«Астана медицина университеті» АҚ
Менеджменттің интеграцияланған жүйесі
АМУ-17
57 беттің
48 беті
Анықтамалық-жол көрсеткіш
«Астана медицина университеті» АҚ 2017-2018 оқу жылы
3.12.1.5 Студент кафедра межелеген мерзімде СӨЖ барлық тақырыптарын тапсыруы
тиіс. СӨЖ кафедра белгілеген мерзімде өткізілуі керек. Ол болмаған жағдайда кафедра
Тәртіп саясатына сәйкес айыппұл шараларын қолдануы мүмкін.
3.12.1.6 Пәнді оқу аяқталысымен СӨЖ бойынша орташа балл есептелінеді. СӨЖ
бағалары журналға қойылады. СӨЖ-ден алынған балдар РРБ бағасына әсер етеді
3.12.1.7 Рәсімін ұйымдастыру, жүргізу және бағалау өзіндік жұмысын реттейтін
Ережеге сай жүргізіледі « АҚ АМУ Білім алушылардың өзіндік жұмысы туралы». "
3.13 Студент портфолиосы
3.13.1 «Студента портфолиосы» – әртүрлі бағыттағы студенттің жеке жетістіктерін
дәлелдейтін құжаттар жиынтығы. Студентте портфолионың болуы студенттің университетте
оқыған кезеңіндегі әртүрлі қызмет бойынша (оқу, ғылыми-зерттеу, спорт және т.б.) жеткен
жетістіктерінің нәтижесін есепке алуға мүмкіндік береді. «Портфолио» жасау функциясы
студентке тапсырылады.
3.13.2 «Портфолио» жасаудың басты мақсаты – университетте оқыған кездегі жеткен
жетістіктерін растайтын құжаттарды жинау және сақтау.
3.13.3 Студент қызметінің барлық түрлерінің нәтижелері портфолиоға енгізіледі, бұл
бұдан әрі интернатурада оқуын растайтын құжаттардың бірі болып табылады.
3.14 Материалдық және ақпараттық құралдарды пайдалану ережелері
3.14.1 Кітапхана
3.14.1.1 Кітапхана – Университеттің заманауи ақпараттық бөлімшесі, оқырманның
зияткерлік және эстетикалық дамуына, кәсіби әлеуетін жүзеге асыруға, бос уақытының мәнді
болуына және рухани дамуына әсер етеді.
3.14.1.2 «Астана медицина университеті» АҚ-тың тәрбие, ғылыми, оқу
бағдарламалары
қызметін
ғылыми-медициналық
әдебиеттерге
және
оқытушы-
профессорлардың, ғылыми қызметкерлердің, студенттердің басқа да құжаттарына еркін
және толық қолжетімділік жолымен кітапханалық, библиографиялық және ақпараттық
қамтамасыз ету – кітапхана миссиясы болып саналады.
3.14.1.3 Кітапханада оқулықтар, газеттер, журналдар, ғылыми-медициналық
әдебиеттер, шетел әдебиеттері, бір-бірімен байланысты мамандықтарға байланысты
әдебиеттер, жарыққа шықпаған материалдар (диссертациялар, авторефераттар) қоры, көркем
әдебиеттер бар. Кітапхананың барлық қоры әліпбилік, пәндік және жүйелік каталогпен
жүйеленген. Сонымен қатар, құжаттың авторына, тақырыбына, аталуына, шифрына,
нөміріне байланысты әртүрлі параметрлерде қажетті ақпаратты іздеу мүмкіндігін
арттыратын электронды каталог бар.
3.14.1.4 Пайдаланушыға төмендегі қосымша қызметтер ұсынылады: патентті-
ақпаратты іздеу және диссертациялар қоры бойынша іздеуді жүргізу, мақалаларды
индекстеу, библиографиялық тізімді құрастыру және әртүрлі құжаттарды тақырыбына
байланысты іріктеу және тағы басқа қызметтер. Оқырмандарға толықтай қызмет көрсету
үшін оқулықтарды тек кітапхана арқылы ғана емес, сонымен қатар Интернет арқылы
электрондық брондау жүйесі енгізілуде.
3.14.1.5 Кітапхананың негізгі қоры университет корпусында (Бейбітшілік көшесі, 53)
орналасқан, онда төмендегі абонементтер бар: оқулықтар, ғылыми әдебиеттер, мерзімдік
жарияланымдар залы, оқу залдары және анықтамалық-библиографиялық бөлім.
3.14.1.6 Студенттер университеттің білім алушылары қатарына кіргені туралы бұйрық
негізінде кітапханаға жазылады.
«Астана медицина университеті» АҚ
Менеджменттің интеграцияланған жүйесі
АМУ-17
57 беттің
49 беті
Анықтамалық-жол көрсеткіш
«Астана медицина университеті» АҚ 2017-2018 оқу жылы
3.14.1.6.1 Оқырман әдебиетті алу үшін оқырман билетін көрсетуі тиіс.
3.14.1.6.2 Оқырман билеті кітапхананың кітаптар қорын пайдалану құқығын беретін
жалғыз құжат болып саналады.
3.14.1.6.3 ЖОО-ның студенттері, аспиранттары, докторанттары, оқытушы-
профессорлары, ғылыми қызметкерлері және қызметкерлері кітапхана қызметін пайдалана
алады.
3.14.1.6.4 Оқулықтар оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес бір семестрге, бір
оқу жылына немесе бір оқу циклына беріледі.
3.14.1.6.5 Жоғалған немесе бүлінген басылымдардың орнына кітапхана
қызметкерлерінің келісімімен тура сондай басылымдармен ауыстырылады. Жоғалған немесе
бүлінген басылымдардың бағасы нарықтық бағаны есепке ала отырып айқындалады («ҚР
мәдениет туралы» Заңы 1997 ж., 23-бап).
3.14.1.6.6 Студенттер университетті бітіргенде немесе оқудан шығарылғанда, кету
парағына қол қоюлары керек.
3.14.2 Ақпараттық-техникалық база
3.14.2.1 Университеттің білім беру процесі жақсы ақпараттық-техникалық база
арқылы жүзеге асырылады. Оған келесілер кіреді:
- әдебиеттің 809 мың данасынан тұратын кітап қоры;
- кітапхананың негізгі қызметі сипатталған және кіруге болатын Web-портал:
www.bibl.amu.kz
;
- интернет, электрондық баспалар мен электрондық мәліметтер базасымен қамтамасыз
етілген студенттер мен оқытушыларға арналған кітапхананың электрондық залдары;
- кітапхананың электрондық каталогынан және кітапханашылардың автоматтандырылған
жұмыс орнынан тұратын ИРБИС – 64 автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;
- электрондық кітаптар, оқытудың интерактивті бағдарламасы мен оқу құралдары,
мультимедиялық контент, нақпішін (муляж) және симуляторлар базасы;
- әлемдік баспалардың электрондық базасына жыл сайын жазылу: Springer, Boock-UP,
Elsevier, Thomson Reutors.
3.15 САЙТ
Университеттің www.amu.kz ресми сайты оқу орнының айнасы болып табылады,
сондай-ақ Университет қызметі туралы жылдам әрі, дұрыс ақпарат берудің негізгі құралы.
Сайтта
студент
Университеттің
ғылыми-клиникалық
қызметімен («ғылыми-клиникалық қызмет» бөлімі), білім беру
қызметімен («білім беру» бөлімі), тәрбие ісі және әлеуметтік
қызметімен («тәрбие ісі және әлеуметтік қызмет» бөлімі), әкімшілік
және экономикалық қызметімен («әкімшілік және экономикалық
қызметі» бөлімі), студенттердің қоғамдық қызметімен таныса алады,
Университет туралы («Университет туралы» бөлімі), Университеттің
құрылымдық бөлімшелері туралы ақпарат оқи алады және соңғы