Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «АӨК бухгалтерлік есеп ерекшеліктері»



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет33/43
Дата24.12.2017
өлшемі5,01 Kb.
#5617
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   43

73 
 
Үстеме шығындар негізгі өндіріске қызмет көрсетумен байланысты туындайтын шығындар, 
олар  басқару  есебі  жүйесінде  есепке  алынып,  өнімнің  өзіндік  құнына  енгізіледі,  ал  кезең 
шығындары  қаржылық  есеп  жүйесінде  жүргізіледі  және  өзіндік  құнның  құрамына  кірмейді. 
Осыған  сәйкес  үстеме  шығындарының  құрамынан  кезең  шығындарын  ажырату  мәселесі 
туындады.  Оларға  жалпы  басқару  шығындары,  жалпы  шаруашылық  және  әкімшілік  сипаттағы 
шығындар, тауарлы – материалдық қорларды сатумен байланысты шығындар және пайыздарды 
төлеу  бойынша  шығындар,  басқаша  айтқанда,  өндіріс  көлеміне  тәуелсіз  және  өткізілген 
өнімнің нақты бір түрімен байланысты емес шығындар жатқызылады. 
Өнімдерді  өндіру,  жұмыстарды  орындау  және  қызметтерді  көрсету  барысында 
жұмсалатын  шығындар  өндірістік  өзіндік  құнды  құрайды,  ал  толық  өзіндік  құн  өндірістік 
өзіндік құн мен кезең шығындарынан тұрады.  
Өнімнің  өзіндік  құнына  енетін  шығындардан  ерекшелігі,  жалпы  және  әкімшілік 
шығындары өндіріс көлемінің өзгерісіне тәуелді емес. Бұл шығындар шартты тұрақты болып 
саналады,  әрі  кезең  шығындары  ретінде  қаралады.  Бұл  шығындардың  көпшілігі  есепті 
кезеңде өнім өндірілмесе де, пайда бола береді 
Кезең  шығындарының  есебі  2  «Қорлар»  стандартының  әдістемелік  нұсқауларында 
берілген  өнімнің  өзіндік  құнына  енбейтін  және  кезең  шығындары  ретінде  танылатын 
шығындардың қалыптасуы бөлігіне сай жүргізіледі.  
Ч.Т.  Хорнгрен,  кезең  шығындарын  қорсіңірімділігі  жоғары  шығындарға  жатқызады, 
олар қорларға еш қатыссыз, бірден пайданы есептеуге әсер етеді.  
Осылайша,  кезең  шығындары    бұл  қаржылық  қызметтің  нәтижелері  туралы  есеп 
берудің  көрсеткіштері,  ал  өндірістік  шығындардың  көрсеткіштері  алдымен  тауарлық-
материалдық  қорлардың  қалдығына  қосылып,  баланста  активтің  бір  бөлігі  ретінде 
көрсетіледі,  содан  кейін  барып  табыстар  мен  шығыстар  туралы  есеп  берудің  көрсеткішіне 
айналады. 
Сонымен,  жалпы  және  әкімшілік  шығындары,  пайыздар  бойынша  шығындар  мен  сату 
бойынша шығындар  пайда болу мерзіміне қарай есепті кезең шығындары болып саналады және 
ұйымның қорытынды табысына оны азайта отырып, көшіріледі.  
Өндіріске  жұмсалған  шығындар  мен  өткізу  шығындарының  құрамын    және  олардың 
есебін  дұрыс  қалыптастырудың  маңызды  екендігі  белгілі.  Өйткені,  олар  өнімінің  өзіндік 
құнына,  сәйкесінше  оның  бағасына  ықпал  етеді.  Ал  кезең  шығындары  орындалған 
жұмыстардың өзіндік құнына тікелей ықпал етпегенімен, ұйымның табысына, сонымен қатар 
стратегиялық  мақсаттарға  (ұйымның  өміршеңдігі,  оның  экологиялық  бейтараптылығы, 
жұмыс орындарының сақталуы, тағы да басқа әлеуметтік факторларға) әсер етеді. Сондықтан 
кезең шығындарының есебін оңтайлы әрі дұрыс ұйымдастыру қажет.  
 
Жалпы  және  әкімшілік  шығындарын,  біздің  ойымызша,  басқарма  шығындарының 
бағытына қарай келесі шығын баптары бойынша топтастыра отырып, есепке алған дұрыс:  
1. Әкімшілік-басқарма  қызметкерлерінің  негізгі  және  қосымша  еңбек  ақылары  мен 
еңбек ақы қорынан аударымдар; 
2.  Әкімшілік-басқарма  қызметкерлерінің  қызмет  бабы  бойынша  іс-сапар,  жүріп-тұру 
және орын ауыстыру шығындары; 
3. Басқару қызметін автоматтандыру шығыстары; 
4. Байланыс қызметінің шығыстары; 
5. Кеңсе шығыстары; 
6.  Әкімшілік–шаруашылық  ғимараттары  мен  негізгі  құрылғылар-дарды  күтіп-
ұстау шығындары; 
7.  Басқарма  қызметкерлерінің  еңбегін  қорғау  және  техникалық  қауіпсіздік 
шығындары; 
8. Басқарма қызметкерлерін дайындау және білімін жетілдіру шығыстары; 
9. Басқа да шығыстар. 


74 
 
Бірінші  бапта  әкімшілік–басқарма  қызметкерлеріне  (басқару,  ұйымдастыру, 
инженерлік-техникалық  жұмысшылар,  қызметкерлер,  кіші  қызмет  көрсететін 
тұлғаларға) төленетін жалақылары мен одан аударымдар сомасы көрсетіледі. 
«Әкімшілік-басқарма  қызметкерлерінің  қызмет  бабы  бойынша  іс-сапар,  жүріп-тұру 
және  орын  ауыстыру  шығындары»  бабында  іс-сапарға  жіберілген  басқарма 
қызметкерлерінің  жол–пұл,  пәтерақы,  тәуліктік  шығыстарын,  сондай–ақ  басқа  жұмыс 
орнына  ауыстырылуымен  байланысты  көтерме  ақылары  мен  басқадай  төлемдері 
көрсетіледі.  Жеңіл  автокөлікті  тұтыну  және  қызмет  бабымен  жүріп–тұру,  жол  талондарын 
сатып алу шығыстары да осы баптың құрамында қарастыралады. 
«Басқару  қызметін  автоматтандыру  шығыстары»  бабы  бойынша  басқарма 
қызметін  жеңілдететін  арнайы  құрал–жабдықтарды  пайдалану  шығыстарын  қамтиды. 
Бұл  жерде  компьютерлік  техникаларды,  көшірме  аппараттарын  және  басқа  да  құрал–
жабдықтарды пайдаланумен байланысты шығыстарды есепке алған жөн.  
«Байланыс  қызметінің  шығыстары»  бабы  бойынша  коммутатор,  диспетчерлік 
байланысты тұтыну шығыстары, сондай–ақ пошта–телефон, телеграф және радио желісі 
шығындары есепке алынады. 
«Кеңсе  шығыстары»  бабында  кеңсе  заттарына,  типографиялық  және  түптеу 
қызметтеріне  жұмсалған  шығындар,  газеттер  мен  журналдарға  жазылу,  анықтамалықтар 
мен есеп бланкілерін сатып алу шығындары қарастырылады. 
«Әкімшілік–шаруашылық  ғимараттары  мен  негізгі  құралдарды  күтіп-ұстау 
шығындары»  бабының  құрамында  басқару  аппаратының  ғимараттарын  күтіп  ұстау 
шығындары  (жылыту,  жарық  беру,  канализация,  сумен  жабдықтау,  таза  ұстау,  ғимаратты 
жөндеу  шығындары,  негізгі  құралдарға  есептелген  амортизация  сомалары  мен  оларды 
ағымдағы жөндеу шығындары) есептеледі. 
«Басқарма  қызметкерлерінің  еңбегін  қорғау  және  техникалық  қауіпсіздік 
шығындары»  бабында  машиналар  және  жабдықтармен  жұмыс  істейтін  әкімшілік 
қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қондырғылар дайындау және орнату, 
жуынатын  орындарын  дайындау  және  күту  т.с.с.  еңбек  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етуге 
бағытталған шараларды жүзеге асыру шығындарының есебі жүргізіледі. 
«Басқа  да  шығыстар»  бабында  банк  қызметінің  шығындарын,  өкілдік 
шығындарды,  салықтар  мен  алымдарды,  кеңес  беру  қызметін  төлеу  шығындары,  сот 
шығыстары,  айыппұлдар  мен  өсімдер  және  тағы  басқа  жоғарыдағы  баптарда 
есептелмейтін шығындар есепке алынады.  
Жалпы  әкімшілік  шығындарының  аналитикалық  есебін  7210  «Әкімшілік  шығындар» 
шотында  саланың  технологиялық  ерекшеліктеріне  байланысты  ұйымдастырылып,  алғашқы 
құжаттардың негізінде белгіленген шығындар-дың баптары бойынша жүргізген орынды. 
Ұйымдағы  кезең  шығындарын  есепке  алу  тәжірибесін  зерттеу  кезең  шығындары 
есебіне  ұйым  табысының  азаюына  ықпал  ететіндей  кемшіліктер  тән  екенін  көрсетті.  Оған 
әкімшілік  шығындарын  бақылау  деңгейінің  төмендігін,  кезең  шығындарының  негізделген 
есебінің  жоқтығын  жатқызуға  болады.  Сондықтан,  біздің  ойымызша,  кезең  шығындарын 
жоғарыда көрсеткен шығын баптары бойынша нормалаған дұрыс.  
Біздің ойымызша, кезең шығындарын бақылау және есепке алу үшін нормативтік әдіс 
элементтерін  қолдану  оң  нәтиже  береді.  Ол  нақты  шығындардың  белгіленген  номадан 
ауытқуын анықтау үшін қажет. Нормативтік әдісті қолдану кезінде  кезең шығындары  норма 
бойынша және белгіленген нормадан ауытқуы бойынша бөлек көрсетіледі. 
Жалпы  және  әкімшілік  шығыстардың  жұмсалуы  бойынша  төмендегідей  бухгалтерлік 
жазулар беріледі. 
 
9 кесте – Жалпы және әкімшілік шығындары есепке алу бойынша жүргізілетін бухгалтерлік 
есеп операциялар 
 
Шаруашылық операциясының мазмұн 
Дебет 
Кредит 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау