Мектебінде



жүктеу 2,18 Kb.
Pdf просмотр
бет9/35
Дата14.12.2017
өлшемі2,18 Kb.
#4131
түріЛитература
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35

27
сөйлеуін  түсінуге  болады.  Сөйтіп  сөз  және  сөз  тіркесі 
бірігіп, сөйлем құрамына кіріп, олардың бір-бірімен тығыз 
байланысы  арқылы    байланысты  ойды  білдіреді.  Оқушыға 
сөздерді,  тілдік  нұсқаларды  таныстырумен,  білдірумен 
бірге, олардың әрқайсысының тілде қалай қолданылатынын 
меңгермесе, ойын қазақша жеткізе алмайды.     
Оқушының  сөздік  қорын  үнемі  байытып  отыру  –  тіл 
дамытудағы  ең  негізгі    мәселе.  Сөздік  қоры  бай  адамның 
ойын  анық  жеткізу  мүмкіндігі  мол  болады.  Тауып  сөйлеу, 
ойын  анық  білдіру  қажетті  сөзді  қолданумен  тікелей 
байланысты.  Сөздік  жұмысы  әр  сабақ  үстінде,  жыл 
бойында,  бүкіл  оқу  кезеңінде  белгілі  жоспармен,  жүйемен 
жүргізілуі  керек.  Оқушы  сабақ  сайын  жаңа  сөз  үйреніп 
отырады. Оқушыға үйретілетін жаңа сөз мәтінде, диалогта, 
жаттығуларда  қолданысымен  байланыста  беріледі.  Сабақ 
сайын,  жылдан-жылға  оқушының  сөздік  қоры  молайып 
отырады.  Әр  сабақта  үйретілетін  жаңа  сөзді  оқушының 
күнделікті  өмірінде  қарым-қатынаста  қолданатын  белсенді 
сөздігіне  айналдыру  оқушының  сөздік  қорын  байытудағы 
ең  негізгі  мақсат  болып  саналады.  Осы  мақсатқа  жету 
үшін  төмендегі  жұмыстар  жасалуы  керек:  1)  жаңа  сөз 
мағынасын оқушыға анық түсіндіру; 2) жаңа сөздің оқушы 
есінде сақталуын қамтамасыз ету; 3) жаңа сөзді қолданыста 
меңгеру,  яғни,  жаңа  сөзді  қолдану  дағдысын    қалыптас-      
тыру;  4) жаңа сөздің айтылуы мен жазылуын меңгерту; 5) 
сөздікпен  жұмыс  жасауды  үйрету.  Жаңа  сөздің  мағынасын 
оқушыға  түсіндіруде  ол  сөз  атайтын  заттың  өзін  көрсету,  
заттың суретін  көрсету, оқушының ана тілінде аудармасын 
беру,  бұрын  таныс  синоним  сөздерді  пайдалану,  кейде 
сипаттамалы түсіндіру сияқты әдістер қолданылады. 
Жаңа сөзді қолданыста меңгерту оқушыны әрі сөйлеуге 
баулу,  әрі  сөзді  оқушы  есінде  сақтауға  әсер  етеді.  Сөздің 


28
қолданысын  оқушы  мәтіннен,  жаттығулардан  көреді, 
танысады.  Жаңа  сөздермен  сөйлем  құрауды  үйренеді, 
сөздерді  сөйлеуде,  диалогта  қолдануға  жаттығады.  Жаңа 
сөздер  қатысқан  мақал-мәтел  жаттау,    өлең  жаттау  өте 
пайдалы, ол сөздердің ұмытылмауына үлкен ықпал жасайды 
және сөздердің  қолданысын үйренуді бекітеді.     
Оқушының білім дағдысына қойылатын талаптар:
- сөздерді дыбыстық құрамына қарай талдау;
-  дауысты  дыбыстарды,  дауыссыз  дыбыстарды  айыра 
білу;
- сөздегі буындар санын анықтау;                                                                         
- әліпбидің қатарын жаттау;
- сурет мазмұнын қазақша айтуға жаттығу;
- орын тәртібі ауысқан сөйлемдегі сөздерді дұрыс қалыпқа 
келтіре білу;
- мәтіннен қажетті сөйлемдерді таба білу;
- тірек сөздер бойынша әңгіме құрастыру;
- жоспар, сұрақ бойынша әңгіме айтуға жаттығу;
- мәтін бойынша сұрақ қоя білу;
- мәтінді түсініп, дұрыс мәнерлеп оқуға дағдылану;
- мәтінді дауыстап оқу, ішінен оқу;
- мәтіннің мазмұны бойынша сұраққа жауап бере білу;
- тыңдау, есту арқылы  түсінгенін айтқызу;
- түрлі жағдайларға байланысты  әңгіме жүргізе  білу;
- тапсырма шарттарын түсініп орындау;                                                                           
- шағын өлең, мақал, жұмбақтарды жатқа айту;                                                             
- жаңылтпаштарды жылдам оқып, мазмұнын түсіну;
- шағын әңгіме, мазмұндама, шығарма жазуға төселу;
- сауатты жаза білуге дағдылану. 


29
Оқушының  тілін  дамыту,  сөздік  қорын  байыту  –  жан-
жақты  жұмыс.  Бұл  ретте  оқушыны  дайын  сөздіктермен 
пайдалануға  жаттықтырудың  да  атқаратын  қызметі  зор. 
Сөздіктерді  пайдалануға  үйрету,  жаттықтыру    оқушының 
сөздік қорын байытуға көмектеседі.  Бұл жұмысты бастауыш 
сыныптың  соңғы  сыныптарында  бастауға  болады.  Оқушы  
сабақта  сөздіктен  сөзді  тауып  үйренсе,  ол  сабақтан  тыс 
уақытта  кітап  оқуда,  тағы  басқа  жағдайларда  кездескен 
таныс емес сөзді сөздік арқылы үйрене алады.  Бұл да оқушы 
тілін  дамытады,  байытады.  Сөздікті  пайдаланып  үйренген 
оқушы  кездескен  таныс  емес  сөзді    елеусіз  қалдырмайды, 
оны білуге тырысады, ол үшін сөздікті қолданады.
Оқушының  сөздік  қоры  тек  сабақ  үстінде  ғана  емес, 
сыныптан  тыс  кезінде  де  толығып  отырады.  Оған, 
әсіресе, сыныптан тыс жұмыстар көп әсер етеді. Қызықты 
ұйымдастырылған  сыныптан  тыс  шараларға  оқушылар 
белсене  қатысады.    Сыныптан  тыс  жұмыстарда  оқушыға 
қазақша  сөйлеу  ортасы  жасалып,  оның  қазақша  қарым-
қатынас жасауына зор мүмкіндік туады.  Оқушы қазақ тілі 
үйірмесінде  ән  үйренеді,  тақпақ  жаттайды,  қойылымдарға 
қатысады. Осының бәрі қазақша жүргізіледі.  Ол оқушының 
сөздік  қорын  байытады,    сөйлеу  дағдысын  бекітеді,    тілін 
дамытады. 
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.  Ж.Адамбаева.  «Орыс  мектептерінде  қазақ  тілін 
оқытудың кейбір мәселелері». 1993.
2.  М.А.Аманбаева.  «Қазақ  тілі  сабағында  жаңа 
технологияларды пайдалану».
3.  Н.Оралбаева,  К.Жақсылықова.  «Орыс  тіліндегі 
мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі».
4.  М.М.Жанпейісова.  «Модульдік  оқыту  технологиясы 
оқушыны дамыту құралы ретінде». А., 2002.


30
Гүлнәр ЖАҚИЯНОВА,
Павлодар қаласындағы
№17 жалпы орта білім 
беретін мектептің  
қазақ тілі пәнінің мұғалімі.
КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАРДЫ 
ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ
Көрнекілік  мұғалімдердің  шығармашылық    ізденісін, 
әдістеме  жаңалықтарына  сергектікті,  оны  сабақ  өткізу 
барысында шебер пайдалана білуді талап етеді.
Оқытудың  көрнекілігі  дидактиканың  негізгі  ұста-
нымдарының  бірі  екені  мәлім.  Әсіресе,  қазақ  тілі 
сабақтарында  көрнекілікті  пайдаланудың  маңызы  ерекше. 
Сабақта  қолданылатын  көрнекіліктің  тілдік  ұғымдарды 
(материалдарды)  түсіндіруді  жеңілдететінін,  көрнекілік 
арқылы  түсіндірілген  тақырып  оқушының  ойында  берік 
сақталатынын, оқушының елестету қабілетінің дамитынын, 
теориялық білімнің практикамен байланысын нығайтатынын 
көреміз.
Көрнекілік сабақтың кез келген бөлімінде, атап айтқан-
да, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, қайталау кезеңдерінде де 
қолданыла береді.
Қазақ  тілі  сабақтарында  қолданылатын  көрнекі 
құралдардың  түрі  көп.  Соның  ішінде  дәстүрлі  әрі  кеңінен 
пайдаланылатыны – таблица (кесте).
Көрнекіліктің  кесте  ретінде  берілуіндегі  артықшы-  
лық  –  тілдік  категориялардың  ұқсастығын,  айырмашылы-
ғын,  ерекшелігін  салыстырып  көрсетуге  мүмкін  болады. 
Көрнекілік  арқылы  оқушылардың  танымдық  қабілетін 
дамыта аламыз.


жүктеу 2,18 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау