімділікке, биік мәдениетке тәрбиелеуге септігін тигізу. Осы мақсатта
оқулықта курстың жетекші идеясын аз-аздап, бірте-бірте ашуға, бұл
үрдістің аса маңызды жақтарын мүмкіндігіне қарай толық көрсетуге
септігін тигізетін факторлар іріктеліп алынған. Сонау ерте заманда
Қазақстан аумағында мекендеген сақ, ғұн, түрік тайпалары, олардың
өмірі мен тұрмысы, тәуелсіздік жолындағы ерлік күрестері оқушылардың
жадында тек жақсы сақталып қана қоймай, олардың сезіміне әсер ететіндей
баяндау қарастырылады. Сондықтан Тұмар патшайым, Шырақтың ерлігі,
Еділ-Аттила, Білге, Күлтегін, Тоныкөк, Қайырхан туралы материалдар
оқушылардың көкейіне қонымды жеткізіліп, олардың бойында отаншылдық
сезімдерді қалыптастыруға көмектесуі тиіс.
Бесінші сынып оқушылары еліміздің тәуелсіздігі мен азаттығы
жолында күрескен, аттары аңызға айналған Тұмардан бастау алған
ержүрек жауынгерлер, қазақ билері мен батырлары, хандары мен халықтың
ерлігі, бүгінгі күндегі ғарышқа самғаған қазақ елінің мақтаныштары
Т. Әубәкіров пен Т. Мұсабаевқа дейінгі тарихи қайраткерлер легімен,
еліміздің тарихының қаһармандық беттерімен танысады, тарихымызда
болған елеулі оқиғалар, құбылыстар мен тарихи қайраткерлер туралы оқып
біледі. Сонымен қатар олар мүлде жаңа, тың оқиғалармен және тарихта аты
қалған адамдардың өмірі және қызметімен танысуға мүмкіндік алады. Олар,
мәселен, Ұлы Отан соғысы туралы бірқатар мәселелерді бастауыш сынып
материалдарынан, сыныптан тыс ата-аналарынан естуінен, балаларға
арналған көркем әдебиеттерді оқудан, фильмдер мен спектакльдерден
біледі. Бірақ оқушылардың бұл түсініктері үзік-үзік әрі жүйесіз болып
келеді. Сондықтан мұғалім, оқушылардың сабақта және сабақтан тыс алған
білімдерін пайдалана отырып, оларға осы мәселелер бойынша алғашқы
жүйелі білім және түсініктер алуға көмектесуі тиіс. Алайда бұл идея тек
қызықты фактілерді жүйесіз әңгімелеп берумен ашылмайды. Сабақта
қайсыбір тарихи оқиға не құбылыстың басты кезеңдерін көрсететін материал
сұрыпталып алынуы қажет. Сондықтан қазіргі сабақта оқушыларға ма-
териалды не ақпаратты дайын күйінде ұсынбай, оқушыны өз бетімен
жұмыс істеуге үйрету, өзіне қажетті білімді іздестіруге, табуға, өз өмір
тәжірибесінде пайдалануға көңіл аударғанымыз жөн. Оқушылар өздігінен
«қалай оқу керектігіне үйренеді». Осы ретте сабақта түрлі көрнекіліктер:
карта, кесте, бейне және аудиофильмдерден, электронды оқулықтан үзінді
7
пайдаланылады, қосымша әдебиеттермен танысады, мұғалім дәстүрлі және
интерактивті әдістерді қолданады. Тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану сабақта
оқушылардың белсенділігін арттыруға жағдай туғызады. Оқушылар
өздігінен жауап іздеп, талдайды, қорытындылайды, өз пікірін еркін білдіруге,
оны күнделікті өмірінде қолдануға ұмтылады. Міне, осындай оқытудың
нәтижесінде оқушыларға өмірге қажетті дағдылар мен біліктіліктерді
меңгеруге мүмкіндік беріледі.
Оқулықта жоғарыда атап көрсеткендей тарихи қайраткерлердің өмірі
мен қызметі, ерлік істері баяндалады. Іріктеп алынған материалдардың
мазмұны оқушылардың танымын кеңейтіп, тарихтағы адамның рөлін
түсінуге көмектеседі. Ежелгі дәуірден бастап қазіргі кезеңге дейінгі тарихи
оқиғалар туралы түсініктерін нақтылай түседі.
5-сыныптағы оқу материалының мазмұны онда берілген ұғымдардың
белгілі бір жүйесі арқылы ашып көрсетіледі. Бұл сыныпта арнаулы термин-
дердің, тарихи ұғымдардың ғылыми толық анықтамасы айтылмайтыны
белгілі. Мысалы, «ғасыр», «біздің заманымыздан бұрынғы», «біздің зама-
нымыз», «тарихи карта», «топонимика», «этнография», «археология», «қазақ»
атауы, «тәуелсіздік» және басқа ұғымдар 10–11 жастағы оқушылардың
көкейіне қонымды түрде жеткізіледі. Сонымен қатар ғылыми негіздегі
мәтіннің түсінуге қажетті белгілері ғана ашылады. Бұлар сол ұғымды
басқа бір жеке не қарама-қарсы ұғымдармен салыстыру арқылы тарихи
құбылыстың анағұрлым нақты, айқын жағын ашып көрсетуге көмектеседі.
Бағдарлама бойынша «Тарих әлемі» атты бірінші бөлімін оқып-үйренуге
14 сағат бөлінген. Оқулықта тарихи деректер, тарихи уақыт, тарихи карта
туралы алғашқы түсініктерді одан әрі тереңдете түсуге мүмкіндік берілген.
Бірінші бөлімде сонымен қатар білімдік, тәрбиелік және дамытушылық
жағынан маңызды фактілер мен идеяларды сұрыптап алуға ерекше назар
аударылған. Мұнда әсіресе «Отан», «туған өлке», «Қазақстан – менің
Отаным», «халықтар арасындағы татулық пен түсіністік, адамгершілік», т.б.
ұғымдар мен түсініктерді қалыптастыруға баса мән берілген.
Жалпы түсініктердің мағынасы жүйелі түрде, тарихи оқиғалар
мен құбылыстарды жай баяндау, әңгімелеу, суреттеу арқылы ашылып
көрсетіледі.
Курстың мазмұны бастауыш білім беру сатыларында «Дүниетану»,
«Ана тілі» пәндерінен алған білімдерін пайдаланып, тарих сабағында
оқушылардың білімін одан әрі тереңдете түсуге жағдай жасалған.
Оқулық мазмұнының екінші бөлімі «Тарихқа саяхат» деп аталады,
оны оқып-үйренуге 24 сағат берілген. Бұл бөлімде сақ тайпаларының өмір-
тіршілігі, Түрік қағанатының құрылуы, белгілі билеушілер, ұлы ғалым
Әбу Насыр әл-Фараби, ортағасырлық қалалардың пайда болуы, өркендеуі,
құлдырауы, қазақ халқының қалыптасуы, Қазақ хандығының құрылуы,
Достарыңызбен бөлісу: |