21
қосылыстардан бөлу жəне пайдалану сапасын жақсарту мақсатында қосымша əрекеттеуден
өтеді.
Дизел фракциясы. 180-350
0
С аралығында айдалады. Бұрын дизел фракциясын атмосфералық
газойл, соляр майы деп атап келді. Бұл фракцияны автомобилдерде, тракторларда,
тепловоздарда, теңіз жəне өзен кемелерінде орналасқан дизел қозғалтқыштардың отыны
есебінде пайдаланылады. Қажет болған жағдайда, оны гидрогенизациялық əдіспен күкірттен
тазалайды.
Мазут. Бұл мұнайды атмосфералық айдаудың қалдығы. Қазан отыны есебінде пайдаланады,
кейбір кездерде термиялық крекинг қондырғысының шикі заты бола алады.
Мазутта вакуумда айдаудан алынатын өнімдер ассортименті, мұнайды өңдеу вариантына
байланысты. Мазутты өңдеудің екі жүйесі бар: май жəне отын алу.
Май алу жүйесінде мазутты өңдеуден 2-3 дистиллятты фракциялар алады, оның əрқайсысын
одан əрі тазалаудан өткізеді; тазаланған өнімдерді əртүрлі қатынастарда араластырып,
базалық майлардың қажетті сорттардан дайындайды.
Отын алу жүйесі бойынша, əдетте бір фракцияны, 350-500
0
С аралығында қайнайтұғын
бөледі, оны каталитикалық крекинг немесе гидрокрекинг процестерінде шикі зат есебінде
пайдаланады. Бұл фракцияны кейбір кезде вакуум газойлі деп те атайды.
Гудрон-мазутты вакуумда айдаудан қалған қалдық; термиялық крекинг, висбрекинг, кокстеу,
битум жəне майлар өндіру қондырғыларында пайдаланады.
Негізгі əдебиеттер 1 [22-26, 329-353]
Қосымша əдебиеттер 3 [75-104], 4 [75-134]
Бақылау сұрақтары:
1. АҚ мен АВҚ –ның мақсаты?
2. Жоғары октанды бензин алуда қандай өнім қай колоннадан алынады?
3. Вакуум жасау себебі?
4. Төмен қайнаушы фракциялар деп қай өнімдеді жатқызады?
5. Гудронды қайда қолдануға болады?
5 Дəріс тақырыбы. Бензинді екіншілік айдау
Кейбір жағдайларда алғашқы айдаудан алынған фракцияларды майда фракцияларға
бөліп, оларды кейін қажетіне қарап пайдаланады. Мұнай бөлуді АВҚ жəне АҚ қондырғылар
құрамына кіретін блоктарда немесе өз алдына тұратын айдау блоктары қондырғылары
барлық МӨЗ құрамында бар.
Шикі зат пен өнім. Қондырғының шикі заты бензиннің тұрақтандырудан өткен алшақ
шетке қайнайтұғын фракциясы болып саналады. Қондырғының өнімдері мынадай бензиннің
фракциялары:
1)
б.қ-62
0
С – автомобиль бензинінің компоненті, оның жіберу қасиетін көрсетеді,
негізінен пентандармен изогександардан тұрады, құрамында тағы бутан мен гексан
болады;
2)
62-85
0
С – каталитикалық риформинг қондырғысында бензол алуға шикі зат болып
саналады;
3)
85-105
0
С - каталитикалық риформинг қондырғысында толуол алуға шикі зат болып
саналады;
4)
105-140
0
С - каталитикалық риформинг қондырғысында ксилолдар алуға шикі зат
болып саналады;
5)
140-180
0
С ұшақ отыны компоненті немесе бензиннің октан санын көтеруге
каталитикалық риформинг қондырғысының шикі заты, есебінде пайдаланылады.
Кейбір қондырғыларда бензиннің мынадай тар фракциялары алынады: 62-
85, 85-120, 120-140
0
С.
Технологиялық жүйе. Бензинді қайта айдау қондырғысының жүйесі 6,25 сур. Берілген. Б.қ.-
180
0
С бензин фракциясы 2 жылу алмастырғыш арқылы 3 коллоноға түседі, оның жоғарғы
22
жағынан б.қ.-85
0
С фракциясы бөлінеді. Бұл фракция одан кейін 10 коллонаға түседі, онда ол
б.қ.-62 жəне 62-85
0
С екі фракцияға бөлінеді.
85-180
0
С фракциясы 3 коллоннаның астынан 15 коллоннаға беріледі. 15 коллоннаның
жоғарғы жағынан 85-105
0
С (немесе 85-120
0
С) фракциясын, ал төменгі жағынан 140-180
0
С
фракциясын алады. Осы коллоннадан бүйірлі айдалушы есебінде 105-140
0
С (немесе 120-
140
0
С) алады. Бүйірлі айдалушы 19 буландыру коллонасына түседі, онда одан 15 қайта
оралушы жеңіл фракциялар айдалынады.
3, 10, 15 коллонналарда ретификация процесін жүргізу үшін қажетті жылу, 9 жəне 23
пештердің қыздырушы иілген құбырларынан, коллонналардың төменгі жағынан шығатын
өнімдердің қайта айналу жылуы арқылыф беріледі. Қызған рециркулят бу сұйық қоспа
немесе бензин булары күйінде, тиесілі коллоннаның төменгі табақшасының астына қайта
беріледі.
105-140
0
С фракциясынан жеңіл компоненттерді айдауға қажетті жылуды 21 қайнатқыш
арқылы береді. 21 жылу беруші есебінде 23 пештен қайта келуші 15 коллоннаның
рециркулятының бір бөлігі пайдаланады.
3, 10, 15 ректификациялау коллонналарының жоғарғы жағының өнімдері 4, 11 жəне 16
қапталма құбырлы су конденсаторларында конденсацияланады. Конденсаттар 5, 12, 17
рефлюкс сыйымдылықтарында жиналады, олардың біраз бөлігі коллоннаға қайтадан өткір
ағын есебінде беріледі. Балансты оның мөлшері əрі қарай өңдеуге (3 жоғары өнімі)
жіберіледі немесе қондырғыдан (10, 15 жоғарғы өнімдер) шығарылады.
1,6, 8, 13, 14, 18, 20, 22-сораптар;2-жылу алмастырғыштар; 10, 15, 19-коллоналар; 4,
11, 16-конденсатор-тоңазтқыштар; 5, 12, 17-сыйымдылықтар; 7- бу қыздырғыш; 9, 23-
құбырлы пештер; 21-қайнатқыш; I-б.қ.-180
0
С фракциясы; II – 105-140
0
С фракция; IV-б.қ.-
62
0
С фракция; V-140-180
0
C фракция; VI-62-85
0
C фракция.
1.
4 сурет - Бензинді қайта айдау қондырғысының технологиялық жүйесі
Технологиялық режим. Технологиялық режим алынушы фракциялардың аралығына
байланысты. Төменде 15 коллоннаның жоғарғы жағынан 85-120
0
С қайнайтұғын фракцияны
алудағы режим көрсеткіші келтірілген;
Температура,
0
С
қысым коллонналарда, МПа
3 жоғарғы 104 3
0,23-0,28
3 төменгі 170
10 жоғарғы 78
10
0,18-0,22