226
шілденің 5, 6, 12 жұлдыздарында жəне 19 бен 25 шілдеде
байқалды.
Осы ғарыштық эксперимент Астрофизика институтының
Солтүстік Қазақстандағы экспедициясы жүргізген бақылау-
ларымен (шілденің 9-нан 10-на, 10-нан 11-не жəне 21-нен 22-
не қараған түндерінде) қатар, яғни ғарыштық жəне жер беті
бақылаулары бір мезгілде жүргізілді. Солтүстік Қазақстанның
Петропавл қаласындағы бақылаулардан алынған суреттердің бірі
төменде келтірілген (10.19-сурет).
10.19-сурет. 1994 жылы шілде айында Петропавл қаласында
түсірілген күміс бұлттар
Қазақстан территориясында күміс бұлттар 1996, 1998 жыл-
дары тағы да Петропавл қаласында байқалды. Күміс бұлттарды
ең тиімді бақылауды, жақсы көрсетуді қамтамасыз ететін,
54,9° ендікте орналасқан Петропавл қаласы таңдалып алын-
ды. Құбылысты бақылау үшін Астрофизика институтының экс-
педициясы, əр жыл сайын, 3 ай бойы Солтүстік Қазақстан пе-
дагогикалық университетінің базасында зерттеу жұмыстарын
жүргізді. Нəтижесінде осы құбылыс туралы мол материал жи-
налды. 1998 ж. маусым айының 19-нан 20-на қараған түнінде
227
Петропавл қаласында түсірілген күміс бұлттардың көптеген
суреттерінің бірінде бұл құбылыс өте жақсы бейнеленген
(10.20-сурет).
10.20-сурет. Күміс бұлттар (Петропавл қаласы, 1998 жыл)
Күміс бұлттарды жерден бақылау мен оладың нəтижелерін
өңдеу жəне талдау эксперименттер жүргізіліп жатқан кездер-
де атқарылды.Сонымен қатар, «Мир» ғарыштық кешенінен
мезосфералық (күміс) бұлттардың түзілу кезеңдерін тіркеп
отыратын əдістеме жасалынды. 1998 жылдың 17 маусымы мен
13-қырқүйекке дейінгі аралықта 39 бақылау түндері өткізілді.
Қалған түндерде аспан бұлтты болып, жаңбыр жауып тұрды.
Отыз тоғыз бақылау түндерінің 7 түнінде күміс бұлттар
байқалды, олар «AGFA» 400 түрлі-түсті пленкаға жəне Panasonic
228
G120 жəне Sharp сияқты көру камераларына түсірілді. Осы
эксперименттердің нəтижесінде 200 жуық күміс бұлттардың
суреттері алынды.
В. Г. Фесенков атындағы Астрофизика институты обсерва-
ториясында 1998 жылдың маусым-тамыз айларындағы 35 ашық
түндері бойы бақылау жұмыстары жүргізілді. Жұмыс нəтижесінде
шілденің 26-нан 27-не қараған түнінде Қазақстан үстінде күміс
бұлттардың кішкене топтары байқалды (10.21-сурет). Алынған
материалдар, күміс бұлттардың алаңының географиялық ор-
нын, олардың қозғалу динамикасын жəне мезосферадағы жыл-
дамдықтарын анықтау үшін, компьютерге енгізіледі.
10.21-сурет. Алматыда байқалған күміс бұлттар (1998 ж)
Мезосферадағы күміс бұлттарды зерттеу нəтижелері олардың
жылжу динамикасының əр жерде əртүрлі екендігін байқатты.
Бұл құбылысты зерттеудің ең тиімді əдісі - ғарыштық жəне жер
бетіндегі бақылауларды бір-бірімен үйлестіру. Жер атмосферасын
зерттеу үшін, бақылаудың əлемдік тораптарын кеңейту қажет.
Жүргізілген зертеулер нəтижесі жоғары дəрежелі дəлдіктегі
заманауи аппараттардың (алынған бейнелерді автоматты түрде
компьютерде өңделетін санды сурет жəне көру камералары)
қажеттігін талап етеді. Дəл осындай аппараттармен орбиталық
станция мен ХҒС-да бақылау жүргізіп жатқан ғарышкерлердің
өздері де камтамасыз етілуі керек.
229
Міне, осындай жағдайлар туындағанда, ғалымдар мен инже-
нерлердің алдында Жер атмосферасын зерделеуден басқа мынан-
дай іргелі зерттеулер жүргізу міндеттері тұрады:
- Галактикалық жүйелерді, жұлдыздарды жəне планеталарды
астрономиялық зерттеу;
- Күндегі жəне күн жүйесі планеталары атмосферасындағы
үрдістерді зерттеу;
- Атмосфера-ионосфера-магнитосфера жүйесіндегі дина
ми-
калық үрдістерді зерттеу;
- Жер климатының өзгеру проблемаларына байланысты күміс
(мезосфералық) бұлттардың табиғатын зерттеу.
- Атмосферадағы ғарыштық сəулелер жəне электрлі үрдіс-
тер вариациялары бойынша жер төңірегі ғарыштық кеңістігі-
нің жағдайын кешенді экспериментті жəне теориялық зерттеу.
Ғарыштық ауа райын болжау əдістері мен технологиясын əзірлеу
жəне оның биосфераға əсерін анықтау;
- Стратосферада, мезосферада жəне ионосфера қабаттарын-
дағы динамикалық үрдістерді болжау үшін математикалық мо-
дельдер мен бағдарламалық кешендер əзірлеу;
- ғарыштық ауа райының қалыптасу физикасы жəне эволю-
циясын зерттеу;
- Жер жағдайында жəне ғарыштық кеңістіктегі қоқыстардың
өзара əрекетін зерттеу.
Бақылау сұрақтары:
1. Геофизикалық зерттеулерге не жатады?
2. Қазақстанның астрофизика инситуты жайлы не білесіз?
3. Жер климатының ғаламдық өзгеруінің себептері
4. Ғарыштық «Атмосфера» эксперименттері не үшін жүргізілді?
5. «Озонның жұқаруы» неден болады?
6. «Жылу эффектісін қалай түсінесіз?
7. Ғарыштық ластануды қалай түсінесіз?
8. Ғарыштық мониторинг деген не?
9. Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың Күнмен байланысы.
10. Ғарыштық «Мезосфера» экспериментінде не зерттеледі?
230
ПАЙДАЛАНҒАН ƏДЕБИЕТТЕР
1. Циолковский К. Э. Исследование мировых пространств реактивными
приборами. – Калуга, типография С. А. Семенова, 1903. -50 с.
2. Циолковский К. Э. Космические ракетные поезда. – Калуга, гостипо-
графия КГСНХ, 1920. -38 с.
3. Циолковский К. Э. Цели звездоплавания. – Калуга, гостипография
ОСНХ, 1925. -40 с.
4. Баранов В. Н., Бойко Е. Г., Краснорылов И. И. Космическая геодезия.
М.: Недра, 1986.
5. Бек А. Ш. Основы спутниковой геодезии.- Алматы: КазНТУ, 2008. -
88 с..
6. Глушков В. В., Насретдинов К. К., Шаравин А. А. Космическая гео-
дезия: методы и перспективы развития. М.: ЗАО «Институт политического
и военного анализа», 2002.
7. Нұрпейісова М. Б. Геодезия (оқулық) -Астана: ЕҰУ, 2010.-260 б.
8. Новости космонавтики.-2001, №67
9. Аубакиров Т. О., Мусабаев Т. А., Сулиангазин У. М. Основные резуль-
таты казахстанской программы научных исследований и экспериментов на
борту ОС «Мир» и МКС. Алматы, 2001.-205 с.
10. Космические исследования в Казахстане.-Алматы: РОНД6 2002.-
460с.
11. Суверенный Казахстан: 10-летний путь развития космических ис-
следований. Тезисы докладов. –Алматы: ИКИ, 2001.-128 с.
12. Internet:www.credo-dialogue.com
13. Нурпеисова М. Б., Рысбеков К. Б. Геодезиялық аспаптар. – Алматы,
КазНТУ, 2010.- 244 с.
14. Нұрпейісова М. Б. жəне басқалар. Қазақ тілі терминдерінің салалық
ғылыми түсіндірме сөздігі. География жəне геодезия.-Алматы: Мектеп,
2007- 264 б.і
15. Толковый словарь по геоинформатике /под редакцией А. М. Берлян-
та.- 1997№-310 с.
16. Де Мерс, Майкл Н. Геоинформационные системы. Пер. С англ.-М;
Дата, 1999.-265 с.
17. Практическое руководство по созданию, контролю и реконструкции
маркшейдерско- геодезических сетей с использованием спутниковых си-
стем. –СПб.: ВНИМИ, 1999№-18 с.
Достарыңызбен бөлісу: |