110
деятельности по отношению к ним, а компетентность – владение, обладание человеком
соответствующей компетенцией, включающей его личностное отношение к ней и предмету
деятельности.
Annotation
This article This article Input a word form students of primary school education in the process of
competence. Competence - includes a set of interrelated personality qualities (knowledge, skills, ways of
life), defined with respect to a certain range of objects and processes necessary for the quality of
productive activities in relation to them, and the competence - possession, possession of a person suitably
qualified, including its personal attitude to it, and the subject of activity.
ӘОЖ 524.85
ҦЛЫ ДАЛА ЕЛІНІҢ ҦРПАҒЫ - МӘҢГІЛІК ЕЛ БОЛАШАҒЫ
Ибраимова Л.Н.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Бүгінде жаһандық ӛркениет пен сәт сайын жаңғырған ғылыми индустрияда қарымды
бетбұрыстармен таныла бастаған Қазақ Елі әлемдік ӛреден асқақ абырой, жоғары
мәртебеде орын иелене бастады. Бұл бабаның асыл арманы, атаның мұң-зарына ұласып,
ақыр соңында ХХ ғасыр буынының бағына бұйырған ұлы Тәуелсіздікдің жемісі.
Егеменді дамудың алғашқы ширегінде күллі қазақстандықтарды, ел болашағының
іргетасы ретінде қаланған басты құндылықтарды санамалап кӛрсеткен Елбасымыз
Н.Назарбаев «Тәуелсіздік дегеніміз – елдің егемендігі, халықтың бостандығы, сана
еркіндігі. Елдің аңсарлы азаттығы, елшілдік-ұлттық санасы, тарихымен қоса, рухани
құндылықтары, рухы. Бұл - бірнеше ғасырлар бойы халықтың армандаған қасиетті ұғымы.
Арман болып жеткен тәуелсіздігімізді, ендігі жерде сақтап қалу біздің халқымыздың ең
қасиетті борышы. Бұл оқыған, білімді, жан-жақты дамыған, ұлттық құндылықтарды
бойына қалыптастырған ұлт ұрпағының қолында» деп, соған байланысты басты мәселені
де баса атап ӛтті.
Елбасы ӛзінің «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты
Қазақстан халқына Жолдауында: «Бүгінде отанымыздың жетістіктері – әрбір азаматтың
ұлттық мақтанышы. Күшті, қуатты мемлекеттер ғана ұзақмерзімдік жоспарлаумен,
тұрақты экономикалық ӛсумен айналысады. «Қазақстан - 2050» стратегиясы – барлық
саланы қамтитын және үздіксіз ӛсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Ол – елдігіміз бен
бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан.
Стратегияны мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей ӛту – ортақ парыз, абыройлы
міндет! »деп, ӛзіміздің тарихымызды, ділімізді, ұлттық қасиеттерімізді алғы шепке
шығарды.
Осы орайда Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында
Мемлекет
басшысының "Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Қазақстан
халқына арнаған кезекті Жолдауындағы ұлттық идея "Мәңгілік Ел" стратегиясын
насихаттау және де Елбасының Жолдауына үн қосу мақсатында "Мәңгілік Ел" пәнінің
оқу-әдістемесі дайындалды. Аталған пән 2016-2017 оқу жылында оқу процесіне енгізілді.
Тәуелсіз Қазақстанның кемел болашағы білім мен тәрбиені тең ұстаған, ұлтын шексіз
сүйетін, ұлттық құндылықтарды құрметтейтін жалынды жастарында десек, сол жас
буынды адамзат қоғамының игілігіне бағытталған рухани құндылықтардың қалыбында
тәрбиелеудің жаңашыл бағыт бағдарлары мен негізін жүйелеу міндеті заманауи
үрдістермен тығыз сабақтастықта болуы заңды. Біз жастардың санасына білімділіктің
мәдениетке бастайтын сара жол екенін, ғылым мен білімнің нәтижелері, нанатехнология -
бәрі адамзаттың игілігі мен байырқалы ӛмір сүруі үшін жасалатын құндылықтар
екендігін
жете ұғындыруымыз қажет. Бәріміздің обьектіміз біреу-ақ, ол елін сүйетін, оның
болашағының жарқын болуы үшін еңбек ететін ұлтжанды ұрпақ, яғни ұлттық тұлға