Мектебінде



жүктеу 2,18 Kb.
Pdf просмотр
бет11/35
Дата14.12.2017
өлшемі2,18 Kb.
#4131
түріЛитература
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35

36
IX. Сөмкеңде 
не бар?
1.
Менің 
сөмкем.
Менің, 
сенің.
Оқу 
құралдары.
2.
Сөмкеңде не 
бар?
Менің, 
сенің.
Оқу 
құралдары.
3.
Кімнің 
сөмкесі?
Кімнің?
Оқу 
құралдары.
4.
Қарындаш-
тар.
Қандай?
Түстер.
5.
Мен қалам-
мен жазамын.
Немен?
Сабақта.
6.
Ою жасайық!
Сурет 
бойынша 
жұмыс.
Сабақта.
7.
Мен не 
білемін?
Жазбаша 
жұмыс.
8.
Менің 
кітапшам.
Тіл дамыту.
X. Мектептің 
жүзу 
бассейні.
1.
Таңертең.
Сурет 
бойынша 
жұмыс.
Күн тәртібі.
2.
Бассейн.
Қайда?
Ойындар.
3.
Апта күндері. Қай күн?
Апта күндері.
4.
Бассейнде.
Сұрақ-
жауап.
Бассейн.
5.
Демалыс 
күні.
Қайда?
Қайда?
6.
Мен не 
білемін?
Жазбаша 
жұмыс.
7.
Менің 
кітапшам.
Тіл дамыту.
XI. Кел, 
санайық!
1.
Мен әріптерді 
білемін.
Әріптер.
Әріптер.
2.
Бірге футбол 
ойнаймыз.
Менің, 
сенің, оның.
Достар.
3.
Жаз мезгілі.
Мәтінмен 
жұмыс.
Жаз айлары.
4.
Менің туған 
күнім.
Қашан?
Туған күн.


37
5.
Тышқан – 
жыл басы.
Ертегі оқу.
Жануарлар.
6.
Мектепте.
Мәтінмен 
жұмыс.
Оқу 
құралдары.
7.
Не дәмді?
Ең.
Жеміс, 
көкөніс.
8.
Сен не 
білесің?
Диалог.
9.
Мен не 
білемін?
Жазбаша 
жұмыс.
10.
Менің 
кітапшам.
Тіл дамыту.
   
   
 
Жібек АЙТЖАНОВА,
№2 Затобол орта мектебінің 
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
Қостанай облысы,
Қостанай ауданы.                                                
ҚҰЗЫРЕТТІ БІЛІМ БЕРУ    
АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫң 
ТІЛІ МЕН ОЙЫН ДАМЫТА БІЛУ 
ҰТЫМДЫ
Қазіргі  таңда  еліміздің  білім  беру  жүйесіндегі  ре-
формалар  мен  саясаттар,  өзгерістер  мен  жаңалықтар  әрбір 
педагог  қауымының  ойлауына,  өткені  мен  бүгіні,  келешегі 
мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялар мен жаңа 
жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық.      
Оқу  орнын  бітіруші  жас  түлек  еліміздің    білім    саяса-
тындағы  өзгерістер  мен  жаңалықтардан  толық  хабар-дар 
бола  отырып,  өмірдің  кез  келген  жағдаяттарынан  шыға 


38
білетін алғыр да білімді жас болып тәрбиеленуі тиіс.
Олай  болса,  жас  түлектің  құзырлылық  қабілеттерінің 
артуына,  өзін-өзі  дамытуына,  жаңалық  ашып  ізденуіне 
педагогтың құзыреттілік  қасиеті маңызды рөл  атқарады.  
Құзыреттілік  –  бұл  танымда  пайда  болған  мәселені  өз 
бетінше  шешу  үшін  қажетті,  өз  позициясын  анықтауға, 
адамға қоғамдағы өмірлік нормалар мен ережелерді дұрыс 
орындауға мүмкіндік беретін даму деңгейі. Бала өз жұмысын 
өзі  жоспарлап,  алдына  мақсат  қойып,  оған  қол  жеткізуге 
үйренуі тиіс. Мектепке дейінгі жастағы балада әлеуметтік-
мәдени  тұрғының  ауысуында  қабілетінің  еркіндік  қимылы 
қалыптасуы тиіс.
Білім сатылары бойынша «Қазақ тілі» пәнінен құзыреттілік 
түрінде  күтілетін  нәтижелер  анықталып  беріледі.    «Қазақ 
тілі»  пәнінен  күтілетін  нәтижелер  төмендегідей  үш  түрлі 
құзыреттілік бойынша сараланады:
1.  Проблемаларды  шешу  құзыреттілігі:  әр  түрлі  тілдік 
жағдаяттардағы  мәселелерді  анықтайды,  өздігінен  шешім 
қабылдайды,  өз  шешімінің  нәтижесін  бағалай  алады; 
өзгермелі өмір жағдайларында туындаған жағдаяттарда мін-
деттерді  шешетін  технологияларды  таңдай  алады,сөздерді 
өз  мақсатына,  негізгі  ойға,  мазмұнға  сәйкес  өз  бетінше 
талдап  қолдана  алады,  өзгелермен  тіл  табысуға  қажетті 
сөздерді талдай алады. Тілді қарым-қатынастық, танымдық, 
экспрессивтік қызметтеріне сай қолданады.Сөздік қорын өз 
бетінше толықтырады;
2. Ақпараттық құзыреттілік:  ақпараттарды сыни тұрғыда 
талдайды,  соның  негізінде  саналы  шешім  қабылдайды; 
тілдің  танымдық  қызметтерін  өз  мақсатына  сай  қолдана 
алады;  логикалық  операцияларды  еркін  қолдана  отырып, 
ақпараттарды  өз  мүмкіндігіне  сай  өңдей  алады;  сөйлеу 
әрекетін жоспарлауда және оны жүзеге асыруда ақпараттарды 
талғап  қолданады;  мәтіннің  көркемдеуші  және  мәнерлеу 


39
құралдарын  анықтай  алады;  ақпараттар  негізінде  көздеген 
мақсатына сай мәтін түрлерін құрайды, әр жанрға тән тілдік 
құралдарды  пайдаланып,  шығармашылық  жұмыстарды 
орындайды;
3.  Коммуникативтік  құзыреттілік:  сөйлесімнің  барлық 
компоненттеріне  тән  дағдыларды  меңгереді;  ауызша 
және  жазбаша  тілде  сөзді  құрау  ережелерін,  сөзді  таңдау 
тәсілдерін және грамматикалық нормаларды ұстанады; оқу 
материалдары  бойынша  дискуссияға  қажетті  дағдыларды 
меңгереді; көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын меңгереді;  
ауызша,  жазбаша  және  компьютерлік  сөйлеу  тілдерінде 
тілдік  сезім  мен  қажетті      коммуникативтік      сапарларды 
қолданады;    пікірталас  түрлеріне  сай  тілдік  құралдарды 
пайдаланып, өз ойын дәлелдей алады және өз пікірін қорғай 
алады;  ұсынылатын  тақырып  пен  тілдік  жағдайларға  сай 
сөздерді  орынды жұмсай алады; ұлттық- мәдени ұғымдарды 
ажырата алады, әдеби тіл нормаларын сақтап сөйлейді; сөз 
дұрыстығы талаптарын меңгереді.
Мұғалім  алдында  отырған  әр  оқушы  «ақ  парақ»  деп 
есептесек, сол парақтардың толтырылуы мұғалімнің кәсіби 
шеберлігіне байланысты. Оқушылардың тілін, ойын дамыту 
үшін мен алдымда отырған баланы оқуға, білімді өз  бетімен 
алуға,  шығармашылыққа,  алған  білімді  практика  жүзінде 
қолдана  білуге  үйретуім  керек.    Мұғалім,  ең  алдымен, 
оқушының дарындылық қасиетін ашуы керек. Ол үшін мен 
жоба  бойынша  оқушыларыма  төмендегідей  тапсырмалар 
беремін:
1. Өз есіміңнің немесе әр түрлі сөздердің шығу тарихына, 
мағынасына үңілу, зерттеу;
2.  Мақал-мәтел,  жаңылтпаштар  жаттау  және  соларға 
ұйқастырып  ойдан  мақал-мәтелдер,  жаңылтпаштар 
құрастыру;
3. Дайын ұйқасқа өлең шығару;


жүктеу 2,18 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау