Оқулық Алматы, 2012 Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының ҚауымдастығЫ 2



жүктеу 3,97 Kb.
Pdf просмотр
бет60/61
Дата24.12.2017
өлшемі3,97 Kb.
#5853
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61

231
ГЛОССАРИЙ
Абсолютті нүкте орнын анықтау əдісі – координатты анықтау, бұл 
кезде шешілетін тапсырма, тек бір ғана спутникті қабылдағышпен орын-
далады.
Автоматтандырылған дешифрлеу – Жерді қашықтан зондтау 
деректерін компьютерде өңдеу кезеңдерінің бірі, яғни бейнелерді сипатта-
малары бойынша автоматты сандық түрде бөлу.
Альманах – ЖНЖС туралы деректерді құрайтын радио дабыл.
Атомдық уақыт – бүгінгі қоғамдарда уақытты өлшеудің маңыздылығы 
сонша, ол халықаралық деңгейде қадағаланады. Ғылыми уақыт негізі ретінде 
Халықаралық Атомдық Уақыт (TAI) есіміммен белгілі, əлемдік атомдық 
сағатқа негізделген үзіліссіз секундтар есебі болып табылады. Бұл негізгі 
Ғаламдық Уақыт Бақылауды (UTC) қоса, барлық басқа уақыт өлшемдердің 
іргелі нұсқасы болып табылады. Жер əлденеше уақыт аймақтарына 
бөлінеді. Бұлардың көбісінің бір-бірінен 1 сағат айырмасы бар, жəне шарт-
ты түрде жергілікті уақыттың ҒУБ-дан немесе Гринвич Орта Уақытынан 
айырмасын көрсетеді. Көп аймақтардың бұл айырмашылықтары жылына 
екі рет күндізгі уақыт үнемдеуге өтуінен себебінен өзгеріп тұрады.
Атрибут  – нысанның негізгі қасиеттерін сипаттайтын элементарлық 
деректер.
Атрибуттық деректер – ГАЖ-дағы екінші негізгі класс болып табыла-
тын, нысанға қатысты сипаттауыш ақпараттары бар (уақыт, тақырып) дерек-
тер. Олар координаттық деректерді қажет сипаттамалармен толықтырады.
Бедерді сандық үлгілеу – жердің бедерін нүктелер жинағына ауысты-
руға негізделген дискретті үлгі.
Векторлық бейне – полигон тəрізді нысандардың координатты жұп 
жиынтығы түріндегі: нүктелі, сызықтық жəне кеңістіктік сандық бейнесі. 
Əр нысан Х,У координаттар жиынтығымен сипатталады жəне нысандарға 
оның əр түрлі атрибуттық анықтамалары беріледі.
Визуализация – графикалық бейне синонимі. ГАЖ-да картографиялық 
бейнелеудің бейнелеу құрылғыларында жобалануы жəне генерализа- 
циясы.
ГАЖ – геоақпараттық жүйе.


232
Генерализацияу  – деректерді қабылдау немесе өңдеуді жеңілдетуге 
арналған қортындылау үлгісі. Мəселен, өзеннің көптеген бұрылыстары мен 
салалары болуы мүмкін, алайда үлкен территорияны қамтитын ғарыштық 
суреттерде мұндай өзен тік сызықпен бейнеленеді. Ал аудандық нысандар 
болып табылатын қалалар шолу картасында тек нүктемен ғана көрсетіледі.
Географиялық ақпараттық жүйе (ГАЖ– географиялық координат-
талған деректердің жинақталуын, енгізілуін, сақталуын, басқаруын, са-
рапталуын, бейнеленуін, маатематикалық-картографикалық моделденуін 
қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе.
Геоақпартаттық технология – ГАЖ-дың функциялық мүмкіндікте-
рін жүзеге асыруға көмектесетін геоақпараттық жүйелер құрудың техно-
логиялық негізі.
Геометриялық фактор  – бақыланатын жер серіктерінің өзара дұрыс 
орналаспауынан болатын қателіктер. 
Гетеродин – тұрақты жиіліктің синусоидты қашықтықтағы тербелі-
сінің генераторы.
ГЛОНАСС  – Ғаламдық навигациялық жер серіктік жүйе (КСРО, Ре-
сей). 
Ғарыш айлағы – зымыран тасымалдаушы көмегімен, орбитаға нави-
гациялық жасанды жер серігін ұшыруды (НЖЖС) қамтамасыз ететін 
ЖРНЖ секторы. Мəселен, «Байқоңыр» ғарыш айлағы немесе алаңы.
ҒА - ғарыштық аппарат.
ҒГ – ғарыштық геодезия.
Ғарыштық деректер – ғарыштан алынып тіркелген фактілер жиын-
тығы.
Ғарыштық зымыран – ғарыштық ракета
Ғарыштық жылдамдық – ғарыш саласында үлкен маңызғы ие түсінік. 
Ол аспан денесін (ғаламшарды) айнала ұшатын ұшу денесінің (ЖЖС, ҒК, 
ҒС) ұшу жылдамдығы. Жылдамдықтың бірнеше түрі бар. ЖЖС-нің Жер-
ден бастапқы ұшу жылдамдығы: біріншісі - 7,9 км/сек., екіншісі - 11,2 кмр/
сек., үшіншісі – 16,7 км/сек. Жердің тартылыс күшін теңестіріп, ҒК жер ор-
битасын айналып жүруі үшін оған жер бетінде бастапкы жылдамдық беру 
керек. 
Ғарыштық жүк – ғарыштағы тұрақты станцияларға қажетті жүк, 
олардың ішінде отын, сығымдалған ауа жəне оттегі, азық-түлік, ғылыми 


233
аппаратуралар, ресейлік жəне американдық стансалардың сегменттеріне 
қосымша құрал-жабдықтар жəне т.б. болады.
ҒК – ғарыштық кеме, яғни адамның ғарышта ұшуына арналған 
ғарыштық аппарат. Оның негізгі бөлігі – ғарышкердің өмірін сақтауға 
арналған герметикалық кабина. Мəселен, «Прогресс М-04М» ғарыштық 
жүк таситын кеме Халықаралық ғарыш стансасына 2,5 тоннадан астам 
жүкті жеткізді.
Ғарыштық қоқыс – істен шыққан, бірақ орбитада қалып қойған 
жерсеріктері, зымырандардың жоғарғы сатылары мен қозғалтқыш блок-
тары, жанармайы таусылған бактар, ыдыраған ғарыштық нысандардың 
бөліктері. Ғарыштық қоқыстар ғарыштық кеңістікті сағатына 28 мың 
шақырымдық жылдамдықпен шарлап жүр. Мамандардың айтуынша, қазір 
жерге жақын орбитада, жерден 2000 км қашықтыққа дейінгі кеңістікте 
көлемі 1см-ден асатын 200 мыңдай қоқыс, ал көлемі 1 мм-ден асатын 330 
миллионнан астам қоқыс бар. Соның кесірінен қазір кез келген ғарыштық 
миссияның жүзеге асуы да көп қатерге тігіледі.
Ғарыштық мониторинг – экоқұбылыстарды ғарыштық құралдардың 
көмегімен бақылау. Бұл қоршаған ортаның өзгеру өзгешелігі мен ласта-
ну ошағын жедел анықтаудың, экологиялық өзгерістің амплитудасы мен 
ондағы қарқынды процестерді бақылаудың, бағалаудың жəне болжаудың 
кешенді жүйесі.
ҒНЖСЖ – ғарыштық навигациялық жерсеріктік жүйе.
Ғарыштық түсірім – Жерді ғарыштан түсіру арқылы зерделеу
ҒС – ғарыштық сурет.
Ғарыштық триангуляция - ғарыштық геодезиядағы кеңістікте торап-
тарды құрудың əдісі.
ДҚ – деректер қоры
ДМҰ – Дүниежүзі Метеорологиялық Ұйымы. 
ЖЖС – Жердің жасанды серіктері.
ЖҚЗ - Жерді қашықтан зондтау.
Жер серіктік радионавигациялық жүйелер (ЖРНЖ) – жасанды жер 
серіктерінен жіберілетін радиосигналдар бойынша навигациялық тапсыр-
малар мен жергілікті жерде тірек нүктелерінің қызметін атқаратын нүкте 
координаталарын анықтауға арналған техникалық құралдар кешені.
Жерсеріктік өлшеулердегі қателіктер  – берілген деректерді дұрыс 
білмегендіктен туындайтын қателер. Оның ішіндегі бастысы эфемерид – 


жүктеу 3,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау