Анықтамалық-жол көрсеткіш


«Астана медицина университеті» АҚ



жүктеу 0,74 Mb.
Pdf просмотр
бет18/25
Дата14.12.2017
өлшемі0,74 Mb.
#4359
түріАнықтамалық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25

 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

АМУ-17 


 

57 беттің  

38 беті   

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2017-2018 оқу жылы 

 

3.6.6 Мемлекеттік қорытынды аттестаттау 

3.6.6.1 Мемлекеттік қорытынды аттестаттау – білім алушылардың мемлекеттік жалпыға 

міндетті  білім  стандартын  білім  беру  деңгейіне  сай  қаншалықты  меңгергенін  анықтау 

мақсатында жүргізілетін процедура.  

  3.6.6.2 Оқу жоспары мен оқу бағдарламаларының барлық талаптарын орындаған білім 

алушы мемлекеттік қорытынды аттестаттауға жіберіледі.  

3.6.6.3 Оқу процесі аяқталуының негізгі критерийіне білім алушылардың жоғары білім 

беру  мамандықтарының  МЖМБС  талаптарына  сәйкес  теориялық  курстың  және  кәсіби 

практиканың қажетті көлемін меңгеруі жатады.  

3.6.6.4 Жұмыс оқу жоспарының және жеке оқу жоспарының талаптарын орындамаған 

білім алушы жазғы семестрге қалу құқығынсыз қайта оқу курсына қалады. 

  3.6.6.5. ЖОО-ларда білім алатын студенттерді мемлекеттік қорытынды аттестаттаудан 

өткізу  академиялық  күнтізбе  мен  мамандық  бойынша  жасалған  оқу-жұмыс    жоспарында 

көрсетілген мерзімге сәйкес өткізіледі.   

3

.6.6.6  Мамандық  бойынша  мемлекеттік  емтихан  жоо-ның  әзірлеген  пәндердің  оқу 



бағдарламалары  негізінде  өткізіледі,  аталған  кешенді  емтиханға  енгізілген.  Мамандық 

бойынша  мемлекеттік  емтихан  бағдарламасы  ғылыми  кеңесінің  шешімімен  бекітіледі 

(факультет). 

  3.6.6.7  Мемлекеттік  емтихандар  (іргелі  бейімдеуші  пәндер  немесе  мамандықтар 

бойынша)  төмендегі  формаларда  жүргізіледі:  білім  алушылардың  кәсіптік  оқу 

бағдарламалары көлемінде ауызша, жазбаша, тестілеу (кешенді тестілеу).   

  3.6.6.8 Дәлелді себеппен бекітілген кестеге сәйкес қорытынды аттестаттауға келмеген 

білім  алушы  емтиханға  қатыспауының  себебін  дәлелдейтін  құжатты  көрсетіп,  Мемлекеттік 

аттестаттау комиссиясы (МАК) төрағасының атына өтініш  жазады және МАК  төрағасының 

рұқсатымен  осы  комиссияның  келесі  мәжілісі  болатын  күні  емтиханды  тапсырады  немесе 

дипломдық жұмысын қорғайды.   

3.6.6.9  Бағаны  көтеру  мақсатында  мемлекеттік  емтиханды  қайта  тапсыру    немесе 

қорғалынған дипломдық жобаны (жұмысты) қайта қорғау рұқсат етілмейді.  

3.6.6.10  Мемлекеттік  емтиханда  және⁄немесе  дипломдық  жұмысты  қорғауда 

«қанағаттанарлықсыз»  деген  баға  алған  білім  алушыға  осы  болып  жатқан  қорытынды 

аттестаттау  кезінде  мемлекеттік  емтиханды  қайта  тапсыруға  және⁄немесе  дипломдық 

жұмысты қайта қорғауға рұқсат етілмейді.   

3.6.6.11 Қорытынды аттестаттаудан өтпеген студент бір жылдан кейін, бірақ келесі оқу 

жылының  қорытынды  аттестаттау  басталғанға  дейін  екі  апта  бұрын    Университет 

ректорының  атына  қайтадан  қорытынды  аттестаттаудан  өтуге  рұқсат  беру  туралы  өтініш 

жазады. 

3.6.6.12  Қайтадан  қорытынды  аттестаттаудан  өту  үшін  рұқсат  қағазы  Университет 

ректорының бұйрығы арқылы ресімделеді.  

3.6.6.13  Мемлекеттік  қорытынды  емтихан  екі  кезеңмен  өткізіледі.  Бірінші  кезеңге  – 

негізгі  бейіндік  пәндер  бойынша  кешенді  емтихан  кіреді,  екінші  кезеңге  –  практикалық 

машықтарды  бағалау.  МҚЕ  кезеңдері  қосылып  жалпы  қорытынды  баға  шығарылады,  ол 

диплом  қосымшасына  жазылады.  Егер  студент  екі  кезеңнің  бірінен  «қанағаттанарлықсыз» 

баға алса, ол келесі кезеңге жіберілмейді және оқудан шығарылады. 

3.6.6.14  Қайтадан  қорытынды  аттестаттау  қорытынды  аттестаттауда  қарастырылған 

барлық формалар бойынша жүргізіледі. 

3.6.6.15  Осы  емтихандарды  тапсырмаған  студенттерге  арналған  мемлекеттік  емтихан 

тапсырылатын  пәндердің  тізбесі  бітіретін  жылдың  теориялық  курсының  оқу  жоспарымен 

белгіленеді. 



 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

АМУ-17 


 

57 беттің  

39 беті   

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2017-2018 оқу жылы 

 

3.6.6.16 Аттестаттау қорытындысы бойынша қанағаттанарлықсыз баға алған студенттер 



Ректор бұйрығымен ЖОО-дан шығарылады. Оларға оқуын аяқтамаған азаматтарға берілетін 

анықтама беріледі. 

3.6.6.17  Қорытынды  аттестаттаудан  өткен  және  жоғары  білімнің  тиісті  кәсіптік  оқу 

бағдарламасын  меңгергендігін  дәлелдеген  студенттерге  МАК  шешімімен  «бакалавр» 

академиялық  дәрежесі  немесе  тиісті  мамандық  бойынша  біліктілік  беріледі  және 

қосымшамен бірге мемлекеттік үлгідегі диплом табыс етіледі. 

3.6.6.18  Егер  білім  алушы  қорытынды  аттестаттаудан  «қанағаттанарлықсыз»  баға 

алғаннан  кейін  МАК-қа  денсаулық  жағдайы  жөнінде  анықтама  өткізсе,  онда  ол  анықтама 

қаралмайды. 

3.6.6.19 Емтихандар мен дифференциалдық сынақты А, А- «өте жақсы» тапсырса, оқу 

жоспарының  барлық  пәндерінен,  оның  ішінде  мемлекеттік  емтихандардан  алған  бағасы  75 

пайыздан кем емес болса, басқа пәндерден В-, В, В+ «жақсы» болса, мемлекеттік қорытынды 

аттестаттау  кезеңдерінде  А,  А-  «өте  жақсы»  бағаларын  алса  түлекке  үздік  диплом  беріледі 

(әскери дайындық бағасын есепке алмағанда). 

3.6.6.20 Оқу барысында сабақтарға қайта қатысқан және рұқсат ету рейтінгісін көтерген 

студент талаптарға сәйкес келсе де үздік диплом алмайды. 

 

3.6.7 

Сабақтарға қайта қатысуды ұйымдастыру 

3.6.7.1    Тиісті  оқу  жылының  пәндері  бойынша  төмендегі  себептермен  академиялық 

қарызы бар білім алушы тиісті пәндер бойынша сабаққа қайта қатысуға міндетті: 

- қорытынды бақылауға (емтиханға, дифференциалдық сынаққа) рұқсаты жоқ

- аралық аттестаттау кезеңінде «қанағаттанарлықсыз» баға алса; 

- қорытынды дәлелсіз себеппен келмеу;  

3.6.7.2  Курстың  бағдарламасын  толық  көлемде  орындаған,  бірақ  ең  төменгі  көшіру 

балын ала алмаған білім алушыларға өз үлгерімінің орташа балын көтеру (GPA) мақсатында 

жазғы семестрде ақылы түрде жеке пәндерді (мемлекеттік емтихан тапсырылатын пәндерді 

есепке  алмағанда)  қайта  оқуға  және  сол  пәндер  бойынша  емтиханды  қайта  тапсыруға 

мүмкіндік беріледі. 

3.6.7.3  Егер  білім  алушыда  180  сағаттан  (аудиториялық)  артық  академиялық  қарызы 

болса, ол Университеттен шығарылады. 

3.6.7.4 Қысқы семестр кезеңінде білім алушы 72 сағаттан аспайтын сабақтарға қайта 

қатысуға құқығы бар.  

3.6.7.5  Білім  алушыда  академиялық  қарызы  болса,  ол  Мемлекеттік  Қорытынды  

аттестаттауға жіберілмейді және оқудан шығарылады. 

3.6.7.6  Қарызы  бар  соңғы  курс  студентінде  семестр  барысында  пәндерге  қайта 

қатысып оқып шығу құқығы бар және Мемлекеттік қорытынды аттестаттауға бір ай қалғанға 

дейін бітіруге міндетті. 

3.6.7.7  Көшіру  балын  алған  және  келесі  курсқа  көшкен  білім  беру  грант  иесінде 

академиялық қарызы болса, оның гранты сақталады. 

3.6.7.8  Академиялық  қарызды  жойғаннан  кейін  білім  алушы  КТЖ-дағы  емтихан 

мерзіміне  сәйкес  офис-тіркеуші  бөлімі  басшысының  атына  оқытушы  («сабаққа  қайта 

қатысты,  қорытынды  бақылауға  жіберілді»  деп  жазылған)  мен  декан  («Қолдаймын»  деп 

жазылған) рұқсатымен қоса емтихандық жеке тізімдемені беруі туралы өтініш жазады. Офис-

тіркеуші  бөлімі  емтихандық  жеке  тізімдемені  бергеннен  кейін  өтінішті  студенттерді  есепке 

алу және өндірістік практика бөліміне тапсырып, білім алушының жеке ісіне тіркейді. 

3.6.7.9  Білім  алушы  тиісті  пән  бойынша  сабаққа  қайта  қатысудың  ақысын  100% 

төлеген кезде ғана академиялық қарызды жоюға кірісе алады. 




жүктеу 0,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау