Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



жүктеу 0,95 Mb.
Pdf просмотр
бет16/33
Дата18.12.2017
өлшемі0,95 Mb.
#4591
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33

35

процесі алюминиймолибден катализаторында-гидроформинг атымен өзінің мəнін жоғалтты,

себебі бұл катализатордың активтілігі төмен.

Платформинг  катализаторы  қос  функциялы  катализатор  қышқылдық  жəне  гидрлеу-

дегидрлеу активтілігін көрсетеді.

Алғашқы айдау бензиндерінің  көбісінің октан  саны төмен  болатыны белгілі. Мысалы,

Усть-балық мұнайының бензині 150

0

С дейінгі фракцияларының октан саны≈45, ал Ромашка



жəне  Маңғыстау  мұнайларының  октан  саны≈50. Бұл  фракцияларды  каталитикалық

риформингтеу  нəтижесінде 80-85% катализат-бензин  алады, оның  октан  саны 80-90

қозғалтқыш  əдісімен (90-100 зерттеу  əдісімен). Алғашқы  айдау  бензинінен  бөлек,

каталитикалық  риформинг  шикізаты  есебінде  екінші  өңдеуден  шыққан  өнімдерді-кокстеу,

термокрекинг  жəне  гидрокрекинг  бензиндерін  де  пайдаланады. Жоғары  октанды  бензин

үлесі  жалпы  автокөлік  бензинін  өндіру  көлеміне  шаққанда  негізінен  осы  каталитикалық

риформинг процесі есебінен 80-85% жетті [4].

Техналогиялық  схемасында  қондырғының  катализатор  қабаты  қозғалмайтын  жоғары

октанды бензин алу үшін арналған технологиялық жүйесі берілген.

Негізінен платформинг қондырғысы үш блоктан тұрады:

1) бензинді алдын-ала гидротазалау;

2) гидротазаланған бензинді (гидрогенизатты) платформингтеу;

3) платформинг бензинін тұрақтандыру;

Егер қондырғыда жеке арендерді алса, онда оның құрамына тағы да арендерді бөліп алу

блогы енеді.

Бастапқы  шикі  зат  Н-1 сораппен  гидротазалаудың  қайта  айналушы  газымен  жəне

риформингтің  артық  сутегімен  араластыруға  беріледі. Осылай  дайындалған  газ-шикізат

қоспасы  Т-1 жылуалмастырғышта  жəне  П-1 пеште  қыздырылған  соң  Р-1 гидротазалау

реакторына  түседі. Одан  кейін газ  бен  гидротазаланған  бензин  қоспасы өзінің жылуын Т-3

қайнатқышқа, Т-1 жылуалмастырғышқа, Х-1 тоңазытқышқа  береді  де  С-1 гидротазалаудың

жоғары қысымды сеператорына жіберіледі, онда газ гидрогенизаттан бөлінеді. Сеператордан

газ К-3 колоннаға түседі, онда күкіртті сутек 15% моноэтаноламин ерітіндісімен жуылады.

Тазаланған  газ  бірдей  емес  екі  бөлікке  бөлінеді: көбірегі-гидротазалаудың  қайта

айналушы  газы  ПК-1 қайта  айналушы  компрессорға  қабылданып  қайтадан  шикі  затпен

араласады, аз  бөлігі-артық  сутегі-қондырғыдан  шығарылады. Сұйық  фазада  сеператорда

гидротазаланған  бензин, онда  еріген  күкіртті  сутегі, көмір  суткеті  газ  жəне  су  болады.

Сондықтан  гидрогенизат  Т-2 жылуалмастырғыш  арқылы  К-1 буландырғыш  колоннаға

түседі, онда Р-1 реактордан Т-3 қайнатқышқа берілетін ағын жылуының əсерінен бензиннен

газ, су  жəне  күкіртті  сутегі  буландырылады. Тұрақты  гидрогенизат  К-1 колоннаның

төменінен  шығып  Т-2 жылуалмастырғыштан  өтеді  жəне  Н-2 сораппен  платформинг

блогының қайта айналушы сутегімен араластыруға бағыттталады. Бензин мен газ қоспасы Т-

4 жылуалмастырғышта  жəне П-2 пештің бірінші секциясында қыздырылады, ал  одан  кейін

біртіндеп  Р-2 реактордан , П-2 пештің  екінші  секциясында , Р-3 реактордан, П-2 пештің

үшінші секциясынан жəне Р-4 реактордан өтеді.

Риформинг  өнімі  Р-4 реактордан  Т-4 жылуалмастырғыш  пен  Х-2 тоңазытқышта

суытылады  да, С-3 платформингтің  жоғары  қысымды  сеператорына  түседі, онда  газ  бен

бензин  бөлінеді.  Газ    ПК-2  компрессордың  қабылдау  бөлігіне  түседі,  оның  негізгі  бөлігі

гидрогенизатпен араластыруға қайта беріледі, ал платформингтің артық сутегі гидротазалау

блогына  жіберіледі. С-3 сеператордан сұйық өнім  С-4 төмен  қысымды  сеператорға  түседі,

онда платформаттан еріген көмірсутегі газ бөлінеді. Платформат К-4 жəне К-5 колонноларда

түбегейлі  тұрақтанады.  Гидротазалау  мен  риформингтің  көмірсутекті  газы  С-2  жəне  С-4

сеператорлардан кейін араласып, К-4   фракциялаушы абсорберге беріледі.

Тұрақсыз бензин С-4 сеператордан екі ағынмен К-4 абсорберге түседі: суық бензиннің

бір  бөлігі  абсорбердің  жоғарғысына  беріледі, басқа  бөлігі  Т-6 жылуалмастырғышта

қыздырылып  абсорбердің  төменгі  бөлігіне  беріледі. К-4 абсорбердің  жоғарғысынан  құрғақ

көмірсутекті  газ, төменінен  тұрақты  бензин  жылуының  əсерімен  Т-5 жылуалмастырғышта




36

алдын-ала  қыздырылғаннан  кейін  К-5 тұрақтандырылу  колоннасына  бензин  шығады. К-5

колоннаның жоғарғысынан қондырғыдан тұрақтандыру басы, колоннаның төменінен Т-5 пен

Т-6  жылуалмастырғыштар  мен  Х-3  тоңазытқыш  арқылы  тұрақты  бензин  шығарылады.  К-4

жəне  К-5 колонналардың  астына  жылу  беруді  П-3 екі  камералы  пеш  арқылы  ыстық  ағын

əдісімен  іске  асырады. Бензиннен  этанды  толық  бөлгенде (деэтанизация  режимі) К-5

колоннаның  жоғарғысында 70

0

С  ұстайды, пропанды  толық  бөлгенде (депропанизация



режимі) -45

0

С. Екі жағдайда да колоннаның төменінде температура 220



0

С, қысым 11,5 МПа

болады.

  I — шикізат; II — газ; II — тұрақты басқы фракция; IV— риформинг катализаты; V -



сутекті газ; VI – күкіртті сутек.

1.9 сурет - Қозғалмайтын  катализатор  қабатында  каталитикалық  риформинг

қондырғының техналогиялық схемасы

Қазіргі  кезде  жүйеге  қайта  айналушы  сутекті  газды  кептіруге  цеолитті  жұтқышпен

немесе  активті  алюминий  оксидімен  толтырылған  кептіргіштер, сонымен  қабат

сыйымдықтар, өлшегіштер  жəне  шикізатқа  есептегенде 5

´

10



-5

% (масс.) дихлорэтан  беру

үшін өлшеуіш сорап қояды.

Процестің негізгі аппараттары:

Платформинг  қондырғысындағы  құрылысы  жағынан  өте  күрделі  қондырғылар

реакторлы  блоктағы  аппараттар: реактор, пештер, жылуалмастырғыштар, жылтқыштар,

тоңазытқыштар. Реакторлы блоктағы барлық аппараттар сутектің жоғарғы қысымында жəне

жоғары температурада жұмыс істейді.



жүктеу 0,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33




©g.engime.org 2025
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау