Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «АӨК бухгалтерлік есеп ерекшеліктері»



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет35/43
Дата24.12.2017
өлшемі5,01 Kb.
#5617
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   43

77 
 
шаруа қожалықтары үстеме шығындардың айлық есебін жасай бермейді. Сондықтан, өсімдік 
және  мал  шаруашылығындағы  шығындардың  жұмсалуына  жедел  бақылау  болмайды  да, 
оның нәтижесі шығынның нормадан артық немесе үнемсіз жұмсалуына және өзіндік құнның 
шамадан  тыс  жоғарылауына  негіз  болады.  Сондықтан,  біз  әрбір  шаруашылықтағы 
бөлімшелердің  бригадалық  (цехтық)  үстеме  шығындар  сметаларының  сақталуына  үнемі 
алдын ала және кейінгі бақылау жүргізіліп отыру қажет деп санаймыз. Соның нәтижесінде 
материалдар,  отын,  энергия,  құрал-саймандар,  негізгі  құралдарды  жөндеуге  жұмсалынатын 
басқа да шығындардың нормалары қатаң сақталынуы қамтамасыз етіледі. 
Ауыл  шаруашылығында  үстеме  шығындарды  есеп  объектілері  арасында  тарату  үшін 
бөлу  базасы  ретінде  көпшілік  жағдайда  өндірістік  жұмысшылардың  негізгі  еңбек  ақылары 
қолданылатынын  анықтап  отырмыз.  Дегенмен  де,  әртүрлі  сипаттағы  үстеме  шығындардың 
түрлеріне мұндай бөлу базасын қолдану дұрыс болмайды. Себебі, үстеме шығындарды еңбек 
ақыға  тепе-тең  бөлу  үстеме  шығындардың  нақты  деңгейін,  сондай-ақ  белгілі  бір  уақыт 
өткеннен  кейін  алынған  өнімнің  нақты  өзіндік  құндарының  дұрыс  есептелуін  қамтамасыз 
етпейді  және  өзіндік  құнды  шамадан  тыс  жоғарылатып  жібереді.  Соған  байланысты  нақты 
бөлімшелері бойынша үстеме шығындардың мына түрлерін:  
-  еңбекті  қорғау,  күзет  қызметі,  өрт  сөндіру,  өндірістегі  ақау  сомаларын  (кінәлі  тұлға 
болмаған  жағдайда),  мал  басының  жоғалуы,  өліміне  байланысты  үстеме  шығындарды 
(бөлімшелік үстеме шығыстарды) тиісті алғашқы есеп құжаттары мәліметтерінен тікелей алу 
арқылы  бөлімшедегі  мал  топтарына  немесе  егіс  алып  жатқан  алқаптың  көлеміне  қарай 
өнімнің өзіндік құнына тікелей апаруға болады.  
Үстеме шығындардың мынадай түрлерін: 
- өндірісті басқарушылардың негізгі еңбек ақыларын мал басының санына немесе азық-
күнінің  санына  не  болмаса  өндірістік  жұмысшылардың  негізгі  еңбек  ақы  сомасына 
пропорционалды бөлу жолымен; 
-  қосымша  еңбек  ақы  шығындарын  өндіріс  жұмысшыларының  негізгі  еңбек  ақысына 
қарай;  еңбек  ақыдан  аударымдарды  негізгі  және  қосымша  еңбек  ақы  сомасының 
жиынтығына қарай; 
-  өндірістік  ғимараттар  мен  құрылыс  жайлардың  тозу  сомаларын  мал  топтары  алып 
отырған алаң немесе егіс көлеміне қарай пропорционалды бөлу жолымен; 
- машиналар мен беріліс құралдарының тозу сомаларын олардың тиісті жұмыс істеген 
уақытына қарай;  
-  машиналар  мен  беріліс  құралдарының  жөндеу  шығындарын  олар  орындаған  жұмыс 
көлеміне қарай;  
-  өндірістік  ғимараттарды  жөндеу,  күтіп  ұстау  шығындарын,  жалдау  ақыларын, 
жылыту, жарықтандыру шығындарын мал топтары алып жатқан алаң көлеміне қарай немесе 
астық өнімдері сақталып тұрған ғимараттардың көлеміне қарай;  
-  отын,  қосалқы  бөлшектер  мен  көмекші  материалдарды  машиналардың  бір  сағатта 
пайдаланатын нормасына не болмаса машинаның жұмыс істеген уақытына қарай бөлу қажет.  
Демек, ауыл шаруашылығы ұйымдары үшін әртүрлі үстеме шығындарды өнім түрлері 
арасында  немесе  шығындар  есебінің  объектісіне  тек  өндірістік  жұмысшылардың  негізгі 
еңбек  ақыларына  қарай  бөлу  дұрыс  емес  деп,  әрбір  үстеме  шығын  түрін  жоғарыда 
көрсетілген  тиісті  бөлу  базаларын  қолдана  отырып,  өнімнің  өзіндік  құнына  немесе 
шығындар есебінің объектісіне апару қажет.  
 
3. Болашақ кезең шығындарының есебі 
Ауыл  шаруашылығы  кәсіпорындарында  шығындардың  маңызды  бөлігін  болашақ 
мерзімнің шығындары алады. Әрбір шаруашылық өндірістің бірнеше сатысына апарылатын 
шығындарды жұмсауға мәжбір болып келеді. Соған сәйкесті, есепте бұл шығындарды әрбір 
есепті  кезеңге  дұрыс  бөлу  үшін  бірнеше  есепті  мерзімге  бөліа  қарастырудың  қажеттілігі 
туындайды.  Осы  мақсат  үшін  бухгалтерлік  есепте  1620  және  2920  «Болашақ  кезең 
шығыстары» деп аталатын бюджеттік-бөлу шоттары қолданылады. 


78 
 
Ауыл  шаруашылығы  кәсіпорындарында  болашақ  кезең  шығындары  шоттарында 
өндіріс мақсаты үшін күрделі емес уақытша құрылыс-жайларды салу шығындары, алдын ала 
төлеген жалдау ақылары, сақтандыру жарналары, ғылыми-техникалық әдебиеттер мен газет-
журналдарға  жазылу  және  осы  есепті  мерзімде  жұмсалып,  болашақ  кезеңде  тиісті  шығын 
объектілеріне  тең  үлеспен  таратылып  отырылатын  басқа  да  шығындар  есепке  алынады. 
Сондай-ақ  бол  шотта  жалға  алынған  негізгі  құралдарды  күрделі  жөндеу  шығындары  да 
есепке алынады. 
1620  және  2920  шоттардың  дебеті  бойынша  жыл  бойы  жұмсалынған  шығындар 
сомасы  жинақталады,  ал  шоттардың  кредитінде  есепті  жылда  тиісті  шығын  объектілеріне 
апарылатын болашақ мерзімнің шығындары көрсетіледі. 
Ауыл  шаруашылығында  уақытша  ғимараттар  мен  құрылыс  жайларды  пайдалану 
мерзіміне  байланысты  жыл  сайынғы  есептен  шығарылатын  шығындардың  үлесі  әртүрлі 
болуы мүмкін. 
Ғылыми-техникалық  әдебиеттер,  газет-журналдарға  жазылу,  жалдау  ақылары  және 
басқа да шығындар есепті мерзім бойы тең үлеспен шығын есебінің объектілеріне апарылып 
отырылады. 
Бухгалтерлік  есеп  тіркемелерінде  болашақ  кезең  шығыстары  келесідей  тәртіппен 
көрсетіледі.  Өндірістік  бөлімшелерде  алғашқы  құжаттардың  негізінде  өндірістік  есепке 
түсіріледі.  Өндірістік  есептің  негізінде  талдамалық  есепте  болашақ  кезең  шығыстары 
«Болашақ  кезең  шығындары  есебінің  ведомостісі»  бойынша  көрсетіледі.  Бұл  ведомостіде 
болашақ  кезең  шығыстары  жыл  басынан  бастап  өсу  қарқынымен  әрбір  бөлімше  бойынша 
шығын түрлеріне қарай жинақталады. 
1620,  2920  «Болашақ  кезең  шығыстары»  шоттарының  дебеті  келесі  шоттардың 
кредитімен корреспонденцияланады: 
- 1010, 1030 – сақтандыру келісім шарты бойынша сақтандыру ұйымдарына төленген 
сақтандыру жарналары; 
- 1010, 1030, 1060 – болашақ мерзім үшін төленген жалдау ақылары; 
-  болашақ  есепті  мерзімге  жатқызылатын  шығындар  (жаңа  технологиялық 
процесстерді игеру, цехтар мен агрегаттарды дайындау шығындары): 
- 2420 – негізгі құралдарға есептілінген амортизация сомасы; 
- 1310, 1330, 1350 – материалдарды есептен шығару; 
- 3310 – жабдықтаушылар мен мердігерлер көрсеткен қызметтердің құны; 
- 3350  – жұмысшыларға есептелінген еңбек ақы сомасы; 
- 3150, 3210 – еңбек ақы қорынан аударымдар сомасы; 
- 1010, 1030 – басылымдарға жазылу. 
Болашақ  мерзім  шығындары  есепті  мерзімде  тиісті  шығын  объектілеріне,  соның 
ішінде  7110  «Өнімдерді,  жұмыстар  мен  қызметтерді  сату  бойынша  шығындар»,  7210 
«Әкімшілік  шығыстар»,  7470  «Өзге  де  шығыстар»,  8410  «Үстеме  шығыстар»  шоттарына 
таратылып отырылады. 
1620,  2920  «Болашақ  кезең  шығыстары»  шоттарында  есепті  мерзімнің  соңында 
болашақ  мерзімге  жатқызылуға  тиісті  қалдық  сомасы  тиісті  шығын  объектілеріне 
таратылмаған болашақ мерзімге жатқызылуға тиісті шығындарды білдереді.  
 
Бақылау сұрақтары: 
 
1.  Ұйымның әкімшілік шығындары дегеніміз не? 
2.  Әкімшілік шығындардың өндірістік шығындардан қандай айырмашыларын білесіздер? 
3.  Әкімшілік шығындардың құрамына сипаттама беріңіздер. 
4.  Әкімшілік  шығыстар  есебі  қай  шоттар  жүргізіледі  және  олардың  пайда  болуына  қандай 
бухгалтерлік жазулар беріледі? 
5.  Ауыл  шаруашылығы  кәсіпорындарында  үстеме  шығындарға  қандай  шығын  түрлері 
жатады? 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау