Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



жүктеу 0,95 Mb.
Pdf просмотр
бет8/33
Дата18.12.2017
өлшемі0,95 Mb.
#4591
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33

19

өңдейдi. Мұнайды  өңдеу  алғашқы (бiрiншi) жəне  екiншi процестерне  бөледi. Алғашқы

процестерiне  мұнайды, қайнау  шектерiмен  бiр  бiрiнен  айырмашылығы  болатын,

фракцияларға  бөлудi, ал  екiншiге- термиялық  пен  термокаталитикалық  өңдеу  процестерiн,

тағы да мұнай өнiмдерiн тазалауды жатқызады.

        Мұнайды  алғашқы өңдеудегi негiзгi алғашқы немесе тура  айдау  болып  саналады,

оны дитилляция мен ректификация қолданып жүргiзедi.

Дистилляция.  Дистилляция  немесе  айдау  деп - сұйықтықтардың  өзара  еритін

қоспасын  фракцияға, бiр  бiрiнен  жəне  бастапқы  қоспадан  да  қайнау  температурасымен

айырмашылығы  болатын, бөлу  процесiн  айтады. Айдау  процесiне  қоспа  қайнағанға  дейiн

қыздырылады, осының  нəтижесiнде  ол  аздап  буланады. Пайда  болған  бу  бөлiнiп

конденсацияланады. Айдау  арқылы  құрамы  жағынан  бастапқы  қоспадан  айырмашылығы

бар, дистиллят  жəне  қалдық  алады. Айдауды  бiр  қабат, көп  рет  немесе  бiртiндеп

буландырумен жѕргiзедi.

         Үздiксiз жұмыс iстейтiн қондырғыларды өндiрiстiк процестердiн негiзiн мұнайды

бiр  қабат  жəне  көп  рет  буландыру  құрайды. Бiр  қабат  буландыру  мен  айдауды  мұнайды

белгiлi температураға  дейiн  қыздырады  да, бу  фазасына  өткен  барлық  фракцияны  сұйық

фазада бiр рет сеператорда бөледi.

  

Фазаны  бөлу  процесiн  көп  рет  жүргiзуде  бiр  қабат  буландыруды  бiрнеше  рет



қайталайды. Мысалы, мұнайды  көп  рет  буландыруды, ал  алғашқысын  одан  жеңiл  бензин

фракциясын алатындай температураға дейiн қыздырады да, оны сұйық фазадан бөлiп алады.

Екiншi сатысында, қалған  сұйық  фазаны  жоғарылау  температурада, мысалы, 350

0

С



қыздырып, одан  ауыр  бензин, реактив  жəне  дизель  отындарын  бөледi. Мұның  қалдығын

гудрон дейдi. Яғни мұнайды бiртiндеп көп рет қыздырып, буландырып, əр кезде бу фазасын

сұйықтан  айырады.Түзiлген  бу  жəне  сұйық  фазаларды  колонналарда  ректификациялайды.

Сонымен  мұнайды  өндiрiстiк  процестерi бiр  рет  пен  көп  рет  буландыруымен  айдаудың

жалғасуына жəне бу мен сұйық фазаны одан əрi ректификациялауға негiзделген.

      


Бiртiндеп  буландыруда  қыздырудың  нəтижесiнде  түзiлген  бу  айдау  аппараттынан

үздiксiз  шығарылып  отырады. Бiртiндеп  буландыруды  мұнайды  лабораторияда  колбадан,

кубтан  айдау  тəжiрибесiнде  қолданылады, ал  өндiрiсте  мұнайды  ертеректе  куб

қондырғыларында қолданып келсе, қазiр оларды пайдаланбайды.

       

Бiр  рет  буландыру  процесiнiң  бiртiндеп  буландырудан  артықшылықтары  бар. Бiр



рет  буландыруда  төменгi қайнаушы  фракциялар  буға  айналып, аппарат iшiнде  қалады  да,

жоғары  қайнаушы  фракциялардың  сыбағалы  қысымын  төмендетедi. Бұл  айдауды

салыстырмалы төмен температурада жүргiзуге мүмкiндiк бередi.

Бiртiндеп  буландыруда  керiсiнше  жеңiл  фракцияларды  алдымен  бөлiп  алады, ал

ауырларын  соңынан  бөледi. Сондықтан  буға  айналған  жəне  аппараттан  бөлiнген  жеңiл

фракциялар  ауыр  фракциялардың  қайнау  температурасына  əсер  етпейдi. Жеңiл

фракциялардың  əсерi арқасында  бiр  рет  буландыруды  пайдалана  отырып, бiртiндеп

буландыруға  қарағанда, айдалатын  шикi заттың  температурасын 50-100

0

С  төмендетуге



болады. Қазiр мұнайды айдау қондырғыларында бiр рет буландыруды көп пайдаланады.

Мұнай құрамында атмосфералық қысымда 400-500

0

С жəне одан да жоғары температура



аралығында  қайнайтұғын  көмiрсутектердiң  болтындығы, бұл  көмiрсутектердiң  термиялық

тұрақтылығы  тек 380-400

0

С  дейiн -ақ  сақталатыны  белгiлi. Одан  жоғары  температурада



олардың  ыдырау  процесi көмiрсутектердiң  крекингi басталады, тағы  да  мұнайдың  жоғары

қайнаушы  көмiрсутектерiнiң  термиялық  жағынан  көп  төмендiгi белгiлi. Көмiрсутектердiң

ыдырауын  болдырмау  үшiн  олардың  қайнау  температурасын  төмендету  қажет.  Оған

мұнайды вакуумда айдау арқылы жетедi. 450-500

0

С температура аралығында атмосфералық



қысымда  қайнайтұғын  мұнай  фракцияларын  вакуумда (қалдық  қысым 3-5кПа ) 200-250

0

С



айдап бөлуге болады. Мұнай өңдеу тəжiрибесiнде қайнау температураны төмендету үшiн су

буын да пайдаланады, мұнда оның əсерiмен көмiрсутектердiң сыбағалы қысымы төмендейдi.



Алғашқы  айдау  қондырғыларын  кластарға  бөлу.

Құбырлы  қондырғылардың

ректификациялау  колонналарындағы  қысымға  байланысты, олар  атмосфералы (АҚ),



20

вакуумды (ВҚ) жəне  атмосфералы-вакуумды (АВҚ) болып  бөлінеді. Булану  дəрежесінің

санына қарап, құбырлы қондырғыларды бір, екі, үш жəне төрт рет буланушы дер бөледі. Бір

рет  буландырумен  айдау  қондырғыларында  мұнайдан  бір  ректификациялаушы  коллонада

атмосфералық қысымда барлық дистилляттарды – бензиннен бастап тұтқыр цилиндр майына

дейін алады.

Екі  рет  буландыру  қондырғыларында  гудронға  дейін  айдауды  екі  сатыда  жүргізеді:

əуелі  мұнайды  атмосфералы  қысымда  мазутқа, одан  кейін  оны  вакуумда  гудронға  дейін

айдайды. Бұл  процестерді  екі  ректификациялаушы  коллоналарда  іске  асырады; оның

біріншісінде атмосфералық қысым, екіншісінде – вакуум ұсталынады. Мұнайларды мазутқа

дейін буландыруда атмосфералық қысымда екі ректификациялаушы коллоналарда жүргізуге

болады: біріншісінде ол бензинді ғана алады жəне бензинсізденген мұнай айдаудың қалдығы

болады; екінші  коллонада  бензинсізденген  мұнай  жоғарылау  температурада  мазутқа  дейін

айдалады. Мұндай екі коллоналы қондырғылар атмосфералық құбырлы (АҚ) тобына жатады.

Үш  рет  буландыру  қондырғыларында  мұнайды  айдауды  үш  коллоналарда  жүргізеді: екі

атмосфералық жəне бір вакуум коллонасында. Мұнайды үш рет буландыру қондырғысының

басқа  түрі  болып  бір  атмосфералық  жəне  екі  вакуумды  коллоналардан  тұратын  АВҚ

саналады. Екінші  вакуум  коллонасы  гудронды  буландыра  түсуге  арналған, онда  негізгі

вакуум коллонасына қарағанда, тереңдеу вакуум ұсынылады.

Төрт  рет  буландыру  қондырғысы, АВҚ – ның  бастапқы  бөлігінде  бензинсіздендіруші

атмосфералық  коллонасынан  жəне  соңғы  бөлігінде  гудрон  үшін  буландыра  түсетін  вакуум

коллонасынан тұрады.

      

Қазіргі  кезде  мұнайды  алғашқы  айдауды  атмосфералық  қысымда  істейтұғын  құбырлы



қондырғыларда (АҚ) жүргізіп, одан  мөлдір  өнімдер – бензин, керосин, дизел (газоил)

фракцияларын алады. Мұнай айдаудың қалдығын (өнімнің бастапқы қайнау температурасы

300-360

0

  С) мазут  дейді. Егер  мазутта  қазан  отынын  көп  алу  қажет  болған  жағдайда, онда



айдаушы  атмосфералық  қысымда  жүргізумен  шектейді. Мұнай  шикі  заты  жеткіліксіз

жағдайда, мұнай өңдеу бағыты тиімсіз болып саналады.

Мөлдір мұнай өнімдерінің мөлшерін, оның мұнайдың бастапқы құрамындағыдан көп өндіру

үшін, мазутты  əртүрлі  термиялық  жəне  каталитикалық  процестерді  қолданып, те,рең

химиялық өңдеуге салады. Мазутты терең өңдеудің көп қолданып жүрген жүйесі бойынша,

оны  дистиллятты  фракцияларға  жəне  бастапқы  қайнау  температурасы 490-520

0

  С  жоғары



тұтқырлы қалдыққа – гудронға алдын ала бөлу көзделеді. Мұндай бөлуді вакуумды құбырлы

қондырғыларда (ВҚ), 5-8 кПа қалдық қысымда жүргізеді. Алынған дистиллятты фракциялар

жəне гудрон дара ағым күйінде одан арғы өңдеу жіберіледі.

Гудронға дейінгі айдауды, егер мазутта атмосфералық жəне мазутты вауумдық айдауды  бір

құрастырма қондырғыда атмосфера-вакуумды құбырлы (АВҚ) қондырғыларда жүргізеді.

Көпшілік  зауыттарда  мұнайды  атмосфералық  жəне  мазутты  вакуумдық  айдауды  бір

құрастырма қондырғыда атмосфера-вакуумды (АВҚ) қондырғыларда жүргізеді.

Алғашқы  айдау  өнімдері. Мұнайды  атмосфералық  қысымда  алғашқы  айдау

нəтижесінде мынадай өнімдер алынады:

Негізінен 

пропан 


мен 

бутаннан 

тұратын 

сұйытылған 

көмірсутекті 

газ


(тұрақтандырушы басты  фракция). өнім  мөлшері мұнайдың кен орнындағы қондырғыларда

қаншалықты терең тұрақталғанына байланысты болады. Бұл өнімді күкіртті қосылыстардан

тазартылған  соң, шаруашылықта  отын, газдарды  бөлу  қондырғыларына, шикі  зат  есебінде

пайдалануға болады.



Бензин  фракциясы. 30-180

0

С  аралығында  айдалады. Каталитикалық  риформинг



қондырғыларында  шикі  зат  есебінде  қолданады, кейбір  кездерде  автобензин  компоненті

есебінде де пайдаланылады.



Керосин  фракциясы. 120-315

0

С  аралығында  айдалады. Ауареактивті  қозғалтқыштарда,



жарық алуда, тракторлардың карбюратор қозғалтқыштарында отын есебінде пайдаланылады.

Гидротазалау, сілтімен  əрекеттеу  немесе  меркаптансыздандыру  қондырғыларында  күкіртті




жүктеу 0,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33




©g.engime.org 2025
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау