21
Салыстыра отырып оқыту арқылы етістіктің болымсыз
түрін меңгертуге баса көңіл бөлеміз. Оқушылыр орыс тілі
сабағына орыс тілі оқулығын, дәптер, қалам, қарындаш,
күнделік әкелеміз деп жауап береді. Ал осы сабаққа
не әкелмейміз деген сұраққа оқушылар алдыңғы қазақ
тіліне әкелетін құралдарының ішінен сөздік дәптері мен
орысша-қазақша сөздік кітабын әкелмейтіндігін айтады.
Сұрақты түрлендіре отырып, жауапты бір ғана оқушыға
санамалатып айтқызбай, кезек-кезек айтқызамыз. Мұның
өзі оқушылардың сабаққа жаппай қатысуына, сөйлеу
тілінің жаттығуына, сылбыр оқушыларды жауап беруге
тартуда өзіндік әсерін тигізеді.
Орыс тілі сабағында мұғалім не істейді деген сұрақ
қойылғанда, да/-де;та/-те шылауларының қайталанып
қолданылуы түсіндіріліп өтеді.
Орыс тілі сабағында да мұғалім балалармен амандасады.
Орыс тілі сабағында да мұғалім сабақ түсіндіреді, үй
тапсырмасын сұрайды, баға қояды, т.с.с.
Етістіктің болымсыз түрінің жұрнақтарын қолдану
арқылы кейде жауап былай беріледі:
Орыс тілі сабағында мұғалім орысша сөйлейді, қазақша
сөйлемейді. Алдыңғы кестеге қарай отырып, оқушылар өз
беттерінше орыс тілі сабағына байланысты жаңа кесте
дайындайды. Тек да/-де демеулік шылауын дұрыс қолдануды
ұмытпау ескертіледі. Ал орыс тілі сабағында оқушылар
не істейді, не істемейді деген сұрақтарға жауап кестені
толтыру арқылы беріледі. Бұл кесте де алдыңғыдағыдай,
тек не істемейтіндігі қосымша айтылады. Жаңа сөздерді
жаттамайды, сөздік дәптер әкелмейді, қазақша сөйлемейді,
т.б.
Келесі математика сабағын өткенде сөздік қорымыз
басқа сөздермен толықтырылып, жаңа сипатқа ие болады.
22
Алдымен осы сабақта қолданылатын құралдардың қазақ-
ша атауларымен таныстырамыз. Математика сабағына не
әкелесіңдер деген сұраққа былай жауап беріледі:
- Сызғыш,қарындаш, циркуль, т.б. Мұғалім не істейді,
оқушылар не істейді деп ауызша сұрап отырамыз. Әр
тақырыпты өткен сайын балалар алдыңғы тақырыпта
өтілген сабақ түрімен салыстыра отырып жауап беруге
үйренеді. Айтылып отырған жағдай әр балаға таныс
болғандықтан, олар жауап беруде қиналмайды.
Математика сабағына байланысты іске асырылатын
әрекеттер туралы сөйлемдер құрай отырып, оқушылар
алдыңғы өтілген пәндермен салыстыра отырып, етістіктің
болымсыз түрінің жұрнақтарын қолдана отырып,
сөйлемдер құрайды.
1. Математика сабағында оқушылар қазақша сөйлемейді.
2. Математика сабағында олар сөздік дәптер әкелмейді.
3. Оқушылар жаңа сөздер, мақалдар, жаңылтпаштар
жаттамайды.
4. Мұғалім мақал сұрамайды.
5. Математика сабағында балалар сөйлем құрамайды.
6. Математика сабағында балалар ән айтпайды. Олар ән
сабағында ән айтады.
Енді ән сабағына келеміз. Бұл сабақта балалардың
сөздік қоры былайша толықтырылады: ән айту, нота үйрену,
домбыра шерту, пианинода ойнау, аспап, қобыз, т.б. Осы сөз
тіркестері арқылы сөйлем құрай білуге үйрене отырып,
алдыңғы меңгерген білімдерін ұштайды, салыстырады.
Міне барлық сабақ түрін өтіп болғанша сабақтағы
мұғалім мен оқушы атқаратын істер ойша салыстырылып,
бір сабақта істеген әрекеттер екінші сабақта істелсе – да/
де шылауын қосып айтуға, ал орындамайтын жұмыстары
жайында айтқанда, болымсыз етістік жұрнақтары
23
арқылы сөйлем құрай білуге үйренеді. Кейде мұғалім
кез келген екі сабақты салыстыра отырып, жауап беруді
талап етеді. Мысалы, еңбек сабағы мен дене тәрбиесі
сабағын салыстырып сөйлемдер құрау керек болса, бала
өзі дайындаған кестелер арқылы мынандай сөйлемдер
құрайды: Еңбек сабағында балалар ойыншық жасайды,
дене тәрбиесі сабағында ойыншық жасамайды немесе
ермексаз, қайшы, желім әкелмейді, т.с.с.
Бұл – тіл үйретуде біз қолданып, нәтижесіне көз
жеткізіп жүрген бір ғана жұмыс түрі. Сабақты бұлайша
түрлендіру арқылы балалар жеке және топпен жұмыс
істеуді, сөздікпен жұмыс істей білуді, етістіктерді дұрыс
жіктеуді, сөйлем құрай білуді, ойды қазақша жүйелі түрде
жеткізе білуді, демеулік шылауларды қолдануды, сұрақ қоя
білуді, т.б. үйренеді. Мұнымен қоса сабақта сөйлемдегі
сөздердің орнын тапқызу, сурет бойынша әңгіме құрату,
толық емес сөйлемдерді аяқтату, қазақшадан орысшаға
немесе керісінше аударма жасату, сөзжұмбақ шештіру,
ойын ұйымдастыру, сөйлесе білу, т.б. көптеген жұмыс
түрлері жүргізіледі. Мұнымен қоса сабақта меңгертілген
етістіктер тұйық етістік түрінде интерактивті тақтадан әр
сабақта көрсетіліп, өткен шақта және келер шақта ауызша
І, ІІ, ІІ жақта жіктетіліп отырады.
Кейбір жаңа сөздер арқылы бірден сөйлем құрау
тапсырылады. Өтілген сабақтар бойынша суреттер
арқылы да сөйлемдер құрастыру туралы тапсырмалар
беріледі. Кейде сөйлесулер мен сөзжұмбақтар құраттырып,
аудармалары қоса сұралып отырады. Қорыта келе
айтарымыз, тіл үйрету – екіжақты белсенді жұмыс
істеуді, үздіксіз еңбек етуді талап ететін қиындығы мен
қызығы мол жұмыс.
Достарыңызбен бөлісу: |