«Астана медицина университеті» АҚ
Менеджменттің интеграцияланған жүйесі
АМУ-17
57 беттің
44 беті
Анықтамалық-жол көрсеткіш
«Астана медицина университеті» АҚ 2017-2018 оқу жылы
3.8.2.2 Стипендия:
1) студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін
ынталандыруға;
2) талантты және дарынды студенттер мен магистранттарды қолдауға;
3) зияткерлік әлеуетті қалыптастыруға ықпал етуге бағытталған.
3.8.3.3 ЖОО-лар арасында стипендияларды бөлу күндізгі оқу формасы бойынша оқып
жатқан білім алушылар контингентіне байланысты жүргізіледі.
3.8.2.4 Күндізгі оқу формасы бойынша білім алушылардың саны 700-ден кем студенті
бар жоғары оқу орындарына стипендия бөлу жүзеге асырылмайды.
3.8.2.5 Стипендия тек «өте жақсы» (А, А-) бағамен мемлекеттік білім беру тапсырысы
бойынша және ақылы түрде оқитын күндізгі оқу формасының 3-курс студенттеріне және
екінші оқу жылындағы магистранттарға беріледі.
3.8.2.6 Стипендия білім алушылардың келесі категорияларына тағайындалады:
1) республикалық және халықаралық олимпиада, шығармашылық конкурстар, спорт
сайыстары, фестивальдердің жеңімпаздары немесе өнертабыс және жаңалық авторы;
2) ғылыми еңбектер жинағында, республикалық және халықаралық ғылыми
журналдарда баяндама жариялаған білім алушылар;
3) ғылыми-зерттеу жұмысымен белсенді айналысатын және оның жетістіктері
дипломмен, мақтау қағазымен, сертификаттармен, куәліктермен дәлелденген білім
алушылар;
4) білім беру мекемесінің қоғамдық, мәдени және спорт өміріне белсенді
араласатындар.
3.8.2.7 Стипендия ғылыми кеңес шешімінің негізінде ЖОО ректорының бұйрығымен
тағайындалады.
3.8.2.8 Стипендия бір академиялық кезеңге тағайындалады.
3.8.2.9 Стипендия жоғары оқу орнының ғылыми кеңес шешімімен бір адамға бірнеше
рет берілуі мүмкін.
3.8.2.10 Келесі академиялық кезеңге стипендия тағайындау туралы жоғары оқу
орнының ғылыми кеңес шешімі академиялық кезең басталғанға дейін екі апта бұрын
қабылданады
және
студенттер
мен
магистранттар
тізімімен
қоса
Қазақстан
Республикасының Білім және ғылым министрлігіне жіберіледі.
3.8.2.11 Стипендия тағайындаған кезде үміткерлер осы Ереженің 3.8.3.5, 3.8.3.6
тармақтарында көрсетілген критерийлерге сәйкес таңдалады. Әртүрлі жағдайда келесі
тұлғаларға басым назар аударылады: жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған балалар; бала кезден мүгедектер, мүгедек балалар.
3.8.2.12
Стипендия ағымдағы қаржылық жылдың рспубликалық бюджетте
қарастырылған қаражат мөлшерінің шегінде ай сайын төленеді.
3.8.3 «В.Г.Корпачев атындағы стипендия туралы» университет ережесі
3.8.3.1. Жалпы ережелер
3.8.3.1.1 Осы ереже «АстМУ» АҚ-тың 3-курс студенттеріне Корпачев Валентин
Гаврилович атындағы атаулы стипендияны (бұдан әрі – Атаулы стипендия) тағайындаудың
мақсаты мен тәртібін белгілейді.
3.8.3.1.2 Атаулы стипендия «Астана медицина университеті» АҚ студенттерінің
фундаменталдық медициналық-биологиялық сала бойынша оқу және ғылыми-зерттеу
қызметтерін марапаттау мақсатында белгіленді;
«Астана медицина университеті» АҚ
Менеджменттің интеграцияланған жүйесі
АМУ-17
57 беттің
45 беті
Анықтамалық-жол көрсеткіш
«Астана медицина университеті» АҚ 2017-2018 оқу жылы
3.8.3.1.3 Атаулы стипендия конкурс негізінде тағайындалады және бір оқу жылына
беріледі;
3.8.3.1.4 Атаулы стипендия 1-ші және 2-ші курста үлгерімінің орташа балы 3,4-тен кем
емес 3-курс студенттеріне тағайындалады;
3.8.3.1.5. В.Г.Корпачев атындағы стипендия алуда ғылыми-практикалық конференция
қатысушылары мен жүлдегерлеріне немесе пәндік олимпиада жеңімпаздарына басым назар
аударылады;
3.8.3.1.6 Атаулы стипендия тағайындау кезінде студенттің материалдық және
отбасылық жағдайы ескеріледі. Жетім студенттер, аз қамтылған және көпбалалы отбасыдан
шыққан студенттерге басым назар аударылады.
3.8.3.2 Атаулы стипендияның көлемі, мөлшері және төленетін көзі
3.8.3.2.1 Жыл сайын 3 (үш) Атаулы стипендия белгіленеді.
3.8.3.2.2 Атаулы стипендия мөлшері Университеттің Ғылыми кеңесінде келісіледі және
Университет басқармасының шешімімен қабылданады.
3.8.3.2.3 Атаулы стипендия мөлшерін Ғылыми кеңес пен Университет басқармасы жыл
сайын қарастыруы мүмкін, оны Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрлігінің Стратегиялық жоспарына сәйкес ҚР ДСӘДМ жыл сайын
тағайындайтын ЖОО студенттерінің стипендия мөлшеріне байланысты. Аталмыш
Стратегиялық жоспарда оқып жатқан контингент түріне байланысты республикалық
бюджеттен төленетін стипендия мөлшері белгіленеді.
3.8.3.2.4 Атаулы стипендияны тағайындағанда стипендиаттың жоғары оқу орындардың
ҚР заңнамасына сәйкес басқа да ақшалай төлемдер мен жәрдемақыларды алу құқығынан
айырмайды.
3.8.3.3 Атаулы стипендияны тағайындау және төлеу тәртібі
3.8.3.3.1 Атаулы стипендияға үміткерлерді бекіту үшін медициналық-биологиялық
пәндер кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамынан, деканат қызметкерлерінен,
студенттерден конкурстық комиссия құрылады. Конкурстық комиссия құрамы Университет
ректорының бұйырығымен бекітіледі. Комиссия құрамы төрағаны қосқанда 7 адамнан
тұрады.
3.8.3.3.2 Стипендия бір оқу жылына тағайындалады (5 және 6 оқу семестрлері) және
ағымдағы оқу жылының 1 қыркүйегінен 31 тамызына дейін төленеді.
3.8.3.3.3 Атаулы стипендия келесі жағдайларда тоқталады және одан кейін қайта
берілмейді:
- қысқы емтихан сессиясы нәтижесінде студент стипендиясынан айырылған болса (5-
семестр);
- оқудан шығып қалған стипендиат;
- стипендиаттың академиялық демалысы кезінде;
- стипендиат «АстМУ» АҚ білім алушыларының ішкі тәртіп ережелерін» бұзған
жағдайда.
3.9 Студенттерді академиялық қолдау
3.9.1 Университетте тәрбие процесінің жүйелі жұмысын қамтамасыз ету үшін
Кураторлар кеңесі бар, ол факультет деканаттары арасында тәрбие жұмысын үйлестіреді.
3.9.2 Кураторлар кеңесі – алқалық орган, кеңес оқытушылар мен студенттерді өзара
байланыстырып, іс-шаралар кешенін өткізіп тұрады. Кураторлар кеңесі жұмысының